31
Қазақстан фольклортанушылары 1920 жылдарда халық ауыз
әдебиетінің үлгілерін жинап бастырады. Сөйтіп,
бұл шаралар
қоғамдық маңызы бар істің біріне айналады. Сондықтан да
фольклорды жинау мәселелері сол кездің ғылыми съездерінің күн
тәртібіне еніп, баспасөз бетінде ол жайлы пікір алысу басталған.
Соның бірі профессор Н.Н. Фатовтың «Қазақ әдебиетін зерттеу
мәселелері» атты мақаласы [41]. Мұнда ол қазақ халқының ауыз
әдебиетін жинай беруге шақырады. Сонымен бірге ол жыл
мезгілдерімен байланысты өлең-жырлар,
тұрмыс-салт жырлары,
тарихи жырлар, ертегілер, жұмбақтар, мақалдар, айтыс өлеңдері деген
тақырыптарға бөліп жинауды ұсынады.
Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде фольклор нұсқаларын жинау,
әсіресе оны жариялау мен зерттеу жұмыстары кезең талаптары
ерекшелігіне сай, әрі неғұрлым қарымды, әрі біршама тез жүргізіле
бастады. Яғни халықтық мұраларды заманына сай теориялық
тұрғыдан зерттеудің негізі қалана бастады [42]. Баспасөз беттерінде
фольклорға қатысты мақалалардың
көп басылуы- сол шақтағы
қоғамдық ойдың дамуымен тығыз байланысты болды. Сондай-ақ
халықтық мұралардың тезделіп жиналуына, әрі жариялануына,
зерттелуіне қоғамдық ой белсенділігінің себеп болғандығын да
ескеру керек.
1920 жылдардан бастап фольклорды жинау ісі біршама реттеле
бастады. Жинаудың қажеттігі жайында «Еңбекші қазақ», т.б.
газеттерде
мақалалар жарияланып, бұл шаруаны әжептеуір
жандандырды. Мәселен, С.Мұқановтың «Қазақ әдебиеті һәм Ыбырай»
мақаласында [43]: ауыз әдебиетінің әрі бай, әрі әдемі екені; оны
халықтың тұрмыс-тіршілігін, әдет-ғұрпын жақсы білетін жыршы-
ақындар
шығаратыны; көрнекті өкілдері ретінде Орынбай, Шөже,
Арыстанбай, Шал, Тоғжан, Біржан, Ақан, Ыбырай тәрізді ақын, әнші,
жыршылар есімдері аталған. Сондай-ақ олардың шығармаларын
жинауға, жарыққа шығаруға шақырған.
Сонымен қатар А.Сегізбаев «Халық ауыз әдебиеті» мақаласында
[44], Б.Кенжебаев «Абай өлеңдерінің 1923 жылғы басылуы туралы»
еңбегінде де [45] фольклорлық шығармалардың негізі иесі халық
екенін айта отырып, оларды жинауға шақырады.
Ғалым М.Әуезовтің «Халық әдебиеті туралы» мақаласында (Жас
қайрат.- №4.- 1924.-Б.19) ел арасында фольклор үлгілері ұмытылып,
жоғалмас үшін тез
жинау мен жариялау қажеттілігі; ескілікті өлең-
жырларды жастардың білмейтіні; фольклордың кәрі құлақты ескі
кісілердің ғана жадында қалғанына көңіл бөлгізуі; оны әдебиетті
білетін көзі ашық
зиялылардың жинауы керектігі; жинағанда,
32
ақындардың өлеңдері, өмірі, қай уақытта болғандығына т.б. қатысты
мағлұматтарды да бірге беру шарты т.с.с жөнінде көкейкесті
мәселелер көтерілген.
Ал, М.Әуезовтің «Әдебиет ескілігін жинаушыларға» атты
мақаласы (Қазақ тілі.- 23 сәуір.1925) Қазан төңкерісінен кейінгі қазақ
фольклорын жинаушыларға жоба- бағдарлама іспетті қызмет
атқарған. Бұл жоба белгілі ғалым Ә.Молдаханов
тарапынан жан-
жақты сараланғанын да атап айтқымыз келеді (Мұхтар Әуезов-
фольклортанушы.-А.: Ғылым. 1997.-Б.31-32). М.Әуезов бұл
еңбегінде, әсіресе, әдебиет ескілігін қалай, кімдер және қандай
жанрларын жинау керектігіне қатысты нақты әдістемелік нұсқау
түрінде басты-басты төрт ерекшелікке баса назар аудартады:
Достарыңызбен бөлісу: