Клетка биологиясы docx


III-ТАРАУ КЛЕТКА ОРГАНЕЛЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет15/38
Дата19.11.2022
өлшемі329.02 Kb.
#465227
түріҚұрамы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38
Клетка биологиясы.docx

III-ТАРАУ КЛЕТКА ОРГАНЕЛЛАРЫ
Жоғарыда айтқандай, цитоплазмада мембраналы жəне мембранасыз компоненттер
кездеседі. Мембранасыз компоненттерге микротүтікшелер, құрамында микротүтікшелер
кездесетін органиодтар, микрофиламенттер жəне микрофибрилдер жатады. Мембраналы
органеллаларға эндоплазмалық торлар (тегіс жəне кедірлі-бұдырлы), лизосомдар, Гольджи
комплексі жəне екі мембраналы митохондриялар мен пластидтер жатады.
Эндоплазмалық тор.
Эндоплазмалық торды 1945 жылы К. Портер электронды микроскоптың көмегімен
тауық балапандарының фибробластарынан тапты. Фибробластарды бекітіп жəне бояп
барып жарық микроскопымен қарағанда оның цитоплазмасындағы эндоплазма аумағы
эктоплазма аумағына қарағанда бояуды жақсы қабылдайтыны анықталды. Ал эндоплазма
аумағының қуыстар мен каналдардан тұратының жəне олар бір-бірімен байланысып
барып, күрделі тор түзетіні байқалды, 1950 жылдары өте жұқа кесіндіңі жасау əдісі
жетілгеннен кейін эндоплазманың құрылысы толық анықталды. Эндоплазмалық тор
негізінде барлық эукариотты клеткаларда жақсы жетілген.
Эндоплазмалық тор түйіршікті (кедір-бұдырлы) жəне жазық болып келеді (5-cурет).
Кедір-бұдырлы эндоплазмалық тор ұзынша келген каналдар мен қуыстардан
турады (8-cурет). Қуыстардың ені 20 нм, кейде олардың диаметрі бірнеше мкм-ге дейін
барады, бұл құбылыс эндоплазмалық тордың қызметіне сəйкес өзгеріп отырады.
Түйіршікті эндоплазмалық тор мембранасының гиалоплазмаға қараған бетінде тығыз
түйіршіктер орналасады, оның басқалардан айырмашылығы да осында. Бұл түйіршіктерді
зерттегенде оның рибонуклеопротеидтерден тұратыны анықталды. Ал
рибонуклепротеидтердің өзі рибосома деп аталады. Түйіршікті эндоплазмалық тор белок
синтездейтін клеткаларда жақсы жетілген, өйткені рибосомдар белок синтездеу процесіне
қатысады. Эндоплазмалық тор барлық жануарлардың, өсімдіктердің,
қарапайымдылардың клеткаларынан табылды. Жетілген эритроциттерде, көк жасыл
балдырларда эндоплазмалық, тор кездеспейді. Эндоплазмалық тордың құрылыстары мен
даму ерекшелігі клетканың түріне байланысты. Мысалы, эндоплазмалық торлар секрет
бөлетін, əсіресе, белок синтездейтін клеткаларда жақсы дамиды (қарын асты безінің
ацинозды клеткаларында, бауырда т. б.).
Түйіршікті эндоплазмалық тор кейбір клеткаларда шашыраңқы мембрана түрінде
кездеседі. Ал бауыр клеткаларында эндоплазмалық торды шоғырланған аймақ (Берга


денешігі) нерв клеткаларындағы эндоплазмалық тор орналасқан аймақты Ниссель
денешігі дейді. Электронды микроскоп осы аймақтың эноплазмалық тор түтікшелері мен
каналдарынан тұратының анықтады. Биохимиялық əдістерді қолдана отырып,
эпдоплазмалық тордың негізгі компоненттерін клеткадан бөліп алуға болады. Ол үшін
клетканы дифференциалды центрифуга арқылы фракцияларға бөледі. Одан алынған
клетка гомогенаттары тұнбасынан ядро, макросом (митохондрия фракциясы) жəне
микросом фракциялары алынады. Осы микросом фракциясында белок биосинтезі
жүретіні толық анықталды, өйткені микросом фракциясында эндоплазмалық тордың
көпіршіктері жəне рибосомдар орналасқан. Ал егер сол фракциялары эндоплазмалық
тордың мембранасын ерітсе, онда таза рибосомдар бөлінеді. Сонымен, түйіршікті
эндоплазмалық тор белок биосинтезі жүретін орталық болып саналады.
Эндоплазмалық тордың мембранасындағы рибосомдардың көп болуы
синтетикалық процестің күшті жүретінің көрсетеді. Мысалға сүтқоректілердің
желіндемеген кезінде клеткада болатып рибосомдардың 25%-і ғана эндоплазмалық тордың
мембранасымен тығыз байланыста болады, ал желіндеген мезгілінде цитоплазмадағы
рибосомдардың 70%-і эндоплазмалық тормен байланыста болады. Клеткада
дифференциалдану процестері жүргенде жəне патологиялық жағдайда эндоплазмалық
тормен байланысқан рибосомдардың саны күрт азаяды. Өсіп келе жатқан клеткада немесе
клетканың бөлінер алдында белок молекулалары күшті синтезделеді, мұндай клеткаларды
негіздік бояғыш заттармен бояғанда цитоплазма базофильді болады. Бұл құбылыс
клеткада РНҚ- молекуласының көптігін жəне белок синтезіне қатынасатын
рибосомдардың молдығын көрсетеді. Сонымен рибосомдар белок синтездеуде үлкен рөл
атқарады. Эндоплазмалық тордың мембранасында орналасқан рибосомдар (түйіршікті
эндоплазмалық тор) сыртқа (экспортқа) шығатын белоктарды синтездеуде басты қызмет
атқарады. Мысалы, қарын асты безінің, ацинус бөлігінің клеткалары көп мөлшерде
ішектердегі астарды ыдырататын белок-ферменттерді шығарады (протеиназа, липаза,
нуклеаза т. б.). Бауыр клеткалары — қанның альбуминін, плазмоциттер - глобулиндерді,
сүт бездері - казсинді, сілекей бездерін - ас қорыту ферменттерін - амилазаны жəне
РНҚ-азаны жəне т. б. Бөледі. Былайша айтқанда, көп клеткалы организмдердің клеткалары
организмнің зат алмасу процесіне қажетті белоктарды синтездейді.
Кейбір жылдам көбейетін клеткаларда дифференциалданбаған эмбрион
клеткалары, ісік клеткалары немесе регенерация жүрген ұлпалардың клеткаларында
рибосомдар полисом түрінде гиалоплазмада орналасады. Олардың негізгі қызметтері —
клетканың өзіне керекті белоктарды ғана синтездеу. Түйіршікті эндоплазмалық тор белок
синтездеуден басқа, синтезделген заттарды тасымалдау қызметін де атқарады.
Эндоплазмалық тордың, каналдарының бойымен тасымалданған белоктар Гольджи
аппаратына барып түседі. Онда синтезделген заттар жинақталып, тығыздалып Гольджи
аппаратының көпіршіктеріне беріледі, олар арқылы цитоплазмаға бөлінеді немесе
клеткадан сыртқа шығарылады.
Жазық эндоплазмалық тордың түйіршікті эпдоплазмалық торға қарағанда бір
айырмашылығы оның мембранасының бетінде рибосомдар орналаспайды. Олардың
қуыстары мен каналдарының диаметрі 50—100 нм шамасындай болады. Жазық
эндоплазмалық тор клеткалардың атқаратын қызметтеріне қарай цитоплазмада əр түрлі
шоғырланады. Кейбірі клеткалардың апикальды (жоғарғы) бөлігінде орналасса (Ішек
клеткаларында), ал қайсыбірі цитоплазманың едəуір бөлігін қамтып, біртектес орналасады
(ұрық клеткаларында). Көптеген тəжірибелер жазық эндоплазмалық тордың түйіршікті
эндоплазмалық торға жəне керісінше, түйіршікті жазық тордың эндоплазмалық торға
ауысып отыратының дəлелдеді. Мұндай құбылыс клеткалардың атқаратын кызметтеріне
тікелей байланысты. Мысалы, эмбриональды организм ұлпасының даму барысында бауыр
клеткаларында түйіршікті эндоплазмалық тордың бірінші кезеңде ал жазық
эндоплазмалық тордың ең соңғы кезеңде пайда болатының дəлелденді. Қорытып айтқанда,
эндоплазмалық торлар бір түрден екінші бір түрге ауысып отыратын, өзгермелі органоид


екен. Эндоплазмалық тордың екеуі де сырттан келген əсерлерден өзгеріп отырады. Жазық
эндоплазмалық тор негізінде майлар мен көмірсулар синтездеуде үлкен рөл атқарады.
Жазық эндоплазмалық тор синтезделген заттарды тасымалдауда, мембраналардың
құрамына кіретін липидтерді синтездеуде, иондарды тасымалдауда жəне жинақтауда, зат
алмасу процесінде пайда болған зиянды заттарды клеткадан шығаруда зор қызмет
атқарады. Жазық эндоплазмалық тор стереоидты гормондарды синтездеп немесе
мембраналардың құрамына кірмейтін липидтердің метаболизмін реттеп отырады. Гольджи
аппараты (ГА) эндоплазмалық тормен тығыз байланыста жатады. Жоғарыда айтқандай
эндоплазмалық торда синтезделген заттар оның қуыстарымен немесе каналдарымен
тасымалданып, аппаратқа барып түскен бетте толық синтезделген заттар оның
көпіршіктері арқылы клеткадан сыртқа шығарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет