АҚЫЛГӚЙДІҢ АЛДЫНДА
«Ерлік елеусіз қалмасын».
Тағы да сол орман ішімен, кездескен ағашты қырқып, балталап, жол
салып келеміз. Волоколамск жақын қалды. Атыс үні айқын естіледі.
Бір мезгілде орман шетіне де шықтық. Алыстан шіркеу мұнаралары
кӛрінеді. Одан шеткерірек, бізге таяу жерде Волоколамск станциясының
қызғылт түсті тас үйлері. Станция қаладан бірнеше километр жерде. Сол
станция жақтан қатты ұрыс дүбірі естіледі.
Кенет сол арадағы бензин сақтағыш үйдей-үйдей әйдік темір
күмбездер аспанға атылып, әуеде сәл ғана кідіргендей боп, қайтадан жерге
жайылып түсті. Сонда күмбез лезде кӛзден ғайып болады. Жалын мен түтін
кӛкке кӛтеріледі. Соның артынан құлаққа гүрсілдеген үн келеді. Станция әлі
біздің қолда. Бірақ әскерлеріміз жолдарды, складтар мен қоймаларды бұзып
жатыр; жауға бір тамшы жанармай да, бір түйір астық та қалдырмау керек.
Батальонды қалаға қарай бастап барамын. Кездескен күзеттер
дауыстап бізден жӛн сұрасады. Бұл біздің полктің жауынгерлері. Солардан
білдім: полк штабы қаланың солтүстік-шығыс жақ шетінде екен.
Қайыршақ жолмен жүріп келеміз. Мұнан кейін асфальт жол.
Москваның ӛзіне дейін барады. Немістер сұғын қадаған, аламыз деп ӛрше,
енген, Волоколамскінің тас жолы осы.
Қала шетіндегі алғашқы үйлерге жүз адым қалғанда, тоқтап дем
алдық, шылым тарттық.
Он минуттан соң батальон взвод-взводымен, аралыққа орналасқан
барлық зеңбіректерімен, ат-арбаларымен бірге, қалаға кірді. Күрең тӛбелді
атқосшыма беріп, ӛзім ең алда адымдап келемін.
216
2
Сол күнгі Волоколамскіден алған әсерім әлі есімде. Әсіресе, қаланың
орталық шеніндегі бірсыпыра үйлері бомбадан қирапты. Жаудың авиациясы
қалаға талай рет шабуыл жасаған кӛрінеді. Ауыр бомба түсіп, ағаштан
салынған үлкен ұн қоймасын бұзып кетіпті. Бір мүйісі үңірейіп тұр.
Бӛренелері қақ бӛлініп, жаңқаланып кеткен; тӛбесі құлап түсіпті, дарбазасы,
терезе ағаштары быт-шыт болған. Жол бойындағы арықтың жағалауы сол
бойымен ұн, бомбаның жарылғандағы екпінімен шашылып кетсе керек. Жол
үстіндегі әйнектің сынықтары аяқ басқан сайын шықырлайды.
Қираған қоймадағы ұнды халыққа үлестіріп жатыр. Белгілі бір тәртіп
барлығы байқалады, жұрт үн-түнсіз кезегімен келуде. ӛлшеместен, қапқа,
жай қалтаға, жастық тысына шелектеп асығыс салып алады.
Тӛрт-тӛрттен сап түзеп, қатарымызды тең ұстап, аяғымызды біркелкі
кӛтере басып, біз ілгері жүріп келеміз. Жан-жақтағы кейіпсіз кӛрініске
тұнжырап кӛз саламыз.
Жай халық қарбаласқа түскен, әбігерленіп, әрлі-берлі сапырылысып,
әлдеқайда асығуда.
Жүріп келеміз. Қарсы алдымызда тағы да бомбадан қираған кішігірім
үй. Мұның да бір жақ қабырғасы қақ бӛлініпті, бӛренелерінің опырылған
жерлері сарғыштанып кӛрінеді. Қираған үй жанында, тротуар шетінде бір
кексе әйел ӛліп жатыр. Ұйпалақтанған бурыл шашы желекпінімен аздап
желбірейді. Бір шоқ шашы аққан қанмен бірге маңдайына жабысып қапты.
Басына тақау жерде қан ұйып жатыр. Тәрізі, біреу әйелдің денесін
шеткерірек әкеп тастаса керек. Қазір ӛліктің басында ешкім жоқ.
Үлкен тас үйдің терезесінің кӛздері үңірейіп, бір түрлі жат кӛрінеді, -
шынылары ұшып кетіпті. Үйдің маңдайшасындағы жазулы тақтасы
салбырап, жалғыз шегеге ғана ілініп тұр. Оны түзеген, үйдің терезелерін
бітеген ешкім жоқ.
Кӛшеде күзетшілер. Жол торабында мылтық асынған, жеңіне қызыл
шүберек байлаған жауынгер. Бойын түзеп, ол бізге сәлем берді. Қалада әскер
тәртібі сақтаулы, бірақ жай халық арасында қалыпты, үйреншікті бұрынғы
тәртіп сезілмейді.
Қала адамдары ерсілі-қарсылы сапырылысып, селдей соғылысады,
асығыс бір-екі ауыз тіл қатысады, кейбіреулері заттарын әлдеқайда әкетіп
барады. Жатқан бір әбігерлік.
Теңізде дауыл соғып қираған, жартасқа ұрынған кемедегі адамдар да
осы халде болатын шығар, кеме ағашы қақырап, тулаған толқында, су түбіне
кету қаупін сезінген жұрттың бәрін осылай үрей басар, деп ойладым ішімнен.
Қазіргі біз келе жатқан қаланы жау алмаса да, қорқаныш үрей басқан
секілді.
Бір үйдің дарбазасының алдында он жетілер шамасындағы жас-
ӛспірім бала тұр. Кӛзіне кӛзім түсті. Бізге қабағының астымен сүзе қарайды.
217
Бет пішіні аса байыпты, басын бір иығына қарай сәл қисайтып алған: Оның
осы кескінінен, кӛзқарасынан ӛзгеше бір қайсарлық сезіледі, ӛзі бізді кінәлап
жазғырғандай. Жүз метрдей жүріп, артыма, батальон тізбектеріне қарап едім,
әлгі бала жігітті тағы кӛрдім. Бір орыннан қозғалмай, бізден кӛз алдау,
дүрбелеңмен ісі болмай әлі сол қалпында тұр екен.
Кейіннен, Волоколамск партизандарының басқыншыларға қарсы
күрес жүргізгенін, қала ортасында сегіз адамның дарға асылғанын есіткенде,
неліктен екенін қайдам, осы бала есіме түсті. Жаумен аянбай күрескен
ардақты батырлардың бірі сол бала жігіт болар деп ойладым. Қалада
қорқыныш қармағына ілікпеген, үрей шырмауына түспеген жалғыз осы бала
жігіт емес-ті. Бірақ октябрьдің сүреңсіз шытымыр күнінде біздің кӛзімізге
кӛшеден әбігерлік пен қарбалас кӛбірек шалынған еді.
Жан-жағымызға тұнжырай қарап жүріп келеміз.
Бізге де қараушылар аз емес. Жаугершілікке ұшыраған, станциясы
ӛртке шалдығып, түтін мен мыс шалған қаланың ортасымен зеңбіректері, ат-
арбалары, бастаған командирлері бар, қару-жарақты сай әскер бӛлімі
кәдімгідей сап түзеп жүріп келеді. Ӛзіңізге мәлім, жорықтағы батальон
колоннасы бір километр жерге созылады.
Дегенмен, аяқты нәшпен басып, салтанатпен жүріп келе жатқан біз
жоқ. Бұлар ұзақ жорықтардан, сұрапыл ұрыстардан ӛтіп, сан қиыншылықты
бастан кешіріп шыныққан, қатал жауынгерлер. Алдымызда әлі де қан тӛгіс
ұрыстар болмақ, ендеше, қуанатын да, салтанат құратын дәнеңе жоқ. Бірақ
жай халықтың алдында жауынгерлер қатарын түзеп, еңсесін кӛтеріп,
аяқтарын ширақ басады.
Бізге қарағандар, әрине, сүйсініп те, қызығып та тұрған жоқ.
Шегінуші армияға әдетте сүйсінбейді, оған қошемет те етпейді. Әйелдер
аяныш білдіреді, кӛбі іркілген кӛз жасын сүртеді. Бізге қарап, бірсыпырасы
совет әскерлері қаладан кетіп барады деп ойлайтын да болу керек. Осынау
мұңды, үрейлі жұрт: «Шынымен бізді тастап барасыңдар ма, талай жылдар
ішіндегі еңбегіміздің еш кеткені ме, арманымыз адыра қалып, үмітіміздің
ӛшкені ме?» деп сұрагандай болады.
Осының бәрі жанға батарлық нәрсе еді. Бірақ қала адамдарының
кӛзқарасына, әбігерлігі мен қарбаласына жауап ретінде біз басымызды
кӛтере, кеудемізді кере жүрдік, аяғымызды қатулана бастық. Жерге біркелкі
соққан жүздеген табанның дүбірінен жұртқа:
- Жоқ, бұл апат та емес, ӛшу де емес, бұл соғыс қияпаты, әлі де
қуатымыз бойда, қаруымыз қолда, - дегендей үн жеткен еді.
Мұңайған мұңдылардың, елжіреп есіркегендердің бәріне біз
қаһармандық қату шыраймен, солдаттық жігерлі қадаммен жауап қайырдық:
- Жоқ, жаудың темір құрсаулы қысымынан әрпіріммен аман қалған
бишаралары біз емес. Біз - ұрыста қайрат кӛрсетіп шыныққан, советтің белді
әскеріміз. Біз гитлершілдердің құтын қашырар, үрейін ұшырып, ӛліктерін
аттап ӛттік. Қараңдар, кӛріңдер, - біз жауға намысын жібермеген, тәртібі
218
күшті, санасы берік айбарлы әскер бӛліміміз, - қаһарлы ұлы Қызыл
Армияның бір бӛлігіміз!
3
Батальон қаланың солтүстік-шығыс жақ шетіне, біздің полк штабы
орналасқан жерге жақындап келеді.
Екі кӛшенің түйіскен жерінен, жаңылмасам, жол қимылын реттеуші
жауынгер тұрған жерден, әрмен қарай асфальт басталады; айнадай жалтыр
жазық жол осы арадан тұп-тура Москваға қарай кетеді. Бұл - Волоколамск
тас жолы. Біз енді осы жолға түскенбіз.
Бір үйдің тұсына жете бергенімізде, оның әдемі кӛк қақпақты терезесі
сарт етіп ашылды. Полк комиссары Петр Логвиненко кеудесімен терезе
текшесіне асылып, қуанышты түрмен бізге қол бұлғады. Үйдің басқышынан
бізге қарай қарт майор жүгіріп келеді. Бұл полк штабының бастығы Сорокин
еді. Қолымды құшырлана қысады, ежелгі байсалды пішіні босаңсып, кӛздері
жасаурап кетіпті. Соның артынша кӛшеге жүгіріп шыққан Логвиненко мені
құшағына алып, сүйе бастады.
Бұлардың осындай бейіл кӛрсетуі мен үшін таңырқарлық нәрсе еді.
Жол-жӛнекей, кешіккенім үшін сӛгіс есітермін деп ойлаған едім. Оның
орнына бізді бұлай қарсы алып отыр. Бақсам, біздің жолдастар немістердің
қоршауында қалған, кӛптен дерексіз кеткен батальонның тағдырын ойлап
уайымдаған екен. Кешіккенімізді кейде жамандыққа жорып, іштерінен бізді
мерт болды деп ойлап, талай рет қайғырған да кӛрінеді.
Полк командирі майор Юрасов ӛтіп бара жатқан батальон саптарын
кӛзімен шолып, үнсіз есік алдында тұр. Бұл аса сабырлы, тұйық кісі. Мен
барып оған рапорт бердім. Сӛзімді тыңдап болды да, қысқаша жауап айтты:
- Жарайды. Кейін келіп егжей-тегжейін баяндарсыз. Әзіріше
батальонды үй-үйге орналастырыңыз. Тынығуына болады. Полк - дивизия
командирінің резервінде.
Соңғы сӛздерді айтқанда оның байсалды үнінен мақтаныштың лебі
есті. Сол мақтаныш сезімін Юрасов бүркей алмады. Ӛткен дүние жүзілік
соғыс кезіндегі жас офицер, кейіннен Қызыл Армияның ысылған командирі
болған бұл кісі жанындай сүйген ӛз армиясын шынында да мақтаныш ететін
еді.
Кӛп машақатты бастан кешіргеннен кейінгі жерде айтылған осы жай
сӛздің, - «полк - дивизия командирінің резервінде» деген бір ауыз сӛздің, -
сонда қандай маңызы болғанын білесіз бе?
Оның мәнісі, алға жарып ӛткен немістермен екі-үш күн ұдайы
сұрапыл ұрыс жүргізсе де, дивизия ӛзінің қалпын бұзбас, қайтадан жауалдын
тосып отыр, оның үстіне ӛзінің мығым резервін ұрыс майданынан сәл
шеткері жерде, қысылтаяң кезеңге арнап сақтап отыр деген сӛз еді. Мұның
мәнісі, алға ӛткен гитлершілдердің алдында тағы да тұтас майдан шебі
құрылды, Москваның қорғаны бұрынғыша берік деген сӛз еді.
219
Батальон әлі де жүріп келеді. Ат жеккен айбарлы зеңбіректері кӛпте
бойын жаңғырықтырады.
Әлдеқайдан Панфиловтың адъютанты, қызыл шырайлы жас лейтенант
пайда болды. Ол әскерше тәжім етіп:
- Жолдас Момышұлы! Генералға жүріңіз! - деді.
- Ол кісі қайда?
- Жүріңіз. Анау үйде. Генерал терезеден қарап: жаным-ау, бұл неткен
әскер? - дегені бар емес пе? - деп адъютант масаттана күлді.
Рахимовты шақырып алып, оған жұртты орналастыр, тынықсын деп
тапсырдым да, ӛзім адьютанттың соңынан жӛнелдім.
4
Телефоншылар, штаб командирлері орналасқан ауыз бӛлме арқылы
тӛргі үйге кірдім. Кірген заматта, қағазына үңіліп жұмыс істеп отырған
Панфиловты кӛрдім. Оның қасында телефон апараттары, стол үстінде
топографиялық карта жатыр. Генерал лып етіп түрегелді.
Кеудемді керіп, рапорт берейін деп едім, Панфилов оныма болған
жоқ. Маған жетіп келіп, екі қолымды қысып, қазақша амандасты.
- Отырыңыз, жолдас Момышұлы, отырыңыз. Шай ішетін шығарсыз.
Тамақтануға зауқың қалай? - деді де менің жауабымды күтпестен, есікті
ашып, біреуте: Тамақ, закуска, самаурын келтіріңіз… Бар керегін әкеліңіз, -
деді.
Онан соң маған бұрылып еді. Кішкене қиықша кӛздері күлімсіреп,
бетіме жылы шыраймен қарайды.
- Отырыңыз, Әңгімеңізді айтыңыз. Адам шығыны қанша?
Мен шығын жайын айттым.
- Жаралыларды алып шықтыңыз ба?
- Иә, жолдас генерал?
- Жұртты тамақтандыру, тынықтыру, үсті-бастарын кептіру жӛнінде
жарлық еттіңіз бе?
- Иә, жолдас генерал.
Панфилов дивизия штабының бастығын телефонға шақырды да, оған:
жаудың тылында жарып ӛтіп Волоколамскіге адамы мен қаруы сай батальон
келіп жеткендігін дереу армия штабына, Рокоссовскийге білдіріңіз деп
бұйырды.
Ӛзі телефон арқылы бір хабарды тыңдап, картаға үңілді де, бірдеменің
жайын сұрастыра бастады. Мынадай сӛздерді құлағым шалды:
- Солтүстік жақтан ше? Тыныштық дейсіз бе? Ол жақтан соңғы
ақпарды қашан алып едіңіз? Одан кейін ше? Білемісіз, мен тыныштық деген
деріңе сенбеймін. Тағы да сұрап анықтаңыз. Онан соң барлық мәліметтермен
капитан Дорфманды маған жіберіңіз.
Трубканы іліп, Панфилов біразға дейін картаға үңіліп отырды. Бет
пішіні байсалды, тіпті тұнжыраңқы еді. Бірнеше рет миығынан күлді. Жалма-
220
жан портсигарын шығарып, онан бір шылым алды, шылымның қуыс
жағымен столды екі-үш рет нұқыды, сонан соң селт етіп, маған жалт қарады.
- Faпу етіңіз… - деп, дереу ашулы портсигарын маған ұсынды.
- Ал жолдас Момышұлы, әңгімеңізді айтыңыз. Бастан-аяқ түгел
айтыңыз.
5
Мен генералдың кӛңілін бӛліп, уақытын алмау үшін істің жайын
неғұрлым қысқаша мәлімдеуте ұйғардым. Қазіргідей қысылшаң ұрыс
жағдайында кӛсіліп әңгіме айтуым, ӛткенді тізбектеп баяндап жатуым ӛзіме
орынсыз кӛрінді.
- Жиырма үшінші октябрь күні, кешқұрым… - деп бастадым мен.
- Пәлі, сіз тым келтесіне кӛштіңіз, - деді Панфилов, сӛзімді бӛліп. -
Жиырма үшінші октябрьді қоя тұрыңыз. Алдымен, жол бойындағы ұрыстар
жайында айтыңыз. Біздің серіппе, пружина дегеніміз есіңізде ме? Кәне, сол
айла әжетке жарады ма?
Донскихтың взводы мен Брудныйдың взводы секілді майда топтардың
күшімен жүргізген алғашқы кішігірім ұрыстар кейінгі бастан кешірген
машақаттардың қасында мен үшін тым елеусіз болып қалған еді.
Панфиловтың бұл жайында сұрап отырғаны несі? Біздің әлдеқашанғы
жүргізген бірінші ұрыс-қағысымыздың қазір қандай мәні бар? - деп
таңдандым,
Панфилов менің осы ойымды сезгендей, жымиып күлді.
- Менің әскерлерім, - деді ол, - менің академиям… Сіз жӛнінде де
осыны айтуға болады, жолдас Момышұлы. Сіздің батальон сіздің
академияңыз. Кәне, сіздің содан үйренген тәліміңіз не?
Бұл сӛздерден кенет менің жүрегіме жылы лебіз жетті. Қаншама берік
болайын десем де, қорқыныш билеген қаланың кӛрінісі маған тым жайсыз
әсер етіп, еңсемді түсірген еді. Ал Панфилов болса, осы қаланың ӛзінде,
зеңбіректер дамылсыз құлақ етін жеген бӛлмеде қала отырып: «Кәне, сіздің
содан үйренген тәліміңіз не?» деп жылы шыраймен жӛн сұрайды. Міне, осы
жай сұраудың ӛзінен-ақ оның орнықты сенімі менің де кеудеме бірден
ұялаған еді.
Панфилов бар еңсесін сала маған қарай ұмсынып, менің жауабымды
шын ықыласымен ынтығып күткендей.
Айтты, айтпады, менің үйренген тәлімім не? Жарайды, - қайдан
шықса одан шықсын, - ең негізгісін айтып берейін. Мен былай дедім:
- Жолдас генерал, қазіргі соғыс психикалық соғыс екенін ұқтым мен.
- Қалай, қалай, психикалық соғыс дедіңіз бе?
- Иә, жолдас генерал. Психикалық шабуыл болатын секілді, мына
соғыстың ӛзі де психикалық соғыс екен…
221
- Психикалық соғыс… - деп, Панфилов жайлап сӛз бастады да, ӛзінің
ежелгі дағдысы бойынша, сәл кідіріп, ойға шомды. Бұдан әрі не айтар екен
деп, мен тықыршып күттім. Бірақ сол мезетте біреу есік ашып:
- Кіруге рұқсат па? - деп сұрады.
- Иә, иә, кіріңіз.
Үлкен қара папкасын құшақтап, дивизия штабы операция бӛлімінің
бастығы капитан Дорфман жедел кіріп келді.
- Сіздің бұйрығыңыз бойынша…
- Иә, иә. Отырыңыз…
Әдеп сақтап, мен орнымнан тұрдым.
- Қайда барасыз, жолдас Момышұлы? - деп сұрады Панфилов. Сонан
сон, әзілдеп: Ең қызық жеріне келгенде, кітабыңызды жаба салмақсыз ғой?
Оныңыз қеліспейді… - деді.
Жақсы сӛз - жарым ырыс дегендей, нақ осы кезде, нақ осы сӛздер
кейін шынында да кітаптың бір желісі болып кіретінін ол білді ме екен
десеңізші!
- Әзірше ішіп-жеп тойып алыңыз… - деп Панфилов үстінде манадан
бері ӛзін тұрған асты маған нұсқады.
6
Баяу әңгімеге құлақ тігуді жӛн кӛрмесем де, кейбір сӛздері еміс-еміс
естіліп жатты.
Тыңдамайын десем де, еріксіз андалған әңгіменің ұзын-ырғасы
мынау: немістердің негізгі күш жұмсаған бағытынан алшақтау жердегі бір
учаскеден, әлі күнге дейін дүрбелеңнен тыныш жатқан біздің бӛлімнен
жұбанышты ақпар түсіпті. Міне, енді Панфилов соны тақақтап, құнттап,
қазбалап, қайта тексеруді талап етіп отыр.
Сонан соң:
- Үқтыңыз ба? - дегенін құлағым шалды.
Әңгіменің аяғында біздің генерал әрдайым осылай пысықтап сұраушы
еді. Панфиловтың аузынан осы сӛзді менің де талай рет есіткенім бар-да. Бұл
оның жай үйреншікті әдеті емес ауыздан әлдеқалай шыға салатын бейсауат
сӛзіде емес, қашанда әңгімелескен кісінің бетіне тесіле қарап тұрып, бұл
сӛзді шын мәнісінде мықтап сұраушы еді.
Капитан әскери ізет жасап шығуға бет алып еді, Панфилов оны
қайтадан тоқтатып, бір ауыз сӛз сұрады. Тап сол минутта мен бұл сұрауға
мән бере қойған жоқпын, бірақ оның мағынасы маған кейінірек мәлім болды.
- Қиыр шығыстықтардың ӛкілі шығып па?
- Иә, жолдас генерал.
- Дұрыс. Келсе, дереу маған жіберіңіз. - Сосын бері жүрді:
- Кәне, жолдас Момышұлы, - деді ол, барлығын рет-ретімен, жӛн-
жӛнімен айтып беріңіз. Сіз бен біздің карта бетіне қарындашпен белгілеген
ісіміздің сәті түсті ме? Взводтар жол бойында қалай қимылдады?
222
Мен баяндай бастадым. Шайды аз-аздан ұрттап ішіп, Панфилов бар
ықыласымен тыңдап отыр. Әзірше басты мәселеге соқпаса да, кейбір
нәрселер жӛнінде ауық-ауық қысқаша пікірлер айтып қояды.
Мәселен, Донских жӛнінде ол:
- Оның үй-ішіне, туыстарына хат жаздыңыз ба? - деп сұрады.
- Жоқ, жолдас генерал,
- Бекер істепсіз. Жарамайды, жолдас Момышұлы, бұл солдат рәсіміне
жатпайды. Адамгершілік те емес. Жазып жібергейсіз. Комсомол комитетіне
де жазыңыз.
Панфилов лейтенант Брудныйды бұрынғы қызметіне қайта алуды
тапсырды.
- Бұған татырлық еңбек сіңірген ол, - деді генерал. - Тегінде, жолдас
Момышұлы, аса зәрулігі болмаса, адамдарды алмастыра берудің қажеті жоқ.
Солдат деген ӛз винтовкасына қалай үйренсе, командиріне де солай бауыр
басып қалады. Ал, сосын, айта беріңіз, айта беріңіз…
Мен жиырма үшінші октябрь оқиғаны, батальонның қалай қоршауда
қалғанын айттым.
Стақанын бір шетке ысырып тастап, Панфилов мен жаққа еңсесін
сала, бетіме үңіле қарап, әңгімені зер сала тыңдады. Менің сӛздерімнен аса
бір мағыналы сырдың бетін ашып отырған кісі тәрізді.
Күні бүгінге дейін шиеленісіп кеп, келесі кезеңіне жеткен зор
айқастың кейбір бүкпелі жақтары Паифиловқа менің баяндамамнан гана аян
болған еді. Бұдан екі тәулік бұрын ӛзі басқарған сұрапыл ұрыстың бір
кезеңінде жаудың қысымы күтпеген жерден әлсіреп, тарылған тыныс
кенеттен кеңіген себебі оған енді ғана әбден айқын болды ғой деп ойлаймын.
Сол сағатта Волоколамскіден, ӛз адамдарымыздан шалғай жерде біздің
батальон іске кірісіп еді. Сонда жаудың колонналарын қақ бӛліп, негізгі
жолдарын бӛгедік. Немістер ӛз шабуылын үдетуге сеп болатын, демеу
болатын қосымша күшін ілгері ӛткізе алмады.
Бұл тыныс күрестің бір кездейсоқ бақытты кезеңі секілді еді. Бірақ
Панфилов бүгінгі кездейсоқ жағдайды келесі жолы ақыл-санамен, ойланып
жүргізілген тактикалық әдіс есебінде қолдана білетін. Осыдан бірнеше күн
ӛткенде, Панфилов жаңа жағдайда маған жауынгерлік міндет жүктегенде,
бұған менің әбден кӛзім жетті. Шынында да, оның әскерлері оның ӛз
академиясы еді.
7
Ӛткен ұрыстың елестерін тағы да кӛз алдымнан ӛткізіп, мен залпымен
атқан оқ арқасында неміс колоннасын қақ жарып, жауды қырғынға
ұшыратып, ӛлігінен аттап ӛткенімізді суреттедім. Екі орман арасындағы
алаңда қол жеткен жеңісіміз менің ішкі мақтанышым еді, ӛйткені осы қысқа
мерзімді ұрыстың кезінде мен әскери сауатымды ашып қана қоймай, ұрыс
ӛнерін меңгере бастағанымды да тұңғыш рет сезген едім.
223
Тамылжытып айтуыңызға қарағанда залпымен оқ ату сіздің ойлап
тапқан ӛз ӛнеріңіз секілді, - деді генерал, езу тартып. - Біз, жолдас
Момышұлы, патша армиясында жүрген кезімізде де осылай ататынбыз. Онда
біз: «Рота, залпом пли!» деген команда бойынша атушы едік.
Ол біраз ойланып тағы да сӛйледі:
- Бірақ мұны кӛңіліңізге ауыр алмаңыз, жолдас Момышұлы.
Мұның қызығына түскеніңіз ӛте жақсы, ӛте жақсы. Бұдан былай да
осылай әрекет етіңіз. Жұртты осыған үйретіңіз.
Бетіме жылы шыраймен қарап, жауабымды күтіп, ол тағы да үнсіз
қалды.
- Басқа айтарым жоқ, жолдас генерал, - дедім мен.
Панфилов орнынан тұрып, ерсілі-қарсылы жүре бастады.
Психикалық соғыс… - деп үн қатты ол, ойлы пішінмен. - Жоқ, жолдас
Момышұлы, бұл сӛз қазіргі соғыстың сипатын бере алмайды, ӛресі тар.
Біздің соғыс одан кең жатыр. Ал егер де сіздің айтып отырғаныныңыз
танкібезер, қоршаубезер, тағы сондай безер болғандар жайында десек, онда
сіздің пікіріңіз сӛзсіз дұрыс.
Жаюлы карта жатқан столдың қасына барып, мені шақырды:
- Мұнда рақым етіңіз, жолдас Момышұлы.
Ол мені қазіргі жағдаймен қысқаша таныстырып ӛтті. Жау
Волоколамскіні солтүстіктен де, оңтүстіктен де қысымға алып, сыналап
шығысқа, екі тас жолдың аралығына ӛтіпті, сӛйтіп дивизияның тылдарына
қауіп тӛндіріпті, бірақ ол аралықтың бірде-бір жерінде Волоколамскінің тас
жолына әлі әзір аяқ баса алмаған.
- Менің мына жерімде күшім селдір-сирек, мына жерім де
қорқыныштылау, - деді Панфилов, картадан кӛрсетіп. - Сонда да штабыммен
бірге осында отырмын, жолдас Момышұлы. Әрине, штабты кейінірек
шегерсе болар еді, бірақ ӛйте қойсам, полктердің штабтары да кейін
жылжиды. Оны кӛріп батальон командирі де кейін серпіліп, ӛзіне қолайлы
жер іздейді. Былай алғанда, бәрі де заңды, бәрі де ережеге сәйкес кӛрінер,
бірақ… Бірақ… та окоп-окопқа: «Штабтар кетіп жатыр» деген сыбыс
тарайды. Содан барып, солдат сабыр-тақаттан айрылады, тұрлаусыз болады.
Осыны айтып, Панфилов тағы да кісіні елжіретерлік ақылды
шырайымен күлімсіреді.
– Психикалық соғыс… - Панфилов күлімсіреген бойы мырс етіп
қойды: тәрізі осы сӛз оған ұнатып қалса керек. - Әрине, тап мына ӛңірде
(Панфилов Волоколамсікінің алдындағы біздің бұрынғы шебімізді картадан
нұсқап кӛрсетті), осы аралықта немісті бір айдай әурелейтін-ақ жӛніміз бар
еді, бірақ кейбіреулер оның айла-шарғысына оңай тұтылды, кей жерде ол
жай қоқан-лоққымен алды. Сонда да болса, он бесінен бастап санасақ, міне,
екі апта бойы оны осы аралықта босқа арам тер қылып жүрміз. Мінеки,
кӛрдіңіз бе, жолдас Момышұлы, жеңдім деп жүріп, жеңілгенін білмей де
қалады.
- Қалайша, жолдас генерал?
224
- Құнын қайтесіз, - деді Панфилов, жұлып алғандай. - Жеткен жеңіске
қаншама құн тӛлегенін білемісіз.
Волоколамск түбіндегі ұрыстар кезінде жаудың шығыны қанша
болғанын (ӛлгені мен жараланғаны он бес мыңдай адам еді) білдіре келіп,
Панфилов: бұл мӛлшер онша кӛп емес, әйткенмен Волоколамскінің тас
жолына түйліккен немістер тобы үшін аса ауыр қаза дегенді айтты.
- Бірақ қазіргі кезде бізге бәрінен де қымбаты - уақыт, - деді
Панфилов.
Ол зеңбіректердің гүрсілдей шыққан үніне құлағын тігіп, сол жаққа
мойнын бұрды. Сонан соң қайтадан менің бетіме қарап, қабағын қақты:
- Олардың сарыны әлі де едәуір бар, - деді, - бірақ қауырт соғыс деп
әуліккені қайда? Айтыңызшы, жолдас Момышұлы? Гитлердің онысы адыра
қалды, біздің армия, - оның ішінде сіз бен біз, - жаудың әулігін бастық, сағын
сындырдық. Біз уақытты ұттық, ұтамыз да, жолдас Момышұлы.
Біраз үндемей отырып, ол қайтадан:
- Сӛйтіп, жеңдім деп жүріп, жеңілгенін білмей де қалады… деді. -
Ұқтыңыз ба, жолдас Момышұлы?
- Ұқтым, жолдас генерал.
Әңгіме аяқталып келеді. Панфилов соңғы сұрақтарын бере бастады:
Ал солдат ше? Сіздіңше, ол ұрыстардан қандай тәжірибе алып
шықты? Ӛзіңіздің психикалық соғыс дегеніңіздің мәнісіне солдат түсінді ме?
Немістің сырын білді ме?
Кенет Ползунов есіме түсе қалды,
- Ғапу етіңіз, жолдас генерал. Сізге Ползунов туралы айтам деп
ұмытып кетіппін.
Панфилов, оны есіне түсіргісі келіп, қабағын кере, біраз отырды.
- Иә, иә… Ал… - деді ол елендеп.
8
Тағы да есік ашылып, адъютант кірді.
- Жолдас генерал, сізге подполковник Витевский келіп тұр.
Жаңа келген атқыштар дивизиясының штабынан.
Панфилов дереу сағатына қарады.
- Жақсы, ӛте жақсы.
Онан соң, жалма-жан шашын түзетіп, келтелеп қырыққан кара мұртын
бір сипап, еңкіштеу еңсесін сәл жоғары кӛтерді. Байқауымша, әлгі кісімен
екеуінің арасында аса маңызды әңгіме болатын тәрізді. Алайда маған бір
қарап, ол адыотантына айтты:
- Ӛтініш етіңіз, кішкене кідіре тұрсын.
Мен сияқты батальон командиріне де тарынбай уақытын бӛле білетін
біздің осы ақылды ардагер генералымыз әңгімені аяқсыз қалдырғысы
келмеген еді.
- Иә, иә, Ползунов… - деп үн қатты ол.
225
Ползунов орманнан шығып, бізге қосылған «қашқындардың» бірі еді,
сол кездегі сиқы бір басқа болса, соңғы ұрыста ауыр гранатасын сайлап
ұстап, нағыз айтулы жауынгер сияқты салмақпен, зейінділікпен ерлік
кӛрсетті дедім мен.
- Менен сәлем айтарсыз! - деді Панфилов. – Ұмытпай айтыңыз. Әрбір
солдат адал қызметі үшін жылы сӛз естісек дейді, жолдас Момышұлы.
Қоштасарда айрықша жылы шыраймен, қолымды қысып тұрып:
- Сізден ӛтінем, жолдас Момышұлы: ұрыста кӛзге түскендерді дереу
наградқа ұсыныңыз, - деді. - Тізімдері мен мінездемелері осы бүгін менің
қолыма тиетін болсын… Ал, барыңыз!… Сіздің баталыоныңызға ертеңге
шейін тыным беруіме болады ғой деймін. Ал, қадамыңыз оң болсын!…
Ілгері жүре бергенімде, ол менен озып барды да, есік ашты:
- Жолдас подполковник, кіруіңізді сұраймын.
Қызыл жиекті фуражка киген подполковник кіріп келді.
Есіктен шығуға бет алғанымда, Панфилов жайлап жеңімнен ұстады,
Келген кісіні кӛзімен нұсқап, еңкейіп құлағыма сыбырлады:
- Бұлар кӛмекке келгендер, жолдас Момышұлы, Қиыр Шығыстағылар.
Он екі күн ұдайы зырғытып отырып жетіп үлгеріпті. Мінеки, жолдас
Момышұлы, Волоколамскінің түбінде жүргізілген қорғаныс ұрыстарының
мағынасы осындай.
Кӛңілі тебіреніп, жасаураған кӛздерінен қуаныныш оты, бақыт нұры
жайнап кӛрінді.
Шыға беріп, есікті жабарда генералды тағы да кӛрдім, Бауы
ағытылған қалта сағатын Панфилов стол үстіне қойыпты. Аласа бойлы,
еңкіштеу бейнесі, күнге күйген әжімді мойны кӛзіме түсті. Ол енді әрі қарап,
ізетшіл ишаратпен подполковникке орындықты нұсқап, екінші қолының бас
бармағымен сағатының дӛң әйнегін үйреншікті әдетімен сипалап тұрды.
Сыртта сытырлап жаңбыр жауып тұр. Аспан әлемі түнеріңкі, қара
күңгірт. Станция маңында гүрсілдеген зеңбіректер. Ыстың сәл кӛңірсі иісі
мұрынға келеді. Айнала тӛңіректі буалдыр түнек қаптап алған.
Достарыңызбен бөлісу: |