Арпалыс (Волоколамск тас жолы)


ГЕНЕРАЛ ИВАН ВАСИЛЬЕВИЧ ПАНФИЛОВ



Pdf көрінісі
бет9/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76
Арпалыс 1,2

ГЕНЕРАЛ ИВАН ВАСИЛЬЕВИЧ ПАНФИЛОВ 
«Ептілік пен ерлік, 
Ерге тән қасиет». 
(Халық мәтелі) 
Ол кісі бізге он үшінші октябрь күні келді. 
Соның алдында ғана мен рота командирлерін штабқа шақыртқам. 
Штаб үйінде солар отыр еді. 
Штаб үйі дегенім - адам қазір ӛзіңіз кӛріп отырған осындай 
блиндаж болатын; сонау Москва маңындағы орман ішінде де жер тӛледе 
тұратынбыз. Тӛбесі де, тӛрт қабырғасы да, едені де қарағайдан. Бір есептен 
оны ағаш құты деп атаса да болады. Су бӛренеге сүйкеніп кетсең, желім 
секілді шайыр үстіңе жабысады. Ішіне күн сәулесі түспейді, күңгірт. 
Сондықтан ылғи білте шам жанып тұрады. Түйдек-түйдек телефон сымы, 
блиндаждан шыға, рота-роталарға тарайды, артиллерия шебіне барады, бізді 
полк штабымен жалғастырады. 
Бүтін түнде ӛзенді жағалата, жау келер шақтың әр жеріне минадан 
бӛгет жасамақпыз. Мина дегеніміз жаудың әскерін құру үшін, техникасын 
қирату үшін жерге кӛмілетін жарылғыш снаряд. Сонымен қатар мина 
минометтен атылатын жаңқалы снаряд. Командирлер сол мина кӛмілетін 
алаңдардың белгісін карталарына кӛшіріп алып жатыр. Новлянский 
селосының маңындағы қара жолмен кӛпір ғана миналанбайды. 
Стол үстінде, шам алдында жаюлы текеметтей қалың қағаз жатыр. 
Оған әртүсті қарындашпен қорғаныс шебінің, жер жағдайының белгілері 
әсем түсірілген. Схема дегеніңіз осы. Мұны жасаған штаб бастығы Рахимов. 
Суретке, сызуға ол шебер-ақ. 
Бұл схема менде осы күнге дейін сақтаулы. Кӛрем десеңіз, мінеки… 
Әдемі емес пе? Әдемісі былай тұрсын, ӛте дәл жасалған. 
Мынау ирек-ирек кӛк сызық Руза ӛзені. Жағалаудағы екі айыр 
қиғаш сызық танк ӛтпес бӛгет. Эскарп дегеніңіз осы. Айналасын жасыл 
түспен қоршағанымыз - орман. Арғы беттегі қара ноқаттар мина алаңын 
кӛрсетеді. Жотасы батысқа қаратылған доға тектес ӛркеш-ӛркеш қызыл 
сызықтар біздің шебіміздің белгісі. Қызыл қарындашпен түсірілген мына әр 
түрлі белгілер - атқыштар окобы, пулемет ұясы, танк ататын және басқа 
зеңбіректер. 


40 
Ӛзіңізге мәлім, бізге берілген шеп тым ұзақ болатын, Батальон 
бекінген жердің жүзін жеті километр, кейіннен Панфиловтың аузынан 
шыққан сӛзбен айтқанда шебіміз «тартқан жіптей жіңішке"еді. Немістер 
Москваға бет алып, оның «қиыр шетіне, біздің шепке шыққанда, 
Волоколамск тас жолының маңында осындай селдір күш қана болады деп, 
тап сол он үшінші октябрьге дейін ойлаған да емеспін… 
Сӛйтіп, рота командирлері жер бедерін мегзейтін топографиялық 
карталарына мина алаңының белгісін салып жатты. 
Айдың он үш жаңасы жӛнінде бұлардың арасында әзіл-қалжың
басталды. 
- Мен үшін бұл бақытты күн, дейді пулемет ротасының командирі 
Заев. - Менің туған күнім де, үйленген күнім де айдың он үш жаңасы. Он 
үшінде бастаған ісім сәтсіз болмайды, қалағаным орындалады. 
Оның сӛйлегені ӛте қызық. Сӛзі күңкіл секілденіп естіледі. Ойнап 
айтып отыр ма, ойлап айтып отыр ма, оны ажырату қиын. 
- Ал бүгінгі қалауың қандай? - деп сұрады біреу. 
Жұрт не дер екен дегендей, Заевтың ашаң жүзіне қарай қалды. 
Оның «қылғытуға» шебер екенін бәрі білетін. 
- Бір құты коньяк, - деп Заев қарқ-қарқ күлді. 
Сол арада штаб бастығы Рахимов кіріп келді. Оның жүрісі шапшаң, 
мәсішең кісідей, аяғының сыбдыры да естілмейді. 
- Жолдас комбат, бұйрығыңыз орындалды, - деді ол әдеттегідей 
салмақты пішінмен. 
Оны салт аттылар взводымен бірге, ұрыстың қай маңда жүріп 
жатқанын барлап келуге жібергем. Ӛйткені бұл жайында полк штабынан 
тыңғылықты мәлімет ала алмағанбыз. 
Рахимов мұншалық тез қайтып оралады деп ойлаған жоқ едім. 
- Анықтадыңыз ба? 
- Иә, комбат жолдас. 
- Баяндаңыз. 
- Қағаз жүзінде мәлімдеуге рұқсат етіңіз, - деп, ол маған бүктеулі 
хат ұсынды. 
Онда жазылған үш-ақ сӛз: «Алдымызда неміс бар» депті. Тұла 
бойым түршігіп кеткендей болды. 
«Шынымен сын сағатының таянғаны ма?» деймін ішімнен. 
Сырттағы күзетшіден үйде жалғыз емес екенімді біліп, Рахимов, 
жат суық хабармен жұртты бірден шошытпайын деп, әлгі үш сӛзді қағаз 
бетіне түсіріпті. Ақылыңа болайын, сабаз! 
Алғашында бір әбес ой басыма сап ете түсіп, бұл суық хабарды 
отырғандардан менің де жасырғым келді. Бірақ жаманат жерде жата ма, 
шыңдықты жалғанға айналдыруға, тӛнген қауіпті құр тілекпен кейін серпіп 
тастауға шара бар ма?! 
Мен қайтадан әшекей схемаға үңілдім, мина аландарын, ӛзен 
жағасынан жасалған, танк ӛтпес құлама тік жарды, тӛбесі тӛрт-бес қабат 


41 
бӛренемен жабылған окоптарды, пулемет пен зеңбірек орнатылған жерлерді 
тағы да шолып ӛттім, осы бекініс шептеріне тұлға болған сұр шинельді 
жауынгерлер кӛз алдыма келді. 
Басымды кӛтеріп алып, Рахимовтан: 
- Ӛз кӛзіңмен кӛрдің бе? - деп қазақша сұрадым. 
Рахимовтың жалған айтпайтынына кәміл сенем, сонда да 
пысықтағым келді. 
- Кӛрдім, - деді ол. 
- Қай жерде? 
- Осы арадан жиырма-жиырма бес километр жерде. Середа және 
басқа деревняларда. 
- Одан беріде қалай екен? Кім бар? 
- Бейтарап жер, 
- Ендеше, - дедім мен, енді орысшалап, - Заев, сіздің тілегіңіз 
орындалатын сияқты. Бізге тиесілі талай құты коньяк келіпті… 
Отырғандар елең етіп, маған қарасты. 
- Ромы да бар кӛрінеді, - дедім мен. - Алдымызда немістер бар екен. 
Рахимов, жағдайды мәлімдеңіз. 
Жұрт Рахимовтың сӛзін үнсіз тыңдады. Тек Заев қана: 
- Ӛте жақсы! - деп күңк етті. 
- Несі жақсы? - деп сұрады біреу. 
- Сеніңше, бекер отыру жақсылық па? Қақтала бермекпіз бе? 
Рұқсат сұрамастан, блиндажға менің атқосшым Синченко жүгіріп 
кірді. 
- Жолдас комбат! Генерал келе жатыр… - деді ол, сампылдап. 
Бӛркімді 
киіп, 
гимнастеркамды 
түзеп, 
тұра 
ұмтылдым. 
Сӛйткенімше, есік ашылып, дивизия командирі генерал-майор Иван 
Васильевич Панфилов кіріп келді. 

Мен тік тұра қап, рапорт бердім: 
- Жолдас генерал-майор! Батальон қорғаныс шебін нығайтуда. Рота 
командирлері мина бӛгеттерінің схемасын кӛшіріп алып жатыр. Батальон 
командирі аға лейтенант Бауыржан Момышұлы. 
Панфилов: 
- Тӛтенше оқиғалар болды ма? - деп сұрады. 
«Біледі екен ғой!" деген ой басыма сап ете түсті. Мен: 
- Иә, жолдас генерал, - дедім. Ӛз қолын әдейі жаралаған қаскүнем 
сап алдыңда атылды. 
- Сотқа неге бермедіңіз? 
Мен мән-жайды аптығып түсіндіре бастадым. 


42 
- Басқа жағдайда сотқа берген болар едім. Бірақ бұл ретте жедел 
шара қолдану керек болды. Сондықтан жауапкершілікті ӛз мойныма жүктеп, 
осылай еттім, - дедім. 
Панфилов сӛзімді бӛлген жоқ. 
Оның тон киіп келген алғашқы сапары осы еді. Иісі аңқыған, ӛңі 
аппақ, жұмсақ тон ӛзіне шақ емес - кеңдеу, сонда да бойына жарасымды, 
Сырттан буынған белдікке жалғастыра, иықтан асыра тартқан портупей 
генералдың маған үйреншікті тұлғасын, еңкіштеу кеудесін, ашаң омырауын 
ӛзгерте қоймаған сияқты. Сӛзімді тыңдап, қыртысты мойнын иіп, тӛмен 
қарап тұр. Істегенімді мақұл кӛрмейтін сияқты ма, қалай. 
- Ӛзіңіз аттыңыз ба? - деп сұрады ол. 
- Жоқ, жолдас генерал: бұрын ӛзі басқарған бӛлімше атты. Менің 
бұйрығым бойынша. 
Панфилов басын кӛтерді. 
Сәл қысықтау кішкене кӛздері от шашып, қиғаш қалың қасы, 
қабағы түюлі кӛрінді. 
- Дұрыс істепсіз, - деді ол. 
Онан соң, біраз ойланып тұрып, тағы да: 
- Дұрыс істепсіз, жолдас Момышұлы. Рапорт жазыңыз, деді. 
Жұрттың бәрі түрегеп тұрғанын енді ғана сезгендей, ол: 
- Отырыңыздар, жолдастар, отырыңыздар! - деді де, ӛзі белдігін 
арытып, тонын шеше бастады. 
Мәуіті гимнастеркамен тұрған күйінде кеудесінің еңкіштігі 
бұрынғыдан да айқындалып кӛрінді. 
- Дегенмен, үйіміз суықтау екен, жолдас Момышұлы! Неге от 
жақпайсыздар? Ыстық шайларың да жоқ қой деймін? 
Темір пештің қасына барып, суып қалған кернеуін ұстап кӛрді, 
содан соң бірдеме іздегендей, пештің ар жағына үңіліп қарады да, сонда 
жатқан балтаны алып, ағаш жара бастады. Қолы тым епті, (Портупей - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет