Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет115/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

жіктеуді қазақ әдебиетшілері орыс әдебиетшілерінен көрісіп айтып 
жүрген сияқты... Өйткені: орыстың ел әдебиетіндегі батырлар-
әңгімесін,- «Ұлы батырлар», «Кіші батырлар» деп, екіге 
жіктейтін»,- деген пікірден [382, 180
б.
], біріншіден, фольклордың, 
көбінесе әдебиетшілер тарапынан қарастырылғанын; екіншіден, 
фольклорды зерттеу жұмыстары орыс ғалымдары еңбектеріне т.б. 


316 
жалтақтау нәтижесінде іске асқандығын танытады. Сондай-ақ сол 
кездегі батырлар жырын Сәкен батырлар әңгімесі деп қабылдағанын 
көрсетеді. Ал, батырлар жырын дәл бұлай екіге бөлу үлгісі кезінде 
алғаш рет М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» кітабында (1928) іске 
асқаны белгілі. (Алматы:Ана тілі. 1991.-Б.57). Демек ХХ ғасырдың 
алғашқы жартысындағы фольклорды әрі жинауда, әрі жариялауда
әсіресе зерттеу барысында туындаған артықшылық пен кемшілік
атаулылар тек бір ғана қазақ фольклортану ғылымына тән болып қана 
қоймай, сондай-ақ Кеңестік жүйедегі басқа да елдердің ғылымында 
қайталанатынын да т.б. ескерген жөн. Жалпы Мәскеу ғалымдарының 
фольклортану ғылымында жеткен жетістіктерінің, сөз жоқ, жаңа ғана 
қалыптасып келе жатқан қазақ фольклортану ғылымына игі ықпалы 
ерекше десек те, ал кейбір жіберген кемшіліктерінің кері әсері
болғандығы да сөзсіз. 
Сәкен Сейфуллин эпостық жырларды қарастырғанда, олардың 
бойынан тарих іздерін іздейді. Мәселен: «Ел аузында жыр болған, 
ертедегі батырлардың рулары айтылғандарының көбі қазіргі қазақ 
атанып отырған елдің белгілі негізгі руларынан шыққан. Мысалы:
белгілі Қобыланды батыр- қазіргі қазақ атанып отырған елдің ірі 
руының бірі- Қыпшақ руынан шыққан. Атақты Шора батыр
Нәрікұлы- қазақтың белгілі Тама руынан шыққан. Ер Көкше, Ер 
Қосай-қазақ болған елдің белгілі Уақ деген руынан шыққан. Атақты 
Едіге батыр мен Алпамыс батыр- қазақ атанған елдің белгілі 
Қоңырат руынан шыққан. Міне, өзі Ноғайлы болып жүргендегі 
Ноғайлының батырлар жырына қазақ та ортақ... Оның үстіне сол 
ертедегі жыр болған батырлардың бірсыпырасы қазір қазақ болған 
рулардан шыққан болғандықтан да, оларды қазақ біздікі дей алады»,- 
дейді [382,155
б.
]. Ендеше фольклорлық бейнелерге тарихи прототип 
іздеу арқылы, олардың қазақ еліне де ортақ екенін дәлелдеуге 
тырысуы- Сәкен Сейфуллин зерттеушілігінің бір қыры ғана. Және де 
сол кездегі эпостық жырларды зерттеушілерге де ортақ ерекшелік 
болды. 
Одан әрі «Едіге батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Ер 
Сайын», «Нәрікұлы Шора», «Қамбар батыр», «Алпамыс батыр» т.б. 
жырларының қысқаша мазмұны мен сипаттамасы берілген.
«Едіге батыр» нұсқасы дегенде, Сәкен Сейфуллин оның басқа да 
түркі тілдес елдердің халық ауыз әдебиетінде кездесетінін; қазақ 
үлгісінің басқаларға қарағанда неғұрлым көлемдірек, толығырақ 
екенін ескертеді. Сондай-ақ жырда кездесетін бейнелер топтамасы сөз 
болғанда да т.б. – оның бәрі де тап мүддесі тұрғысынан сипатталады.


317 
Сонымен қатар Сәкен Сейфуллин жырдың екі нұсқасы бар дей 
отырып, бірі- Ә.Диваевтікі, екіншісі- Қаныштікі десе, олардың ішінен 
осы Қаныш нұсқасы ең толығы дейді. Одан әрі Сәкен Сейфуллин 
батырлар жыры туралы былай дейді: «Әңгіме неғұрлым ескі-шикі 
надан заманда шыққан болса- соғұрлым оның шындыққа үйлеспейтін 
жайттары көп болады деген...»,- дейді [382, 183
б.
]. Демек Сәкен 
Сейфуллин сол заманда батырлар жырын әңгіме ұғымында 
қабылдаған, және ондағы тарихи шындық пен көркем қиялдың шығу 
себептерін дұрыс анықтаған. 
Сәкен Сейфуллинді жырдың көркемдік жағы да қызықтырған 
тәрізді: «Сөйткенмен әңгіменің тілі бай. Сөз жүйелері әдемі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет