Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет119/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

айтылатын фольклор үлгілері болады. Салттардың бірі шаруа 
кәсіпті айтса, бірі діндік нанымды айтса, бірі қуаныш, сауық 
кездерінде айтылады. Тағы біреулері қайғы, қаза, мұң-уайым үстінде 
айтылады»,- дейді [383, 35
б.
]. Демек ғалымның тұрмыс-салт 
жырларына берген сипаттама түріндегі анықтамасы да , оларды
іштей жіктеу үлгісі де қазіргі таңда өз маңызын жоймай келгені т.б.-
бәрі зерттеушінің мақсат- бағдарының дұрыстығын дәлелдейді. Ал, 
Бейсембай Кенжебаевтың мына бір ой-пікірлері: «Қазақ қызының 
бұрынғы теңсіз тірлікте үй ішінде, қоғам ортасында мал есепті 
қорлықта болғанын білдіретін «сыңсу» өлең көп зарды танытады. 
Немесе бұрынғы ақсақалдық, рушылдық салттары әйелге міндетті 
шарт ететін «жоқтау» сияқты өлеңдерден көп замандардың көп 
ауыр шындықтарын, жас әйел жүрегіндегі қалың тұман қайғы-шерді 


325 
тануға болады»,- дегені [383, 35
б.
], оның тұрмыс-салт жырларының 
қоғамдық мәнін ашып айтуда тек таптық тұрғыда келгенін
анықтайды. 
Мал, шаруашылық туралы өлеңдерге ғалым мынадай 
түсініктеме- анықтама береді: «Ерте заманда қазақ халқының негізгі 
кәсібі мал өсіру болды. Ол талай ғасыр бойы мал бағып, сол малдың 
жүн, терісін киім-кешек, керек-жарақ етіп, етін, сүтін ауқат, тамақ 
етіп, өзін күш-көлік етіп күн көрді. Мал қазақ халқының тіршілік 
тірегі болды. 
Бұған қосымша қазақ халқы ерте уақытта аң аулаған. Аңды ол 
ермек, қызық үшін ауламай, тірлік үшін аулаған. Сондықтан қазақтың 
ертедегі ауыз әдебиетіндегі мал, аң, құс туралы өлең, жырларды 
халықтың шаруашылығы туралы өлең, жырлар деуге болады»,- дейді
[383, 36
б.
]. Және олардың жаратушысы, тәңірі, иесі, пірі болады деп, 
оларды Қамбар ата, Зеңгі баба, Шопан ата, Ойсыл қара, Сексек ата 
деп дұрыс анықтаған. 
Мал шаруашылық туралы өлеңдер дегенде: «Өзінің тірлік серігі 
мал жөніндегі өлеңдерінде бақташы адам өз мұңын малға 
мұңдатады. Өзінің аталық-аналық мейірімін мал тілімен айтқызады, 
өмір тартысындағы төзімділіктің қажетін де әр малдың анық 
еңбекшіге сүйенетінін мал тілімен аңғартады»,- делінген [383, 37
б.
] пікірлер де орын алған. 
Бұлар, көбінесе сипаттау үлгісінде жазылып, мәтіндерден азды-
көпті үзінділер дерек көзі ретінде берілген. Жалпы мұнда мал туралы 
өлең, жырларға қатысты берілген сипаттаулар дұрыс қамтылған. 
Мәселен: «Қазақ халқы жалпы мал атаулыны қадірлеген. Оның үстіне 
төрт түлік малдың қай-қайсысының болсын, кейбір түсін өте-мөте 
қадірлеген. Мысалы: жылқыны қылаң, боз, шұбар, сары түсін, 
түйенің ақ, боз, ақсары түсін, қойдың бозқасқа түсін қасиетті деп 
білген»,- деген тәрізді ой- пікірлер бар [381, 38
б.
]. 
Дін салт өлеңдері дегенде ғалым: қазақтың ертеден келе жатқан 
халық ауыз әдебиетіндегі салт өлең-жырларының бірсыпырасы 
халықтың дін салты, әдет-ғұрпы жайында десе, қазақтың ертеде 
шаман дінінде болғаны; шаман діні бойынша адам бір жағынан 
табиғатқа, табиғат көріністеріне; көкке, айға, күнге, жұлдызға, отқа; 
екінші жағынан, аруаққа, көк тәңірге, иеге бағынғаны т.с.с. сөз
болады [383, 39-40
б.
].
Мәселен: «Тәңірі», «Көк тәңірі» аспан құдайының аты болған. 
Бұрынғы адамдар жақсылық-жамандық, адам дерті, мал індеті, 
алғыс-қарғыс, ырыс, сор, берекелі- берекесіздік- бәрі де тәңірден 
болады деп білген»,- деген тәрізді [383, 39
б.
] ғалым сипаттаулары 


326 
ғылыми сипатын әлі жойған жоқ. Ал, бұл дін салты өлеңдеріне 
Бейсембай Кенжебаев дұрыс анықтама берген: «Қазақтың ертеден 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет