204
Әрине, мен қан құмар емеспін. Орынсыз қаталдық жиренішті нәрсе.
Бірақ сондай қысылшаң кезеңде жұртқа сабақ боларлық соғыс заңын, армия
заңын әбден танытарлық әрекет керек еді.
Тобырды кӛзіммен бір шолып, мен былай дедім:
- Ал комбатты бәрің кӛрдіңдер ғой? Есіттіңдер ғой? Бозжанов,
адамдарыңды тиісті тәртіпке келтір! Зеңбіректеріңді ағаш ішіне апар! Сонан
соң маған кел, - қорғаныс учаскесін аласың.
Аптығы басылған Күрең тӛбел тізгіннің ырқына еріп, орман ішіндегі
штаб шатырына аяндады.
6
Біз тұс-тұсымыздан ілгері ӛктеген неміс колонналарының ортасында
қалдық. Тағы да батальонның жолы кесілді.
Осы әңгімеміз жӛнінде тӛрелік айтатын болашақ сыншы:
батальоныңды қыспақта қалдырдың деп кінә тағар. Бұл кінәдан қашпаймын
мен! Бірақ тәуекелсіз соғыс бола ма? Мен тәуекелге бел байладым да,
жүздеген снаряд пен алты зеңбіректі
жаудың олжасы еткім келмей, оларды
әкелу үшін адамдарымды жібердім. Батальонның кідіріп, жолы кесілген
себебі осы. Енді қараңғы түспей, бұл қыспақтан шығу жоқ.
Қатты қателестің деп жазғырарсың? Таласпаймын. Әбден ойланып,
аса сақтықпен қимылдау керек еді дерсің? Оныңа да дауым жоқ.
Қапылық
істеген болсам, ақылды кісілер қатемді бетіме басып, мені
аяусыз түйрей берсін, ӛзімді күнәдан пәк, алтын басты, адаспас командир
етіп кӛрсетер жайым жоқ.
Сонымен, біз неміс қолонналарының ортасында қалдық. Тас жолмен
танкілер ӛтті.
Олардың артынан Волоколамскіге, Москваға қарай қаз-
қатарынан грузовиктер, мотоциклеттер, тягачтар ағылды. Бұл - немістердің
тегеурінді күші,
жаяу әскері, оқ-дәрісі, артиллериясы.
Кеше біздің
маңайымыздан жарып ӛткен кӛмекші тобының транспорттары да қара
жолмен жүріп барып, тас жолға тоғытылып жатты.
Екі жолдың түйіскен жерінде жау күші бӛгеліп қалды. Немістің жол
қызметіндегі
адамдары, қимылды тәртіпке салып, колонналарды кезек-
кезегімен алға жібере бастады.
Дүрбіден қарап тұрмын. Грузовиктерде отырған неміс солдаттары,
кеше Новлянский қыстағының түбінде кӛргенімдей, кілең жастар секілді,
түстерінен
айта қаларлық шаттықтың, күлкінің, желігудің белгісі
байқалмайды. Бастарында пилотка, үстерінде жұқа шинель. Кӛбі октябрьдің
қара суығына тоңып үрпиісіп, қолдарын қусырын алған. Алға ұмтылған
басқыншылардың күнделікті қалпы, үйренішті дағдысы осындай…
Қасыма артиллерия батареясының командирі келді.
- Орудиелерің кӛздеулі ме? - деп сұрадым.
- Кӛздеулі, жолдас комбат.
- Оқтап болып, хабарлаңдар
205
Жолдардың түйіскен жеріне жақын орман мүйісіне біз сегіз зеңбіректі
апарып орнатқанбыз. Артиллеристердің бір бӛлігі екінші жерден, Шиловтың
алты зеңбірегінен атпақ. Орман мүйісінен жол торабына дейінгі аралық бір
километрдей. Нысана кӛз алдымызда, - неміс машиналары кӛздеулі
панорамадан айқын кӛрінеді. Зеңбіректен тӛтелеп атудың мәнісі осындай.
- Дайынбыз! - деп хабарлады батарея командирі.
- Ал, ендеше! Залпымен соқ! Залпымен!
- Батарея… - деген команда естілді.
Аз тым-тырыс.
- Огонь!
Бұрқ-бұрқ түтін. Жалт-жұлт жалын. Жер тітіреткен гүрсіл. Дүрбіден
кӛріп тұрмын: дәл түскен снарядтар
кейбір машиналарды жаңқаға, күл-
күбірге айналдырды.
- Огонь!
Сау қалған немістер, машиналарынан секіре түсіп, орға, жол ернеуіне
жасырынып жатыр, Жол қызметіндегілері де кӛзден ғайып болды.
- Огонь!
Жоқ, "жеңімпаз" мырзалар, сендер бұл арадан аман ӛтпейсіңдер! Бізді
торға түсірдік деп ойлайсыңдар? Бос қиял, бекер әурешілік. Қайта зеңбірек
орымен жолдарыңды біз кестік, колонналарыңды біз қақ айырдық. Москваға
жетсем деп асығып едің. Аялдарсың, сұм жау! Ең әуелі, қолыңнан келсе, бізді
мұқатшы, Қызыл Армияның осы батальонын қиратып кӛрші, кәне!
Достарыңызбен бөлісу: