Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет39/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76
Арпалыс 1,2

Бұдан басқа жол жоқ бізде
Колымызда винтовка!
Бәрімізге бала шағымыздан, революцияның алғашқы жылдарынан 
таныс ӛлең жолдары жұртты тебірентіп жіберді. 

Бір кесім шұжықты апыл-тұпыл шайнап, палау пісіп жатқан ас үйге 
ӛкінішті түрмен жаутаңдап қараған Толстунов орнынан тұрды да: «Faфу ет, 
комбат. Кеттім. Әйтпесе комиссар әкемді танытар», деп шыға жӛнелді. 
Жұрттың бәріне тағы да жарты стақаннан құйылды. Синченкоға да 
кружка табылды. 
Кезекті тост айту үшін түрегеле бергенімде, кенеттен нәубетші 
телефоншы иығымнан түртті. 
- Жолдас комбат, сізді телефонға шақырады. Дивизия штабынан. 
Трубканы қолыма алдым. Стол басындағылар тына қалды. 
- Тындап тұрмын, - дедім мен 
Момышұлы ма? 
- Иә. 
- Бұл Дорфман. Дивизия командирінің бұйрығын айтайын: 
батальонды дабыл бойынша кӛтеріп, дивизия штабы орналасқан атырапқа 
қарай дереу аттаныңыз. Одан әрі қарай бет аласыздар. 
- Артиллериямен бе? 
- Иә, барлық қару-жарағыңызбен. 
- Құп, жолдас капитан. Түсінікті, 


235 
- Ал сіз ӛзіңіз, жолдас Момышұлы, дереу генералға келіңіз, дереу. 
Бір машақат болған сияқты. Капитан Дорфман салмақпен сӛйлесе де, 
оның «дереу» деген сӛзді екі қайтара айтуы ӛте тегін емес. Біздің 
қонақасының, жалт еткен бір толас күннің ақыры міне осымен тынды. 
- Синченко, әкел атты! 
Менің штабыма әбден таныс бұл дауыс кӛбінесе қысталан кезеңде 
естілуші еді. 
- Жолдастар, бұйрықты тыңдаңдар! 
Бәрі де орындарынан тұрды. 
- Дивизия командирі батальонды дабылмен кӛтеріңдер деп бұйырды. 
Мені дивизия штабына шақырады. Мен жоқта батальонды лейтенант 
Рахимов бастап жүреді. Роталарыңа тараңдар! Жұртты кӛтеріп, сапқа 
тұрғызыңдар. 
Есік ашылды. Аспаз Вахитов буы бұқыраған бір кастрӛл палауды 
маймаңдап алып кірді. Бәрі де мұны байқамағансып тұрды, Сонда Заев: 
- Кәне, тағы бірден ішіп жіберейін! – деп саңқ еттіде, кідірместен ӛз 
кружкасындағы арақты қағып салды. Сонсын қиярды күтірлете шайнап, 
есікке қарай адымдады. Жол-жӛнекей құлақшынын алды. Бас киімінің 
байланбаған баулары манағыша салбырап, құлақтары делдиіп тұр. 
- Заев, құлақшыныңның бауын байлау! - деп дауыстадым мен. 
- Құп болады, жолдас комбат! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет