ОН СЕГІЗІНШІ НОЯБРЬГЕ ҚАРАҒАН ТҤНІ
«Кішіпейілділік - адамгершілік
кӛркі».
1
Бауыржан үндемей қалды.
Біз бұл жолы да Қазақстан перзентінің, осы кітап қаһарманының
мекені болған орман ішіндегі жертӛле-блиндаждың қасында күн кӛзіңде
отырмыз. Бықсып жанған оттан будақтап шыққан шырша қылқанының
шайырлы түтіні құжынаған масаны қаулай, кӛлбеп ұшуда.
Күтпеген жерден Момышұлы тағы да әндете бастады. «Иван, Иван,
қайдасың, күйіп-жандым отына…" деген бұрын естіген ӛлең сӛздері тағы да
құлағыма келеді.
489
Қазір бұл сӛздердің мағынасы маған анағұрлым түсінікті. Жерге
тірелген қылышының сабына қолын салып, Бауыржан алдыңғы жаққа кӛз
жіберуде. Бір кезде:
- Сонымен, - деп үн қатты ол, - генералдан қайтып келе жатырмын.
Жадында қайта жанданған елестерге тағы бір ауыз ӛлеңін арнап,
әңгімесін айта берді.
2
Кедір-бұдыр жадағай жол ақырында Волоколамск тас жолына келіп
қосылды. Мұнда тас жол Горюны кӛрінген жотадан тӛмен құлдилап,
шығысқа біздің тылымызға қарай тартады. Екі жолдың түйіскен жерінде
атымды тоқтатып, бірнеше минут қарап тұрдым.
Бұл не? Қиратылған армия ма? Шаршап-шалдыққан, бастарын тӛмен
салып, тұнжыраған шинельді адамдар, сап құрмаған, шағын-шағын топ
түрінде ілбіп келеді. Асынған винтовкалары жауынгерлерді еңседен басып,
жерге тұқырта түскендей. Кейбіреулері жол жиегіне отыра қалып, екінші
біреулері қар бетінде сұлап жатады. Бірақ ұзақ жатпастан, қайта тұрады да,
әлденеңдей бір қорқынышты кесапаттан аулағырақ кеткісі келгендей, тағы да
ілгері жылжиды. Кейде үнсіз, кеуде жан күйзелісін білдірген, Москваға қарай
беттеген осындай адамдарды жиі кездестіретін.
Сап құрған кішігірім отряд ӛтті, - рота ма, әлде взвод па, біліп бол-
майды, - әйтеуір командирі алда. Бұдан соң ӛз бӛлімшелерінен кӛз жазып
қалған, қалжырап, титықтаған адамдар тағы да бейберекет бастайды.
Сол арада ӛзінің қаруласын тани кеткен біреу:
- Николай, сенбісің? Біздің басқа адамдар қайда? - деп сұрады.
Қаруласы: құрыды ғой! - дегендей, қолды бір-ақ сілтеді.
Мен кӛз айырмай, қарап тұрдым. Біздің сырт жағымызда, бірнеше
километр жердегі Покровка селосында тосқауыл пункті кұрылғанын
білетінмін, мұны маған Панфилов айтқан, - бытырап жүрген жауынгерлерді
сол жерде тоқтатып, жинап, тәртіпке келтіреді екен деп есіткенмін,
әскерлердің ӛмірінде мұндай қиын-қыстау кезеңдер бола береді ғой,
дегенмен жабырқаңқы жандарды, шұбырған тентіргендерді кӛргенде еріксіз
іштен тынасың.
Тағы да: бұл не? Қарсыласарлық дәрмені болмай, қиратылған, енді
Москваға қарай ойысқан армия ма? деген сұрақ туады. Бірақ Панфиловтан
кетерде оның «асып түсу» деген сӛзін есіткенмін. Дұшпанның соққысына
дивизияның тӛтеп беріп қана қоймай, жауды тұралатып тастағанын да
түсінтенмін.
Ал мұны кім істеді? Дал осылар, әбден қалжыраған, қазір сап құрмай,
қараңғыны қармалаған осы жауынгерлер не істеді. Бұлар жаумен алысты,
атысып-шабысты, жан жолдастарынан, сүйікті командирлерінен айрылды.
Бұлар - жауды жеңгенін әлі де анық білмей, ілбіп бара жатқан жеңімпаздар.
490
3
Кетіп бара жатқандарға қарсы аяңдап келемін. Тас жолдың ӛн
бойында тізіліп тұрған үйлері мынау.
- Бауыржан!
Алагеуімде теңселе басқан үйреншікті жүрісінен, келісті келбетінен
маған қарай келе жатқан Толстуновты тани кеттім. Аттан түсе салып, тізгінді
атқосшыға ұстаттым.
- Қайда барасың, Федор?
- Күзетті тексермекпін. Сені де күте-күте зарықтым. Жолыңа кӛз
тігуде едім. Келдің ғой, әйтеуір!
Менің тағдырымды ойлап, уайымдағанын білдірмей, Толстунов
жайшылықтағыдай салғырт сӛйледі.
-Жүр, - дедім мен.
Толстунов биялай киген қолымен сырмалы бешпентімнің жеңің
қармады да, біз танысқалы бері бірінші рет қолтықтасып жүрдік. Ӛздігінен
жӛн сұрамай, ол менің әңгімемді күтуде. Мен қысқаша баяндадым:
- Звягинді кӛрген жоқпын. Біздің генерал: бұйрықты бұза алмаймын,
бірақ кідірте тұрамын деді. Сӛйтіп, мені қайтарып жіберді.
- Түсінікті. Енді осымен бітті де!
- Білмеймін. Қалай бұрамын десе де бола береді ғой. Дегенмен мен…
- Қойшы! Әлде мен саяси бӛлімге ұшып барып келсем бе екен?
- Олай етпе! Қажеті жоқ.
- Онда мұны ойлап, басыңды қатырма! Ақылың айық болуы керек қай.
Тіс қаққан саясатшыға нана бер: әңгіме бітті осымен!
- Ендеше, сайраңдаңдар, достарым, ұмытайық бәрін де дейміз бе?
Толстунов менің бетіме қарап, күлімдеп тұрғанымды байқады.
- Бітті! Ендігі жерде бұл жӛнінде бір сӛз де айтушы болма!
- Жарайды, - дедім мен.
4
Толстуновпен бірге штаб бӛлмесіне кірдім. Менің жадымда, бәлкім,
мәңгі-бақи сақталатын бӛлме іші тәртіпке келтірілген. Штабқа қатысты
адамдардың бәрі: Рахимов цен Бозжанов және нәубетші телефоншы осында.
Бұрышта үюлі жатқан олжа заттар плащ-палаткамен мұқият бүктелген.
Рахимов столды да түрлендіріп, сәнге келтірген: оның үстіне ақ қағаз жайын,
торт бұрышын кнопкамен бекіткен; бұл қағаз да олжа заттар ішінен шыққан
тәрізді. Бұрын ешкім зер салмай, җалбырап тұрған обойдың жыртық бӛлігі де
енді орнына жапсырылыпты. Күндіз ғана осы араны жайлаған
торығушылықтың ғайып болғаны бірден-ақ сезіледі.
Бозжановтың сезімтал жүрегі, сірә, әлі тыным таппаған болуы керек,
оның бітік кӛздері мазасыздана біресе менің бет-пішінімді сүзіп ӛтіп, біресе
Толстуновтың келбетін шарлайды.
491
Рахимов бойын түзеп, салмақпен рапорт бере бастады. Мен жоқта
батальонда ешқандай тӛтенше оқиға болмаған. Бӛлімшелер бұрынғы
шептерінде, қазір шегінушілерді ӛткізіп җатыр екен. Рапорт аяқталды.
Толстунов:
- Комбат, генералдікінде тамақ іштің бе? - деп сұрады.
- Реті келмеді.
- Сен жоқта біз де нәр татқан жоқпыз. Ашығып қалдық. Жүрек жалғап
алайық та.
- Сӛйтсек сӛйтейік, - деп ризалық білдірдім мен.
Ақырында Бозжанов балаша жайдарылана күлімсіреді, менің басыма
ешқандай жамандық келмегеніне енді сенсе керек Дӛңгелекше жүзі
жылтырап, ӛңі лезде жайнап кетті.
Бәріміз түгел стол басына жиналдық. Қызыл-күрең түсті бургунд
шарабы құйылған бӛтелкенің аузы ашылды; стақандарға осынау қою
шарапты біз испан картинасының, май қатқан дағдылы күріш ботқасының
айдаушысы ретінде іштік.
Сенек жақтан шаң-шұң дыбыс естілді. Жасы кіші Бозжанов дереу
жүгіріп шықты. Бір минуттан кейін есік қайта ашылды. Стол үстінде ашулы
тұрған керосин шамының кӛмескі жарығымен үйге кірген Ысламқұловты
кӛрдім. Оның соңында тұнжырай қалған Бозжанов.
Қонақты орнымнан тұрып қарсы алдым. Не болған ӛзіне? Ӛзі қуарып
кетіпті ғой. Мұның байсалды балғын жүзі, келісті келбеті қалай ӛзгерген?
Иегі де ептеп қемсеңдеп тұрғандай.
- Мұхаметкұл қайдан жүрсің?
Ол ӛзіне таныс, жарқын жүздерді кӛзімен бір шолып ӛтіп:
- Хал нашар. Масқара. - деді.
- Не болды саған?
- Масқара. Қаштық біз. Сонымыздан жау құды! Мұндай қорлықты сен
кӛрген емессің, Бауыржан. - Әлгі сӛзін тағы қайталады: - Соңымыздан жау
қуды.
- Шешін, - дедім мен - Тамақтың үстіне келдің. Шарап іш. Дәм тат.
- Зауқым шаппайды. Дәрменім жоқ. Менің адамдарыма тамақ
бергізші, Бауыржан.
- Адамдарың қанша?
- Жиырма. Полк штабынан келген лейтенант Гуреев те сонда… Ол да
ӛз адамдарынан кӛз жазып қалған екен, ылғи бізбен бірге болды… Ол да осы
қорлықты кӛрді.
Арқаның ардагер азаматы, халықтың намысын жоқтайтын, ата-
бабаның ізгі дәстүр-салтын қастерлеп үйренген, сабырлы да паң мінезді, ал
қазір және қатты күйзелген Ысламқұлов сұлқ түсіп отыра кетгі.
Мен Ысламқұловтың командасына тамақ бергіздім, полктің ұрыс
жабдықтары бӛлімінің бастығы, жасы отыздан асып, тӛбесінің қасқасы біліне
бастаған, мосқылдау лейтенант Гуреевті дастарқанға шақырттым.
Стол басында қаннен-қаперсіз Толстунов ӛз билігін жүргізе бастады.
492
- Шинельдеріңізді бері әкелгін. Ысламқұлов, саған кӛмектесіп
жіберейін бе? Мә, шылым ал! Рахимов, қонақтардың құрметіне тарынбай,
барыңды әкел мұнда!
Темекі түтіні аспалы шамға қарай жылжыды. Ысламқұлов ӛз
ыдысындағы шарапты бірден сіміріп салды. Кӛнтек ерін Гуреев те ӛз
стақандағысынан аздап алып қойды.
Ысламқұлов тағы бір минуттай шылымын сорумен болды, бұдан
кейін, бейне екі қонағымыздың рухани тоспасының тығыны ашылғандай,
әңгіме ағыла бастады.
5
Жұлынған парақ… Біздің генерал: «Бұларды қалпына келтіру керек»,
- деген беттердің бірі. «Он жетінші ноябрь» де аталатын, әлі түптеліп
бітпеген кітаптың бір бӛлшегі, бір беті міне осы.
Ысламқұловтың ротасы Ядрово селосының маңындағы алдыңғы
шептің бір ӛңіріне бекінген екен, сәске түс кезінде мұны батальон штабына
шақыртады. Хабаршысын қасына ертіп, автоматын асынып, Мұхаметқұл
орман ішіндегі айналма соқпақпен жүріп кетеді де, кӛшпелі асханалар
орналасқан алаңға тап болады. Майлы белдемшелерін ұстап, ақ қалпақтарын
киген аспаздар қазан-ошақ басында күйбеңдеп жүреді де, кезекші
жауынгерлер отын жарып, картоп тазалап жатады. Ысламқұлов асхана
тұсынан ӛте бергенде, кенеттен, арт жақтағы орман ішінен немістің жаяу
әскері алаңға шыға келеді. Жан түршігерлік кезең. Қапелімде автоматтар
тырылдап, оқ зуылдай бастайды. Біреу үрейлене шыңғырып жібереді.
Жүрегі су ете түскенімен, сабыр-тағатынан айрылмаған, «Ӛлімнен ұят
күшті" деген нақылды ӛнеге тұтқан менің кӛрікті досым ӛктем дауыспен:
- Аттан! Тыңда менің жарлығымды! - дейді.
Түрегеп тұрған күйінде ол бірінші болып оқ ата бастайды. Штабтық
лейтенант Гуреев те кездейсоқ осында болып шығады. Сол заматта-ақ ол
сабырлы да айбынды командирдің қарамағына кӛшеді. Кезекші жауынгерлер,
хабаршы, аспаздар Ысламқұловтың қасына орналасады. Команда бойынша
бәрі бірдей винтовкаларынан залпымен, дүркін-дүркін оқ атады, Шағын
топтың бір жағында Ысламкұлов, екінші жағында Гуреев болады. Жауды
жақын келтірмей, тоқтатып, жатқызып тастайды.
Кездейсоқ біріккен жиырма адам осы арқылы не тындырды дейсіз
ғой? Командир ретінде ой тоғытар болсам, олар ӛз батальонына кӛмектесті.
Сыналап ӛткен немістер окоптарға бекінген баталаонның сырт жағынан келіп
шыққан-ды. Мұндайда майдан шебін кері бұру мүмкін емес деуге болады,
Окопта жатқандар жиырма винтовканың біркелкі залпыларын есітіп, қалай
елеңдемесін: сырт жақта бір сұмдық болғанын сезді гой.
Бұдан әрі батальон не күйге ұшырады екен дейсіз ғой? Мұны да,
онымен бірге оқ атқан жиырма шақты жауынгер де білмейді. Әйткенмен
генералда болған кезімде маған келесі беттің мазмұны да анық болған.
493
Полк штабымен арадағы қатынас үзілген болып шықты. Сол сағатта
батальонда жүрген полк комиссары батальонды отты қоршаудан құтқарып,
қайтадан шеп құру жӛнінде шешім қабылдайды. Осы қиын маневр ойдағыдай
жасалады. Роталар орын ауыстырып, жаңа позицияларға бекінеді де, енді
дұшшанның ӛзіне қатер тӛндіреді. «Сізге қалқан болған кім? Бізде ондай күш
қайдан табылды?» - деп Панфилов комиссардан қазбалап сұрайды. Бірақ бұл
сұрақ жауапсыз қалады. Қазір бұл жұмбақтың шешуі табылды: мінеки сол
батырлар!
Стол басындағы әңгіме ұласа берді. Гуреев полк штабына ӛтпекші
болады, бірақ жол кесіліп қалыпты. Ол батальонның басқару пунктіне
барады, бірақ оның қаңыраған орнын ғана кездестіреді. Сол заматта немістер
тобынан орағытып ӛте бастапты. Ол тас жолға қарай шегінуге бұйрық береді.
Онда да немістерге тап болады, Жау бұларды байқап қалып, орман ішінде
ӛкшелей қуады. Ақырында, ұзақ уақыт әуре-сарсаңға түсіп, бір сайды
паналайды да, ымырт жабылғанша сонда жатады.
Ар-намыс, абырой жӛніндегі ӛсиеттерді жастайынан «ӛнеге тұтып
дағдыланған Ысламқұлов осы қуғын-сүргінді баяндай келіп, қатты қасірет
шегумен болды.
- Сен нағыз жігітсің, Ысламқұлов! - дедім мен.
- Мен бе?!
- Жалғыз сен емессің. Сендей жігіттер бүгін кӛп-ақ. Мен ақтық демім
біткенше ӛз жауынгерлерімнің ерлік істерін мақтаныш ете беремін.
Филимонов бастаған жүз батыр немістің батальонын талқандады. Заевтың
ротасы жаудың танктерін қолға түсірді. Сен де ӛз орнында ерледің.
- Қойсаңшы, Бауыржан!
- Біз жауды тарпа бас салуға іштей әзірленгенбіз. Сен естен
тандыратын, тұтқиыл кесапатты жеңіп шықтың. Ақыл-есіңде сақтау, тұтқиыл
кесапаттан айлаңды асыру арқылы жеңдің… Енді генерал түсінген болар
еді…
- Нені?
- Генерал бүгін: біздің бұл резервтеріміз қайдан шықты, қайдан
табылды? - деп сұраған еді. Міне сол резервтер!
- Қаша жӛнелген резервтер.
- Бұл арада да сен дұрыс істегенсің.
- Қояндай қаша жӛнелдік. Неткен ұят десеңші!
- Қоян да жыртқышқа тіктеп қарай алады. Есінде ме?
Ысламқұлов енді опық жеуін қойды.
- Тағы бір қызық барын білемісің, Бауыржан! Есіңде ме, генералдың
аспазды жазғырғанын, одан тамақ ішуге қалмағанын айтып едім ғой?
Былғаныш винтовка есіңде болар? Міне бұл оқиға нақ сол жерде, орман
ішінде болды.
- Әлгі аспаз да болды ма?
- Болды.
- Оқ атты ма?
494
- Атты.
- Енді винтовкасы таза ма екен?
- Онысын білмеймін. Әйтеуір, қасымда жатып, оқ атқаны ашық.
Мен стақандарға шарап құйдым. Жұмыс басты кезімізде біз құрмет-
аяқ ұсыну дегенді, әрине, білмейтінбіз. Бірақ қазір мен:
- Әкелер үшін ішейік! - дедім.
Бірақ мұның мәнісін түсіндірген жоқпып. Білгіңіз келсе, былай: менің
ардақтағаным - біздерге, осы соғысты бастан кешіруші ерлерге қасиетін
дарытқан ата-бабаларымыз, сонымен қатар (Бауыржан сәл бӛгеліп, менің
қолыма ызғарлана кӛзін тікті) бізді отжалында шынықтырғандар.
6
Әңгімелесіп отырмыз. Вахитов шай әкелді, Ысламқұлов бұрынғы
сымбатты қалпына қайта түсті, енді сӛзі де біркелкі ағылды.
Сенек жақтан тағы да аяқ дүбірі естілді. Есік ашылып, жаңа қонақтар
кезегімен үйге кірді. Алда Түркіменстан жерінде талай жылдар қызмет істеп,
күніне күйіп, қарайған қатпа полковник Малых. Қазір ӛңі бұрынғыдан да
қарауытып кеткен, ашаң беттерінде қан-сӛл жоқ. Біздің дивизиядағы бір
полктің командирі, жасы елуге келген осы кісінің соңындағысы - штаб
бастығы, жас капитан Дормидонов.
Стол жағалай отырғандардың бәрі түрегелді. Мен полковникке
орындық жылжыттым. Малых басын шайқап, аяқтарын әрең басып, бұрышқа
барды да, еденге шалқасынан сұлай кетті.
- Жолдас полковник, бәлкім, тамақ ішерсіз?
- Халім жоқ. Шаршадым. Сұмдық шаршадым. Біраз жата тұрайын. Бес
минуттан кейін генералға телефон соғып, менің осында екенімді айтыңыз.
Еңсесін әрең кӛтеріп, ол далалық сумкасын сыпырып, басына жастады
да, тіпті тонының түймесін де ағытпастан, тағы да аяқтарын кӛсілді. Оның
серігі столға отырып, тамаққа құлшынды. Қалжыраған Малых ұйқтап кетті.
Осының бәрі - қалжырай құлап, еденде сұлап жатқан полковник те,
штаб бастығының үнсіздігі де - «қираған екен!» деген ой туғызды.
Ұзамай қонақтарға ұйқтап жатқан кісінің серіктесі, полк комиссары,
маған кӛптен таныс дембелше Хайруллин келіп қосылды. Шолақ тонының әр
жеріне жұққан қан аязда қарауыта қатып қалыпты. Мен еріксіз шошып
кеттім:
- Саған не болған?
- Ештеңе болған жоқ. Астымдағы жирен ат оққа ұшты.
Хайруллин шақыру күтпестен, емін-еркін столға барды да, бір
жапырақ қара нанға қалыңдап сары май жағып, оған үлкен кесек колбаса
қосып, тамақтана бастады.
- Шегініп барамыз, Момышұлы, - деді ол, аузыңдағы тамақты шайнап
тұрып. - Қарулы адамымыз екі жүздей. Соның жартысындай жаралыларымыз
495
тағы бар. Сенің асханаңнан азық-түлік алдым. Ӛз адамдарыма, ең алдымен
жаралыларға тамақ бергіздім.
- Дұрыс істегенсің.
- Саған әрең келіп жеттік, Момышұлы. Сүріне-қабына жеттік.
- Отырсаңшы ӛзің!
- Отыру қайда, туысқан. Жұмыс деген асып жатыр.
Ол біркелкі тыныстап жатқан полковникке қарады.
- Жатырында бес минуттан кейін генералға телефон соғып, менің
осында екенімді хабарлаңдар деген еді, - дедім мен.
- Мен телефон соқтым. Жаралылар үшін санитарлық бӛлімнен
машиналар да шақырдым. Оятпа. Бір сағаттай ұйқтап алсын. Ал мен…
Комиссар колбасадан тағы кесіп алып, туралған нан ішінде
қабыршақтысын таңдап жатып, Дормидоновқа былай деді:
- Аяғыңның сырқырап тұрғанын білем, Дормидонов, бірақ менімен
бірге жүресің!
- Құп! - деген жедел жауап естілді.
- Баратын жерлерің алыс па? - деп сұрадым мен.
Ӛзімізге жүктелген міндетті ӛтеуіміз керек. Ізімізше орманда қайта
барып, адамдарымызды жинаймыз. Саған тағы да соғармын. Бәріміз бас
қосып, терлеп-тепшіп шай ішеміз, туысқандар. Тек үрлеп ішетіндей болсын!
7
Телефон арқылы Филимоновтың халін біліп, онан соң Заевпен
сӛйлестім:
- Семен, сенде не жаңалық бар?
Заев қуанып қалды.
- Жолдас комбат, құдайға шүкір, еске алдыңыз. Әйтпесе мен ән
шырқай бастаған едім.
- Қандай ән ол?
- Қандай болсын? - деп Заев қарлыққан даусымен панасыз баланың
зарлы термесін қайталады: - Жетім қалып, ӛксіп жүрмін жасымнан…
- Есіріктенбе! Жұмыс жайын айт!
- Зеріге бастадық, жолдас комбат. Жым-жырт. Аяз да шыдатар емес.
Заев тағы да әзілге басты: - Ӛзіңіз біраз мұштап алып едіңіз, жүрек жылына
бастады.
- Осы түнді бірдеңе ғып ӛткіз, - дедім мен. - Ал таңертең кӛре
жатармыз. Түсіндің бе?
- Түсінікті, жолдас комбат.
Күтпеген жерден трубкадан тағы біреудің даусы естілді:
- Момышұлы, сенбісің?
- Иә, сӛйлеп тұрған кім?
Менімен сӛйлескен полк командирі майор Юрасов екені анықталды.
Орманда ол телефон сымына жалғасқан кӛрінеді.
496
- Момышұлы, саған қалай жетуге болады?
- Сымның бойын бағдарлап, именбей жүре беріңіз. Немістерге тап
болмайсыз.
Шамада бір сағаттан кейін Юрасов полк инженері капитанмен бірге
маған келіп жетті. Мен ӛз қомандирімнің алдында тік тұра қалдым. Кӛңілшек
те әсершіл жан жабырқап, үнсіз отырды. Инженер сӛйледі:
- Әрлі-берлі кӛп сандалдық… Енді жӛн табудан күдер үзе бастаған да
едік.
- Қасыңызда тағы кімдер бар, жолдас майор? Тамақ бергізейін.
Юрасовтың беті түтігіп кетті, бірақ ешқандай жауап айтқан жоқ.
- Екеуіңіз бе?
Юрасов тек басын изеді. Мен бұдан әрі еш нәрсе туралы сұраған
жоқпын, таңданғанымды да, түңілгенімді де білдірмедім. Екеуі ғана болған
соң жағдай белгілі ғой. Аласапыран ұрыста полк командирі әлдеқалай
шеттеп кеткен де, ӛз полкінен, ӛз штабынан айрылған, түн ортасына дейін
орманда адасып жүріп, ӛз адамдарынан жалғыз осы инженерді ғана тапқан.
Менің ойымша, ӛз кінәсынан осындай күйге ұшыраған: қорғанысты
Панфиловша, жаңаша ұйымдастыруға міндетті бола тұрса да, менің алыстан
байқағанымдай, жан-тәнімен әлі де бұрынғы тактиканың шырмауында
жүргендіктен, бұған ден қоймай, бұйрықты сенімсіз, үстірт орындаған. Енді
осындай тұрлаусыздықтың сазайын тартып отыр.
Юрасов Ысламқұловты кӛрді.
- Сен ротаңмен осындасың ба?
- Жиырма адаммен келдім, жолдас майор.
Юрасов тағыда үндемей қалды. Киімін шешіп, бӛркін алып, сарғыш
шашы ұйпалақтанып, столға келіп отырды да, Вахитов әкелген тарелканы
ӛзіне қарай жылжытып, ашқарақтана тамақ іше бастады.
8
Түнгі сағат екі. Менің кресло-тӛсегім қаңырап тұр. Әскери әдеп
сақтап, жасы үлкенді қадір тұтып үйренген басым, мызғып алуды жӛн
кӛрмедім. Тыншыған деревняны шолып ӛтіп, қайта оралған бетте еденге
жатып, әлдеқашан оянған полковниктің қасында мүлги бастаған едім.
- Кіруге рұқсат етіңіз, - деді біреу.
Есіктің алдында - бейтаныс лейтенант.
- Жолдас батальон командирі! Сізді армия штабы шақырады.
Біздің іргемізде, Горюныда, армиялық байланыс торабы орналасқанын
білетінмін, осы арадан сым желілері армияның сол жақ қанатына тарайтын.
Орнымнан тұрдым. Сол заматта Бозжанов та түрегелді. Соңғы
сағаттарда, мен Панфиловтың қайтып оралған минуттан бастап, Бозжанов
менің қасымнан кетпейді шақырмасам да, ілесе жүреді.
497
Тас жолда жан жоқ. Осынау меңіреу түнде айналадағының бәрі тына
қалғандай. Тек анда-санда, ескерту жасағандай, алыстан зеңбірек даусы
естіледі.
Лейтенант бір үйге бастап әкелді. Кенет электр шамының жаққан
жарығы кӛзімді бір сәт аштырмай тастады. Іргеде коммутатор тұр. Оның
қасында наушник киген телефоншылар отыр. Маған әдеттегіден қомақты,
үлкен трубка ұсынды.
- Сӛйлесіңіз.
Мембранадан дереу дауыс естілді:
- Момышұлы жолдас па?
Панфиловтың күңгірлеген даусын таныдым. Дегенмен даусы әрі анық,
әрі күшті естіледі, Ішті трубканы құлақтан алыстау ұстауға тура келді.
- Иә. Тыңдап тұрмын.
- Хал қалай, жолдас Момышұлы?
- Құдайға шүкір, әзірше тыныштық. Адамдардың бәрі ӛз орнында.
- Ең үлкен бас иемізден сӛйлеп тұрмын. Звягин жолдас та, оның
бастығы да осында. Ұқтыңыз ба?
- Ұқтым.
- Сізде не болып жатқанын толық мәлімдеңіз.
Жиырма жауынгерімен Ысламқұлов келді, асхананың маңында
жиырма жауынгерімен бірге немістерді винтовкалардан залпымен оқ атып
қарсы алыпты деп хабарладым.
- Асхананың маңында болғаны қалай? Айтып беріңіз.
Ысламқұловтың тобы туралы баяндауға кірістім. Панфилов анық-
қанығын сұрастырумен болды. Қандай ғажап: қарамағында бірнеше
дивизиясы бар армия қолбасшысының қасында отырып, жиырма адамның
қимылы жайында ежіктеп сұрағаны несі деймін.
-
Жолдастарға гвардиялық алғысымды жеткізіңіз… Ядрово
немістердің қолында ма?
- Солай болуы керек.
- Ендеше… Айта беріңіз.
- Майор Юрасов менде отыр. Адамдарынан кӛз жазып қалыпты. Жеке
ӛзі жырылып шыққан. Атысыпты да. Түнде мені іздеп тапты.
- Ал Малыхтың полкі қалай екен?
- Полковник Малых та осында. Жаралыларын, екі жүз қарулы адамын
алып шығыпты. Қасында комиссары, штаб бастығы бар.
Қазір олар орманды аралап, адамдарын жинап жүр.
- Малых не айтады?
- Ұзақты күн шайқасыпты… Басқару тізгінінен айрылған. Бірақ
бӛлімшелер шайқаса беріпті.
- Солай деңіз… Немістердің түнде тиісетін белгісі білінбей ме?
- Әзірше ондай белгіні байқамадым.
Бұрынғыдан да мұқият болғайсыз, жолдас Момышулы. Түнде соққы
беруі мүмкін, ұқтыңыз ба?
498
- Иә. Әзірлікті тексеремін.
-- Міне-міне… Енді бір минут күте тұрыныз.
Мембранадан болмашы гуіл естіледі. Қазір Панфилов Звягиннің
бұйрығы туралы бірдеңе айтар. Тәрізі, Толстуновтың, оның ӛз сӛзімен
айтқанда тіс қаққан саясатшының, болжауы дәл келген сияқты: осымен бітер.
Бозжанов босағада, ешкімге бӛгет жасамастан, қалшия қайран. Бітік
кӛздерінен тықыршып тұрғаны байқалады. Дауысты күшейтіп жеткізетін
мембранадан Панфиловтың әр сӛзін мұның да естігені аян. Қазір, мен
сияқты, Бозжанов та істің ақырын күтуде.
Трубкадан тағы да Панфиловтың қатты қарлыққан даусы естілді:
- Сіз тыңдап тұрсыз ба?
- Иә.
- Жолдас Момышұлы, Қызыл Горюныдағы бүкіл тобын басқару ісін
қолыңызға алыңыз.
Бұл сӛздердің мағынасын бірден байыптай қоймадым. Жаңылыс
есіткен жоқ па екенмін?
- Қалай? Не дедіңіз?
Трубканы құлағыма еріксіз жақындата ұстадым. Мірдің оғындай ӛткір
де қате сӛздер құлағымды жарып жібере жаздады:
- Армия қолбасшысының жарлығын жеткізіп тұрмын: Горюныда
жинақталған топты басқару ісі сізге тапсырылады. Және дұшпанның түнде
әрекет жасауы мүмкін екенін ескере отырып, мұны тезірек орындағайсыз.
- Бірақ қалайша? Бұл жерде полковник бар ғой.
Панфиловтың ыңылдағаны естілді.
- Сірә сіз, жолдас Момышұлы, қарамағымдағы адамдардың осындай
тәртіпсіздігі үшін, оларды бетімен жібергендігім үшін қолбасшының маған
сӛгіс беруін тілейсіз ғой деймін. Енді оның астарлап сӛйлеп тұрғанын
қиялымдағы шӛкім мұртты мысқылшыл емеуірінінен танығандаймын.
- Құп! - деп жауап қайырдым мен.
- Бәсе… Маған қандай сұрағыңыз бар?
- Жаралыларды тамақтандыруға тура келді. Полковник Малыхтың
жауынгерлерін де. Азық-түлігіміз аз қалды.
- Азық-түлік артқан арба біткенді, машина біткенді менің атымнан
тоқтатып, барын алыңыз.
- Құп!
- Міндетіңіз бұрынғыша. Ұқтыңыз ба? Ал енді, сақ болғайсыз.
Кӛріскенше, жолдас Момышұлы.
Проводтың сонау арғы шетінде трубка ілінді. Мен де трубканы ілдім.
Бозжановқа қарап едім. Маржандай тізілген тістерін ақсита, мәз-мейрам
болып күлімдеп, кӛздері жайнап, маған балаша шаттана қарайды.
- Неге мәз боласың?
- Ақсақал!
Соғыста туған біздің хикаямыздың желісі шытырман түрге еніп,
барынша шиеленіскен сәттерде Бозжанов осы сӛзді қолданатын. Қазір бұдан
499
массаттану лебі еседі. Ақсақал, тамаша ғой бұл! Лайықты сӛз іздеп, ол екі
қолын бірдей жоғары кӛтерді. - Дәуірлейтін болдық енді!
- Билеп кетуге де дайын тұрсың ғой деймін?
Күлімдеген бойы, Бозжанов екі қолын тӛмен түсіріп, ӛкшелерін
тықылдата біріктіріп, қаздия қалды.
9
Қайта оралып келемін. Қасымда, жарты қадамдай кейініректе,
айнымас Бозжанов бар.
Осы түнде менің штабыма тап болғандардың бәрі менің хабарымды
елеңдеп күтуде. Бәрі де мені армиялық байланыс торабына неге шақырғанын
білуге құштар.
Полковник Малых сәл шалқайып, кереует үстінде отыр. Біраз ұйқтап
алғаннан кейін ол ӛз жауынгерлерінің арасында болып қайтқан. Қатты
шаршап қалжыраса да, әзер отыр. Ашаң жүзі әліде солғын.
- Отыр, Момышұлы, отыр, - деді ол.
Енді мұның, елудегі осы полковниктің, менің қарамағыма ӛтетінін
қалай айтпақпын? Жоқ, бұл сӛзді айтуға аузым бармайды. Қолбасшы, әрине,
асығыстық жасаған ғой. Ал түрегеп тұру бір түрлі қолайсыз, отыра да
алмаймын. Мен былай дедім;
- Армия қолбасшысынан телефон соққан дивизия командирі. Звягин
жолдас та сонда екен (Япырау, Звягинді бұл жерге қыстырып нем бар?!)
Дұшпанның түнде атака жасауы мүмкін деп ескертті генерал… Сізді де
сұрады, жолдас полковник.
Құрысын, айтуға батпай тұрмын!
- Ал! Неге қүмілжисің?
- Сізді осында, сізге қарасты штаб ӛз адамдарын тәртіпке келтіруде
деп мәлім дедім, жолдас полковник. Осындағы ең үлкен бастық сіз екеніңізді
айттым.
Әңгімені әр саққа жүгіртіп, басқару тізгінін Малыхтың қолына беру
жағына бейімделіп келемін. Ӛйткені устав бойынша мұндай жағдайда үлкен
бастықтың басқаруы ләзім ғой.
Кенеттен:
- Ақсақал! - деген әрі ӛктем, әрі ызалы дауыс естілді.
Бозжановқа қарай бұрылдым.
- Ақсақал! Тізгінді ӛз қолыңызға алыңыз. Бұйрықты орындаңыз.
Осынау қатаң да ӛктем дауыс бойыма қуат бітірді. Ӛзіне жүктелген
борыш талабын енді жан-тәніммен сездім. БОРЫШ - бұл сӛзді бадырайтып
тұрып ірі әріптермен жазғайсыз - Бозжановтың даусымен: орында! - деп әмір
етті маған. Қобалжу да, батылсыздық та лезде ғайып болды. Мен бойымды
түзеп, ресми түрде сӛйледім.
500
- Жолдастар! Дивизия командирі маған Горюныдағы бүкіл әскери
топты басқару жӛнінде бұйрық берді. Жолдас полковник, мәлімдеңіз: сізде
қанша күш бар?
Сәл тым-тырыс. Міне енді полковник орнынан тұрды. Бұл жағдай
қазір шаршап-шалдыққан осы кісінің намысына да қатты тиген еді, бірақ
ӛзін-ӛзі біліп алып, штаб бастығынан сұрады:
- Дормидоныч, сен қалай деп білесің, бізде қанша күш бар?
- Әзірше бізде екі жүз жетпістей немесе екі жүз сексендей адам бар,
жолдас полковник. Тағы жинаймыз.
Бұдан кейін Дормидонов қару-жарақ туралы хабарлады: танкке қарсы
лақтыратын гранаталары, пулеметтері бар екен. Басқалары да кезегімен
мәлімдеп ӛтті.
10
Мен деревнядан біраз тысқары тұрған, темір жол күркесіндегі жаңа
басқару пунктіне орналастым. Алдыңғы дәлізінде кішкене пештің оты
лаулады, білтелі шырағдан жағылды, үлкендеу бӛлмеге ӛз шамымыз,
телефонымыз, Рахимовтың қағаз шаруашылығы апарылды. Тимошин менің
жаңа әскерлерімнің бәрімен байланыс орнатты. Тындырымды Рахимов, «Ӛз
кӛзім - кӛреген» деген мәтелге сәйкес, соларға барып, кейін қағаз бетіне дәл
түсіру үшін позицияларын кӛріп шықты. Түнгі күзеттің қырағылығын
тексеру үшін Толстунов пен Бозжановты роталарға жібердім.
Түн байқаусыз зымырап ӛтті. Ұрыс ақпарларының тілімен айтқанда,
дұшпан белсенділік кӛрсете қойған жоқ. Жарықты бүркемелейтін перде
ретіндегі плащ-палатканың бір шетін түріп, сыртқа қарағаным есімде:
қараңғы түнек сәл селдір тарта бастағандай кӛрінді. Дәл осы минутта
Панфилов телефон соқты.
- Қайырлы таң, жолдас Момышұлы.
Сәлемдесіп болғаннан кейін мен:
- Әзірше түн ғой, - деп қалдым.
- Е-е, түн түрілді ғой! Мұны ӛз пайдамызға жатқызуға болады. Бұл
түнді дұшпаннан ұтып алдық, тартып алдық. Бізге бергісі келмеп-ақ еді, кеше
оны біраз есеңгіретіп тастадық, лажсыздан ӛзін тәртіпке келтірумен
әуреленді. Бұл тек біздің сыбағамызға тиген нәрсе деп ойлайсыз ба?
Қателесесіз, жолдас Момышұлы.
- Мен ештеңе деген жоқпын ғой.
- Кӛзіңізден байқап тұрмын.
Панфилов ӛзінің әзіліне рақаттана күліп жіберді. Арамызда қарлы
алқаптар жатса да, менің анық аңдағаным бозарып атқан осы таңды кӛтеріңкі
кӛңіл күйімен қарсы алғаны күмәнсіз еді.
- Мен шай ішіп, тамақтана бастадым, - деді ол тағы да. - Былайша
айтқанда, жаңа қоныс ырымын жасаудамын. Ұқтыңыз ба?
501
- Мен де жаңа қоныс иесімін. Жол күркесіне орналастым. Осы арадан
ӛзімнің құрама әскерлерімді басқарудамын.
- Құрама әскерлермен қоштасуыңызға тура келеді, жолдас
Момышұлы. Полковник Малыхты барлық күшімен менің қарамағыма
жіберіңіз. Оның барлық адамын босатыңыз. Елең-алаңда маған жетіп алсын.
Бұдан кейін Панфилов майор Юрасовты да қайтарып жіберу жӛнінде
бұйрық берді.
- Оған Ысламқұловтың отрядын беріңіз. Майордың әскерді бастап
келгені жӛн. Жиырма адам болса да, әйтеуір, әскер ғой. Ұқтыңыз ба?
Түнде Панфилов қарамағындағы адамдардың намысына тимеу
жӛніндегі пікірді жиыстырып қойған болатын. Ал енді мейірімсіз ӛмір
шындығының қияпатымен бір рет жәбірленген, жаны жараланған командирді
орынсыз қорламау, оның қасиетіне дақ түсірмеу жағын кӛздеп отыр.
- Жолдас Момышұлы, ӛз күшіңізге ғана, сӛз батальоныңызға ғана арқа
сүйеңіз. Және кешегі ұрысқа мәз болсаңыз. Сіз бен біздің біліп қойғаныңыз
жӛн, ұтыс пен ұтылыс қосақтаулы жүреді… Жан-жағыңызға кӛз салыңыз. Оң
жағыңыз бен сырт жағыңызға тосқауыл қойыңыз. Заевтың ротасын әкетіңіз.
Ӛткен кеште ғана Панфилов Заевтың ротасын кӛшіруді «кідірте
тұрайық» деген еді, ол енді таң шапағы білінбей тұрып-ақ «әкетіңіз» деп
бұйырды. Келесі қорғаныс шебінде қарсылық әзірлегенде, менің
батальонымда барлық әскердің алдына шығарып, жолдың ұрымтал жерінде
қалдырғанда ол, бұрынғысынша, менімен бүкпесіз сӛйлесті, ешқандай уәде
бермеді, шындықты кӛмескі де алдамшы жұбанышпен бүркемеді.
- Кәнеки, кӛзіңізге тағы бір қарайыншы, деп әзілдеді ол қайтадан. -
Ымм… Жо-жоқ, айтпаймын… Айтпаймын, әйтпесе кішіпейілділікті ұмытып
кетерсіз. Ал оны, жолдас Момышұлы, ешқашан да, ешбір жағдайда да
ұмытуға болмайды. Ӛйткені кішіпейілділік адамгершілік кӛркі. Ұқтыңыз ба?
- Құп! Ешқашан да ұмытпаймын!
- Менің сізбен байланысым бүгінге үзілмес деп сенемін, Бәрін
хабарлап тұрғайсыз. Сау-сәлемет болыңыз, жолдас Момышұлы!
Мен қолымды қусырып, әңгімені ой елегінен ӛткізіп, телефонның
қасында тағы біраз отырдым. «Кішіпейілділікті ұмытпаңыз», деді. Әрине,
Панфилов мұны бүгінгі күннің тағылымы ретінде ғана ұсынған жоқ. Бұл -
болашаққа, ұзақ дәуірге арнап айтқан ӛсиеті. Демек, алда, қиырдағы
болашақта Панфилов мені тірі жүреді деп біледі. «Үміт нышаны бойыңызға
қуат берсін». Оның таяуда айтқан ақ тілеуі осындай еді. Ол қазірде осыны
айтып отыр ғой, тек ӛзгешелеу мәнерде айтты. Ӛзгеше әрі сенімдірек.
Бірақ ойланып-толғанар уақыт жоқ. Мен телефон трубкасын алып,
генералдың жарлығын орындауға кірістім.
502
Достарыңызбен бөлісу: |