Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет111/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

кейбір құбылыстарын адамнан жоғары, «кереметті» деп біліп, 
тілегенше әрекет қылатын «аруақты», «биік құс» деп «иман 
келтірген». Сөйтіп жаратылыс түрлерінің, жырларының көбін 
«тәңір иелер» деп, наным қылатын... Сөйтіп «тәңірлерді» күштілер 
тобына ұқсатып жасап алған»,- дейді [382, 44
б.
]. Демек С. 


310 
Сейфуллин ертегілер бойынан бағзы замандағы халықтың өмірге 
деген көзқарасын тануға болатынын дұрыс айқындағанын көреміз. 
Сондай-ақ еңбекте: «Күштілер табының ықпалындағы надан,
бағы мал баққан аңшы көшпелі адам ол заманда түрлі хайуандар 
туралы, жаратылыстың түрлі заттары, құбылыстары туралы 
әңгіме қылғанда, өздерінің түсінулеріне шындап нанып әңгіме 
қылатын. Және оларды неше түрлі «керемет», «сиқыр» істеуге, неше 
түрлі құбылуға қолдарынан келеді деп те сенген. Солардың бірін 
әңгіме қылған өзінің қиялын шын тәрізді қылып айтатын. Білімі 
жетпей, жаратылыстың кейбір заттарынан, құбылыстарынан 
қорқып, тағылық тұрмыстағы надан адам, ондай заттардың,
ондай құбылыстардың кейбірін адамға зияндас, кейбірін адамға дос 
«иелер» деп сенетін»,- деуінен [382, 44
б.
], біз ғалымның фольклорды 
тарихи тұрғыда қарастырғанын танимыз. 
Одан әрі С. Сейфуллин : «Хайуандармен, аңдармен алысып,
адамнан болған жаулармен алысып жөнінде істелген істері, 
қайраттары, батырлықтары, жеңгендері туралы ертектердің 
берірек заманда шыққан бір түрлері ертедегі батырлар әңгіме, 
жырлары. Бұлардың неғұрлым ескірек заманда шыққандары 
соғұрлым нағыз ертек бола береді. Ал неғұрлым берірек заманда 
болған адамдардың батырлықтарын әңгіме қылса, соғұрлым 
шындыққа жақындай береді»,- дейді [382, 44
б.
]. Міне, мұнда С. 
Сейфуллиннің ертегі бойында кездесетін қиял мен шындықтың 
арақатынасын дұрыс ажыратуы, сөз жоқ, еңбектің ұтымды жағы
болады. 
Ал, ел арасында фольклордың өмір сүру жағдайын Сәкен 
Сейфуллин халықтың тұрмыс-тіршілігімен т.б. байланыстырады. 
Мәселен: «Бұрынғы заманнан, күздің, қыстың ұзақ кештерінде,
тыстағы қара түнді жамылған қоңыр желдің құбылған күйінің әуені 
мен ұйлыққан от басында әңгімелер, ертектер айтысып, тыңдасып 
отырысады... Сөйтіп, барлық ауыл әңгіме, өлең, жыр, ән айтысып,
тыңдасуды әдет қылатыны. Қысты күні келген қонаққа ауылдың 
сақа жігіт, сақа әйелдері бастаған жігіт-желең, қыз-қырқыны 
жиылып, ауыл болып жабылып «қонақ кәде» айтқызуды әдет, 
дәстүр қылып алған. «Қонақ кәдесі» әңгіме айтумен, өлең, жыр 
айтумен болатын. Ештеңе айта алмаған қонаққа, ойнап қысым 
қылатын. Ойнап істеген қысым шынға бергісіз болатын. Қонақ 
қысым көргенше, ойынан шығарса да, бірдеме айтып құтылуға 
тырысатын. Қонақ «қонақ кәде» айтудан бұрын, ауыл адамдары өз 
мойындарындағы «кәделерін» айтатын. Оны «ауылдың алты ауызы» 
дейтін. Үлкендердің әңгіме қылған, көрген білгендері, тыңдаған 


311 
жастарға, балаларға оқу тәрізді болатын»,- деген пікірінен [382, 44, 
46
б.
], біз С. Сефуллиннің фольклорды кейінгі жастарға әрі тәрбие, әрі 
үлгі, әрі оқу құралы т.б. түрінде ұсынғанын көреміз. Сондай-ақ
ғалым фольклорды этнография көзі деп те дұрыс ұйғарған. 
Одан әрі ғалым қазақ ертегілері ішінен: «Түйе, арыстан, қасқыр, 
түлкі, бөдене», «Түлкі, қойшы, аю», «Тоғыз тоңқылдақ, бір 
шіңкілдек», «Шық бермес Шығайбай мен Алдар көсе», «Алдар көсе 
мен тазша қойшы», «Алдар көсе мен егінші», «Хан мен өтірікші тазша 
бала» үлгілерінің мәтіндерін береді [382, 47-54
б.
].
Еңбектің «Салт өлең- жырлары» деген бөлімінде [382, 57-85
б.
] С. 
Сефуллин: «той бастар», «жар-жар», «сыңсыма», «жұбату мен үгіт», 
«бет ашар», «айт келін», «бесік жыры», «қоштасу мен өсиет 
жырлары», «естірту», «көңіл айту», «жоқтау» т.с.с. үлгілеріне 
қысқаша ғана сипаттама түрінде тоқталып, мәтіндерді де қоса келтіріп 
отырған. Мәселен, Сәкен Сейфуллин: «той бастар» өлеңінде, жыршы 
той қылушының әдетте «сәрсенбі сәтті күні» өтетін тойға көптің 
атынан құтты болсын айтылатынын баяндаса; «жар-жарды» мереке 
үстінде жігіт пен қыз екі жақ болып отырып айтысатынын дұрыс 
ажыратқан. Сондай-ақ «бет ашардың» келін түсіру үстінде 
орындалатынын да т.б. сөз қылады. Тек халықтың тұрмыс-тіршілігі, 
салт-санасы, әдет-ғұрпы, фольклорлық мұрасы- бәрі де тап айнасы 
тұрғысынан қарастырылады. Сәкен Сейфуллин тұрмыс –салт 
жырлары болып табылатын салт өлең-жырларына мынадай анықтама 
береді: «Бұл салада- қазақтың билер, хандар, батырлар, байлар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет