44
туралы» 3 нұсқаның 1920 жылдың 5 қыркүйек күні Сырдария
облысының Ақмешіт уезінде Мүслім Қарақожаевтың айтуынан
жазылынып алынғандығы, мәтінді жазып алушы Ақмамбет Тоқжаев-
Ә.Диваев тапсырмасын орындағаны айтылады [68, 80
б
.]. Ал,
«Жұманазардың домбырамен айтысқаны» үлгісінің ХХ ғасырдың 20
жылдары Сырдария облысы Перовск
ауданы тұрғыны Жұманазар
ақын айтуынан жазып алынғаны көрсетілген [68, 90
б
].
Ә. Диваевтың жинаушылық шарттары сол кезең үшін- үлкен
жетістік. Оны ғылыми принциптің алғашқы баспалдақтары десе де
болады. Жалпы, фольклортану ғылымының қағидалары бойынша, қай
шығарма болса да сөзбе-сөз, еш өзгертусіз жазылып алынуға тиіс.
Ә.Диваев фольклорлық мәтінді ауызба-ауыз жинау барысында, оған
ғылыми түсініктеме беруді маңызды шара деп қабылдаған. Мәселен,
«Өзбектердің пайда болуы турасында» аңыздың бет көлемі 3 бетті
алса, ал оған берілген түсініктеме 5 бет мөлшерді құрайды [69].
Ә.Диваев бұл түсініктемелердің шындыққа
неғұрлым жақын болуын
қадалаған. Сондай-ақ түсініктемелер жазу барысында Ә.Диваев
белгілі ғалымдар: Н.Гродеков, А.Харузин, М.Будагов, Х.Кустанаев,
Г.Вамбери, З.Миллер еңбектерін де қолданған [68,152-153
б
].
Ә.Диваев жинаған жазбаларының маңыздысы- екі тілде, қазақ-
орыс тілдерінде қатар берілуі [68]. Бірі- түпнұсқасының қазақ тілінде
берілуі, фольклортану ғылымының талабынан туындаса, сондай-ақ
қалың оқырманға бағытталғанын анықтайды. Ал,
мәтіннің орыс
тіліне
аударылуы-
Ресейдің
шығыстанушы
ғалымдарына
арналғандығын
танытады
(Ал,
Ә.Диваевтың
фольклорды
экспедициялық тәсіл арқылы жинауы біздің еңбегімізде кейін арнайы
қарастырылады).
Ә.Диваев жинаушылығының басты шарты- мәтіннің не ескілігі, не
жаңалығы емес, керісінше, халық шығармашылығы турасында
толыққанды хабардар болуы еді:
«Благодаря служебному положению
Достарыңызбен бөлісу: