33
белгілері қалыптаса бастағанын діттейді. Сондай-ақ фольклорды
жинау, жариялау ісі үздіксіз жүріп тұру қажет деуі т.с.с.- бәрі де
ғалым М.Әуезовтің, әрі фольклордың тез, көп мөлшерде жиналуын
мақсат еткенін де, фольклордың қоғамда өмір сүру
жағдайын дәл
анықтау үшін материалдық негіз қалағанын да көрсетеді. Демек 1920-
шы жылдардың өзінде-ақ ескі мәдени мұраны халық мүддесіне сәйкес
бағалап, пайдалану идеясы үстем болғаны байқалады. Мұның өзі
қазақ фольклортану ғылымының ірге тасының қалануына септігін
тигізгені даусыз.
Қазан төңкерісінен кейінгі жылдарда фольклор үлгілерін жинау
қажеттігі мәселесін ойласу ретінде көтерген еңбек – Тілеубергенұлы
Жиенғалидың «Әдебиет мұраларын жинау туралы» атты мақаласы
[46]. Мұнда
жинаудың маңыздылығымен қатар, оны қалай және кім
жинау керек деген мәселе көтерілді: фольклорды іздестіру, қағазға
түсіру бір күндік шаруа болып қалмауын; таудай талабы болса да
жұмыстың ауырлығын; жинайтын уақыттың келгендігін; оны мәдени
өсуіміз талап етіп отыр деп санау орын алды.
Сонымен қатар кітап
жазу үшін де фольклорлық нұсқаларды жинау қажеттігін; мектептерде
қазақ әдебиеті сабағын жүргізу үшін де фольклорлық мәтіндердің
жетімсіздігі, аздығын т.б. сөз ету – бәрі де мәнді ұсыныстар болды.
Сондай-ақ мақалада басқа да түркі тектес елдердегіге қарағанда қазақ
фольклоры ең бай, ең мол, ең таза, ең асыл деп те бағалау да орын
алды. Қазақ фольклорына басқа халық өкілдерінің В.В.Радлов,
В.Бартольд, Ә.Диваев т.б. тәрізді ғалымдары қызыққаннан жинаумен
айналысқандығы жөнінде ақпарат берілумен қатар, бірлі-жарым қазақ
ғалымдары жинағандарының кітап болып шыққандығы жоғарыдағы
мақалада айтылды. Сонымен қатар халық ауыз әдебиетін жинауға
кететін еңбек, «расход» т.б.
шығындары өз орнына тұратынын, тіпті
мұндай іске қажетті қаражатты әдебиеттің тарихи қымбаттылығын
бағалай алатындардың қай-қайсысы да бере алатынын да Т.Жиенғали
сөз еткен:
«Өзімізден басқа көрші жұрттардың оқымыстылары
Достарыңызбен бөлісу: