Арпалыс (Волоколамск тас жолы)


АР-ҦЖДАН АЗҒЫНЫ ДЕГЕН НЕ?



Pdf көрінісі
бет50/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76
Арпалыс 1,2

АР-ҦЖДАН АЗҒЫНЫ ДЕГЕН НЕ? 
«Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде», 
(Халық мақалы.) 

- Осы жерге үлкен нүкте қоялық, - деді Бауыржан қайталап. 
Ол қазір менің қасымдағы ағаш түбінде отыр. Ұдайы ұрыс жүргізілген 
күндерден кейінгі саябыр сәттерде біз кӛбінесе блиндаждың ішінде емес, 
Калинин майданының түнерген қалың орманы арасындағы мүк басқан 
тӛмпешік басында әңгімелесетінбіз. Былтыр сұрапыл шайқас жүргізген 


291 
Москва түбіндегі ашық ӛңірлер мен ойдым-ойдым ормандар жүздеген 
километр қалып кеткен-ді. 
Холм мен Старая Русса маңында жазғы күн сәулесінің ӛзі күңгірт 
орманның ішін жылытып жарытпайды, солай бола тұрса да мұнда жыртылып 
айрылатын масадан кӛз ашпайсың: маңдайыңа немесе мойныңа қадамғанын 
қайта-қайта шапалақпен сарт еткізіп ӛлтіріп жатасың. Ал Момышұлы 
масаның шаққанын елең қылмайды. Қазірде де ол мүкке тірелгін айнымас 
қылышының сабын қос қолдап ұстап, жайбарақат отыр. Бет пішіні сияқты, 
оның қолдары да асқан бір шебер мүсінші қоладан ба, әлде еменнен бе 
жонып жасағандай. Сүйріктей саусақтарының сүйектері сүйір біткен. 
Қолдарының сыртындағы күре тамырлары да кестенің ізіндей аймыштанып 
кӛрінеді. 
Бауыржан күтпеген жерден әндете бастады, Әуені бір түрлі ұзақ та 
зарлы. Әрине, сӛздерін түсінген жоқпын.
- Сӛйтіп, дивизиядан тағы да қол үзіп қалдық, - деп үн қатты ол 
әндетуін тоқтатты. Байланыс та, нан да, оқ та жоқ. Бүкіл батальонда бір 
қорап шылым ғана бар. Жүріп келеміз, жүріп келеміз… 
Қасымызда құжынаған масаны қуу үшін жағылған оттың түтіні 
будақтайды. Мен отқа қылқанды шыршаның бұтағын тастап едім, біраз 
бықсып жатып, артынша лаулап жанды. Қара кӛздерін мүлгіте, сәл теңселе 
отырып, Бауыржан тағы да әнге басты. Ендігісі орысша еді. Бар 
ажыратқаным: «Иван, сенің қасыңда, күйіп-жандым отына" деген сияқты 
сӛздер. 
- Не туралы айтып отырсыз? - деп сұрадым мен. 
- Ӛскен ӛлкем есіме түсті, - деп жауап қайырды Момышұлы. 
- Соғыс біткесін сол җаққа қайтып барамын. Кең дала, шалқар кӛл - 
еркіндік, бостандық бейнесі, Қалада сезімің ойдағыдай шарықтай алмайды. 
Далада кетіп бара жатқаныңда ойын шартарапқа жүгіреді… 
Шабытың қозса, әндете бастайсың. Далада еркін ӛсіп ер жеттім, 
қалауымша ӛмір сүрдім, ал енді солдат, офицер күйімде кӛріп отырсыз. 
Солдат дегеніміз - тәртіптілік символы, соның бейнесі, тұлғасы. Кітабыңызда 
бұл сӛздің, ягни тұмшалы бостандық дегеннің дәл мағынасын, ішкі астарын 
жеткізіп бере алар ма екенсіз? 
Байқауымша, аузынан шыққан осы тұжырымға ӛзінің де кӛңілі толмай 
отырған сияқты, 
- Адамзатқа арнап сӛз айту үшін сіз бен біз тым кішкене тұлғалармыз, 
- деді ол пікірін жалғастырып. - Әйткенмен тәуекел түбі жел қайын деген ғой
талаптанып кӛргеніміз айып емес. Біздің кім екенімізді жалпы әлемнің білгісі 
келеді. Шығыс пен Батыс: Уа, совет адамы, сен ӛзің кімсің? - деп сұрайды. 
Біз бұл сұраққа соғыста жауап бердік. Мұның мәнісін екінің бірінде айдалаға 
лағып кететін мылжың сӛзбен емес, тәртіптілік тілімен, ұрыс тілімен, қару 
тілімен сендіре айтып бердік. Біз бұрын ешқашан да соғыс даласындағыдай, 
ұрыс майданындағыдай ӛзімізді досқа да, дұшпанға да айқын-анық танытып 
кӛрген емеспіз… Алайда Волоколамскіге қайта оралайық… 


292 
Сонымен, жүріп келеміз, жүріп келеміз… 
Ӛткен шақтың кӛріністерінен кӛз жаза алмаған Бауыржан тағы да 
қазақша ән шырқады. 

Зарлы әуенді мен тағы да бӛліп жібердім. 
- Бауыржан, айтыңызшы, рота командирі Панюковқа не болды? Қайда 
кетіпті ол? Сіз бұл туралы айтқан жоқсыз ғой. 
- Панюков па? - Бауыржан қабағы түксие қалды. - Ұзақ уақыт біз одан 
ешқандай хабар ала алмадық. Ӛзі ар-ұждан азғыны болып шықпады ма екен? 
Сол бір түні ӛз ротасын тастап, бізден әдейі бӛлініп кетпеді ме екен? - деген 
сияқты ойлар кейде мені жегідей жеумен болды. Ойыма нелер келіп, нелер 
кетпеді дейсіз… Екеуміздің соңғы әңгімеміз де қоштасар сәтте есіме түсті… 
Сол сәтте ӛзі қорқып тұрған сияқты да кӛрінді маған. «Тоқта, сен 
бармайсың!» - деп айқайлап жібере жаздағаным да бар. Қазақтың «Мал аласы 
сыртында, адам аласы ішінде» деген мақалы бар. Адамның ішкі сырын, жан 
дүниесін, адамгершілік қасиеттерін танып-білу қиын-ақ. Менің әлгі күдігім 
де осыған байланысты туған-ды. 
Бірақ, обалы не керек, Панюков ер атағына кір келтірмепті. Неміс 
шебін жарып ӛтіп, ӛзімізге қайтып келген соның бір жауынгері Тимково 
түбінде Панюковтың қалай мерт болғанын айтып берді. Созылып кеткен рота 
колоннасын басып озған Панюков бірнеше жауынгерімен бірге қараңғыда 
тіке деревняға қарай тартады да, кенеттен немістерге килігіп қалады. Айқай-
шу… Тарс-тұрс атыс… Артынша тым-тырыс болады. Әлгі жауынгер аман 
қалыпты да, ұзақ жатқаннан кейін жылжып барып, ӛз командирін табады, 
бірақ ол жан тапсырған екен. Панюковпен бірге деревняға барған басқа 
жауынгерлер де оққа ұшыпты. 

Біраз үнсіз отырған Бауыржан: 
- Жауынгер җолдастарымыздан осылайша айрылып келеміз, - деді. - 
Әзірше ӛзім оқтан аман жүрмін. Рас, біреуі дарыды да, бірақ онша зақым 
келтірген жоқ. Бәлкім, тағдырдың жазмышы солай болар, сіз бен біз батальон 
жайында әңгіме-дүкен құруға мүмкіндік алсын деген шығар. 
Менің дәптеріме кӛзін жүгіртіп ӛткен Бауыржанның жүзінде жылы 
шырай, сӛзінде жақсы лебіз пайда болды. Бірақ жан сезімінің жалт еткен бұл 
кӛріністерін ол әдетте тұрпайылау әзілмен бүркей қоятын-ды, 
- Кәне, тағы не жайында сұрамақшысыз? 
Бауыржанның шешіліп сӛйлеуге ден қойғанын, ӛзіне кәнігі әскери 
тақырыптан ауа жайылып кетуге де бейім екенін сезіп, мен былай дедім: 


293 
- Мана сіз құлақ үйренбеген: «ар-ұждан азғыны» деген ғажап сӛздер 
қолдандыңыз. Оның мәнісі не? 
Бауыржан бірден жауап айта қойған жоқ. Ӛткен шақтың бір елесі 
ойына оралып, күлімсіреген Момышұлының сабырлы да сұсты жүзі 
ажарланып кетті, Дӛл осы сәтте менің кӛз алдымда балдырған, балаң жігіт 
Бауыржанның бейнесі тұрғандай болды. 
- Бұдан кӛп жыл бұрын, - деп бастады ол, әкем мені қалаға ертіп 
барған-ды. Біз базардың тұсынан ӛтіп бара жатқанбыз Сонда мен екі аяғынан 
бірдей айрылған, басы қалтақтаған бір мүгедекті кӛріп, қатты шошыдым. 
Үрейленгенім сонша, әкемнің қолтығына жасырынып, еңіреп қоя бердім. 
Әкем мені аттан түсірдіде, қолымнан жетектеп әлгі мүгедекке апарды: 
«Мүгедектен қорықпа, балам, ол қорқынышты емес. Дүниедегі ең 
қорқынышты нәрсе - ар-ұждан мүгедегі, адамның азғыны». 
Момышұлының жүзінде тағы да жылы шырай білінді. Осы сәтте мен 
жауынгердің қатал да сұсты келбетінен әрі үңіліп, әкесінің бауырына 
тығылған, таңғажайып, бейтаныс әлемге таңырқай қараған қазақ баласының 
бейнесін айқын кӛргендей боламын. 
- Біздің руда, - деп әңгімесін жалғастырды Бауыржан, - әжемді былай 
қойғанда, жұрттың ең үлкені менің әкем еді. Сондықтан бәрі де оны «ата», 
«жәке», «кӛке» деп атайтын. Ӛңі жылтыр қара, шеке тамырлары адырайған, 
шүңірек кӛз, бурыл селдір сақалды, талдырмаш, ашаң кісі еді. 
Бұрын Момышұлы соғысқа, батальонның жауынгерлік жолына 
қатысы жоқ болса, менің сүрақтарымды жауапсыз қалдыратын-ды. Қазір ол 
ӛз әкесі туралы бірінші рет сыр шертіп отыр. Бауыржанның екі қолы 
әдеттегіше жерге тірелген қылышының балдағына салулы, ӛзі алып ұшқан 
албырт сезіммен серпіле түсіп, әлдеқайдағы қиырға алғыр қыранша кӛз 
жібереді. 

- Әкемнің баптап мінетін сүйікті дӛнені болушы еді, - деп әңгімесін 
жалғастырды Бауыржан. - Әкем сүйегі жеңіл, талдырмаш кісі болғандықтан, 
сайлап алған аты да ӛзіне лайықты әрі жүрдек, әрі жүйрік сәйгүлік еді. Бір 
күні артқы аяғының сіңірі созылған ба, әйтеуір аты ақсап қалады. Менің бала 
жігіт кезім, аудандық атқару комитетінде қызмет істейтінмін. Әкем атын мал 
дәрігеріне кӛрсетуге жиналған екен, оған мені де ерте барды. Мал дәрігерлік 
пунктінің кең ауласында ақ халат киген шикіл сары жуан доктор әкелінген 
аттарды қарап жатыр екен. Сол тӛңіректегі ауыл адамдары мұны жылқы 
ауруын жетік білетін дәрігер деп есептейтін. Жетегіндегі аттарымен кезек 
күтіп тұрған қазақтар бәрінен жасы үлкен Момыш ақсақалға екі айрылып 
жол берді. 
- Докторға сіз барыңыз, сіз барыңыз, ата, - десті олар. 
Атты кӛріп шыққан дәрігер: 


294 
- Ауылына қайт, бұған істер емім жоқ, енді атыңнан күдер үзе бер, - 
деді. 
Әкем жалынып-жалбарына бастады, ақшасын да ұсынып жатыр. 
Доктор ашулана сӛйледі: 
- Немене, орыс тілін білмеймісің? Әй, тілмаш, мынаған түсіндір. Бұл 
атқа ешбір ем жоқ. Күдерін үзген. 
Әкем шала-шарпы білетін орыс сӛздерін қолданып, дау айта бастап 
еді, бұған қатты шамданған доктор қасындағы тілмашқа: 
- Мына ақымаққа айт, менімен дауласқанша атын «мақан» жасасын, - 
деді. 
Неге екенін кім білсін, әйтеуір сол маңдағы орыстар етті «мақан» 
дейтін. Бұған қатты жәбірленген әкем дәнеңе айтпастан, ақсақ атына мінді де
ауылға қайтып кетті. Мені менде қоштасқан жоқ. Бір ауылдың қадірменді 
ақсақалың, үлкен үйдің бас иемін жұрт кӛзінше, туған баласының қасында 
мазақтап, ақымақ деп атаған болса, бұған қалай тӛзсін! Оның үстіне ӛз 
баласы ара түспеді, жұмған аузын да ашпады… Содан екі айдай уақыт ӛткен. 
Күндіз далада, түнде ауылда болып, хабар-ошарсыз жүрген әкем бір күні 
менің қызмет істейтін жеріме адам жіберіпті. 
- Атам сені дереу дәрігерлік пунктке келсін деп жатыр, - деді ол. 
Қағазымды жинастырып, жетіп бардым. Ӛзіме таңыс кең аулада ат та, 
адам да кӛп екен. Жуан доктор армияға жарамды аттарды іріктеп алып 
жатыр. Жан-жағыма қарап едім, әкем еш жерден кӛрінбеді. Бір шетте күтіп 
тұрдым. Кенеттен әкем құйындата, тасырлата әлгі аулаға шауып кірді, 
мінгені доктор «мақанға» жарат деген кәдімгі дӛнені, үстінде су жаңа 
бешпенті, басында елтірі бӛркі - ӛзі ылғи әдемі киініп жүруші еді. Шауып 
кірген бетінде атын кілт тоқтатып, аспанға бір шапшытты да, ойнақшытып 
тұрды. Ат қабылдау тоқталды. Жұрттың бәрі әкеме қарап қалыпты. Кӛзін 
жүгіртіп ӛткен әкем кӛптің ішінен мені де байқады. Сонсын дәрігерге атын 
желдіріп барып, кӛкке тағы бір шапшытып, дауыстап сӛйледі: 
- Әй, тілмаш, мына ақымаққа айт, менің атымды емес, осының ӛзін 
«мақанға» жұмсау керек. 
Әкем маған пандана бір қарады да, атын арықтан қарғытып, шаба 
жӛнелді. 
Кейіннен білдім, оның сол кездегі бар арманы, діттеген ойы атын 
емдеп жазу болған.Осы ниетпен күндіз-түні дӛненінің қасында жүріп, оның 
ақсақ аяғын қандауырмен тіліп, ұйыған қаннан тазартқан, сонсын май жағып, 
дәкемен таңып, сылап-сипаған. Осы еңбегінің ше болмағанына кӛңілі ӛсіп, 
әкемнің масайрауы да осыдан еді. 
Мал дәрігерлік пункттен қайта келіп, столыма отырдым. Қарттың 
қайда кеткенін біле алмай, дал болдым. Кешке жақын менің бӛлмеме доктор 
кіріп келді. 
- Әкеңіз қайда? Мен одан кешірім сұрайын деп едім. Оныкі дұрыс 
болып шықты ғой. 


295 
Әкемді базардан, ӛзі тұстас қарттардың арасынан таптық, Дәрігерге 
барғысы келмей, азарда-безер болған еді, оны әзер кӛндірдік. Доктор ӛзінің 
кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Әкем саялы дәліздің тӛрінде отыр. 
Жаюлы дастарқанға түрлі тағам әкелінді, шарап та қойылды, бір шетте 
сақылдап қайнаған самаурын тұр. Лезде кӛңілі жібіп, елжіреген әкем 
доктормен татуласты. Екеуі ұзақ отырып, ӛздерінің кӛрген-білгені жайында, 
әсіресе жылқы малының қасиеті туралы әңгіме шертті. 
Әкемнің ӛлең шығаратын ӛнері де бар еді, кейін осы оқиғаны ӛлеңмен 
баяндап, бастан кешіргендерін, доктордың паңдыққа салынбай, адамгершілік 
жасағанын жыр еткені әлі есімде. 

Бауыржанның осы әңгімесін бар ықыласыммен тыңдап, дәптеріме 
жазып алдым. Маган батальон командирінің рухани дүниесі тағы бір 
қырынан танылғандай, Момышұлының ішкі сыры бұрынғыдан да айқындала 
түскендей кӛрінді. Балаға біткен шырайымен жайдарлана күлімдеген 
Бауыржан ӛткен шақтың елестерін еске түсіріп, әңгімесін айта берді. 
Анамның бейнесі жадымда қалмапты. Тек ауырып, қайтыс болғаны 
ғана есімде. Кӛздері танадай, сұңғақ бойлы, ақ құба, әдемі болған деседі. Бұл 
жайында әжемнен, әкемнің ӛгей шешесінен есіткенмін. Әжем анамның атын 
атап кӛрген емес, әрдайым: «Менің кербезім», - деуші еді. Немерелеріне 
сүйсіне қарап: «Менің кербезіме тартқан», - дейтін. Ӛзі әкемді ұната 
қоймаушы еді. Менің бір мінезім ұнамай қалса: «Бұл әкесінен ауысқан», - деп 
ұйғаратын. Әкеме ол: «Әйелің әдемі бала тауып берді саған. Ғайыптің ісі ғой 
бұл. Әйтпесе сен сияқтыдан тек сұмпайы бала ғана табуға болады», - дейтін. 
Әжеме құрметпен қарайтын әкем оған ешқашан да тіл тигізіп кӛрген емес, ал 
оның шаншу сӛздерін құлаққа да ілмеуші еді. Орыс атаулыны әжем сарылар, 
сары шаштылар деп атайтын. 
Әлдеқайдан соққан самал жел менің дәптерімнің парағын желпілдетті. 
Бауыржан маған және менің қолымдағы қарындашыма сұстана қарады. 
- Әжені де атаусыз қалдырмадық, - деді ол ашулы түрмен. --- 
Мұның бәрі орынсыз, Ӛшіріп тастасаңыз да болады! Қай жеріне келіп 
тоқтап едік? 
- Бірдеңе деп әндеткенсіз… Ұмытпасам, Иван деген біреу жайында… 
- Не дейді?… Таза бетін ашыңыз. Жаңа тарау басталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет