Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет75/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Арпалыс 1,2

ЖАҢАШЫЛ ГЕНЕРАЛ БЕЙНЕСІ 
«Ӛлмейтұғын артында із қалдырған…» 
Абай. 

Бауыржан Момышұлы әңгімесін жалғастыра берді: 
- Жүре келе мен Панфиловтың қалай қаза тапқанын кӛзімен 
кӛргендерден есітіп білдім. Бұл оқиға Гусеново деревнясында болыпты
кейін біз бұл деревняның түтін мен жалынға шарпылғанын орман шетінде 
тұрып байқағанбыз. 
Сол күні Панфилов «катюшалар» командиріне тағы да нысаналарды 
кӛрсетумен болған, генералдың ӛз сӛзімен айтқанда, «шыбығымен жӛн 
сілтеп тұрған». 
Дивизия бір деревнядан соң екіншісін қалдырып, келесі шепке шегіне 
берген, дұшпан әрбір ілгері басқан қадамының құнын қанмен ӛтеген. 
Панфилов ӛз штабымен Гусеновода болып, командирлермен телефон арқылы 
хабарласады - кешке үзілген байланыс келесі күні таңертең қалпына 
келтіріліп отырыпты, - біздің, яғни оның әскерлерінің кескілескен қорғаныс 
ұрыстарында дұшпаннан тағы бір күнді қалай ұтып, тартып алғанын 
ақпарлар бойынша, сонымен қатар түрліше белгілерге қарап қадағалайды. 
Қорғаныс шебіндегі бір кетіктен сыналап ӛтіп кеткен неміс жаяу 
әскері Гусеновоны минометтерден атқылай бастайды. 
Біздің қажымас генерал қәдімгі тонын киіп, екі жеңі түрілген ұзын 
етек сол тоны әлі есімде, дүрбісін асынып, жаудың қай жақтан атып 
жатқанын байқамақшы болып, сыртқа шығады. Аппақ кӛшенің ӛн бойы 
жарылған миналардың қара қошқыл дақтарымен шұбарланган. Генералға 
ілесе шыққан полковник Арсеньев оның бірнеше қадам алға басқанын, 
мұның ақтық қадам болғанын кӛреді. Ұлыған үні ұласып барып, генералдың 
қасына түсіп жарылған минаның жалыны кӛкке шапшиды. Генерал құлайды. 
Зақымданбаған Арсеньев тұра ұмтылды. Ноқаттай ғана темір жаңқа 
Панфиловтың сол жақ омырауын, кителіне сонау азамат соғысы тұсында 
алған, сыры кӛше бастаған Қызыл Ту ордені қадалған жерден тесіп ӛтіпті. 


518 
Мен осы күнге дейін ӛзімді нақ сол сәтте Панфиловтың жанында 
тұрғандай сезінем. Оның ажал таңбасынан сұрланып кеткен солғын жүзі, 
шӛкімденген әсем мұрты, бет-әлпетіне таңданған бітіретін қиғаш қасы кӛз 
алдымда тұрғандай. 
Арсеньев икемге келмей қалған саусақтарымен генерал тонының 
омырауын әрең ағытады. Кӛздері мұнарта бастаған генерал қарт 
полковниктің қатты тебіреніп, күйзелгенін байқап, ақырын ғана күбірлеп 
үлгереді: 
- Оқасы жоқ, оқасы жоқ… Мен ӛлмеймін. 
Оның ақтық сӛздері осы болған. 

Қайталап айтайын: Панфиловтың қалай қаза тапқанын мен тек кейін 
ғана білдім. 
Ал орман ішіндегі соқпақта тұрып, "қаза тапты" деген суық хабарды 
есіткенде бұған әсте иланбадым, мұны жұрттың алып-қашты әңгімесіне, 
қисынсыз лақабына жорыдым. Әлбетте, мұны жауынгерлерге айтқан 
жоқпын. 
Батальон жорығы жалғаса берді. Енді біздің колоннаны жаңа 
жолбасшы - Варя Заовражина бастады. Осынау орманды алқапта туып-ӛскен, 
ӛркеуде батыл қыз соқпақ біткенді жадында сақтап қалған да, бізді осы 
балдармен іздеген, ал енді бізді бастап жүрерде де кӛңіліне түйген әр түрлі 
белгілерді нысана тұтпақ. 
Бір сағат, екі сағат жүргеннен кейін біз орманның шетіне жеттік. Сол 
маңайда әбден тапталған шана жолы жатыр. Біз патрон жәшіктер жегілген 
қос атты, сап құрып бара жатқан сұр құлақшынды, шинельді қызыл әскер 
взводын кӛрдік. Бәріміз қуанғаннан жолға жүгіре шықтық. Батальон ӛз 
адамдарымызға барып қосылды. 
Жауынгерлерді аялдатып, ӛзім әлгі взводтың командирімен, жас 
лейтенантпен әңгімелестім. Панфилов туралы сұрап едім, тағы да: 
- Қаза тапты, - деген жауап естілді. 
Сонда да нанбадым. Менің күмәнданғанымды байқаған лейтенант 
планшетінен майдандық газетті алып, ашып кӛрсетті. 
Абзал жанның таныс бейнесі тӛрт бұрышты қазалы қара сызықпен 
қоршалған. Фотографияның астана: «Сурет қолбасшы қайтыс болар күні 
түсірілген» деген сӛздер жазылыпты. Әрқашан сертіне берік Панфилов менің 
кӛзімше фототілшіге, Қырынан қарағыш капитанға берген уәдесін 
орындапты, - Гусеновоның ашық ауасында тұрып суретке түсіпті. Портретте 
марқұмның тірі кейпі айна-қатесіз, тамаша бейнеленген. Қара елтірлі жеңінен 
шығып тұрған, кӛтере ұстаған қолында дүрбісі. Монғол пішіндес сәл 
сығырайған қыран кӛздерін қиырға мезгеген. Осынау дітті кӛзқарасы, 
кеңсірігінің үстіндегі әжімі, аузының айналасындағы екі сызат, жігерлі жасқа 


519 
біткен жинақы да қату еріндері - бәр-бәрі терең ой, шалқар шабыт, дарқан 
дарын иесін танытады! 
Бас Штаб бастығы, майдан қолбасшысы, армия қолбасшысы, Әскери 
Советтердің мүшелері, сондай-ақ марқұмның ең жақын серіктері қол қойған 
некрологте Панфилов жаңашыл генерал, жаңа әскери ӛнер қайраткері, осы 
заманғы қорғаныс ұрысының жаңа тактикасын қолданушы кемеңгер ретінде 
сипатталған. 
Қатты қасірет шегіп, газетке кӛз айырмай қарадым. Қалың ойға 
шомып, ерсілі-қарсылы жүрдім. Содан соң Бозжановқа батальонды сапқа 
тұрғызу жӛнінде бұйрық бердім. 
Менің жауынгерлерім жиырма градус аязда қарлы ӛңірдегі шана 
жолының жанында сап түзеп тұрды. Екі адам - Варя Заовражина мен 
Беленков - оқшауырақ тұр. Мен дауыстап былай дедім: 
- Жолдас доктор, саптан орын алуыңызды сұраймын. 
Мен командир атаулы қолданбайтын осынау «сұраймын» деген сӛзді 
әдейі қостым. Батальон естісін! Беленковтың сұрша жүзі қызара кетті - бұл 
қуаныштың да, қымсынудың да белгісі еді. Ол санитарлық взводтың 
қатарына тұрды. Мен сыңайын байқайын деп Варяға кӛзімнің қиығымен 
қарадым. Кӛзқарасынан ешқандай ӛтініш белгісі білінбейді, қарсы алдына 
тура қарауда. 
- Заовражина, сапқа тұр! 
Егер бұрын біреу маған әйтеуір бір кезде ӛзің әйелге сапқа тұр дейсің 
деп болжау айтқан болса, мен тек миығымнан күлер едім. Ал еңді істің 
беталысы қалай болғанын кӛрдіңіз ғой! Тәрізі, Ысламқұловтың: «Отан 
соғысы кӛптеген ұғымды ӛзгертіп, бұрын қисынсыз деп саналған нәрсені 
мүмкін етіп отыр», дегені дұрыс сияқты. 
Варяның қалың ерінді емеуірінен әнтек күлімсіреген шырай білінді, 
бәлкім, мұны менен басқа жан байқамаған да болар. Қыз ізет етіп, қарышты 
қадаммен сапқа барды да, ӛзінің ӛкіл әкесі, бурыл шашты ақ жарқын 
фельдшер Киреевпен қатар тұрды. 

Сақал-шашы ӛскен, суықтан бүріскен, ауыр жорықтан қалжыраған 
менің жауынгерлерім винтовкаларын жерге түсіріп, екі қатар тізіліп тұр. Ал 
дивизия штабына дейін әлі аттай он километр жер жүруге тура келеді. 
Сондықтан жылы сӛзбен солдаттың бойына қуат бітіріп, кӛңілін кӛтеру 
керек. 
Мен Күрең тӛбелмен сапқа барып, жұрттың кӛз алдында сӛз сӛйледім. 
Ең алдымен жауынгерлерді гвардия атағы берілуіне байланысты 
құттықтадым, ӛзіміздің ерлік істеріміз жайында айтып бердім. Әрбір рота 
қаһармандық кӛрсетіп, ӛзін ӛшпес даңққа бӛледі. Жүз жиырма батыр - 
Филимонов ротасының жауынгерлері неміс батальонын қоршап, талқандады. 


520 
Кешегі москвалық мектеп оқушысы, қатардағы Строжкин неміс 
батальонының командирін тұтқынға алды. 
- Строжкин! Үш қадам алға! Бетіңді жолдастарыңа қаратып тұр. Бәрі 
кӛрсін сені. Бірақ паңданушы болма? Әйтпесе кешкісін қалақай жұлғызып, 
қалақаймен сабаймын сені! 
Менің осынау дағдылы әзілім батальонға кӛптен белгілі болатын, 
сондықтан қаншама шаршап-шалдығып тұрса да, жауынгерлер жадырап, 
еріксіз күліп жіберді. Мен сӛйлей бердім: 
- Лейтенант Заевтың сексен жауынгері де совет солдатының даңқын 
арттыра түсті, олар ӛршелене қарсы атака жасап, іші тонап алынған дүниеге 
лық толған немістің үш танкісін қолға түсірді, біздің жерлерімізді басып 
алған оңбаған дүние қорларды талқандап, қуып тастады. 
Бұдан кейін мен Брудныйдың ер жүрек ротасы, ӛзінің командирімен 
және политругімен түгел дерлік мерт болған жауынгерлері туралы айттым. 
- Біздің осы жолдастарымыз, - дедім мен, - жанын текке пида еткен 
жоқ. Жаудың қоршауында қалған осы орта екі күн бойы Волоколамск тас 
жолындағы тірек пунктті қорғап тұрды, гитлершілдердің моторлы 
колонналарын тас жолдан ӛткізбей қойды. Біздің мерт болған 
туыстарымыздың абырой-даңқы арта берсін! Отанымыз оларды ешқашан да 
ұмытпайды! 
Горюныдағы ұрыс батырлары туралы айтарда мен жауынгерлер 
қатарынан пулеметші Блоханы шақырып, оның да бетін батальонға 
қараттым. Осынау бозша қабақты солдаттың мойны таңулы болатын. 
Жараланса да, ӛз орнынан кетпестен, ұрыс жүргізе берді. Біз шегіне жорық 
жасаған кезде де пулеметін тастаған жоқ. 
Панфилов туралы да сӛз айтатын кезек келді. Біздің генерал қаза 
тауыпты, дедім мен. Панфиловты еске түсіруге арналған қазалы хабарда оны 
жаңашыл генерал деп атаған. Тарихтан да ол осылай орын алады. 
- Иван Васильевич Панфилов, - дедім мен тағы да, - адамгершілігі 
мол, сезімтал жан еді. Солдатты қадірлей білді, ұрыстың тағдырын солдат 
шешеді, ал солдаттың кӛңіл күйі - ұрыста ең айбарлы қару деп біздерге, 
командирлерге, 
үнемі 
ескертіп 
отырды. 
Панфиловтың 
қорғаныс 
тактикасындагы жаңашылдығы, міне, осыған негізделгенді. Ол біздің 
арамыздан кетуден бұрын ӛнерпаз кемеңгер ретінде асқан бақытқа кенелді. 
Оның жаңа тактикасы жаудың тегеуірінді соққылары кезінде сынақтан ӛтіп, 
сол соққыларға тӛтеп берді. Ол ӛмірлік борышын ӛтеп кетті. Сондықтан 
оның ӛмірі сан қырлы, әрі мағыналы. Нағыз кескілескен ұрыстың маңында 
жүріп, ол командирлерге дем берді, сүйеніш болды, әскерлерді мезгілсіз 
шегінуден сақтандырды. Ал егер неміс шабуылы басталғаннан бергі бесінші 
тәулікте біздің дивизия осы жолды, осы атырапты, осы шепті сақтап тұрған 
болса, мұның ӛзі дивизияның бұрынғыша айбарлы күш екенін кӛрсетеді, ал 
біз бұған Иван Васильевич Панфиловтың арқасында жеттік. Ол парасатты да 
ақылгӛй генерал, сабырлы да табанды генерал, заманына лайық генерал 
болды. 


521 
Мен демімді алдым - аузымнан шыққан леп ақ буға айналды, біраз 
ойланып тұрдым. Айтқан сӛзіме әлі кӛңілім толмай, ойланып-толғандым. 
Мен тағы да сӛйледім: 
- Ата тегі, тәрбиесі, жаратылысы жағынан ол шынайы орыс адамы еді. 
Орыс халқының ӛткен шағы мен қазіргісін танып біліп, соны қастерледі, 
оның даңқты ұлдарын, ӛрнектері мен істерін мақтан тұтты. Барлық басқа 
халықтарды да қадірледі. Панфиловтың бойындағы ең басты қасиетін 
тұжырымдап, айтып беруге талпындым. Сапта тұрғындарға кӛзімді жүгірте 
келіп, Заевты байқадым. Сарғыштау сабалақ қабағын түкситіп, ол менің 
сӛзімді байыптап тыңдауда. 
- Лейтенант Заев! 
- Мен! 
- Екінші ротаның командирі лейтенант Завыты ӛздерің түгел 
білесіңдер, жолдастар. Таяудағы ұрыстарда ол ерекше қажыр-қайрат 
кӛрсетті, соңдықтан оны батырлардың батыры десем, артық болмайды! Бір 
жолы ол біздің генералды жаршы деп атады. Ол кезде мұның не айтқысы 
келгенін мен түсінген жоқ едім, Ал қазір мен сенің осы сӛзінді қайталап 
айтамын, жолдас Заев. Иә, генерал Панфилов асқақ, ұлы идеяның жаршысы 
болды. Осы идея, езілгендер мен еңбекшілер революциясының ұлы идеясы, 
лениндік шабыт одан біз есіткен әрбір сӛздің арқауы, ӛзегі еді. Бізді, Совет 
елінің қаһармандарын, - партиялық кітапшасын омырауында сақтағандарды 
да, партияда жоқтарды да, - тәрбиелеп ӛсірген коммунист генералдың, партия 
перзентінің жарқын бейнесі, міне, осындай. 
Мені батальонмен біртұтас етіп біріктірген, кӛзге кӛрінбес дәнекерді 
сезіп, іздеген сӛзім табылғанын, мұның әркімнің зердесіне жеткенін білдім 
мен! 
- Жолдастар, мен жаңа ғана Панфиловты заманына лайық генерал деп 
атадым. Бірақ бұл аз! Ол шыншыл генерал еді. Мен оның: «Сізге ауыр 
болады. Ӛте ауыр болады» деп бүкпестен, тура айтқанын жауынгерлерге 
жеткізгім келген еді. Оның лебізін, әрі қатал, әрі жанашырлық лебізін 
қайталай бергім келді еді. Бірақ мен ӛз жауынгерлеріме үнсіз қарап тұрдым. 
Міне біз қайта оралдық, бірақ ол арамыздан кетті… Мен былай дедім: 
- Иван Васильевич Панфиловтың есімі біздің іс-әрекетімізде оның 
дивизиясының ерлік қимылында жасай береді, жолдастар! 

Дивизия штабы орналасқан селоға барар жолда Рахимов табылды. 
Ӛткен жолы немістерге тап болып, ол бізге қайта қосыла алмапты да, 
орманды шарлап жүріп, одан жалғыз ӛзі бізден бұрын шығыпты. Бұдан кейін 
оны тосқауыл отрядтың күзеттері ұстап алған. Отрядтың егде тартқан қатал 
командирі, маңдайында айғыздалған тыртығы бар бұрынғы моряк, 
батальонын жоғалтып алған менің штабымның бастығына күмәндана 


522 
қарапты да, кім екені анықталғанша деп, азынаған мал қораға қамап 
қойыпты. 
Әлбетте, морякпен мен сӛйлескен заматта-ақ бәрі «анықталды». 
Босатылған Рахимовты мен салқын қарсы алдым: 
- Лайықты сыбағаңызды алдыңыз ғой, жолдас Рахимов. Сіз бізді 
орман ішінде іздеп табуға міндетті едіңіз. Тезірек шығуға асығыпсыз. Тылға 
тартыпсыз, 
- Мен, жолдас комбат, былай ойлаған едім… 
- Ештеңе тыңдағым келмейді. Мен сізді тылдан таптым. 
Рахимов үндемеді. Әрине, ол айтқаныңды бұлжытпай орындағыш, 
бірақ орман ішінде командирсіз, жападан-жалғыз қалғаннан кейін, қатты 
сасқан. Мен енді сыпайылап сӛйледім: 
- Жарайды. Суық қорада бір сағат отырдыңыз ғой, сол жетер. 
Батальонды қуып жетіңіз. Ӛз орныңызды алыңыз. 
- Құп! 
…Біз қара жолмен жүріп барып, қайтадан Волоколамск тас жолына 
шығып, кең алқапты алып жатқан, шіркеуінің күмбездері кӛкке бойлаған 
селоға жақындағанымызда, күн бата бастаған еді. Асфальт бетіндегі қарды 
жүк машиналарының дӛңгелектері таптап тастапты. Аяз күшейе түскен. 
Винтовкаларға қадалған найзалар қыраудан бозғылт тартқан. Атқыштар 
бӛлімшелерінің арасындағы аттар біздің екі зецбірегімізді, пулеметтер 
орнатылған жайдақ шана мен арбаларды, шаруашылық взводының 
жаралылар мінген шаналары мен табан темірге орнатылған санитарлық 
арбаны сүйреп барады. 
Мен Толстуновпен және Рахимовпен бірге колоннаны бастап келемін. 

Дивизия штабы, шамасы, бір кездері базар орны болған жазық алаңға 
қарап тұрған тас үйге орналасыпты. Мен батальонға: 
- Тоқта! - деп команда бердім. 
Баспалдақта бізді қарсы алуға шыққан кейбір штаб командирлері тұр 
екен. Ортасындағы сұр елтіріден жағасы бар қара былғары пальтолы, 
генералдар киетін елтірі бӛрікті кісі кӛзге түсе кетті. Мен мығым денелі 
Звягинді тани қойдым. Мен дауыстап команда бердім: 
- Смирно! Равнение напра-во! 
Мен қылышымды қынабынан суырып, яғни, біздің жүзімен сәлем 
адыммен әскери тілімізбен айтқанда, қарудың жолдап, бүкіл алаң арқылы 
аршынды армия қолбасшысының орынбасарына қарай жүрдім. Үлкен 
табақтай қызыл күн шайдай ашық кӛкжиекте ұясына қона бастаған-ды. 
Қадамымды нық басып бара жатқан бетімде кезей ұстаған қылышымның 
ӛрнекті жүзі қызыл арай күн шапағымен шағылысып, жалт-жұлт етеді. 


523 
Әр түрлі шытырман сезім жан жүйемді тебірентеді: мұнда мақтаныш 
та, - жасырып не керек, - қылышты партизаның менмін! - деп ептеп паңдану 
да бар. 
Звягин менің жақындап баруыма мұрсат бермеді. Баспалдақтан лезде 
жүгіріп түсіп, қылышымды сырып тастады да: 
- Бұл ӛнеріңді таста сен, Момышұлы! - деді. 
Мені құшақтай алып, орысша еріндерімнен сүйді. 
Бұдан үш күн бұрын маған басқару тізгінін ӛткіз деп бұйрық берген, 
ал енді бір ғана құшақтауы, бір ғана сүйіп алуы арқылы ӛз бұйрығын ӛшіріп 
тастаған осынау ұрт мінезді генералға мен кенеттен тұтанған нәзік сезіммен 
қарадым. 
Әскери сәлем беруге қайтадан әрекеттеніп, мен былай дедім: 

Жолдас генерал-лейтенант! Дивизия командирінің резерв 
батальоны… 
- Қой мұны, Момышұлы! - деп саңқылдады Звягин. - Адамдарыңды да 
текке сарғайтпа. 
Ӛзінің мыс қоңыраудай сыңғырлаған жуан даусымен команда берді 
ол: 
- Вольно! Шылым тартуға болады. 
Қалтасынан бір қорап жоғары сортты шылымын шығарып, маған 
ұсынды: 
- Шылым тарт. 
Мен шылымды алдым. Звягин қалтасына қайтадан қолын салып еді… 
Сонда оның тықырлап жанған мықты да жылтыр тырнақты саусақтарының 
арасынан Панфиловтың оттығын кӛрдім. Е-е, Панфилов мұны осы кісіге 
сыйға тартқан екен ғой! Не деп еді ол? «Мағыналы емдеурін білдіре, бір 
кісіге тарту еттім…» деген. «Бір кісісі» осы екен ғой! Звягин оттықты жылы 
алақанымен біраз қыса ұстады. Панфиловтың бұл затты қандай мағынамен 
тарту еткенін біле ме екен ӛзі? Звягиннің бұрынғыша сәл домбыққан нұрлы 
кӛздерінен пайымшыл мысқылды ұшқын білінді. Япырау, Панфиловтың 
мұны маған да тарту етпек болғанын білетін сияқты ғой ӛзі! Мұнда да 
астарлы мағына болатын! Бұл жайында бір ауыз сӛз айтпастан, біз кӛзбен 
ғана ишараластық. 
Сырт еткенде білте тұтаңды. Біз шылым тарттық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет