Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет117/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

3.3.3 Ұжымдық еңбектер 
ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ фольклортану ғылымы 
дегенде, 1948 жылы Алматыда Қазақ ССР Ғылым академиясы 
баспаханасында жарық көрген Тіл және әдебиет институты даярлаған 
«Қазақ әдебиетінің тарихы» (1 том, Фольклор) атты ұжымдық 
еңбекке [383] алдымен назар аудартқымыз келеді. 
«Қазақ әдебиеті тарихының» бірінші томы отызыншы-қырқыншы 
жылдарда халық ауыз әдебиетін жинау, зерттеу саласында істелген 
жұмыстардың қорытындысы есепті болды. Бұл еңбек осыған дейін 
жазылған жеке зерттеулерді жинақтай отырып, халық ауыз 
әдебиетінің көптеген мәселелерін көтеріп, тың пікірлер айтты. 
Мәселен, бұл кітапта жаңадан историографиялық бөлім жазылды. 


320 
Көптеген тарауларға библиографиялық көрсеткіштер берілді. Онда 
маңызды деген қолжазбалар, зерттеу еңбектер пайдаланылды. Атап 
айтқанда, Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл мен әдебиет 
институтының қолжазба фондысы барынша қамтылды. 
Авторлар коллективі бұрын жазылған зерттеу еңбектердің кем-
кетігін еркін түрде еске алып, белгілі бір жырдың нұсқаларына 
сипаттама беріп (батырлар жыры, тұрмыс-салт жырлары 
жайындағы тараулар), халық ауыз әдебиетінің әрбір жанрындағы 
шығармалардың тақырыбын, кейіпкерлер тобын белгілеп, басты-
басты образдарына талдау жасаған. Кітаптағы тұрмыс-салт жырлары, 
ертегілер, 
айтыс 
(М.Әуезов, 
Ә.Қоңыратбаев) 
жұмбақтар 
(Ә.Марғұлан), кеңес фольклоры (Е.Ысмайылов) атты тараулар 
жаңадан зерттеу нәтижелері еді. Ал, шешендік сөздер (Ә. Мәметова)
мен қазақтың халық ауыз әдебиетіне қысқаша историографиялық 
шолу деген бөлімдер жаңадан жазылды. 
Жалпы көлемі 400 беттен тұратын қазақ фольклоры жөніндегі 
ғылыми еңбек іштей 8 жанрға бөлініп жіктелген. Тұрмыс-салт 
өлеңдерін, Абылай, Сырым туралы тарихи жырларды белгілі ғалым 
Б.Кенжебаев әзірлесе; ертегілерді, «Қозы Көрпеш- Баян сұлу», «Қыз 
Жібек» жырларын, айтысты және осы томның жалпы редакциясын 
басқарған Қазақ ССР Ғылым Академиясының толық мүшесі
М.Әуезов жазған. Сонымен қатар: батырлар жырын белгілі ғалым 
Қ.Жұмалиев жазса; «Айман-Шолпан», «Наурызбай-Қаншайым» 
жырларын белгілі ғалым Ә.Қоңыратбаев талдаған. Шешендік 
сөздерді- Ә. Мәметова; мақал-мәтелдерді де- Б.Шалабаев; 
жұмбақты- белгілі ғалым Ә.Марғұлан; өтірік өлеңдерді- Б. Шалабаев 
қарастырған. Кенесары, Наурызбайды және қазақ совет фольклорын- 
белгілі зерттеуші Е.Смаилов, Жанқожа, Бекет, Досан туралы- ғалым 
Б.Шалабаев жазғаны белгілі. 
Сөз басына келетін болсақ [383, 5-13
б.
] мұнда қазақ халқының 
мәдениет тарихында әдебиеттану ғылымының тарихы қысқа екендігі 
ескеріле отырып, белгілі жетістіктер Қазан төңкерісінің жемісі ретінде 
қарастырылған. Ал, Қазан төңкерісіне дейін мардымды зерттеу 
мұраларының болмаған деуі т.б. – бәрі белгілі бір кезеңдегі ғылым 
өрісін танытарлық шектеу белгісі екені даусыз. Демек бұл кезде
қазақ фольклорын зерттеушілер халықтық мұраны, көбінесе 
әдебиеттану ғылымы талабы бойынша қарастырған. 
Кіріспеде Б.Кенжебаевтың фольклор туралы ой-пікірлер берілген: 
«Фольклор ағылшын сөзі. Оның дәл мағынасы- халық даналығы, 
халық білімі деген сөз, ауызша шығарылған асыл, аталы, көркем 
сөздер»,-дейді [383,14
б.
].


321 
Бұл іспетті анықтама кезінде 1941 жылы басылған «Қазақ 
әдебиеті» (Фольклор. Орта мектепке арналған оқу құралы. Құраст. 
Қ.Жұмалиев пен Ә.Марғұлан.-Алматы. 1941.-159 б.) атты кітапта 
берілгені белгілі. Одан әрі ғалым фольклорды зерттейтін ғылым 
саласын фольклористика деп атап көрсеткен. Ғалым Бейсем 
Кенжебаевтың фольклорды әдебиеттің бір саласы деп, сондықтан 
оны көркем әдебиет жүйесімен зерттеледі деуі- қазақ фольклортану 
ғылымының балаңдығымен түсіндіріледі. Дегенмен ғалым 
фольклордың өзіндік ерешкшеліктерін де ажыратады: «Алдымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет