294
да («Ер Сайын» жыры), әрі осы үлгідегі В.В.Радлов нұсқасын жан-
жақты сараптағаны белгілі.
Мәселен, белгілі ғалым Т.Сыдықов өзінің «Қазақтың тарихи
жырлары және бүгінгі ғылым» атты еңбегінде («Қазақ фольклорының
тарихилығы» ішінде .-А:Ғылым.1993.-Б.130-177) «Ер Сайын»
жырын
ескі батырлық жырына жатқызады. Сонымен бірге ғалым осы
еңбегінде «Ер Сайын» жырының ХІІІ-XV ғасырлардағы Алтын Орда
тарихымен байланысты туған ноғайлы циклімен тектес дегенді де
айтады.
Кітапта «Ел поэмалары» деп [376, 106-139
б.
] зерттеуші лиро-
эпикалық жырлар «Қозы Көрпеш-Баян», «Қыз Жібек» нұсқаларын
атаған. Қазақ фольклортану ғылымында бұлардың лиро-эпостық,
немесе ғашықтық эпос түріне жататыны белгілі. Ал, ғалымның бұл
жырларды ел поэмалары үлгісінде қарастыруы т.с.с.-
бәрі Кеңес
өкіметі заманында фольклорды, көбінесе әдебиеттану тұрғысынан
қарастыру әдісі басым болғанын көрсетеді.
Зерттеуші ғашықтық жырларға да анықтама береді:
«Батырлар
әңгімесінен кейін қазақ ескілігіндегі әңгімелі өлеңдердің бір түрі- ел
поэмасы болады. Бұған қосылатын «Қозы Көрпеш-Баян», «Қыз
Жібек». Бұл өлеңдер алдыңғыларша батыр жорығын жырламайды,
белгілі дәуірде қазақ елінің салт-санасы, кәсібі, елдігі қандай жайда
болғанын білдіретін сөздер. Бұның екеуінде де көшпелі кәсіппен ру
жігіне бөлінген, елдің ортасында өскен жастардың махаббат,
достық бағасын түсінуі көрінеді. Екеуі де сол көшпелі елдің салт,
ғұрпымен байланысқан махаббат жыры болады»,- деп, тұңғыш рет
шығарманың жанрлық ерекшелігіне тоқталады [376, 111
б.
].
Ғалым бұл жырлардың әлі де толық жиналмағандығына да т.б.
баса назар аудартады. Сонымен қатар зерттеуші әр үлгінің бірнеше
нұсқасы бар екеніне көңіл бөле отырып, олардың өзара мазмұндық
ұқсастығымен қатар сюжетінде де кейбір сәйкестік, өзгешеліктердің
кездесетінін ескертеді. Ал, көп нұсқалылық себебі:
көп айтушының
аузынан өткен үлгі болғандықтан ара-тұра ұмытылып, жаңылып,
байқалмай, ойсыз кіргізген өзгерістердің, яғни ықтиярсыз кірген
жаңалық ықпалы десе, сондай-ақ тыңдаушының тілегін, ақынның
ұнатқан ыңғайына қарай бейімделіп
кеткен өзгерістердің, яғни
ықтиярлы өзгерістердің әсері екенін дұрыс айқындап береді. Одан әрі
мәтін ішінде кездесетін бейнелер фольклорлық үлгіде көтерілген
тақырыпқа орай, яғни махаббат мәселесі тұрғысынан талданады.
Мәселен, талдауға түскен «Қозы Көрпеш-Баян» жырының үш
нұсқасын (бірі-Семей жерінен алынған туынды, екіншісі- В.В.Радлов
нұсқасы, үшіншісі- Жетісу жерінен жиналған Колпаковский үлгісі)
295
өзара салыстырады. Олардың сюжетінде, кейіпкерлерінде, кейіпкер іс-
әрекетінде өзгерістердің бар екенін ғалым дұрыс анықтайды. Міне,
мұнда зерттеуші нұсқаларды өзара ажыратудың әлемдік
фольклортануда қалыптасқан талаптарын орындағанын танытады.
Жырда кездесетін ұнамды бейнелермен қатар, ұнамсыз образ Қодар,
Қарабай да әдеби талдауға түскен. Сөйтіп, ғалым М.Әуезов
фольклорлық шығармаларды әдеби образдар жиынтығы деп
қарастырғанын көреміз.
Тарихи жырларды ғалым М. Әуезов «тарихи өлең» деп атаған
[376, 140-167
б.
]. Мұндағы тарихи өлең
деген атау орнына қазіргі
фольклортану ғылымында не тарихи жыр, не тарихи эпос деген
ұғымдарды пайдаланады.
Тарихи жырға ғалым:
«Тарихи өлеңдер ең алдымен ел тіршілігінде
Достарыңызбен бөлісу: