ЕКІНШІ КІТАП
ҤШІНШІ ӘҢГІМЕ
ПАЛАУ ПІСЕ БЕРГЕНДЕ...
«Ер каруы бойында,
Мекні ат жалында»
(Халық мақалы)
1
226
- Қай жерге кеп токтап ек,есіңізде ме? -деп сұрады Бауыржан
Момышұлы.
- Мінеки,Бауыржан , -дедім де,блиндаждыңортасында тұрған фанер
жәшіктің үстіне әңгіменің алғашқы нұсқкасы жазылған діптерімді қойдым.
Соңғы тарауда Бауыржан бастаған батальонның сонау жау
тылынан ерлік жорық жасап,гитлершілдердің қаптаған қалың әскерінің
арасынан жарып ӛтіп,ӛз әскерлерімізге келіп қосылғаны,Волоколамск
қаласының шет жағындағы бір үйде генерал Иван Васильевич Панфилов пен
батальон командирі аға лейтенант Бауыржан Момышұлының арасында
болған әңгіме жайында баяндалған еді.
Қабығы аршылмаған қарағай бӛренелерден құрастырып жасаған
дымқыл блиндаждың ішінде Бауыржан жаюлы дәптерді керосин шамның
әлсіз жарығына таман жылжытты да,жазғандарымды байыптап оқи бастады.
Екеуміз кӛріспегелі бірнеше айдың жүзі болған.Осы ӛткен
айлардың ішінде Бауыржан әбден жүдеген.Екі жағы ашаң тартып,танадай
үлкен кӛздерінде сарғыш рең пайда болған, - сұрапыл арпалыстың, танымсыз
күндер мен түндердің салған таңбасы бұл.Шамның жарығымен нұрланған
ерекше ӛткір кӛздері , шырайлы жүзі екеуміз ең алғаш дидарласқан
кездегідей ғажап әсер етеді , бала кезімнен жадымда қалған бір кітаптағы
суретті тағы да кӛз алдыма елеседі.
Бауыржан дәптерге үңілген бойы тіп-тік отыр.Әне-міне дегенше
келесі оқылған бетті ашаң саусағымен лезде аударып тастайды.
Анда-санда алақанымен кӛмірдей қара шашын сипап жатқызады,бірақ
қолын алса-ақ болғаны, түрпідей шашы тікірейіп қайтадан тұра келеді. Бір
мезетте жәшіктің үстіндегі портсигарға ұмсынды да, ішінен бір шыбық алып,
темекісінкептіру үшін шамныңжалынына тосты.Шылымын тұтатқаннан
кейін де ләм-мим деместен, бірауыз сӛз айтпастан, дәптерді оқи берді.
Ақырында дәптердің бетін жапты ол. Не айтар деп аңыра күткен едім, бірақ
Бауыржан үн қатпады.
- Бұл жиырма алтыншы октябрьде болатын, - деп ескерттім мен.
-Ия, - деді ол. –Жиырма алтыншы октябрь... Москва түбіндегі
арпалыстың он бірінші күні...
Бауыржанмен бірге осы блиндажда тұратындардың бәрі әлдеқалай
қиыстырылып жасалған, қарағай шыршысы тӛселген сәкілерде манадан бері
ұйықтап жатыр.Ояу отырған екеуіміз ғана.Біз Москва түбінде жаумен
шайқасқан батальонның тарихын жалғастыра бермекшіміз.
Момышұлы шылымын тартуда.Түтінін сора түсіп, шылымның
отына діттене қарайды.
-Жаңа әңгімені бастайық, -деді ол. –Тек шартымыз есіңізде болсын...
- Қандай шарт?
-Сіздің тәңіріңіз – шындық қана!
Осыны айтып, маған ызғарлана қарады. Қабырғаға сүйеулі тұрған
қылышқа кӛзімнің қиығымен бір қарап, ішімнен күрсіндім де,жаңа дәптер
мен қарындашты қолыма алдым -әңгіме желісімен жазған кітабында жалған
227
сӛз айтар болсан,бірінен соң бірін шауып тастаймын, - деп Бауыржан қатер
тӛндірген екі қолымда,менің бақытыма қарай, әзірге аман. Жаңа дәптердің
дақ түспеген ақ беттері әңгіменің жалғасына ынтызыр еді. Бауыржан ӛткен
оқиғаларды баяндауға кірісті.
2
Панфилов
тұрған
үйден
күндізгі
сағат
екі
шамасында
шықтым.Жаңбыр құйып тұр,гүрсілдеген зеңбіректер үні естіледі, күйік иісі
мұрынға келеді.
Бастырма түбінде біраз аялдадым.Азынап соққан жел; жыра мен
шұңқыр біткеннің бәріне қақ тұрған; лайсаң асау тасқындар қарауықан су
беті жаңбыр тамшыларымен буырқанып, бұрқылдап қайнайды.Жауын-
шашын кӛпке дейін басылмайтын тәрізді.Мұндай жаңбырды әдетте
«ақжауын» деп атайды.Ақжауын кісінің еңсесін басып,кӛнілің
жабырқататын жаңбыр түрі бұл.Бір жақсысы,менің батальонымның
жауынгерлері бұл түнді жылы үйлерде ӛткізеді,моншаға түсіп,жуынып
тазаланады,дем алып,тынығады.
Құлақшынымды баса киіп, басқыштан жерге түстім. Жаңбыр
ӛршелене бетке соғады, бастан сабалайды, жаңа ғана,генералдың .Үйінде
отырған кезімде , әжептеуір кеуіп қалған сырма бешпентімнен сүметіліп су
аға бастады.
-Жолдас комбат,міне плащ-палатка!
Қарсы алдымда – атқосшым Синченко. Оны ӛзіңіз білесіз. Зерек, ақ
жарқын да қуақы ,қара торылау, қой кӛзді Синченко Қазақстандағы орыс
деревняларының бірінде туып-ӛсіп, қазақ ӛрендері сияқты, балалық шағын ат
үстінде ӛткізген, ӛзі қазақша еркін сӛйлейді. Бастан кешірген қиын-қыстау
күндерде осынау енгезердей жігітте біраз жүдеген; албырап гүл жайнаған
қызыл шырайлы жүзі едәуір қуан тартқан. Әйткенімен мұнын қой кӛздері су
болған құлақшынының астынан маған күлімдеп, қулана қарайды.
Резеңкелі қоңыр-жасыл сала құлаш плащты иығыма жамылған
заматта-ақ оның ӛн бойында жаңбырдың тарам-тарам сызаттары пайды
болды.
-Батальон штабы қайда? – деп сұрадым мен.
-Әнеу жерде, жолдас комбат...Оң жақтағы екінші кӛше.
-Түсінікті. Ӛзім табамын. Ал сен жүгір дереу! Барып айт, рота
командирлері мен политруктерінің бірән батальон штабына шақырсын.
-Бәріде жиналған.Штабта күтіп отыр, жолдас комбат.
-Бұйрық берген кім?
-Лейтенант Рахимов.
Синченко кенет күлімсірей қойды.
-Неге күлімдейсің? Бірдене білесін бе?
-Білемін.Батальон резервте.Бір тәуліктей тынығамыз, сонсын...
-Сонсын ше? Неге үндемей қалдың?
-Генерал бізге риза дейді.
228
- Солдат телефоны ғой?
-Дәл солай, жолдас комбат.
Мен әңгәмені басқа жаққа бұрдым.
-Оқ-дәрі әкеліндіме?
-Әкелінді, жолдас комбат.Азық-түлікте әкелді.Бес жәшік арағы
тағы бар.Генерал бізге бүгін сызбаға берілсін деп бұйырыпты деседі.
-Командирлердің жиналған себебі осы ма?
-Иә... – Сиеченко тағы күлімсіреді - Командирлер сізге бүгін
қонақасы береді деп дімеленіп отыр.
-Қонақасы? Мұны шығарып жүрген қайсысы?
-Политрук Бозжановтың ӛзі әзірлемекші.
-Кӛмекшісі сен боларсың?
-Дәл солай,комбат жолдас.
-Екеуінің де сыбағаңды берермін,бәлем. Қалақай жұлдырармын...
Қазір менің жорта ызбарланып тұрғанымды Синченко біледі,
сондықтанда маған қулана қарайды.
3
Батальон штабы бӛренеден қиыстырып салынған , бірақ сылағы
бітпеген үйдің ішінде. Ашық желдеткіштен тарамдала шыққан дала
телефонының сымдары қарауытады.Есік алдында - сақшы. Жаңбырдан
қара қошқыл тартып,делдиіп кеткен плащ –палаткалы жауынгер қаруын
алшайтып,маған ефрейторша сәлем берді. Пулемет тачанкасыныңат
айдаушысы,аласа бойлы,таңқы мұрын Гаркушаны тани кеттім.
-Аман ба, Гаркуша...Қалғып тұрған жоқпысың?
Гаркуша түрлі-түрлі қылығымен бүткіл батльонға танылған
жігіт,солай бола тұрса да, қолға түсе бермейтін айлакер. Ӛзін жауынгерлер
жақсы
кӛреді
,
ӛйткені
ол
ешқашанда
жолдастық
қалыптан
айнымайды,жауған оқтан да, бастықтардан да именбейді,ӛзінің солдаттық
жай-күйін жеңілдету үшін оның істеген түрлі айла-шарғысының оп-оңай
кешіріле беретіні де содан.
О не дегеніңіз, жолдас комбат!... – деп батыл жауап қайырды ол,
–мені олай деуініз бекер
Осынау кіші жылпос айдаушы қазір маған қатты ұнап тұр. Плащ–
палаткасының жалбағайын қайырып тастаған. Үстінен жаңбыр суы сорғалап
ағып тұр.Жүзінен қутындаған шырай білінеді.
–Жарайды, Гаркуша... Сәл шыда...Ауысарсың – жылынарсың.
–Іштен бе? – деп сұрайды ол жалма–жан.
Осы бір әсіреңкі сұрақты есітпегенсіп, үйге кіріп кеттім.
4
Сенектен ішкі үйге кіретін есікті аштым да , табалдырықтан аттай
беріп тоқтай қалдым.
229
Бір тамаша кӛрініске тап болдым.Бӛлмедегі жұрттың бәрі шырт
ұйқыда. Рахимовтың шақыруымен штабқа келген рота командирлері мен
политруктері, кӛп күннен бергі ұрыста жәңе ӛткен түнгі жорықта шаршап–
шалдыққандықтан, мен келгенше жантайып,лезде ұйқыға шомған кӛрінеді.
Ең алдымен ұйықтаған ротакомандирі Панюков сияқты, әйтеуір
таңдаулыорын соған тиіпті : бӛлмедегі жалғыз керуеттің жалаңаш тақтайына
ұзынынан сұлапты.Рота командирлерінің ішіндегі ең жасы әрі ең шапшаңы
болғансын, ол жұрттан бұрын қырынып, гимнастеркасынауыстырып
үлгеріпті.
Бір бұл емес , бәрі де қырынып алған сияқты. Форочка ашық
тұрса да. Үйдің ауасы ауыр: шұлғаудын күлімсі иісімен аралас әтір иісі
мұрынға келеді. Тәрізі, таяудан военторг табылып, командирлер соған барып
қайтса керек.
Панюковпен қатар кереуеттің шетінде сол ротаның политругі Дордия
жатыр. Гимнастеркасын шешіп тастаған, үстінде кӛгілдір тоқыма майка.
Гимнастеркасын шешкен себебі Синченкодан ба, әлде басқа біреуден
бе,әйтеуір ақ шүберектен жағалық тігіп беруді ӛтінген болар (мұндай іске
Дордияның ӛзінің ебі жоқ)сӛйтіп қапелімде ұйықтап кеткен шығар деп
ұйғардым мен.
Бұлардан басқалары шинельдерін тӛсеніп противогаз дорбаларын
жастанып, еденде жатыр. Әдетте денсаулығы жақсы,қызыл күрең реңді рота
командирі Филимонов ұйқтағанда сұрланып кеткен.Рахимовтың қара торы
ӛткір жүзі де бұл жолы сұрғылттау да солғындау. Ал Бозжановтың албыраған
беттері нарттай.Таратылған пулемет ротасынын осынау политругі бүкшиіп
ұйықтаған бойы сәбише пыылдайды. Насихат бӛлімінің байсалдыда маңғаз
нұсқаушысы Толстунов ұйқтар алдында етігін шешіп , солдат дағдысы
бйынша су шұлғауын етігінің қонышына жайып қойыпты.
Босағада,ең ынғайсыз орында, екінші ротанын командирі Заев
жатыр.Басын жұдырығымен сүйеген бойы,сырмалы бешпенті мен бауы
ағытулы құлақшынын шешпестен ұйқтапты. Тікенектей тікірейген шикіл–
сары түктерін қырып тастауға да ерінген жалғыз адам осы.
Ешкімді оятуға батпастан, шылымымды алып, тұтаттым.
–Қайт
кейін!Табанда
жайратамын!
–деп
ақырды
Заев
кенеттен.Шошып оянған кезінде мені кӛріп,тандана кӛздерін жыпылықтатты.
–Оның кім,Заев?
–Әлгі...қоршадан қайтқандар ғой, жолдас комбат.Тағы да бет бетімен
кете жаздады.
Мен күліп жібердім. Тек сонда ғана Заевтың ұйқысы ашылды.
Орнынан ұшып тұрып, бойын түзеп, маған ізет етті де, күтпеген жерден:
–Тұрыңдар!Смирно!Офицер мырзалар! –деп саңқылдады ол.
–Не деп кеттің Заев–ау...Мынауың түйеден түскендей ғой...
“Офицер мырзалар” деген сӛздер Заевтың ойына қайдан түскенінкім
білсін мұнын себебім,бәлкім, оның ӛзі де түсіндіре алмас еді.
230
Менің алдымда оның қазіргі тұрған кейпіде қызық: үстіндегі сырмалы
бешпентінің суы кеппеген, оның астынан гимнастеркасының етегі шығып
тұр,етігі бартасқанбалшық бауы ағытылған да су,құлақтары едірейіп
кеткен.Бет пішінінде кісі қызығарлық кӛрік жоқ : жақ сүйектері шығынқы ,
са майы мен ұрт еттеріне айғыз–айғыз сызыт түскен, ӛзі істік мұрын.Мен
кейде : осы Заев отызға келсе де,әлі әбден қалыптасып болмаған–ау , ӛйткені
ӛзінің
әлденендей
бір
ноқаты
жетіспей
жатқан
сияқты
деп
ойлайтынмын.Солай бола тұрса да, мұны ішімнен қатты ұнатамын : ұзын
тұра, сӛлекет болғанымен ,қимылы шапшаң – жүрыс–тұрысы, шешім
қабылдауы,тіпты ерсі қылықтары жағынан бұған тең келер ешкім жоқ.Оның
мінезі бар кезде атағы шыққан Патқа ұқсайды.Сырықтай ұп–ұзыносынау
күлдіргі киноактер есіңізде болар?Тығыршықтай ,қортық Паташонмен бірге
ойнап жүріп, ӛзі ылғи әйтеуір бір оғаш іске ұрына беруші еді ғой. Міне осы
Заевтың әлденендей бір ерсі қылығынан кейде мен:”Пат!Нағыз Пат!» – деп
ойлаушы едім.
Оның баттасқан етігін, алқа-салқа болған бас киімін нұсқап:
–Тәртіпке келтір ӛзінді, –деп әмір еттім.
–Құп болады, жолдас комбат, ӛзімді тәртіпке келтірейін.
Заев құлақшынынын жұлып алды да маған бір қарап, беліне
қыстырды.Бұдан соң қалтасынан ұзын бәкісін шығардыда, еденде жатқан
кеспелтен ағаштан бір жаңқана жонып алып , сонымен етігінің балшығын
қырнай бастады.
5
Заевтің даусынан оянған командирлер дереу түрегеліп,еденде жатқан
шинельдерден жинап алысты.Тек Толстунов қана асығар емес.Шұлғауын
еппен орап,жұрттың қимылына кӛз салуда
–Ал, офицер мырзалар, – дедім мен, –не себепті рақым еттіңіздер?
Рахимов, командирлерді не үшін жинадың?
Рахимов екі қолын тік түсіріп , қаздиып тұр, бырақ осынау
альпинистің, тау спорты шеберінің қазіргі кейпінде ешқандай қысылып
қымсыну жоқ пішіні салқам да еркін.Ол алынған бұйрық бойынша батальон
дивизия командирінің қарамағына берілген деді.Сонсын ұрыс жабдықтары
мен азық-түліктің келгенін хабарлады.
–Рота командирлері мен политруктерін сіздің келінуізге әдейі
шақырдым, жолдас комбат, –деп мәлімдеді ол. –Батальонда тӛтенше оқиға
болған жоқ.Қазір батальон тынығуда.
– Тынығуы қалай? Қару тазалау ше?Дордия! Сен ӛзің жанға жайлы,
орын тапқан кӛрінесің.Тіпті, гимнастерканды да шешіп тастапсың...Сенің
ротанда жауынгерлер қаруын тазалады ма?...
Дордия шімірігіп кетті. Оның сырт пішінінде ерен ӛзгешелік бар: ӛңі
ақ сары , тіпті аппақ дерлік , тек кӛздері ғана грузин әкесіне тартқан , қап-
қара.Қазір оның маңдайы да, талдырмаш кеудесіндегі кӛгілдір тоқыма
майкасынан қылтиған мойны да қызарып кеткен.
231
–Білмеймін, – деп тұтыға сӛйледі Дордия. – Тазалаған болу керек...
Рота командирі білер... Мен білмеймін, жолдас комбат.
Әдетте Дордия қатты сӛз есіткенде жасып қалатын.Бұл сәтте де оның
мӛлиіп , тӛмен қарамасқа амалы жоқ сияқты.Бірақ бұл жолы ол жасыған жоқ,
қайта қайсар мінезін танытып маған қара кӛздерімен тура қарап тұрды.
–Олай емес, Дордия... Командир ӛз алдына, ал жауынгрдің қаруы
сенінде ісің. Бір тәуір жері, шыныңды айттың. Ал рота командирі не айтар
екен? –деп мен Панюковқа қарадым. Түп-түзу, жинақы, бойында бір мін жоқ.
Тік тұрған қалпында, қара шашты басын сәл кекшитіп, мәлімдеді :
–Тазалауға бұйрық берілген, жолда комбат.
–Тексерілді ме?
–Менде тексерілген, –деп күңк етті Заев
Оның орынсыз килігуін жазғыруға әзір едім, бірақ сол мезетте тағы
бір дауыс естілді.
–Комбат, –деп күлімсіреді Толстунов, –тым болмаса бүгінге қуырмай
қоя тұрсаншы.
6
Батальонда мені жайша –«комбат» деп атайтын жалғыз адам осы
Толстунов болатын.Атағы жағынан ӛзі менен бір саты жоғары еді. Мендай
аға лейтенанттың жағасында үш «кубик» болса, аға политрук.
Етігін киіп болғаннан кейін де ол еденге тӛселгенишинелінің үстінде
отыра берді.
–Комбат, –деді ол, –мен роталарды аралап шықтым. Бәрі де реттеулі.
Жауынгерлер жылы үйге орналасқан, қой еті қазанға салынған, темекі
қолдарына берілген. Қару сӛзсіз тазаланады. Взвод командирлері ешкімді
еркіне жібермейді. Ал біздің бұл жерге жиналып отырған себебіміз, сен бізді
қонаққа шақырғансың. «Комбат қонақасы бергелі жатыр» дегенді
әрқайсымыз есіткенбіз. Ендеше, сый-құрметіңді кӛрсет!
Мен осында жиналғандарды тағы бір шолып шықтым. Бәрі де тар
жол, тайғақ кешуден ӛтіп, алғашқы ұрыстардың от жалынында
шыңдалғанлар.
Бозжановтың дӛңгелек балғын жүгінде жымындаған шырай білінеді.
Екінші бӛлмеге кіретін есікке кӛзінің қиығымен қарайды. Ол жақтан қызара
бӛрткен Синченко кӛрінеді. Бұл екеуі –Бозжанов пен Синченко – кӛптен дос.
Бозжанов біз мініп жүрген аттарға, әсіресе Күрең тӛбелге нанның қиқымын,
кейде қант беріп дәніктірген. Ӛзі атқа құмар-ақ. Сондықтан да Синченко
қолайлы кезін тауып, әредіте оның атқа мініп, серуен жасауына мүмкіндік
беріп отырады. Екеуінің арасындағы осындай кішігірім сырды Бозжанов
жасыра білмейді. Оның жылтындаған бітік кӛздерінен-ақ бұл сыр білініп
тұрады. Қазірде екеуінін неліктен кӛзбен ишарат жасасып тұрғанын аңғару
қиын емес : ішкі үйде осы достың – атқосшы мен политруктің –қатысуымен
әзірленген таңсық ас бар екені аян.
232
Менің кӛзқарасымды байқап, Синченко дереу есікті жаба қойды.
Бозжанов тӛмен қарай қалды, бірақ әлі де күлімсіреп тұр.Мейлі,
Жалмұқамбет, дегенің болсын, бұл қылығың үшін несіне жазғырайын сені.
Сыртта сатырлап жаңбыр жауып тұр, кейде орудиелердің гүрсілдеген
сарыны естіледі, біздер батльонның аз да болса дамыл алуына мұрсат беретін
бүгінгі күнге қуаныштымыз.Бӛлмедегілердің бәрі де жадыраған, жайдары.
Бұлар пеш түбінде қыздырынып, үсті-басын кептірген рақаттана шылымын
сорған солдаттың жылы шырайы мен ыстық лебізін ала келген сияқты.
–Бозжанов бесбармағың болама? –деп сұрадым мен.
–Бесбармақ жоқ, жолдас комбат , –деп қутыңдады Бозжанов. –Оның
есесіне нағыз майпалау жейсіз, – деп ернін жылп еткізгенде , жұрттың бәрі
күлді.
–Рұқсат етіңіз, –деді Рахимов түпкі үйдің есігін нұсқап.
–Рұқсат берілді ғой, –деп килікті Толстунов. –Кӛрмей тұрмысың?
Жолдастар, комьат марқабат етулеріңді сұрайды. –деді де ол есікке қарай
беттеді.
–Сабыр ет, Толстунов, –дедім мен. –Алдымен генералдың бір
жарлығын орындауым керек.Отырыңыздар.Темекі тартуға рұқсат.
–Қайда отырмақпыз? –деп күңк еткен Заев, рұқсат сұрамастан сенекке
шықты да, қолтығыңа қымып әкелген отырғышты еденге тастай салды.
Үй иелері таяуда ғана жылы мекенін тастап кеткен кӛрінеді.Бӛлменін
әр түпкірінен тіршіліктің ізі білінеді.Терезе текшесінде иесіз қалған қуыршық
жатыр.
Мен әңгімемді бастай бергенде, телефон шылдыры естілді.Полк
комисары аға политрук Толстуновты шақырып жатыр екен.
–Бір зауал келді дей бер, – деп қатты бір күрсіңді ол. –Әлдеқашан
барып мәлімдеуіс керек еді.
Толстунов трубканы тосты.
–Тындап тұрмын, комисар жолдас... Он минуттан кейін шығамын.Он
минутқа рұқсат етіңіз.
Мембрананы кернеген ашулы дауыс келеді құлаққа , сірә
Толстуновты сыбап жатқан болу керек.
–Құп! Құп! , –деп нықтады аға политрук. Құп болады, жолдас
комиссар.Тез жетейін.
Мембраны жара жаздаған үн сяаябырсып барып басылды.Сонда
Толстунов кенет еркін сӛйлей бастады:
–Рұқсат етсейші, Петр Васильевич... Бірінші рет адамша бас қосқан
едік. Комбат генералға барып келді. Не дейсің? Ия бәлкім, бір-бірден тастап
жіберетін шығармыз.Жо-жоқ, қам жеме.Оның алдында бәрі де мысықша
жүреді,ешкімдіде бетімен жібермейді. Рұқсат ет, Петр Васильевич... Он бес
минут? Құп, он бес минуттан кейін шығамын. Рақмет, жолдас комиссар.
Трубканы телефоншыға берді де, Толстунов женің сырып, сағатына
қарады.
–Қанша болды? – деп сұрады біреу.
233
–Екіден қырық минут кетті... Қараңғы түскенше әліде екі сағат бар.
Қорғаныс ұрыстары кезінде күндізгі жарық уақыт қаншаға
созылатынын, қашан күн батып, қараңғы түсетінін есептеу бізде дағдыға
айналып кеткен болатын. Ӛйткені жау бізге түрлі сағатта, бірақ ылғи жарық
барда тиіседі. Күн батты дегенше, саны жағынан, әсіресе танктері жағынан
әлдеқайда басым жатқан жаумен арпалысқан айқаста одан тағы бір күнді
тартып алдық деп түйеміз біз.
Бӛлме іші тым-тырыс бол қалды. Үнсіз тұрған біздін құлағымызға,
алыстан зеңбіректін жиі-жиі гүрсілдегені естілді.Жаудың танктері тағы да
лап қойған болуы керек.
–Ал тындаңдар! –дедім мен жиналғандарға.Біздің батальон дивизия
командирінің резервінде.
Оларға генералмен болған әңгімені, ол кісінің ұрыстын егжей-
тегжейін қазбалап сұрастырғанын, ұрыста ерекше кӛзге түскендерді
наградаға ұсыну үшін бүгіннен қалдырмай оған тізім жіберу керек екенін
қысқаша айтып ӛттім.
–Бұл үлкен іс, үлкен абырой, –деп түйдім мен. –Батальонның ерлерін
атап-атап кӛрсету керек.Ойланыңдар, кеңесіндер, жолдастар. Бұған бір
сағатттан кейін қайта ораламыз,лайықты дегендердің тізімін бересіндер. Ал
енді... Аштан қатыра беруім болмас сендерді Толстуновтыда дәм таттармай
жібермимін,жаман атты болмайын. Бозжанов, басқар. Шақыр қонақтарыңды.
7
Бозжанов сәнді слтанатпен екінші бӛлменің есігін ашты.
Қонақасыға орай ақ дастархан жайылған болар деп ойларсыз. Қайдан
болсын:иесіз қалған үйге бізбен бірге блиндаждық тұрмыста ілесе келді.
Стол үстіне газет жайылған.Онда ыстап қақтаған шүжық ірі-ірі туралған
күйінде үйіліп жатыр. Оның жанында қақпағы ашылған ет консервілері
самсап тұр.Тұздалған кияр котелоктің ішінде.Ал Бозжанов айтқан май палай
шебер аспаз Вахитов қарттың жебеуімен ас үйде пісуге жақын.Ыдыс-
аяғымызды түрлі-түрлі:үлкенді-кішілі кружкалар мен қырлы стакандар
тұр.Бірақ бӛтелке дегенін кӛрінбейді менсіз столға қоюға бастпаса керек.
–Бозжанов арағың қайда? –деп сұрадым мен.
–Стол астында , –деп іркілмей жауап қайырды ол.
Жұрт тағы да ду күлді.Жарты стақаннан құюға рұқсат еткен едім,
Заев:
–Аз ғой, –деп күңкілдеді.
Сонсын қолына қаңылтыр кружканы алып, Бозжановка кӛзін бір
қысты. Кӛтеріңкі дауыстар мен әзіл-қалжың арасында әркімнін сыбағасын
құйып жатып ол:
–Жолдастар,тосты кіс айтады? –деп сұрады.
234
Панюков дереу ықылас білдіре, стақанын кӛтерді. Тост айтуға
келгенде ӛзі шебер-ақ. Бұл жолы да ол суырылып шықты:
–Дүниеде адал достықтан берік нәрсе жоқ! Достық үшін
ішейік,жолдастар!Жауынгерлік достық үшін!
Бұл тосты жұрт мақұлдап қарсы алды, Бірақ менің ойымша, мұндай
жиында сан рет қайталанып келе жатқан үйреншікті тост бұл. Жан жүрегіңді
тебірентетін жаңа сӛздерді тілейсің, Дегенмен, барымен базар, осыған да
қанағат. Сӛйткенше болмай, Заевтың даусы саңқ етті:
- Жолдас комбат, сӛз қосуыма рұқсат етіңіз!
Мен бас изедім. Заевтың суқұлақшыны қазір белінде қыстырулы.
Шашын алдырғаннан кейін сопақша тақыр басы сорайып кӛрінеді. Қабағын
керіп, стол басындағыларды бір шолып ӛтті. Сонсын жадырап
күлімсірегенде, біздің адал жанды, ақ пейіл Патымыз тіпті сүйкімді кӛрінді.
Ол кружкасын кӛтерді:
- Қаруымыз үшін ішейік, жолдастар!
- Қару үшін бе? - деп қайыра сұрады Толстунов.
- Иә, - деді Заев. - Жан серігім - қаруым…
Сӛзінің мәнісін түсіндірмекші боп, Заев құшырланған пішінде қолын
сермеп, мына бір ӛлең жолдарын тақпақтап айтты:
Достарыңызбен бөлісу: |