292
сүйеніші қол бастаған батыры, ел бастаған ханы мен биі ел қиялында
жоғары бағаланған. Болашақ батырдың дүниеге келуі әдеттегі адам
тууынан өзгеше екені, олардың жаратылысына табиғаттың тылсым
күш иелері, әулие, пері т.б. сияқтылар
араласатын ерекшеліктері
батырлар жырына тән екені жан-жақты қарастырылған. Жыр үлгілерін
дәйектеуде ізденуші, көбінесе бұрыннан сақталған дәстүр үлгісі мен
бергі заманда қосылған қосындының, яғни жамаудың аражігін
ажырату үшін тарихи зерттеу әдісін көп қолданады. Кейбір жырларда,
мәселен, «Едіге батыр» үлгісінде араб, парсы ертегілерінде кездесетін
сюжет ұқсастықтары бар деуі [376, 6
б.
] т.б.- бәрі де ғалымның
мәтіндердегі кездесетін сюжет сабақтастығын ажырату үшін
типологиялық зерттеу әдісіне сүйенгені байқалады. Сонымен қатар
жырда кездесетін басты қаһарман бейнелеріне, олардың сүйген жары,
мінген аты- тұлпары, тіпті жыр оқиғасына, жер-су аттарына қатысты
аңыз деректерді т.с.с. жан-жақты тарихи тұрғыдан сараптау
жұмыстарын жүргізген.
Демек сол заманның өзінде
фольклордан тарихтың ізін, тарихи
оқиғаны, ондағы жер-су, қала аттарын, тарихи тұлғаларды көп іздегені
аңғарылады. Бұл сол тұстағы қазақ фольклортану ғылымына орыс
тарихи мектептің әсері басым болғанын көрсетеді. Дегенмен қазіргі
кездегі зерттеушілер фольклордан тарихи оқиғаны іздеу дұрыс
еместігі сөз болғанда, негізінен, тарихи оқиғаның ізі тек тарихи жырда
ғана сақталады деген қорытындыға келіп отыр.
Мұндағы Едіге батыр бейнесі талданғанда ғалым оларды әдеби
образ деп қараған. Мәселен:
«Едіге бұл әңгімеде түрік жұртының
жақсысы, мінезді жақсы. Бұдан көрінеу жаулыққа, көрінеу
қастыққа тез көрсететін қарсылық жоқ. Қуаныш пен қорқыныш,
сүю мен жирену сияқты сезім билеген мінез жоқ. Ақылына билеткен,
ішінде сыр сақтай білетін, кең сабырлы, қалталы батыр»,- деген
[376, 60
б.
]. Әдеби бейнені талдаудағы тура мінездеу үлгісін
қолданған. Бұдан кейінгі талданған жырлар («Қобыланды», «Ер
Тарғын», «Ер Сайын» т.б.) кейіпкерлерін ұнамды, ұнамсыз деп бөліп
қарастырғанда, көбінесе олардың
жағымды сипаттарына ғана
тоқталады.
М.Әуезов өзінің «Әдебиет тарихы» (Қызылорда, 1927) атты
монографиясында «Ер Сайын» жырын « батырлар әңгімесі»
ұғымында алып, негізгі қаһарманы- Ер Сайынның өзіндік
ерекшеліктеріне: пірдің батасы, тілеуімен туып, пірдің қорғауымен
тіршілік ететініне т.б. баса назар аудартады. Одан әрі жырдың
қысқаша қара сөзбен баяндалған мазмұны беріледі [376, 85-87
б.
].
Жалпы мұнда қысқа да болсын (2 бет көлемінде) жырдың негізгі
293
сюжеттері толық баяндалған. Ғалым кітабының «Ер
Сайын
әңгімесінің мәнісі» атты бөлімінде бас қаһарманның жеке өз басына,
жырдың шамамен шығу тарихына, жырдың мезгілдік-мекендік
ерекшеліктеріне т.б. тоқталады. Сонымен қатар М.Әуезов Сайын
бейнесіне ерекше назар аударғаны: баласыздық зарынан бастап
батырдың ерекше тууы,
пірлердің араласуы, жебеуі, түске кіріп аян
беруі, тіпті дүниеге әлі келе қоймаған қаһарман есімдерін де түс
арқылы нақты белгілеп атауы т.б. Сайынның қиындық көру себептері
де біршама сөз болған: бірі-қолдаушы ата пірін ұмытқандығы себепті
деп талданса; екіншісі- көнеден келе жатқан салт- дәстүрді
орындамауы, яғни жауырыншының айтқан ақылына тоқтамауы;
үшіншісі- ел батыры Қобыланды сияқты ағасына қарсы шығуы деп
қарастырылады. Мұнда Сайын батырдың бас кемшілігі- батырлығы,
ерлігінде т.б. емес, керісінше,
өзінің мінез, бітім болмысында
екендігін ғалым М.Әуезов былай түсіндіреді:
«...Батыр құр ғана қол
Достарыңызбен бөлісу: