сондай еңбек (фольклорды жинап – Н.Ж.) сіңіріп жүргенде біз әлі
күнге дейін айтып, қайтып қана жүрміз. Қазақстан болып бұл
жұмысқа әлі күнге дейін күрделі кірісіп көргеніміз жоқ. Шындап
кіріссек, бұдан күрделі жеміс шығатынын сөзсіз растауға болады.
Бірлі-жарым кісінің жинаған кейбір әдебиеттері, мәселен, «Өтірік
өлең» сияқтылар өз алдына едәуір бір кітап болып отыр. Егер де осы
өтірік өлеңді түгел жинасақ, қанша болар еді?! Сөз жоқ, әлденеше
кітап болар еді. Әдебиеттің әр тарауы да осындай болмақ.
Ауыз әдебиетті, әдебиет мұраларын жинауды, бір жағынан
мәдени өсуіміз керексінсе, екінші жағынан ел ішіндегі ауыз әдебиетті
34
көп білетін қариялар жылдан-жылға азайып, өздерімен бірге жерге
көміле бермек. Сондықтан бұл жұмысты тығыз қолға алып кірісу
керек», - делінген [46,4
б.
]. Сөйтіп, Т.Жиенғали фольклорды жинау
ісін созбай, тездетіп кірісу қажеттігінің екі себебін дұрыс көрсеткен.
Сондай-ақ бұл жұмыстың сәтті іске асырылу үшін, Т.Жиенғали 5
бөлімнен тұратын өз жоспарын да белгілейді: «Оның үшін менің
ұсынатыным мынау:
1.Бұл жұмысқа Сәбит сияқтылардың ашық хатымен ғана кірісіп,
ондай бірлі-жарым адамға ғана тапсырып қоймау керек;
2. Оқу комиссариятының, болмаса Қазақстан мемлекет
университетінің,
яки
пролетариат-қара
шаруа
жазушылар
ұйымының жанынан дербес комиссия құрылуы керек;
3. Бұл комиссия бүгіннен бастап әдебиет деректерін жинауға
кірісіп, Қазақстан үкіметінің 10 жылдық тойына дейін жұмысын
бітіріп, әдебиет жинақтарын тап-тапқа бөліп (мәселен, батырлар,
ертегілер, билер сөзі, қулықтар, ... етіп) бастыру керек;
4. Әдебиеттің тарихи деректерін, мәселен: қиссалар, сарындама,
ақындар кітаптарын, ұлтшыл ақындар кітаптарын тағы-
тағыларды жинап беріп, жазатын, жазам дегенін орындайтын бір-
екі кісіге қазақ әдебиетінің тарихын жазуға тапсыру керек (жалғыз
тарихын емес, мәдениет танытқыш кітабын қайта жазуға тапсыру
керек);
5. Іске комиссия былайша кірісу керек. Әрбір округке арнап бір
кісіні жіберу керек. Оған жеткілікті қаржы беру керек. Қолына
жұмыс жоспарын беру керек. Ол округке барған кісі округтегі
әдебиет құмарларынан, мұғалімдерден, студенттерден отряд
құрсын. Сол жерде өзара жұмыс жоспарын жасап алып, әр ауданға
тағы бөлінсін, бөлініп кетсін. Ауданға барғанмен әкімшілікке жолын
қуалап кетпесін. Олай дейтініміз әр ауданда белгілі-білгілі ақындар,
жыраулар, әңгімеші ... болады. Ескі, жаңа әдебиеттерді ата
малындай қадірлеп, сақтап, бірін қалдырмай жиып жүрген көзі
қарақты кісілер болады, тура соларға барады. Айттырып, жазып
алады, ақы беріп көшіртіп алады, сатып алады. Қайта тапсыру
шартымен уақытша алады. Ауданға барған жерде өзі хиссап беретін
құмар кісілер болады. Соларды жәрдемге алады. Әр округтің өзінің
Марабайы болады, Орынбайы, Шөжесі, шешені, жыршысы, ақыны,
қуы болады. Осылардың бәрінен де көп (қария) табылады.
Сондықтан (бәлен) қиын деп атамай, жалпы жинау керек. Осылайша
көп болып кірісіп жатса, мен өзім бір том ертегі, бір том билер сөзі,
бір том көргенсіз (боғауыз) әдебиет тауып беріп, бірнеше ақын,
қария, жыршы, ескі-жаңа әдебиет кітап, журналдарды, қиссалары
35
толық табылатын кісілерді сілтер едім. Шамалап айтқанда әр
Достарыңызбен бөлісу: |