318
толықтығы мен өлеңмен айтылатындығында деп көрсетілген.
Сондай-ақ автор мәтіндегі өлең жолдарындағы сөз құрылымы, сөз
тізімі, сарыны т.б.- бәрі үлгінің ескі заманнан келе жатқанын
дәлелдейтінін дұрыс анықтаған. Міне, осындай ғашықтық жырларға
ғалым мынадай анықтама береді:
«Көбінесе батырлықты суреттеген
батырлар әңгімелеріндей емес. Мұндай әңгімелер сол замандағы
әйел-еркек, қыз бен жігіт араларында көбірек айтылған. Қыз бен
жігіттің бірін-бірі іздеп тауып, бір-біріне ынтық болып, талай
бөгеттерден, талай қиындықпен өтіп, қосылып, айырылып, және
қосылып жүргендеріндегі уақиғалар, және сол замандағы жұртты
қызықтырған байлар тұрмысын суреттеген әңгімелер»,- дейді [382,
224
б.
].
Демек Сәкен Сейфуллин батырлар жыры мен ғашықтық
жырларды өзара салыстыра отырып,
олардың басты ерекшелігі-
тақырыбында, яғни бірінде батырлар жырында- ел қорғау, жер
қорғау, батырлықты дәріптеу болса, ал ғашықтық жырларда- қыз бен
жігіт арасында туындаған махаббат мәселесі екенін дұрыс анықтауы,
сөз жоқ, сол тұстағы қазақ фольклортану ғылымының жеткен жетістігі
болады.
Сондай-ақ «Қыз Жібек» жыры да осы үлгіде талданады:
«Хандар,
билер, байлар, батырлар үстемдігі жүрген заманда, жаугершілік,
жауынгершілік, шабыншылық кездерінде- тұрмыстың алдыңғы
қатарында, темір құрсанып ақ алмасын ысқыртқан батырлар
шықса,- шабыншылықтан саябырлау кездерде ел арасында қыз іздеп
жүріп, қылышын қарқылдатқан бай балалары тұрмыстың алдыңғы
қатарында көрінген»,- дейді [382, 231
б.
]. Міне, осы арқылы Сәкен
Сейфуллин ел арасында әрі батырлық жырлардың,
әрі ғашықтық
жырлардың шығу себептерін дұрыс ажыратқан.
Сөз соңында, белгілі ақын, жазушы, әрі фольклортанушы ғалым
С.Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» атты кітабының (1932 ж.) қазақ
фольклортану ғылымының біртұтас жүйеге келтірілмеген заманында
алғашқылардың бірі болып фольклор жөніндегі күрделі ізденістерді
әрі тарихи, әрі әдеби жағынан қарастырып, бір жүйеге келтіруге
тырысқан еңбектердің бірі екендігі күмәнсыз. Ендеше ХХ ғасырдың
отызыншы жылдардағы қазақ фольклортану ғылымының негізін
қамтуда С.Сейфуллин еңбегінің өзіндік орны елеулі екені даусыз.
Қорыта
келгенде, ХХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ
фольклорын
іштей
сала-салаға
бөле
отырып,
жанрлық
ерекшеліктеріне қарай тұңғыш зерттеу істері осы М.Әуезов,
Х.Досмұхамедұлы,
С.Сейфуллиндер
тарапынан
жазылған
монографиялық еңбектерде (Әдебиет тарихы. 1927; Қазақ халық
319
әдебиеті. 1928; Қазақ әдебиеті. 1932) алғаш сөз болады. Бұл
еңбектерде халық ауыз әдебиетін жанрға бөлу жөніндегі мәселені
алғаш рет қазақ халқының тарихымен байланыстырды. Сондай-ақ сол
тұста балаларға арналып жазылған оқулықтардың жетіспеуі де
аталған кітаптардың мақсат-бағдарын айқындап бергені анық.
Аталған зерттеулерде алғаш рет қазақ фольклорының жанрлық
түрлері толықтай ажыратылып, олардың әрқайсысына анықтамалар,
сипаттамалар берілді, шамасынша өзіндік ерекшеліктері де сөз болды.
Бұларда берілген фольклорлық мәтіндер,
негізінен, әдебиеттану
ғылымы талабы бойынша қарастырылды. Талдау барысында мәтіннің
мазмұнына, кейіпкерлеріне, оқиғасына, көркемдік ерекшеліктеріне
назар аударылды. Әсіресе, эпостық жырлар сөз болғанда, көбінесе
олардың бойынан жер-су, қала аттарын, тарихи кейіпкерлерді, тарихи
оқиғалардың іздерін жалпы тарихтан іздестіру басым болды. Демек
бұл еңбектерде орыс тарихи мектебінің әсері басым болғаны
анықталады. Ал, бұлай фольклордан тарихи оқиғаның ізін іздеу
дұрыс
еместігі, тек оның іздері тарихи жырда ғана сақталатыны
кейінгі зерттеулерде ғана айқындалатыны белгілі.
Сондай-ақ бұл еңбектерде қазақ фольклортану ғылымы алдында
тұрған басты мақсат пен міндеттері айқындалып беріледі. Сонымен
қатар фольклор үлгілерінің өмір сүру жағдайына да мән беріліп,
оларды орындаушыларға да тұңғыш рет арнайы тоқталады. Дегенмен
ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы еңбектерде фольклорды таптық
тұрғыда қарастыру да белең алғандығы белгілі. Жалпы бұл
монографиялық еңбектерде фольклорды қазақ әдебиетінің бір
ажырамас бөлімі ретінде қарастыру басым болды, фольклорды,
көбінесе сөз өнері деп бағалады.
Достарыңызбен бөлісу: