299
- әдебиеттің жан-жақты дамуына ықпал еткен себептер мен
жағдайларға көңіл бөлу;
- сырттан болған әсерлер мен қазақтарға туыстас халықтардың
халық әдебиеттері мен өзара ауыс-түйіс мәселелеріне тоқталу;
- халық әдебиетінің негізінде қазіргі
еуропаланған қазақ көркем
әдебиетінің дамуын дәйектеу;
- бұл жаңа алғышарттардың жаңа әдебиеттің жекелеген
өкілдеріне тигізген ықпалын саралау;
- халық әдебиетінің қазақ ғылыми әдебиетін қалыптастырудағы
мәнін сараптау;
- қазақ халқының тарихын,
қоғамдық дамуын және тұрмыс-
тіршілігін, сондай-ақ қазақтың жеке басын (мінез-құлқын танып
білудегі орны т.б. [379,14
б.
] тәрізді өзекті мәселелердің қазіргі
таңда фольклортану ғылымында зерттеліп жатқандығын діттеу т.б. –
бәрі ғалым Х.Досмұхамедұлының ХХ ғасыр басында айтқан
пікірлерінің өміршеңдігін, сол арқылы қазақ фольклортану ғылымына
қосқан өлшеусіз еңбегін танытады. Міне, бұдан ғалымның
фольклорды іштей жіктеуді мақсат етумен қатар бұл салада да түрлі
кемшіліктердің
боларын алдын-ала есепке алып, оларды түзету
жолдары мен кейінгі ізденістердің ауқымды екеніне де баса назар
аудартқан. Дегенмен фольклорды 46 жанрға іштей жіктегенде [379,35
б.
], ғалымның ұстанғаны- әйтеуір фольклорлық терминдерді көбейте
беру емес, қазақ фольклорының жанр жағынан қаншалықты бай
екендігін таныту мақсатынан туындаса керек.Оған дәлел- аталған
қайраткеріміздің мына бір пікірі: «Біз бұл очеркімізде тек қазақ
халық әдебиетінің болмыс- бітімін хатқа түсірдік,
қолдан келгенше
жүйелі де айқын классификациялап, әрбір бөлімнің мазмұнын ашып,
бастау- бұлақтарын анықтап және оның қазақ, орыс тілдеріндегі бар
үлгілерін көрсетуді мақсат тұтып отырмыз. Халық әдебиетін
жүйелеудің тырнақалды тәжірибесі болғандықтан біздің очеркіміз
тұтастай, әсіресе классификациялау
бөлімі кемшіліктерден құр
алақан болмаса керек, ал оларды түзету кейінгі ізденіс-
зерттеулердің міндеті болмақ» [379, 14-15
б.
].
Сонымен қатар:
«ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ
Достарыңызбен бөлісу: