Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет7/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76
Арпалыс 1,2

ОПАСЫЗДЫҢ ЖАЗАСЫ – ӚЛІМ! 
 
«Опасызда Отан жоқ 
Отанда опасызға орын жоқ». 

Екі иінім түскендей, денем дел-сал болғандай; ойласам ой түбіне 
жете алмай, еденнен кӛз айырмай, ауырлап тӛмен иілген басымды сүйеп, ӛз 
блиндажымда отыр едім… 
- Кіруге рұқсат па, комбат жолдас, - деген дауыс естілді. 
Тӛмен қараған күйімде басымды изедім. 
Пулемет ротасының саяси жетекшісі - политругі Жалмұхамбет 
Бозжанов кіріп келді. 
- Ақсақал… - Бозжанов кейде мені осылай атайтын еді. 
Мен оған жалт қарадым. Ежелгі жайдары жүзінен қазір 
қапалылықтың белгісі кӛрінеді. 
- Ақсақал… ротада тӛтенше оқиға болды: сержант Боранбаев ӛз 
қолын ӛзі атып жаралапты. 
- Қой? Боранбаев па? 
- Иә… 
Жүрегім кеудеме сыймай, алқымыма тығылды. Әлдекім батпан 
жүкті үстіме артқандай, сай-сүйегім сырқырады. Ӛнерпаз дегенім - ӛлексе, 
жігіт дегенім - жігерсіз, сүйсінгенім сұмырай болып шыққаны ма?! 
- Оны қайттің? Атып тастадың ба? 
- Жоқ… жарақатын таңып, сонан соң… 
- Иә, сонан соң қайттің? 
- Қамауға алып, осында айдап әкелдім. 
- Қайда ӛзі? Шақыр бермен! 


26 
Намысқа дақ, арға кір жұқтырған бірінші опасыз, қаскүнем, мен 
басқарған батальоннан табылды. Әй, Боранбаев, Боранбаев!… Жақсы десем - 
жасық, ақ десем - ала екенсің ғой? Сенгендегім сен болсаң… 
Теңселе басып, Боранбаев кірді. Алғашында мен оны танымай 
қалдым. Солғын жүзі сұрланып, мағынасыз пішінге еніпті. Құдды күйезінің 
кейпіндей. Танулы сол қолын ербите ұстаған. Үлдіректен қызарып қаны 
шығып тұр. Сау қолын кӛтеріп, маған сәлем берейін деп еді, менің ызғарлы 
пішінімді кӛріп, қолын қайтадан сұлқ тӛмен түсірді. 
- Сӛйле! - дедім мен. 
- Жолдас комбат, қалай болғанын ӛзім де білмеймін… Байқаусызда 
нетіп… Ӛзім де білмеймін, не болғанын, 
Соқыр кӛргенінен жазбайды дегендей, ол осы бір сӛзді міңгірлеп 
қайталаудан танбады. 
- Сӛйле! - дедім тағы да. 
Қылмыстының күнәсі тым ауыр екенін сезгеніңде, оған ұрсудың да, 
оны тілдеудің де қажеті болмай қалады ғой. Мен де тап осы жерде ӛзімді 
салмақпен ұстап, Боранбаевқа тек зілді пішінді қарадым. Ол орман ішінде 
сүрініп җығылғанын, сонда мылтық атылып кетіп, қолы жарадар болғанын 
айтты. 
- Ӛтірік! Сен су жүрек қорқақсың! Ер емес, опасызсың! Бізде 
ондайларға рақым жоқ! 
Сағатыма қарап ем, үшке таянған екен. 
- Лейтенант Рахимов! 
Рахимов батальон штабының бастығы еді, орнынан ұшып тұрды. 
- Лейтенант Рахимов! Кызыл әскер Блоханы шақырыңыз. Тез 
келсін! 
- Құп болады, жолдас комбат. 
- Бір сағат он бес минуттан кейін, дәл он алтыда батальонды мына 
орман алдындағы алаңға тұрғызыңыз… Барыңыз! – дедім Рахимовқа. 
- Мені қайтпексіз? Мені қайтпексіз? - деп безектеді Боранбаев. Ол 
бір сұмдықтың боларын сезгендей еді. 
- Саптың алдында атып тастаймын! 
Боранбаев жүгініп отыра қалды да, екі қолын - сау қолы мен арам 
қанға малынған таңулы қолын маған жайып, жалбарына бастады: 
- Жолдас комбат, мен шынымды айтайын, атпаңыз… Жолдас 
комбат, мұны істеген ӛзім… Әдейі істедім… 
- Тұр орныңнан! - дедім мен. - Жер жәндігі құртқа ұқсамай, тым 
болмаса ӛлеріңде адам секілді болсаңшы! 
- Кешіріңіз! 
- Тұр орныңнан! 
Ол орнынан тұрды. 
- Әй, Боранбаев, Боранбаев! - деп үн қатты Бозжанов, жай 
тентектікістеген баланы жазғырған кісіше. - Айтшы, мұның қалай? 
Қаншама мейірімсізбін десе де, адамда аяушылық та болады ғой. 


27 
Алғашында әлгі сӛз байқаусызда менің ӛз аузымнан шыққандай, басып 
тастаған аяушылық сезім еріктен тыс қайта қозғандай болды. 
- Ӛзім ойламай да қалдым… - деп міңгірледі Боранбаев. - Түкте 
ойланған жоқ едім… Қалай болғанын ӛзім де білмеймін. 
Суға кеткен тал қармайды дегендей, Боранбаев бұрынғы жалтарма 
сӛзіне тағы жармасты. 
- Ӛтірік сӛйлеме, Боранбаев! - деді Бозжанов. – Қомбатқа шыныңды 
айт. 
- Шын, шын айтам… қарасам, қолым қан. Не болған десем, мені 
шайтан азғырыпты… Атпаңыз мені! Кешіріңіз, жолдас комбат. 
Мүмкін, оның осы айтқаны шын да шығар. Ақылынан алжасып 
барып, мезгеулік жан күйзелісі кезінде, адамның оқыс істеп алатыны болады 
емес пе. 
Бірақ ақылына ие болмай, соқыр сезімнің жетегіне еріп, ұрыс 
даласынан қашқан адам адамдықтан қалмай ма, ар-ұяттан айрылмай ма, ел-
жұртының, атамеқенінің алдында қара бет болмай ма. Ондай опасызға не 
кешірім бар. 
Мен Бозжановқа: 
- Мұның орнына бӛлімше командирі Блоха болады. Сап алдында 
мынаны сол ӛз бӛлімшесі атады, - дедім. 
Бозжанов маған қарай еңкейді де, сыбырлап: 
- Ақсақал, атуға біздің правомыз бар ма? - деп сұрады. 
- Бар! - дедім мен. - Кімнің алдында болса да жауабын ӛзім кӛтерем. 
Қазір айтқанымды орындаймын. Ал сіз мәлімдеме жазып қойыңыз. 
Ентігіп, блиндажға қызыл әскер Блоха кірді, Желпілдеген танауын 
тартып, бозша кірпігін жыпылықтатып, ол шақыру бойынша келгенін әрең 
баяндады. 
- Неге шақырғанымды білемісің? - деп сұрадым мен. 
- Жоқ, жолдас комбат. 
- Қарашы мынаған… танисың ба? - деп Боранбаевты нұсқадым. 
- Әй, оңбаған! - деді Блоха, Оның үнінен екі түрлі сезімнің 
жиреніштің де, аяушылықтың да лебі ескендей болды. - Ӛзінің түрі де 
сұмпайыланып кеткенін қарашы! 
- Мұны бӛлімше болып ӛз қолдарыңмен атасыңдар. 
Блоха сұрланып кетті. Екі иығынан дем ала, қатты бір күрсініп: 
- Орындаймыз, җолдас комбат, - деп үн қатты. 
- Сені бӛлімше командирі етіп тағайындаймын. Политрук 
Бозжановпен бірге адамдарыңды әзірле. 
Сонсоң Боранбаевтың қасына барып, оның айырым белгілерін, бас 
киіміндегі жұлдызын жұлып алдым. 
Ол екі қолы салбырап, сазарған пішінде тұрып қалды. 



28 
Айтулы уақытта, сағат дәл тӛртте, «П» әрпі тәрізденіп сап түзеп 
тұрған батальонға қарай аяндадым. Жұрттың қарсы алдында, бетпе-бет, 
шинельшең, белдіксіз Боранбаев тұр. 
- Батальон, смирно! - деп команда берді Рахимов. Команда 
бойынша, жауынгерлер бір мезгілде еңселерін кӛтере, алдарына тура қарап 
тына қалды, винтовка біткен толқып барып, біркелкі қалыпқа түсті. 
Тебіренген жанды жай таптырарлық куаныш оты ішімді жылытты. 
Алдымда сапта тұрғандар шинельшең тобыр емес, тәртіпті күш, мығым 
батальон еді. 
Ашық алаңда бейне салтанатпен сап құрған батальон, тепсе темір 
үзерлік еңсесі биік ер жігіттер, бұларды кӛріп кӛңілін қалай тасымас, жаның 
қалай тебіренбес! Тек сап алдында белдіксіз, жұлдызсыз тұрған жалғыз 
сұмырай ғана ӛскелең сезімге кірбің келтіргендей. 
- Сіздің бұйрығыңыз бойынша, батальон сапқа тұрды! - деп рапорт 
берді Рахимов. 
- Бӛлімше командирі Блоха! Бӛлімшеңмен мұнда кел! – дедім мен. 
Олар үнсіз келе жатыр. Ең алды орта бойлы Блоха, одан кейін 
қапсағай Қалимолдин. Кӛзілдірікті Мурин, кеше пулемет басында күзетте 
тұрған Добряков… Пішіндері байсалды, аяқтарын біркелкі басады, жұбын 
жазбастан, ызғарлы жел ӛтінде кірпік қақпастан, айрықша салтанатпен 
келеді. 
Бірақ жүздеген кӛз алдында сыр бермеймін дегенімен, қай- 
қайсының болса да кӛңілі қобалжулы еді. 
Блоха: «Бӛлімше, тоқта!» деп команда бергенде, винтовкалар 
иықтан ажырап, жерге, біркелкі дік ете түсті. Блоха рапорт беруді ұмытып, 
менің бетіме қадала қарады. 
Қолымды шекеме апарып оған қарай ӛзім аяқ бастым. Сонда о да 
маған қарсы жүріп, қолын жоғары кӛтеріп түсірді де, мүдіріңкіреп, 
бӛлімшесімен келгендігін мәлім етті. 
Сіз ішіңізден: дәл осындай кезеңде, біреуді ажалға аттандырар 
алдында, бұл салтанаттың керегі не еді? - деп отырған боларсыз. Мен әдейі 
осылай істедім, ондағы ойым - әрбір салтанатты қимылмен де, ресми 
рапортпен да ӛзіміздің құрыштай берік армия, айбынды әскер екендігімізді 
тағы да әркімге аңғарту еді. 
Бӛлімше команда бойынша сапқа қарай бұрылды. 
Мен сӛз бастадым: 
- Жолдастар, жауынгерлер мен командирлер! Алдарыңда тұрған 
адамдар кеше мен: «Аттан!» деп дауыстап, «Ал қаруыңды!» деп әмір 
бергенімде, қорқып, қаша жӛнелді. Бірақ тез арада естерін жинап, қайтып 
келді. Бұлардың бірі, былайша айтқанда, бұрынғы командирі сол кеткеннен 
қайтпады. Майданнан кету үшін ол ӛз қолын атып жаралапты. Отанына 
опасыздық еткен қара бет қазір менің бұйрығым бойынша атылмақшы. Ол 
опасыз мынау! - деп, мен Боранбаевты сұқ қолыммен нұсқап кӛрсеттім. 


29 
Кешірімнің нышаны сезілер ме екен дегендей, ол менің бетіме жалтақтап 
қарайды. 
- Айтыңдаршы, мұның ӛзгелерден жаны артық па? Жоқ, артық 
емес. Бұл ӛз ойында: соғысса басқалар соғысына, мен шеттеп қалайын, 
әйтеуір, жер бетінде тірі жүрсек болғаны дейді. Шындығында, бұл - кӛппен 
кӛрген ұлы той деген ел кәдесін ұмытып, ар-ұяттан безіп отыр. Сӛйтіп, 
сендердің алдарыңда, ӛз жолдастарының алдында кешірілмес күнә істеп 
отыр… 
Сӛзімді жүрт ұйып тыңдауда. 
Алдында тұрған жүздеген адам қатал шындықты біледі: жан бар 
жерде қаза бар, соғыста кейбірі ӛліп, кейбірі мүгедек болады, бірақ бұлар 
жүректің алғашқы аптығын басып, бір кезеңнен аттағандар, тәуекелге бел 
буғандар еді. Солай болғасын, кӛптің кӛкейін тескен шын ойды ашып 
айттым: 
- Рас, ұрыста ӛлім-жітім болмай қалмайды. Бірақ та ер ӛлімімен 
ӛлгендерді елі ұмытпайды. Ұлдары мен қыздары: «Әкеміз Отан соғысының 
батыры!» деп мақтаныш етеді. Немерелері мен шӛберелері де ер атасының 
аруағын ардақтайды. Бірақ бәріміз бірдей қаза таппақпыз ба? Жоқ. «Қырық 
жыл болса да, ажалды ӛледі», дейді қазақ. Қаһарман жігіт ұрысқа ӛлу үшін 
емес, ӛз дұшпаның ӛлтіру үшін барады. Сан ұрыстан сау шығып, ӛз борышын 
ақтап, үйіне аман қайтқандарды да елі Отан соғысының батыры деп айтатын 
болады. Батыр деген атаққа ие болудан артық абырой бар ма! Біз, адал 
жауынгерлер, сол абыройға ие боламыз, ал сен ше… (мен тағы да 
Боранбаевқа қарай бұрылдым) сен тап осы арада арсыз, абыройсыз күйінде, 
ӛлексе болып қаласың. Әлшештеген балаларың атыңнан безеді. 
- Кешіріңіз… - деп күбірледі Боранбаев қазақша. 
- Немене, балаларың есіңе түсті ме? Олар енді қара бет әкені әке 
деуге арланады, атыңды атауға намыс қылады. Сенің әйелің қорқақтың, 
опасыздың сап алдында атылған қара беттің жесірі болады. Сенімен 
некелескен күнді үрейлене еске алып, саған қарғыс жаудырады, Сен туралы 
еліңе жазамыз. Сені ӛз қолымызбен ӛлтіргенімізді жұрт білсін. 
- Кешіріңіз… Мені ұрысқа жіберіңіз… - деп, Боранбаев тағы да 
күбірледі. Үні тым баяу шықса да, сӛзі жұрт құлағына түгел жеткендей еді. 
- Жоқ! Сен ұрысқа бармайсың, мына біз барамыз! Бүкіл батальон 
ұрысқа барады! Мына тұрған Блоха, Мурин, Қалимолдин, Добряковтарды 
білемісің? Сен осылармен бірге жүріп, бір табақтан ас ішіп, адал солдат 
аталып ең, енді ол абыройдан айрылдың. Ал бұлар болса, сен құсап арын 
сатқан жоқ. Бұлар адал жауынгерлер. Міне, ұрысқа баратын осылар. Бұлар ер 
намысы, ел намысы үшін қасық қанын аямай күреседі. «Жан - арымның 
садағасы» деген ата-бабамыздың батырлық дәстүрін берік ұстайды. Сен 
болсаң, осы арада абыройсыз, атақсыз күйінде арам қатасың. 
- Отделение, кру-гом! - деп команда бердім. 
Түстері бұзылып, жауынгерлер кілт бұрылды. Менің де денем 
түршігіп кеткендей болды. 


30 
- Қызыл әскер Блоха! Опасыздың шинелін сыпыр! 
Блоха тұнжырап Боранбаевтың қасына барды. Кӛріп тұрмын: 
Боранбаевтың сау қолы жалма-жан кӛтеріліп, шинелінің ілгегін ӛзі ағыта 
бастады. Мұнысына қайран болдым. Жоқ, басқалардан ӛзгеше ӛмірге 
ынтызар бұл жасық кеудеде ӛмірге лайық жігер де, талап та болмасқа тиіс, - 
ӛлімге тілсіз мойын сұнған жан ӛмір сүріп жарытпас. 
Шинель сыпырылды. Блоха оны былай лақтырып тастап, 
бӛлімшесіне барды. 
- Ей, опасыз, кру-гом! - дедім мен. 
Маған ақтық рет жалынышты жүзбен бір қарап, Боранбаев сырт 
айналды. 
Мен команда бердім: 
- Қоян жүрек қорқаққа, Отанына опасыздық істеген, сертті бұзған 
сатқынға… бӛлімше… 
Тӛске алынған винтовкалар қылмыстыға кезеліп, тӛне қалды. Бірақ 
қарудың бірі қалтырайды. Муриннің аппақ шүберектей ӛңіне, қан-сӛлсіз 
еріндеріне кӛзім түсті, оның денесі дірілдеп тұр. 
Сонда Боранбаевқа менің де жаным ашып кетті… 

Муриннің қолындағы қалтыраған қарудан менің құлағыма: «Кешіре 
гӛр, кешіре гӛр!» деген үн келгендей болды. 
Ұрыста ӛзінше болмаған, қорқаққа мейірімсіздігі әлі пісіп жетпеген, 
тізіліп тұрған жұртта: "оқ ат!» деген суық сӛз аузынан шықпаса игі еді, 
айыбын кешсе игі еді деп тілегендей. 
Кӛптің үнсіз мұңы құлағына жетсін дегендей, кенеттен жел де 
тынып, айнала жым-жырт бола қалды. 
Ӛзгеден басы асып тұрған Қалимолдиннің қақпақтай жауырынына 
кӛзім түсті. Бұдан бірнеше сағат қана бұрын ӛзінің ең жақын бауырындай, 
қиыспас досындай санаған адамына енді қаруын кезеніп, о да команданы 
орындауға әзір тұр. Оның батыр кеуделі тұлғасынан: "Бізді кӛп телміртпе! 
Кешірім ет!» деген жалынышты лебіз естілгендей.
Боранбаевтың ӛзім білетін барлық жақсы сипаттары кӛз алдыма 
келді. Пулеметті жік-жікке ажыратып, ӛз қаруының жетік шебері боп 
алғанын кӛргенде: «Жігіттің бір сырлы, сегіз қырлысы осындай - ақ болар!» 
деп, ішімнен сүйсінгенім де қазір есіме түсті. 
Мен - адаммын. Мейірбандық менде де бар. Сондықтан: 
- Тоқтатыңдар! - деп команда бердім. 
Кезеулі винтовкалар, батпан ауыр жүктей, ӛзінен-ӛзі сылқ ете жерге 
тәрізденді. Тулаған жүректер жай тауып, тарылған тыныс кеңігендей болды. 
- Боранбаев! - деп дауыстадым. 
Ол жалт қарады. Кӛзінде енді үміт нышаны білінеді, кӛңілге 
ұялаған күдігі әлі де арылып бітпесе де, кӛздерінде ӛмір ұшқыны жайнайды. 


31 
- Шинеліңді ки! 
- Мен бе? 
- Ки… Бӛлімшеңе барып, сапқа тұр! 
Абыржыған пішінде күлімсіреп, жерде жатқан шинелін қос қолдап 
кӛтеріп алды да, жол-жӛнекей киінбекші боп, асығыста жеңін таба алмай, 
бӛлімшесіне қарай жүгірді ол. 
Алдында ғана винтовкасы қалтыраған кӛзілдірікті ак пейіл Мурин, 
тӛмен түсірілген қолымен: «Кел, қасыма тұр!» дегендей байқаусыз ишарат 
білдірді де, қатарынан орналасқан жолдасын бүйірден зілсіз нұқып қалды. 
Боранбаевтың күнәсы кешіріліп, қайтадан жауынгер, жолдас санатына 
қосылды. 
Қасына келіп, арқасынан қақтым да: 
- Енді қорықпай соғысасың ғой? - деп сұрадым. 
Үсті-үстіне басын шұлғып, ол мәз-майрам боп күлді. Басқалар да 
езутартып, рақаттана күлімдейді. Бәрінің де кӛңілдері жадырады… 
Сіздің де кӛңіліңіз жадыраған шығар деймін? Осы әңгімені оқыған 
басқа жұрт та, «тоқтатыңдар!» деген команда берілген жерге жеткенде, 
кӛңілдері орнығып, «уһ» деп еркін дем алар. 
Бірақ бұл… қалт етіп бас кӛтерген мейірбандық сезімнің қатал 
оймен азғана арпалысуынан туған жай қиял, ӛткінші елес еді. 
Іс жүзінде былай болды: 
…Муриннің винтовкасы қалтырағанын байқап: 
- Мурин, неге қалтырап тұрсың? - деп зекідім. 
Ол селк ете түсті де, кеудесін кӛтеріп, мылтығының дүмін қыса 
тастады. Енді оның қолы қату еді. Мен қайталап команда бердім: 
- Қоян жүрек қорқаққа, Отанына опасыздық істеген, сертті бұзған 
сатқынға… бӛлімше оқ ат! 
Сӛйтіп, қорқақ жазасын тартты. 
Жазғырсаң да, жақтасаң да, тӛрелігіңді айт! 
Ертеде менің әкем, алыс сапардан келе жатып, айдалада ат 
шалдырып, сәл тынығам дегенінде, қаракұрт шағып алыпты. «Кішкене ғана 
қара тас, атан түйе тарта алмас» деген жұмбақ бар. Қара тасы қарақұрт. Оның 
уы бойға тез тарап, кісіні мерт қылуы мүмкін. Басқа емі жоқ болғасын, әкем 
дереу кездігін алып, қарақұрт шаққан жерінен ӛз сом етін ойып тастапты. 
Мен де ӛз тәнімнен бір кесек етімді пышақпен сылып тастадым. 
Мен - адаммын. Мейірбандық менде де бар, «Атпа, ая, кешірім ет!» 
деген ішкі сезімнің үніне құлақ ассам, жӛн болар ма еді? Мен кешкен 
жоқпын. 
Қарынға түскен құмалақты алып тастамаса, ондағы май шірімей ме, 
күріш арқасында су ішетін күрмекті жұлмаса, күріш былғанбай ма, егін 
арқасында нәр алатын арамшӛпті отамаса, дәні ашаң тартпай ма?! 
Мен жүздердің командирімін, әке орнына әкесімін. Ұлтым деп 
аясам, жалғыз содыр жүздеген тұлға кесірін тигізер еді. Басқаға сабақ болсын 


32 
деп, опасызда Отан жоқ, отанда опасызға орын жоқ екенін білсін деп, 
қылмыстының қанын тӛктім. 
Осының бәрін бұлжытпай жазыңыз - солдат шинелін кигендер, я 
киюге әзірленгендер мұны түгел оқысын. Оқығанның есіне салыңыз: сен 
бұрын, мүмкін, жақсы жігіт атанған шығарсың, қылығыңмен жұртқа жағып, 
мақтаулы кісі болған да шығарсың. Бірақ еліңе қауіп тӛнгенде, қара 
басыңның қамын кӛздеп, әскерлік сертті бұзсаң, Отаныңа опасыздық істесең, 
ондай адамға кешірім жоқ - қылмысыңды ӛліммен ӛтейсің, - дегейсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет