Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет3/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Арпалыс 1,2

«Бұл кішігірім шайқас еді, бірақ бақыттан бойымды діріл билеп, 
күлкім келді», - деп Бауыржан Момышұлы, үрейленген жау ӛліктерін асығыс 
жинастырып, кейін шегінген соғыс нәтижесін осылай еске алады. Бұл 
кішігірім шайқастар мен кішкентай жеңістер болатын. Ал 41-дің қатыгез 
қарашасы: әр елдімекен үшін қызу да ауыр шайқастар әлі алда еді. 
Аға лейтенант Бауыржан Момышұлының бататьоны – дивизия 
командирі И.В. Панфиловтің резерві - батыл шайқасып, қоршауға түсіп, оны 
бұзып шықты, қайтадан айналма жолдармен барып, жаудың жолын жауып, 
үрей тудырды, оның әскерлері мен техникаларын жойды! Ұрыста шығынсыз 
болмайды, бірақ батальон командирі Момышұлы шайқастарды шеберлікпен 
жүргізіп, ӛз батальонының соғысу қабылетін сақтап қалды. 
Ӛз ұстазы И.В. Панфилов нұсқауларын дәл орындағандықтан 
осылай болды, ол бірнеше рет: «Сарбазды ұрыс кезінде аяу керек. Біз оны 
аман-сақтауымыз керек. Жекпе-жек алдында жауынгерге аяушылық 
білдіруге болмайды. Жеңіс шайқас алдында жасалады» - деп ескерткен. 
Панфилов командирлер мен сарбаздарға бұл ӛсиетті үнемі ескертіп отырған. 
Кітапта Матренино, Горюны, Красные Горкидегі шайқастар туралы 
ӛте егжей-тегжейлі айтылады, сонымен қоса, жауынгерлердің ұрыс 



жағдайындағы психикасы мен жүріс-тұрысындағы ӛзгерістер шынайы 
бейнеленген. 
Сонау соғыс жылдарының ӛзінде Волоколамск тас жолының 
батырлары 
туралы 
алғашқы 
әңгімелер 
«Знамя» 
журналында 
жарияланғандығы белгілі, Журналдар майданда да, тылда да әбден тозығы 
шыққанша оқылды, қолдан-қолға ӛтіп, талқыланды және зерттелді. Әскери 
ірі қолбасшылардың бірі тездетіп кітап қып шығаруды ӛтінді, оны 
қолбасшыларға да, жауынгерлерге де тарату максатын қойды.
Александр Бектің «Волоколамск тас жолы» кітабы тек қана соғыс 
жылдарында танымал болған жоқ. Ағылшын, араб, грек, испан, итальян, 
қытай, неміс, португал және жапон тілдеріне аударылды, Аудармалар 
таралымы екі миллион данадан асты. 
Кӛптеген елдерде бұл кітап әскери оқу орындарының студенттеріне 
міндетті түрде оқытылады. Ал Орталық Барлау Басқармасында (ЦРУ-да) A. 
Бектің кітабы бойынша, олар кеңестік қолбасшылар мен жауынгерлердің 
психологиясын, «жұмбақ орыс жанын» зерттеді. Оны қазір де оқып, дәйексӛз 
келтіруде, ал Кубада, Израильде және басқа да елдерде әскери оқу 
орындарының түлектері бұл кітапты дипломмен бірге алады. 
Бұған жуырда Израиль тарихшысы Арон Шнайердің Ресей 
президенті Владимир Путиннің қатысуымен Мәскеуде ӛткен іс-шараларда 
Бауыржан Момышұлы туралы айтқан сӛздері дәлел. Израиль ғалымының 
сӛзі, Бауыржан Момышұлының руханият пен патриотизм туралы сӛздері 
теледидардан және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарынан берілді. 
«Волоколамск тас жолы» кітабы әлемдік әдебиетте ӛзінің лайықты орнын 
алды. 
Бұл әркашан деректі-кӛркем және зияткерлік құндылық боп қала 
береді. Бұл заңды нәрсе, ӛйткені ақиқат пен әділеттілік әрқашан тарихпен 
және болашақпен бірге жүреді. 
Сӛз жоқ, Бауржан Момышұлы - табиғатынан дарынды адам, ол 
далалық академиядағы соғыс ережелерін тез игерді. Және де ол - ең дарынды 
әскери кӛшбасшылардың бірі. 
Бірақ Бауыржан Момышұлының ӛзі генерал И.В. Панфиловтың 
қолбасшылық және педагогикалық талантын әрдайым жоғары бағалады, оны 
ӛзіне ұстаз тұтты, оның қазасын тек жеке ӛзінің ғана емес, сонымен бірге
бүкіл дивизия мен армияның қайғысы санады. Осынау қайғылы хабарды 
батальондарға жариялағанда, Бауыржан Момышұлы генерал И. В. 
Панфиловтың 
сарбаздарды 
жоғары 
бағалағанын, 
командирлерді 
құрметтегенін баса айтты. 
Ол жауынгердің жауды жоюға бағытталған кішкене әрекеттерін 
командирі назардан тыс қалдырмауы керектігін ескертті. Міне, бұнда да Б. 
Момышұлы ӛз ұстазының кеңесіне құлақ асуды ұмытпады. 
Ол дивизияның гвардия атағына лайықты екенін және оған ӛз 
қолбасшысының есімі берілгенін хабарлап, ауыр шайқастарда ерекше кӛзге 
түскен командирлер мен сарбаздардың есімдерін жеке-жеке атады, олардың 



әрқайсысының ерлігі туралы қысқаша әңгімеледі. Сонымен бірге, ол барлық 
шайқастағы жетістіктері үшін «Иван Васильевич Панфиловқа қарыздар» 
екенін баса айтты. 
Иә, генерал И. В. Панфилов ақылды, сабырлы және мінезі байсалды 
жан еді. Оның ақыл-кеңестері командирлерді қолдады және жауынгерлерге 
рух берді, ең қиын шайқастарда жеңіске жетудің шешуші факторы болды. 
Әскери басшы ретінде генерал И. В. Панфилов қорғанысқа және 
қоршаудағы шайқасқа жаңа тактикалар кіргізді, олар жедел құжаттарға 
енгізілді. Сызықтық қорғаныс орнына ауқымды қорғаныс; қарсыластың 
күткен 
бағыттарындағы 
тұтас 
траншеялар 
және 
роталардың 
(батальондардың) спираль секілді әрекеттері орнына тірек нүктелері шегініс 
кезінде олардың соғысу қабылетін сақтауға және дивизияның негізгі 
күштеріне түкпірден жаңа шекаралар алуға мүмкіндік берді.
Генералдың ынталы, қабілетті шәкірті, жақын шайқасудың шебері, 
батальон командирі - Бауыржан Момышұлы ұстазының ой-жобаларын іс 
жүзінде сәтті орындады. Тап сонысы үшін И.В. Панфилов оны құрметтеп, 
әрқашан оған «жолдас Момышұлы» деуші еді. 
Дегенмен де, соғысқа дайындық шарапар, ӛкінішке орай, толық 
орындалмады. Соның бірі - Бауыржанның сӛзімен айтқанда "жауынгерлердің 
психологиялық дайындығы» еді, Бұрын соғысқа қатыспаған, соғысты 
кинодан ғана кӛрген жастар лек-легімен шепке тартылды. Бұл туралы ақын 
Д. Байтұрсынұлы былай деп жазады: «Міне, сондықтан да, ең алдымен 
үрейді жеңу, соғысқа кӛз үйрету мен бой үйрету оңайға соқпады. Бұл секілді 
қобалжулар Бауыржан батальонын қалтыратқан кездері кітапта бүкпесіз 
жазылды. Сол «психикалық арбасудын» алғашқы құрбаны деп, жауынгер 
Боранбаевты айтуға болар еді». Ол азамат майданда үш ауыр қылмыс істегені 
үшін қатаң жазаға тартылды. Осыған байланысты сұрапыл соғыс 
жылдарында және одан кейін де кейбіреулер Бауыржан Момышұлына 
қатыгез адамның, жүгенсіз кеткен тұлғаның нышанын беруге тырысты. 
Осыған орай, ақын Юлия Друнинаның «Комбат» ӛлеңінің мына жолдарын 
келтіре кету орынды деп ойлаймын. 
Koгдa, забыв присягу, повернули 
В бою два автоматчика назад, 
Догнали их две маленькие пули - 
Всегда стрелял без промаха комбат. 
Упали парни, ткнувшись в землю грудью, 
А он, шатаясь, побежал вперед. 
За этих двух его лишь тот осудит, 
Кто никогда не шел на пулемет. 
Батальон командирі Бауыржан Момышұлы да, майдангер ақын 
Юлия Друнина да ұрыс барысында тек ерлік пен батырлық қана 
байқалмайтынын, сонымен бірге, …осал жағы да кӛзге кӛрінетінін түсінді. 



Сондықтан жаудан қаймыққан, су жүректік танытқан адамның әрекеті 
жазасыз қалмауы керек! 
Демек, Бауыржан Момышұлы қатыгез емес, бірақ батыл да қатал 
командир. Шайқаста жүрегі жұмсақ болудың жӛні жоқ! 
Құрметті оқырман, бір сӛзбен айтқанда, "Волоколамск тас жолы" 
кітабын және Бауыржан Момышұлының басқа да шығармаларын оқып 
шығыңыз. Сіз олардан адамгершілік, жоғары азаматтық және намыс сияқты 
ізгі қасиеттерге баулитын нәрсені таба аласыз. 
Ерекше ақылды жаратылысы мен шексіз батылдығы, сарқылмас 
куаты мен қайтпас қайсарлығы оны кӛзі тірісінде-ақ аңызға айналдырды. 
Ӛкінішке орай, бейбіт уақытта оның ӛзі де, істеген істері де әрдайым 
түсінікті бола қойған жоқ. 
Алайда, меніңше, Бауыржан Момышұлы Екінші дүниежүзілік 
соғыстың барлық 1418 күні мен түнінде ерлік жасады деп халық жазушысы 
Әзілхан Нұршайықовтың жазуы мың есе дұрыс. 
Әзекең Баукеңнің майдангер серіктерінің ортақ пікірін білдірді деп 
ойлаймын. 
Бауыржан Момышұлы; «Мен запастағы полковникпін, бірақ азамат 
ретінде мен әрқашан саптамын», - деп атап кӛрсетті. Мерзімінен бұрын 
қызметтен босатылғанымен, ол еңсесін түсірген жоқ, тіпті, дұшпандары 
күткендей, сынған да жоқ. Баукең адамгершілік, азаматтық және Отанға 
деген сүйіспеншілік сияқты керемет қасиеттерді ашатын тамаша кітаптар 
жазды. 
«Мұның бәрі - Бауыржанның екінші ерлігі, - деп жазды Баукеннің 
майдангер досы Д. Ф. Снегин - Erep Бауыржан Момышұлы тап сонысымен, 
ғасыр аға буынының кӛбіне тиесілі сонау бір ұзақта қантӛгіс соғыстың басқа 
батырларынан ӛзгеше болды десем, қате болмас еді» деп атап кӛрсетті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет