ЖОЛ ТОРАБЫНДА
«Тік сӛзге тізгін берме».
(Халық мақалы).
Кӛзден таса, тас жол жақта, саябырсып, барып зеңбіректер тағы да
жанталасып гүрсілдей бастады. Ұласқан сарын арасынан пулемет-мылтық
даусы да еміс-еміс құлаққа шалынады.
Ал екінші бүйірден шыққан ұрыс үні үдемесе, басылған жоқ. Бірақ
белес-белестен ол жақтан да дәнеңе кӛрінбейді.
Онан соң ту сыртымыздағы тас жолдың арғы жағынан да гүрсіл естіле
бастағандай болды.
Бозжановы бар болғыр сол кеткеннен әлі жоқ! Оған да, ӛзіме де
кейимін. Алдынан салт аттылар жібердім, Бірақ жылжи алмайтын болғансын,
күйіп-піскеннен не пайда! Ӛзімді-ӛзім тұқыртып, матап отырған жоқпыз ба…
Жауынгерлер орман шетінен айналдыра қорғаныс шебін қазып жатыр.
Сақтықта қорлық жоқ, әзірге істер амал осы-ақ… Бозжанов кӛрінді дегенше,
199
қанатты қомдап, ұшуға біз әзірміз. Солдат: «Бекер қаздық» деп күңкілдер. Е
бақ, бекер болғай да.
Рахимовпен бірге роталарды аралап ӛттім. Азғана тыныстан кейін, ақ
нан жеп, ыстық сорпа ішкен жұрт кӛңілденіп қалыпты. Әзіл-қалжың
айтысады. Жақыннан естіліп жатқан зеңбірек үні, тұс- тұстан шыққан атыс
оларға онша әсер еткен жоқ. Ӛйткені кӛрген құқайымыз бір бұл емес:
қорқыныш сүреңі кешегі күнмен бірге батты, батальонның тарихында ғана
қалды. Осыны сезіп-білген менің де еңсем кӛтерілді. Ішімнен: қор
болмаспыз, деп ойладым.
2
Штабтың шатырына рота командирлерін шақырдым. Зеңбіректерді
әкелуте жіберілген Бозжановтың кешіккенін жариялап, оларға: Бозжановтар
қайтып келгенше батальон кетпейді. Қажет болса, оларды құтқарып аламыз
деп, ӛз байлауымды айттым.
Жұрттың сыңайына қарап, жағдайға бәрі түсінгенін, бұйрықты шын
жүрегімен қабыл алғанын аңғардым.
Сӛйлесіп болғаннан кейін, командирлерге рұқсат еттім. Бәріміз
сыртқа шықтық.
Сол мезгілде тал арасынан салт атты хабаршымыз кӛрінді. Ол
анадайдан қуанышты түрмен:
- Келе жатыр! - деп дауыстады.
Қасымдағылар кідіре қалды. Салт атты жауынгер Бозжановтың
отряды ауыр зеңбіректерді сүйреп, орманға жақындап келеді деп, сағынып
күткен хабарды жеткізді.
Уайым арты қуаныш болып, енді Волоколамскіге қайтадан бет
алуымызға мүмкіндік туды.
- Бәрің де орын-орындарыңа барыңдар! - дедім мен. – Жол жүруте
әзірленіндер. Филимонов, сен қал.
Филимонов, отыз бестерге келген ашаң жүзді, жігерлі лейтенант,
үшінші ротаның командирі еді.
Оған ӛз ортаңды қамдап, дереу басқа жорық заставасы есебінде жолға
шық деп тапсырдым. Ұрыс жағдайында жорық жасаған батальонның сап
түзеуі осылай болады. Басқы застава негізгі колоннадан екі-үш километр
озып жүреді.
Филимонов екеуміз картаға қарадық. Ең қолайлысы әрі тӛтесі тас жол
еді. Күн жылынып кеткендіктен маңайдағы бұдан басқа жолдардың бірі де
аталаға айналғаны сӛзсіз, Бірақ сол тас жолға қарай бірнеше пункттен бет
алған немістер тӛмендеп келеді. Қиын болса да, қауіпсіздеу деп, басқа
маршрут белгіледім. Осыған сәйкес, тас жолды кесіп ӛткеннен кейін,
солтүстікке қарай бұрылып, жадағай жолдармен Волоколамскіден барып
шығуымыз керек еді. Филимонов батальонның негізгі күштерінен едәуір
озып барып, дереу осы жолмен жүруге тиіс.
200
Филимонов ӛз ротасына жүгіре жӛнелді.
Синченко Күрең тӛбелді келтірді, Атқа қонып, Бозжановтың отрядына
бардым.
Артиллериялық добал аттар зеңбіректерді жайпақтау жыраның
етегімен, жолсызбен әрең тартып келеді. Әлгінде шӛккен тұман жалап
кеткендей, енді жер бетінде қырбақ қар да қалмапты. Дӛңгелектерді шымға
батқан зеңбіректерді аттар мықшия тартады. Тайғанақ су шӛпке аяқтарын
тіреп, жауынгерлер бӛгелген зеңбіректерді арттан итеріседі.
Маған жұрт тұнжырап қарайды. Түнерген біреуі балағат сӛзді айтып
салды. Екінші біреу:
- Эх, жолдас комбат… Барлық жолдармен анталап келе жатыр… деді.
Тағы біреуі жерге қарап күңк етті:
- Мұның несі кетеді! Биесіне қамшыны бір басады да, тартып
отырады, қам жеме… - деді.
Мұны айтқан Пашко еді.
- Жай…
Ӛзін дереу тәртіпке шақырып, командирдің ӛктем әмірі дегеннің не
екенін таныту керек еді, бірақ үндемей қалдым. Бұларға не болғанын түсіне
алмай қайранмын: айбынды тапсырманы абыроймен орындап, қауіпті де
қиын сапардан аман-есен қайтты ғой; ендеше, жадырап қуанудың орнына
жабығып түнеріп тұрғандары қалай?
Бозжанов қасыма келді. Ежелгі жайдары жылы шырайлы жігітің, бұ
да енді томсарып қалыпты.
Бозжанов әскери ереже бойынша іс жайын баяндай бастады, бірақ мен
оның сӛзін бӛліп:
- Бұл сенің адамдарыңа не болған? Бәрінің болбырап кеткені қалай? -
деп сұрадым.
Бозжанов даусын бәсеңдетіп, кӛңілсіз түрмен:
- Біледі…
- Нені біледі?
- Біздің әскерлердің шегінгенін. Біз болсақ тағы да…
- Тағы дасы қалай? Бұл не былжыр?
Бозжанов бетіме ұзақ тесіле қарап, мұңды пішінмен…
- Ақсақал, неге олай дейсіз маған? Білесіз ғой мені.
Мен тағы да сӛзін бӛліп:
- Сенің «менің» - аналар! - деп, зеңбірек сүйреп жүрген тұнжыраңқы
жауынгерлерді нұсқадым. - Солардың жайын ойла - сен ӛз адамдарыңа
жауаптысың. Ал «тағы даң» не?
- Тағы да жалғыз қалдық…
- Оны қайдан шығардың?
- Біздің кӛзімізше күзет біткеннің бәрін алып кетті… Барлығы да
кетті… Кеткеніне кӛп болды, ақсақал.
Бәсе, солай екен ғой! Күні кеше Севриковтың: «Солдаттың сымсыз
телефоны» дегенін есіткенімде кӛңілім тасып, қуанып едім. Ол жеңіс
201
хабарын жеткізген «телефон» еді… Ал енді шегінер кезімізде суық хабар
таратқан «телефон» жүрекке тікенектей қадалды.
Зеңбіректер мен снаряд жәшіктері баяу жылжиды. Ойланып жұртқа
қарап тұрмын. Тағы да әлгі Пашкоға кӛзім түсті. Бұрынғыша аяғымен жер
тіреп, басқалармен бірге ол да зеңбіректі игеруде. Бұлшық етті кеудесімен
станинаға асыла, былжыраған жер құйқасын ӛкшесімен осады. Етігінің басы
лай, бірақ сары былғарысы, биік ӛсем қонышы айқын кӛрінеді. Мен
Бозжановтан:
- Ананың аяғындағы неғылған етік? - деп сұрадым.
- Новлянскийде немістің аяғынан шешіп алыпты. Ӛзі ӛлтірген
офицердің…
Иә, осы Пашка ғажап жігіт. Батыл, ӛжет, бірақ… мұның бойында
солдаттың ең негізгі қасиеті бағынушылық, тәртіптілік деген жоқ, армия
ӛмірінің қатал тезіне түспеген, әлі де кӛндікпеген, асау аттай.
Мұны жаңа ғана тойтарып тастамағаным теріс болды. Сӛйткенімде
басқаларына да сабақ болар еді. Командирдің ӛктем сӛзі қазір бәрінен де
керектің керегі еді.
Бірақ әбес іс ӛтті-кетті. Оған опық жеп жататын кез емес. Мен
Бозжановтың әлгі хабарын жедел тексеріп, жағдайды анықтауым керек,
анықтап алып бір шешімге келуім керек.
Қысқасы, мен командирге лайықсыз қателік істедім, солдаттың
сотқарлығын, тұрпайы сӛзін елемедім, «тік сӛзге тізгін берме» деген
ережеден тайдым, ӛктем сӛз айтып, солдаттың рухын кӛтермедім.
Ұзамай-ақ мұның арты насырға шауып, қарбаласта орынсыз қан
тӛгілді.
3
Таңертең атылған зеңбіректер даусы жер жаңғырықтырарлық күшті
сарынға ұласып кеткен еді, енді бұл үн сирексіген тәрізді, бірақ манағыдай
айқын естіледі. Зеңбіректер ілгерілеп жақын келді ме, әлде күн екпінін
әлсіретерлік қалың ағаштан тысқары жазықта тұрғандықтан ба, әйтеуір, ұрыс
дүбірі иек астынан шыққандай болады, Ал ӛкпе тұсымыздан естілген
пулемет, винтовка тарсылы бір шетке қиыстап, алыстап кетті.
Алдыңғы жағымызда әлі де қыбыр еткен жан жоқ; тек қақ пен лайдан
жарқыраған жолдың бір бӛлігі, сайдың сулы беткейлері, кӛк жиекпен
ұштасқан кедір-бұдыр жота кӛрінеді; арт жақта орман.
Қиян-кескі ұрыс дүрбелеңі ортасында дәнеңеден хабарсыз, дәнеңені
кӛзбен кӛрмей, атқарар жұмыстың дайыны болмай, әрі-сәрі күйде қалудан
жаман не бар. Батальонның тӛңірегін атты дозорлар күзетіп жүрген, бірақ
Бозжановтың хабарын есіткеннен кейін маңайдағы бір дӛңеске шығып,
айналаны ӛз кӛзіммен шалсам дедім, тӛңіректе не болып жатқанын ӛз
кӛзіммен кӛрсем дедім.
Мен Бозжановқа:
202
- Зеңбіректерді орманға апар. Мен сонау тӛбеге шығып, айналаға кӛз
салайын, - дедім.
Синченко соңымнан ілеспек болып еді, бірақ мен оны орман шетінде
қалдырдым.
Бір минуттан соң Күрең тӛбелді шоқырақтатып, жотаға шығып едім.
Тас жолдың бойында ұзыннан-ұзақ созылып жатқан қыстақ кӛріңді.
Кӛшелерінде, тас жол үстінде қыбырлаған жан байқалады, атылған
зеңбіректер оты жарқ-жұрқ етеді. Дүрбімді кӛзіме тостым.
Біздің артиллерия кейін кете бастаған екен. Орудиелерді тіркеген
тракторлар, селодан шара, тас жолдан біршетке бұрылып, егістікпен жылжып
барады. Жан-жағына алақтап, зеңбіректерінің қасында артиллеристер кетіп
барады. Артиллерия полкінің командирі полковник Арсеньевтің ұзын тұра
түлғасын таныдым. Дүрбіден оның бар қимылы анық кӛрінді: тоқтай қалып,
қалтасынан портсигарын шығарып аузын ашты да, сіріңкесін шағып,
шылымын тұтатты; ӛзі тым жайбарақат, сабырлы тұсынан ӛтіп бара жатқан
зеңбіректі тоқтатып, қолымен бір жақты нұсқады. Трактор бӛлініп шықты да,
артиллеристер орны-орнына тұра қалысты. Дүрбіні Арсеньев нұсқаған жаққа
қаратып, тұңғыш рет неміс танкілерін кӛрдім… Қара-кӛк сауыттарынан ақ
крестері, жіңішке стволдарынан шыққан жалыны кӛрінеді… Жол-жӛнекей оқ
ата, танкілер қыстаққа кіріп келеді.
Ұрыстың кӛрінісін, осы заманғы соғыстың бір тізбегін кӛз айырмай
бақылағым келсе де, дүрбімді түсіріп, айналама қарадым. Тас жолға барып
қосылатын жадағай жолмен менің салт атты шолғыншыларым құйындатып
келеді. Бұлар осы маңға таянып келе жатқан немістерге кезіккен шығар деген
ой басыма ҫап ете түсті. Солтүстікке қарай ығысқан біздің бӛлімдер осы
жолды қалдырып кеткен екен деп ойладым.
Енді біз қай жолмен, қалайша сытылып шығармыз? Жолдың аяқ жағы
аман кезінде, қыспаққа түспей, тұзаққа ілікпей тұрып батальонды дереу қара
жолдың әр жағына откізсе болар еді, мен айналама сабырсыз күйде кӛз
салумен болдым. Соларада, менің бұйрығым бойынша жолға шыққан
Филимоновтың ротасын кӛрдім.
Селода не боп жатқанын білместен, ондағы танкілерді кӛрместен рота
жырамен немістер кірген қыстаққа қарай сап түзеп кетіп барады. Алжасқан
ба, шіркін? Ажал аузына кӛзсіз кетіп бара жатқанын кӛрмеймісің!
Шпорымды бар пәрменіммен қадап алғанымда, Күрең тӛбел шапшып түсті.
Орман жағалап, батальон тұсынан құйындата шауып ӛтіп, ротаға
ұмтылдым.
4
Қуып жетіп:
- Рота, тоқта! - деп әмір еттім, - Филимонов, қайда барасың?
Ажалайдап бара ма сені?
Дәнеңеге түсінбей, бақшиып бетіме қарады ол.
203
- Қайда барасың деймін?
- Осы жырамен селоға шығам ғой деп ойлап едім, жолдас комбат.
Онан соң маршрут бойынша, әрі жӛнелмекпін.
- Неге шолушы жібермедің? Селоны немістер алып қойды.
Оның қызыл күрең жүзінде абыржу пайда болды. Осы Ефим
Ефимович Филимонов соңыра батальон батырларының бірі болды, ал қазір
ӛз ротасын таса жермен қаннен-қаперсіз ілгері бастап барады, тым болмаса
сауытты машинамен күресерлік қару да жоқ қапелімде неміс танкілеріне құр
қол барып ұрына жаздады.
Ротаны дер кезінде тоқтатып үлгергендіктен, бірде-бір жауынгер
қазаға ұшыраған жоқ, бірақ едәуір уақыт босқа кетті.
Бізге қарай біреу сай етегімен құйындай боп шауып келеді.
Сонадайдан Синченконың кӛк биесін таныдым, Ол келе, ентігіп:
- Жолдас комбат, қашып кетті… - деді,
- Кім?
Менің сұрауыма жауап қайырмай, аптығыш, сӛйлей берді:
- Сізді кӛрген екен…, «Комбат қашты» деп, ӛздері зыта жӛнелді…
- Кім деймін?
- Әлгі… кешегілер… ӛзіңіз алғандар…
- Батальон ше?
- Біл
- Білмеймін… Жолмен немістер келе жатыр. Әлгілер: «Комбат қашты"
десіп, жан-жаққа зыта жӛнелгенін кӛрген соң, мен сізге қарай тура шаптым…
Мен Филимоновқа:
- Ротонды кері қайтар! Шапшаң! Синченко, жүр! - дедім де, тағы да
Күрең тӛбелдің қос бүйіріне шпорларымды қадап, тебініп қалдым.
Достарыңызбен бөлісу: |