312
кейін айтылатын, билер табы үстемдік қылған тұрмыстық салт
өлеңі. Бұл өлеңде ылғи белгілі бір тақырыпқа ғана айтыла
бергендіктен, бірақ қалыпқа бекінген өлең» [382, 58
б.
]. Демек Сәкен
бұл фольклорлық үлгінің халық алдында орындалу ерекшелігіне де
көңіл бөлген. Одан әрі автордың жұбату мен үгіт туралы ой- пікірі
бар:
«Жұбату мен үгіттеу мазмұны үйреншілік, бірқалыпта болады:
Бұрынғы- соңғының жолы осы... «Әуелі пайғамбар да» қызын
ұзатқан, жылама! Өз еліңе барасың, тек өзің жаман болма! Жаман
болмаймын десең,- үлкендерге кісілік қыласың. Құлша, күңше жұмыс
істейсің. Байыңды күтесің, ұрса да,- бетіне қарсы келмейсің. Қайын
атаң мен қайын анаңды күтесің. Өз алдыңа үй тігіп мал-малданасың.
Әсіресе, әлдилеп бала сүйесің»,- дегендей... Көңіл көтеру үшін,
сөздерінің арасына қалжың да кіргізіп қояды»,- дейді [382, 63-64
б.
].
Демек С. Сейфуллиннің тұрмыс-салт жырларын іштей тойбастар,
жар-жар, ау-жар, сыңсыма, жұбату, беташар, айт келін, бесік жыры,
қоштасу, естірту,
көңіл айту, жоқтау деген жанрларға бөлуі дұрыс
болды. Ал, оларға автордың берген атаулары, анықтамалары әлі де өз
маңызын жоймағаны, сөз жоқ, ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы
қазақ фольклортану ғылымының жеткен жетістігі болып табылады.
«Ескілікті дін салтынан туған өлең-жырлар, тақпақтар» дегенде
[382, 86-102
б.
] Сәкен Сейфуллин: бақсының өлеңдеріне, яғни
шақыру, арбау, байлау жырларына, күн жайлату, бұлт шақыру, бәдік,
жарапазан үлгілеріне т.с.с. шолу жасайды. С.
Сейфуллин бұларды
қазақ руларының мұсылман болмай тұрғандағы ескілікте аруақ,
тәңірлер т.б. бар деп, соларға құлшылық қылу негізінде, жоғарыда
айтылғандай өлең-жыр үлгілері дүниеге келгенін дұрыс сараптайды.
Бұларды автор жеке жанр деп бөліп қарастырғанмен,
қазіргі таңда
олар тұрмыс-салт жырлары қатарында қарастырылады.
Ал, С. Сейфуллиннің «Мал туралы, қадірлі жануарлар туралы
әңгіме, өлең, күй жырлары» дегенде [382, 102-130
б.
]: бес түлік
малдың иелері: Шопан атаға, Жылқышы атаға, Ойсыл қараға, Зеңгі
бабаға, Сексек атаға т.с.с. қазақ фольклортану
ғылымында алғаш
түсініктеме беріп тоқталуы, өз алдына жеке жанр ретінде бөліп алып
қарастыруы т.б. –бәрі де сол тұстағы фольклорды зерттеудегі
ғалымның жетістігі екені даусыз. Дегенмен Сәкен Сейфуллин
бұларды фольклордың нақты қай жанрына жататынын анықтай
алмаған, бәрін бір жерге топтай салған. Мұндағы Шопан атаға,
Жылқышы атаға,
Ойсыл қараға Зеңгі бабаға, Сексек атаға арналған
жануарлар турасындағы жыр үлгілері қазіргі таңда тұрмыс-салт
жырлары ішінде қарастырылады. Ал, осы бес түлік мал иелері
турасында С. Сейфуллиннің мынадай түсініктемесі бар:
«Жоғарыда