жинаушысы этнограф Әбубәкір Ахметжанұлы Диваев болды. Қырық
жылдан астам уақыт бойы, ол шаршамай-талмай қазақ халық
әдебиеті үлгілерін жинады, жүйеледі және орыс тіліне аударды.
Диваевтің жинаған материалдары, негізінен Сырдария облысынан,
200 баспа табаққа жуықтайды; олардың толық тізімі 1922 жылы
Ташкент қаласында шыққан «Наука и просвещение» журналында
берілген. Олардың 86 баспа табағын Диваев революцияға дейін
орыстың түрлі журналында бастырған» [379,33
б.
],- дейді.
303
Түйіп айтқанда, ХХ ғасырдың алғашқы жартысында Халел
Досмұхамедұлы «Қазақ халық әдебиеті» атты очеркісінде алғаш рет
қазақ фольклортану ғылымының бай тарихын жүйелі зерттейтін
жоба-үлгісін жасады. Ғалым өз еңбегінде өзіне дейінгі еңбектерді
міндетті түрде қарастырған. Сол арқылы ғылыми еңбек жазудың
алғышартын орындаған. Х. Досмұхамедұлы халық әдебиетін сөз өнері
деп қана қоймай, сондай-ақ халықты танудың әрі этнографиялық, әрі
тарихи дерек көзі ретінде дұрыс бағалаған. Сөйтіп, ол қазақ
фольклортанушы ғалымдары арасында алғашқылардың бірі болып
қазақ фольклорының библиографиялық көрсеткішін даярлады.
Фольклорды
зерттеумен
қатар
Х.Досмұхамедұлы
олардың
орындаушыларына да алғаш назар аударды, жүйеледі.
Ғалым саралаған ырым, дем салу, үшкіру, бал ашу, түс көру,
қарғыс сияқты фольклор түрлері ұзақ уақыт фольклортанушылардың,
фольклор үлгілерін жинаушылардың тарапынан тыс қалып келуі,-
бәрі ғалым Х.Досмұхамедұлы еңбегінің маңыздылығын арттырары
сөзсіз.
Сондай-ақ ғалым Х.Досмұхамедұлы еңбегінде қазақ халық
әдебиеті жіктемесінде берілген: ырым сөз, әпсана, хикая,
космогониялық әңгімелер, бақсының жын шақыруы, арбау, құмалақ
ашу, жауырын қарау, боғауыз өлең тәрізді т.с.с. түрлері алғаш рет
зерттеушілер назарына ұсынылғаны, сөз жоқ, ХХ ғасырдың 20-шы
жылдарындағы қазақ фольклортану ғылымы жеткен жетістігі болды.
ХХ ғасырдың басында М.Әуезов қазақ халық ауыз әдебиетін:
сыршылдық салт өлеңдері,әңгімелі өлеңдер, айтыс-тақпақ, ертегі,
мақал, мәтел, жұмбақ деген жанрларға бөлгені белгілі. 1930 жылдары
С.Сейфуллин де қазақтың халық поэзиясын осы тектес жанрларға
бөліп
қарайды.
Тек
С.Сейфуллиннің
принципі,
көзқарасы
М.Әуезовтен бөлек болды. Ол фольклорды таптық тұрғыда
қарастырады, ал бұл сол кездегі М.Әуезов еңбегінде жоқ. Олардың
ұқсастығы- жанрлық жіктеуде ғана, ал талдау шарттары, методикасы
әр басқа. Кей тұста, фольклордың өмір сүру жағдайын айқындауда
С.Сейфуллин үлкен білгірлік көрсетіп, М.Әуезовтен асып түсіп
жататын жерлері бар. Мәселен, С.Сейфуллин халық ауыз әдебиетінің
жасалуы феодализм дәуірі- «билер дәуірі» деп меңзейді.
Қазақстанның Ресейге қосылғанына дейінгі қазақ халқының өсіп-
өркендеуін
ол
жазба
әдебиетіміздің
тууымен,
ақындар
творчествосымен байланыстырады. С.Сейфуллиннің пікірінше,
феодализм дәуірінде әңгіме-ертегілер, салт жырлары, төрт түлік мал
туралы, түрлі хайуандар туралы жырлар, өлеңдер, билер сөзі,
мақалдар, жастық ойын, тақпақтар, күлкілі өлеңдер пайда болған
304
[381]. С.Сейфуллин өзінің кітабында қазақ эпосы тым ертерек
кезеңде- ноғайлы мен қалмақ руларының жауласуы тұсында шыға
бастағандығын айтады [381, 8-31, 163-225
б.
]. Ал мұнан былайғы
жердегі эпостың тағдырын, ол XVIII-XIX ғасырларда қазақ халқы
мен жоңғарлар арасында болған тарихи күреспен, «Ақтабан
шұбырынды» оқиғасымен байланыстырады [381, 28
б.
].
Халық ауыз әдебиетін зерттеуде 1920 жылдар мен 1930
жылдардың басында М.Әуезов пен С.Сейфуллин еңбектерінің дүниеге
келуі үлкен жаңалық болды. Дегенмен сол тұста халық поэзиясының
әлеуметтік- таптық мазмұны жайындағы мәселелер бұл еңбектерде
қарастырылмады деген сыңаржақ пікірлер де айтылады. Жанрларды
сипаттау үшін пайдаланған текстерінің ішінде қалай болса солай
кеткендері де кездеседі дей отырып, М.Әуезов пен С.Сейфуллин де
қазақ халық ауыз әдебиетінің тәуір үлгілерінің қатарына сол кезде
зиянды деп табылған «Кенесары-Наурызбай» тәрізді жырларды, зар
заман жайындағы өлеңдерді т.б. қосқан деп айыпталды. Міне, сол
кездегі ғалымдарға тағылған сын-пікірлердің қазір орынсыз екені
анықталды. Демек бұлар кезең ерекшелігі болып табылады.
Қазан төңкерісінен кейінгі Кеңес үкіметі дәуірінде 1932 жылы
«Қазақстан» баспасынан Сейфолла ұлы Сәкеннің «Қазақ әдебиеті»
атты бірінші кітабы (Билер дәуірінің әдебиеті) шыққаны мәлім [382].
Кітап латын әрпінде 10 000 дана болып, оның ішінде: сөз басы; қазақ
тарихынан қысқаша мағлұмат; қазақ атанған рулардың ескіліктегі
тұрмыс күйі, санасы, тіл өнері туралы деректерді шолу; ауыз әдебиеті
және оның дәуірлері; билер заманынан қалған әдебиет нұсқаларына
т.с.с. арналған тақырыпшалармен бірге [382,3-42
б.
] үлкен екі бөлім
орын алған. Бірінші бөлім іштей: ертектер; салт өлең-жырлары;
ескілікті дін салтынан туған өлең-жырлар, тақпақтар; мал туралы,
«қадірлі» жануарлар туралы әңгіме, өлең, күй жырлары; айтыс
өлеңдері; билер сөздері т.с.с. берілген [382, 143-153
б.
]. Екінші
бөлімде: ертедегі жырлы-әңгімелер, яки ноғайлы дәуірінен қалған
әдебиет нұсқалары; батырлар әңгімесі (Едіге, Қобыланды, Ер Тарғын,
Ер Сайын, Нәрікұлы Шора, Қамбар, Алпамыс, Ер Көкше, Ер Қосай
т.б. жырларының қысқаша әңгіме мазмұны); ескіліктен қалған
әңгімелердегі көп кездесетін, үйреншікті сөздер, ауысқақ тақырып,
ауысқақ жәйіттер; ертедегі жыр әңгімелер (Қозы Көрпеш-Баян, Қыз
Жібек жырларының қысқаша мазмұны) т.б. сөз болады [382, 220-234
б.
].
Олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталуды осы орайда орынды
деп таптық. Еңбек «Қазақ әдебиеті» деп аталса да, онда негізінен,
қарастырылатын мәселелер қазақ халық ауыз әдебиеті. Еңбек
305
М.Жолдыбайұлының (1931 жыл, 22 ноябрь, Алматы қаласы)
алғысөзімен басталған [382, 3-5
б.
]. Мұнда: Коммунист партиясы мен
Кеңес үкіметінің ұлт саясатын дұрыс жүргізу жөнінде шешкен ірі
мәселесінің бірі- тіл мәселесі екендігіне назар аудара отырып, байтақ
еңбекшілер бұқарасы, жұмысшылар табы кеңес жұмысын, газет-
журналын, бүкіл өнер, ғылым, әдебиетін өз ұлты тілінде, ұлттық
тұрпатта т.б. жүргізу үшін, алдымен олардың мектептегі оқуының ана
тілінде жүруі қажеттігі сөз етіледі. Сондай-ақ Маркс-Ленин жолымен
қазақ халқы сырт пішіні- түрі ұлттық, ішкі маңызы пролетариаттық
мәдениет орнатып отырғанын; әр ұлттың өз тілінде оқу құралдары,
кітаптары т.б. жеткілікті болу қажеттігін ескертеді.
Демек ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы Кеңес үкіметі
тұсында әр халықтың ұлттық тілінде оқу кітаптары т.б. –бәрі де
басылым көруі үшін, ең алдымен Маркс-Ленин жолына сәйкестігі
ескерілу қажеттігіне көңіл бөлінген. Одан әрі Қазан төңкерісіне дейін
басылып шыққан қазақ әдебиеті болмаған дей отырып, тек байлар
табының әдебиеті болған т.б. деген тәрізді сыңаржақ, таптық
тұрғыдан жазылған пікірлер де кездеседі. Сондай-ақ қазақтың жазба
тарихы болған жоқ дей отырып, М.Жолдыбайұлы ауыздан-ауызға,
буыннан-буынға көшіп, қирап, бұзылып, жамалып, тотығып жүрген
әдебиет жұрнақтарын Маркс-Ленин жолымен қайта құрау қажеттігін
ескертеді. Осы себепті де фольклорды әлеуметтік, жіктік, таптық, т.б.
тұрғыда қарастыру, анықтау қажеттігін айқындайды.
Міне, осы қиыншылықты жеңу жолында зерттеуші Сейфолла ұлы
Сәкеннің «Қазақ әдебиеті» атты кітабы шықты дей отырып,
М.Жолдыбайұлы оның ерекшелігі, маңыздылығы: сирек ұшырасатын
халық ауыз әдебиеті үлгілерін тауып алып, осы еңбегіне
кіргізгендігін атап өтеді. Кітапқа жазған «Сөз басында» (16 март,
1931 жыл) [382, 6-7
б.
] С.Сейфуллин журнал, газет бетінде жазылған
кейбір мақалалар болмаса, сол кезге дейін қазақ әдебиеті туралы,
оның ішінде «ел әдебиеті» жөнінде жазылған ештеңе болмағанын
жазады. Тіпті ел әдебиеті жинақтарының жоқтығын ескертеді.
Сондай-ақ автор мектептерде қазақ әдебиеті пәндері жүргізілгенде
ешбір оқу құралдарының болмай келгенін де сөз етеді. Сол себепті
қазақ әдебиеті туралы бірдеңе жазу үшін, автор ең алдымен «ескі ел
әдебиетін» іздеп, құрастырып, жинастыру өте қажет екендігіне, оның
соңғы жылдарда тым қатты сезілгеніне көңіл бөледі. Ендеше С.
Сейфуллин фольклорды зерттеудегі мақсаты- қазақ атанған елдің
тарихын зерттеу, сондай-ақ оқулық жазу болатын. Міне, мұнда С.
Сейфуллин фольклорды ескі ел әдебиеті деп түсінген.
306
С.Сейфуллиннің қазақ фольклорын жинаудағы, әрі жариялаудағы,
әрі зерттеудегі фольклортанушылық қызметтері ешбір дайындықсыз
біршама асығыс жүргізілгені байқалады. Жалпы С. Сейфуллин бұл
кітабында ел басқарған хандар, сұлтандар, билер, байлар, батырларды
сол дәуірде көсемдік қылған үстем таптың өкілдері ретінде
қарастырды. Сондай-ақ бұл дәуір тудырған деген нұсқаларды билер
дәуірінің әдебиеті деп те атайды. Сонымен қатар дайындамақ болған
келесі кітабын С.Сейфуллиннің «Қазақ елінің Ресей патшалығына
бағынған дәуірден қалған «әдебиет» нұсқаларына арнамақ болған.
Дегенмен, бірінші кітабында келтірілген тарихи деректерді тексеруге
С. Сейфуллиннің мүмкіндігі болмады. Бұл еңбектің жазылуы әрі
қиын, әрі асығыс болғанын С. Сейфуллин өзі ескертуі, әрі ел әдебиеті
туралы ешбір із болмағандықтан кітаптың көңілдегідей шықпағанын
діттеуі - бәрі Қазан төңкерісінен кейінгі оқу құралдарын т.б. жазуда
асығыстықтың да болғанын көрсетеді. С.Сейфуллиннің : «Ескіліктегі
Достарыңызбен бөлісу: |