302
ұшырасады» [379, 31
б.
],- дейді. Ендеше
ғалым фольклордың қара
сөзбен жазылған прозалық үлгілерімен қатар, поэзиялық үлгілері де
көп кездесетіне мән бергенін көреміз. Х. Досмұхамедұлы:
«Халық
әдебиетін тудырушы және сақтаушы қазақ халқының өзі
болғанымен, халық творчествосын жарқыратып көрсетушілер:
өлеңшілер , халықтың суырып салма ақындары және халық билері»
[379,32
б.
],- дей отырып, фольклор үлгілерінің өмір сүру жағдайына
да мән беріп, оны орындаушыларға
алғашқылардың бірі болып
көңіл аударады:
- фольклорды тудыратын адамдар;
- жер-жерде тарататындар;
- тіл тазалығы үшін күресетіндер;
- ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетіндер;
- халық әдебиетін жасаушылардың есімдерінің сақталмай қалу
себептері;
- үлгілердің белгілі бір себептермен авторы белгісіз, халықтық
шығармалар қатарына қосылуы, т.б. сөз болады.
Одан әрі зерттеуші түйіні фольклорлық нұсқалардың өмір сүру
формалары, ауызекі дамуы, көп вариантты болуы т.б. [379,32
б.
] –
бәрі
халықтың өткен тарихымен, айтушылардың есте сақтау
қабілетімен , ең бастысы, мәдени мұраға деген елдің сүйіспеншілігі,
өткенге құрметі, рухани күш- қуатымен т.б. байланысты дегенге
әкеледі.
Сондай-ақ ғалым ел арасында кең тараған нұсқалардың көп
нұсқалы болу себептерінің тегі мен табиғатына да тоқтала кетеді
[379,33
б.
]. Нұсқа неғұрлым көне болған сайын
нұсқалары да көбейе
түсетіндігін дәлелдеуге тырысқан ол, сол үлгілердің бойында
коллективтік шығармашылықтың белгілері кездессе, сөз жоқ, халық
әдебиетіне жататынын діттейді.
Одан әрі ХХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ фольклорын әрі
жинаған,
әрі жариялаған, әрі зерттеген ғалым Ә.Диваевқа қатысты
құнды деректерді де келтіреді:
«Қазақ халық әдебиетінің нағыз
Достарыңызбен бөлісу: