Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет114/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

көшпелі елдің жұмбақ айтысу білмейтін жасы болмаған. Сөзді 
үйлестіріп, ұйқастырып, айтуда төселген жастар жұмбақты 
ойынан шығаратын болған.... жоғарыда айтылған белгілі 
тұрмысында, қиялында бар нәрсенің бәрін-ақ өзінше шеберлеп 
жұмбақ қылған. Жұмбақты, көбінесе өлшенген, ұйқастырылған, 
тақпақты сөзбен айтып шығаратын болған. Және қара өлеңнің 
өлшемімен ұйқастырылуымен де шығаратын болған»,- дейді [382, 
131
б.
]. 
Одан әрі кітапта жұмбақ жанры беріледі де, онда [382, 132-133
б.

20 жұмбақ
үлгісі жауабымен қоса алынған. Жаңылтпаш дегенде автор: 
жастардың, бала-шағаның жиналып ойын-күлкі дүкенін құрған 
орында тілді ұстарту, ойнақы, қырлы сөздерді қақпақылша атқылап, 
билеп, еркін сөйлеуге төселулері үшін, өз әлінше әдемі сабақ, 
тәжірибе қызметін атқаратын ойын түрінде жүретінін қарастырған 
[382, 133
б.
]. 
Ал, кітап соңында С.Сейфуллин «Билер сөздеріне», яғни 
шешендік сөздерге тоқталады [382, 137-153
б.
]. Мұнда: хандар, 
батырлар, билер, байлар табынан және олардың ықпалындағы елдің 
жаугершілік кезінде жастарға соларды үлгі қылатыны, ру болып басқа 
елмен жауласқанда, соғыс майданында жауды мұқататын- батыр 
болғанын тілеп, жайшылықта үлгі қылатыны сөз болады. Сондай-ақ
басқа елмен сөз сайысы жүргенде, тіл майданында бөтенге есе 
жібермеген шешен би болатыны; ондай билер, шешендер, және топта 
жыр жырлап, жұртты аузына қаратқан сыншы, болжаушы, шежіре 


315 
жыраулар т.с.с. ел арасында қасиетті, өнерлі деп саналатыны Сәкен
Сейфуллин тарапынан жан-жақты қарастырылады. Сондай-ақ Арғын 
руынан, Қуандық: Алтай- Байдалы би, Қыпшақ руынан Айтқожа 
шешен, Арғын: Алшынбай би, Арғын: Айдабол- Торайғыр би, 
Жалайыр руынан- Бөлтірік би, Үйсін: Төле би, Жарылғасын шешен, 
Қаратоқал, Беріш: Есет би, Жағалбайлы руынан батыр Боран би, 
Орманбет би, Шекті Мөңке би т.с.с. айтты деген сөздердің 
мәтіндерінен үзінділер келтірілген. 
Бұл билер сөзі: ру атынан айтылатын, заңның төрелігін іздеп, 
заңға жүгінетін, тіл күшімен теңескенде заң ережелерін жұртқа 
жүйелі қылып жақсылап айта білетін шешен билер болатын. Тұрмыс 
тәжірибесінен екшеліп, ереже, заң болып шыққан қорытындыларды 
билер айырым-айырым қылып, жинақтап көркем сөзбен жатқа жеңіл, 
айтуға оңай, ыңғайлы қылып, ұйқастырып, үйлестіріп шығарады. 
Демек бұлардың тура үлгі-насихат, өнеге үшін қолданылатынын т.б. 
Сәкен
Сейфуллин жан-жақты дұрыс сараптаған. 
С.Сейфуллиннің жан-жақты қарастырған фольклор жанры- ол 
эпос: «... Ертедегі батырлар жырлары мен сол замандағы үстем 
таптың салт-санасы бойынша әйел-еркек байланысын, көшпелі 
тұрмысты толығырақ суреттейтін жырлы әңгімелер кірді»,-
делінген [382, 41
б.
]. Мұндағы С. Сейфуллиннің «жырлы әңгімелер» 
дегені («Қозы Көрпеш-Баян», «Қыз Жібек») қазақтың лиро-эпостық 
жырларын, яғни ғашықтық эпосты сөз етіп отырғаны белгілі. Ал, 
батырлар жыры қатарында: «Едіге батыр», «Алпамыс», «Шора 
батыр», «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Ер 
Сайын» т.б. үлгілері қарастырылған. Сәкен Сейфуллин ел аузындағы
эпос үлгілерінің көп екендігіне назар аударып, олардың біразы баспа 
бетінде кітап болып шықты деуі- автордың бұл салада көп ізденгенін 
танытады. Ал, кітапта «Қозы Көрпеш- Баян» жыры тұсында 
В.В.Радлов, М.Ж.Көпеев, «Қамбар батыр» жыры тұсында Ә.Диваев 
есімдерін атауы- С. Сейфуллиннің үлгіні қайдан алғанын көрсетуді 
мақсат еткенін дәлелдейді. Демек мұндай ғылыми шарттың 
орындалуы Сәкен Сейфуллин еңбегінің ұтымды жағы болады. 
Батырлар жырын ұлы батыр әңгімесі мен кіші батырлар әңгімесі 
деп екі бөліп қарастырған: «... Бүйтіп, батырлар әңгімелерін екіге 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет