Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет105/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

анық болып өткен тарихи оқиғадан туады... Сол дәуірде арнаулы 
оқиғаның қақ ортасында болған атақты адамдардың басынан 
кешкен өмір, қолымен істеген істің жыры болады. Тарихи
 
өлеңдердің ішіндегі адамдар жалпақ елге аты белгілі қадірлі, сүйікті 
адамдар. Сол адамдардың істеген ісі, беттеген мақсаты, көптің 
өміріне қозғау салған әсері, көптің аузында неше алуан әңгіме болып 
қалады. Бұл әңгімелердің көбі сол оқиғалардың ішінде болған, көзі 
көргеннің әңгімесі. Сондықтан сөзі мен суреттерінің шындығы 
көбінесе даусыз»,- деген анықтама береді [376, 140-141
б.
]. Тарихи 
жырлар қатарында «Кенесары-Наурызбай», «Исатай-Махамбет», 
«Бекет батыр» үлгілері әдеби тұрғыдан талдауға түседі. Олардың
барлығы әлі жиналып болмағаны; нағыз «тарихи өлеңдер» басталатын 
кезі Абылай заманынан бері қарай екендігі; бұларды ел тіршілігінің 
тарихы тарихта орын алған ұлы оқиғалар тудырғаны сөз болады. 
Сондай-ақ осында қарастырылған тарихи кезеңге байланысты: «Халел 
Досмұхамбетовтың «Исатай-Махамбет» жырының басына жазған 
баяншысы мен Қошмұхамбет Кемеңгеровтың «Қазақ тарихынан» 
деген еңбектерін қарап өтсін дейміз»,- деген [376, 143
б.
] ғалым
пікірі беріледі. Демек бұл кезеңдегі тарихтан көбірек мағлұмат алу 
үшін аталған еңбектерді қарап шығу қажеттілігі ескертілуі ғалым 
пікірінің маңыздылығын арттырады.
Еңбекте ертегі жанры да сарапталған [376, 168-171
б.
]. Жанрлық 
ерекшелігі де т.б. неғұрлым аз сөз болған- осы ертегі жанры. Мұнда 
ғалым: 
дүниенің 
жасырын 
сырларын 
ашуды 
мақсат 
ете 
бермегендіктен, халық өзіне белгісіз заттың барлығының себепшісі 
құдай деп табынған түсініктің ертегілердің пайда болуына ықпал 
етті дегенді айтады. Оларды зерттеуші әңгіме жанры деп 
қарастырған. Одан әрі ғалым ертегілер ішіндегі адамдар ерекше істер 


296 
істейтінін, олардың әр түрлі күйге түсіп құбылатынын сөз қылады. 
Ертегі оқиғасы өрістеген орын да, оның мезгілі де белгісіз болатыны, 
яғни әдеттегі жай өмірден бөлек, өзгеше болып жасалатын әрекеттер 
ертегі де дағдылы іс болып саналатыны, ертегі сөзін түгелімен ойдан 
шығарылған деп есептеуге келмейтіні, онда ескі заман ұғымының
сақталып қалғаны ғалым тарапынан сөз етеді. М.Әуезов ертегілерді
іштей әуез ертегі, салт, яки үлгі ертегі, мысқыл-мазақ ертегі, өтірік 
әңгімелер түріне ажыратқан. Мұндағы ертегілерді іштей жіктеу үлгісі 
қазіргі фольклортану ғылымында қолданыста жүрген қиял-ғажайып, 
тұрмыс-салт, хайуанаттар жайындағы ертегілер атауына мүлдем 
сәйкес келмейді. Демек ертегілерді бұлай ажырату себебін ғалымның 
арнаулы фольклортанушылық білімі болмауымен, әрі ертегі 
жанрының өзіндік ерекшеліктерін т.б. ескермеуімен түсіндіруге 
болады. Бұған сондай-ақ сол кездегі фольклортану ғылымының 
балаңдығы да, яғни бұған дейінгі еңбектерде тұщымды зерттеулердің 
т.б. болмауы да әсер етті.
Дегенмен, ғалым М.Әуезов ертегіге: «Кейбір ертегілер ескілікті
дүниені түсінуін білдіретін болып сол ескі замандағы ұғымның 
белгісін сақтап қалғаны бар. Ондай ертегілерді ескілік әңгімесін- 
әуезе дейді»,- деген анықтама береді [376, 169
 б.
]. Ал, бұған қандай 
ертегілер жататыны турасында мысалдар берілмеген. Ал, келесі 
ертегі түрін: «... сол ескілікті ұғымды білдірумен бірге елдің ескі салт 
әдетін де білдіретін болады. Белгілі үлгі-өсиет шығаратын да
ертегілер бар. Бұларды салт ертегісі, яки үлгілі ертегі дейді»,- деп, 
ғалым дәлел ретінде «Құла мерген» ертегісін келтіреді. Демек 
мұндағы сөз болып тұрған ертегі түрі қиял-ғажайып ертегіге ұқсайды. 
Сондай-ақ бұл ертегінің қоғамда атқаратын тәрбиелік қызметіне де 
ғалым ерекше мән берген.
Еңбекте «Айтыс өлеңдері» де сөз болады [376, 171-191
 б.
]. Мұнда 
ғалым: ауызша әдебиет ішінде айтыстың көп кездесетінін; айтыс 
болмаса, ойын-тойдың қызықсыз өтетінін; айтыстың әлі күнге шейін 
жазылмай, жиналмай жүргені толып жатқанын; қазақ дәстүрінде 
айтыстың өте жанды, өте қызулы, бағалы екені сөз болады. Сондай-ақ 
өзге жұрттың әдебиет тарихында айтыс туралы бөлімнің жоқтығын; 
суырып салма ақындар ерекшелігін; айтыста білім таласы, жұмбақ пен 
ой тартысы болатынын т.с.с. жан-жақты талдайды. Мысал ретінде, 
«Біржан мен Сара», «Мұрат пен Жантолы», «Кемпірбай мен Шөже» 
«Сабырбай мен Тасыбай» т.с.с. айтыстарынан үзінділер келтірілген. 
Одан әрі «Билер айтысы» [376, 188-191
б.
] және «Зар заман 
ақындары» сөз болады [376, 192-234
б.
]. Бұлар өзінің тегі мен 
табиғатына қарай қазақ халық ауыз әдебиетінен гөрі ауыз әдебиет пен 


297 
жазба әдебиетке жақын болғандықтан кеңірек тоқталуды жөн 
көрмедік. 
Қорыта айтқанда, М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» атты
монографиясы ХХ ғасырдың бірінші жартысында жаңа ғана 
қалыптасып келе жатқан қазақ фольклортану ғылымында қазақ 
фольклорын зерттеудің т.б. бастау көзі болғаны анық. Бұл кітап 
ғалымның қазақ фольклоры тарихын жасау жолындағы тұңғыш 
талпынысы, әрі осы салада жазылған күрделі еңбек екені сөзсіз. 
Кеңес өкіметі орнасымен-ақ Қазақстанда ана тілінде оқылатын сан 
түрлі оқу орындары қаптай ашылып, қазақ тілі мен әдебиеті арнайы 
пән ретінде тұңғыш рет оқыла бастауы- осы салада жазылатын 
оқулықтарға деген талап-тілекті күшейткені анық. Бұл еңбекте алғаш 
рет қазақ фольклорының жанрлық ерекшеліктері, түрлері, оларға 
берілген тұңғыш анықтамалары т.б. қамтылған. Зерттеу нысанасына 
алынған белгілі бір фольклорлық шығарма әрі тарихи, әрі 
типологиялық принцип тұрғысынан саралануы - сол кез үшін айта 
қаларлықтай сонылық, жетістік еді. Демек бұл еңбекті жазу 
барысында автор ұстанған бұл әдіс- тәсілдер әлі күнге дейін әрі 
практикалық, әрі методологиялық маңызын жойған жоқ және кейінгі 
зерттеу жұмыстарына үлгі болғаны күмәнсыз. 
Белгілі 
қоғам 
қайраткері 
Х.Досмұхамедұлының
қазақ 
фольклортану саласындағы еңбектері назар аударарлық [377]. 
Зерттеуші 
Р.Т. 
Әлмұханова 
диссертациясында 
[378]
Х.Досмұхамедұлының әдебиет зерттеушісі ретінде: өмірбаяндық 
деректеріне қатысты Қазақ білім комиссиясындағы, «Сана» журналы 
мен «Талап» қауымындағы қызметтері: Абай, Махамбет, Шернияз, 
Нысанбай, Мұрат, Базар ақындар туралы білдірген пікірлерімен қатар, 
аталып отырған ғалымның фольклортанушылық қызметі де арнайы 
сөз болған. Яғни онда: «Қазақ халық әдебиеті» баяндамасы мен 
«Аламан» жинағына жазған алғысөзінің мән-маңызы, қазақ 
фольклорының жүйе кестесін жасаушы ретіндегі т.б. еңбегі 
сараланған. 
Х.Досмұхамедұлы Батыс Қазақстанның фольклор мен ауыз 
әдебиеті үлгілерін жазып алумен шұғылданған. Ташкент қаласында 
шығып тұрған баспасөз беттерінен ол жинаған халық әдебиеті 
үлгілерін басылып отырған. 
Х.Досмұхамедұлының фольклортану саласындағы оқшау тұратын 
еңбегі- «Қазақ халық әдебиеті» атты (1928) очеркі. Бұл очерк іспетті 
баяндама көлемі жағынан басқа зерттеу кітаптарына қарағанда аз 
көрінгенмен, маңыздылығы жағынан көтеретін жүгі мол 
болғандықтан, монография бөлімінде қарастыруды жөн көрдік. 


298 
Х.Досмұхамедұлының «Қазақ халық әдебиеті» атты баядамасы 
ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Ташкенттен Қазақ жоғары педагогика 
институтының қазақ тілі кабинетінде оқылғаны белгілі [379,14-34
б.
]. 
Мұнда ол халық ауыз әдебиетінің түрлерін жіктеуді мақсат еткен. 
Ғалымның белгілі зерттеушілер В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, Ә.Диваев 
т.б. еңбектерімен жақын таныс болуы фольклордың жанрларын 
топтап, саралауына көмегін тигізді, Мәселен, өз баяндамасының
алғысөзінде: «Орыс әдебиетінде қазақ халық әдебиеті туралы сан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет