Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет113/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

айтылған билер табы әкімшілік қылған тұрмыспен, және сол кездегі 
біліммен билер табының үстем санасымен өмір сүрген замандарда, 
қазақ болған ел әр түлік малдың өз алдына бөлек-бөлек «бақташы 
иелері» бар деп сенетін. Қойдың «Шопан ата» деген иесі «бар», 
түйенің «Ойсыл қара» деген, сиырдың «Зеңгі баба» деген, жылқының 
«Жылқышы ата» деген «иелері» бар деп нанатын»,- дейді [382, 103
б.
]. 
Сондай-ақ мұнда автор айтыс жанрына жататын жануарлармен 
айтысу түріне, одан әрі ертегі жанрына қатысты хайуанаттар туралы 
әңгімелерге де тоқталады: «Шаруасының негізі мал бағу, мал өсіру 
болған, бар тіршілігі малмен аралас болған... мал бағу шаруашылығы 
қосымша кәсібінің зоры аңшылық, аушылық болып, аңдармен, 
құстармен тоғайласу болған. Билер табының үстем санасының 
ықпалындағы көшпелі жаратылыстың түрлерін, құбылыстарын 
жанды зат деп таныған жаратылыстың барлық жан-
жануарларының сезімдерін, ақылдарын адамммен бірдей көріп, өзінің 
араласа өсіп баққан бес түлік малы туралы және тағы дала 
жануарлары туралы неше түрлі әңгімелермен бірге, жырлар да, 
күйлер де шығарған. Жануарлар адамша әңгіме айта алады, күй 
күйлей алады деп сеніп, жануарлар туралы айтылған әңгіме-
жырларымен адам туралы айтылған әңгіме-жырларының 
айырмасы жоқ болған. Жануарлармен өлең айтысу- сол нанымнан 
әдет болып қалған. Қазақ атанған көшпелі елдің ауыз әдебиетінде
мал туралы, түрлі хайуандар туралы ел аузында неше түрлі 
әңгімелермен қатар, жырлар да, өлеңдер де бар»,- дейді [382, 106
б.
].
Демек Сәкен Сейфуллин фольклорды жанр жағынан жіктеуден 
гөрі, тақырып ұқсастығы жағынан топтастырғанға ұқсайды. Яғни
тұрмыс-салт жырларына жататын жан-жануарлар туралы өлең- 
жырды, айтысқа кіретін хайуанаттармен айтысу үлгісін, ертегі 
жанрына тән хайуанаттар туралы ертегіні- бәрінің жанрлық 
ерекшелігін ескермей, тек тақырып ұқсастығы бойынша оларды бір 
жерде топтап қарастырғанын көреміз. Сонымен қатар мұнда: 
«Жалайыр Қабан ақын мен қоянның айтысқаны», «Иесінің сиырмен 
айтысқаны», «Тарғын батырдың жапанда жалғыз қысылғанда боз 
Тарлан атына айтқаны», «Алпамыс батырдың Байшұбары», 
«Қобыланды батырдың Тайбурылы», «Көбікті батырдың Ақмоншақ 
аты», «Көкжендет», «Аққу құс туралы» т.с.с. мәтіндерден үзінділер 
берілген.
Айтыс жанры дегенде, [382, 130-132
б.
] Сәкен Сейфуллин: жігіт 
пен қыз айтысы, жұмбақ айтысына т.б. тоқталады. Айтыстың бізге 
жеткен ескі үлгілері: «аужар», «бәдік», «жұмбақ айтысы» түрлері де 


314 
сөз болады. Үлкендер жиналған көпшілікті жиын-тойларда, ойын-
күлкілі мерекелі орындарда айтыстар орындалатынына, және онда
жеңілген жақ жеңген жаққа жол беретініне Сәкен Сейфуллин дұрыс 
назар аударған. Ал, жұмбақ айтысы дегенде, автор жастар бас қосқан 
жердегі көбірек айтылатын ойын-күлкі сөзі - жұмбақ айтысу 
екендігін; жұмбақ айтысу хат, жазу білмеген көшпелі елдің
жастарының, балаларының жас басынан өз әлінше зейіндерін 
тапқыштыққа үйретіп, тәрбиелейтін, тілін ұштайтын, сөзді үйлестіріп, 
ұйқастырып айтуға жаттықтыратын сабақ тәрізді екендігін паш етеді. 
Мәселен, айтыс турасында Сәкен Сейфуллин былай дейді: «Қазақ 
болған түркі-монғол руларының ескіден келе жатқан ауыз 
әдебиетінің бір саласы- айтыс сөздер. Ел әдебиетіндегі кезектесіп, 
екі жақ болып айтысқан сөздің бізге жеткенінің ескісі- «ау-жар», 
«бәдік», «жұмбақ айтысу» [382,130
б.
]. Міне, мұндағы Сәкен
Сейфуллиннің айтысты осылай жіктеуі қазақ фольклортану 
ғылымында құптарлық іс болып табылады. Ал, жұмбақ айтысында 
автор оның мынадай ерекшеліктеріне көңіл бөледі: «Мал баққан 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет