Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет34/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

қайтып үйін тапқан соң. 2)Ажалдан ақша беріп құтылмас. 3) 
Ажалсыз аштан өлмес. 4) Азан айтпақ молданың ісі. 5) Азықты ат 
арымас»,- деген тәрізді сандар реті 273-ке дейін барады [155,3
б.
]. 
Мақалдар тақырыптық ерекшелікпен емес, алфавит тәртібімен 
орналасқан. Мақалдардың әрбір жолдары, көбінесе өзара үтір, не 
басқа тыныс белгісімен ажыратылмай, тұтастай берілген. Ара-тұра
үтір белгісімен ажыратылған үлгілер де кездеседі: «9) Алда деген ар 
болмас, Алда деген пенделер еш нәрсеге зар болмас... 18) Ана 
сүтіменен кірмесе, тана сүтіменен кірмес»,- деген тәрізді [155,3
б.
]. 
Әр бетте, шамамен 25-29 мақал қамтылған. Алфавит тәртібімен
алғанда: «а» әрпімен басталатындары- 39 мақал; «б» әрпімен-38; «д» 
әрпімен-7; «е» әрпімен-7; «ж» әрпімен-31, «з» әрпімен-1; «и» әрпімен- 
22; «к» әрпімен-42; (тек ескертетін нәрсе бұл қатардағы «К» әрпімен 
басталатын мақалдар ішінде «Қ» әрпімен жазылатындар да 
баршылық- Н.Ж.); «М» әрпімен—3; «Н» әрпімен-1; «о» -2; «ы»-1; 
«с»-21; «т»-25; «у»-16 (мұнда қазақ тіліндегі «Ұ», «Ү», «Ө» 
әріптермен келетіндер «У» әрпімен берілген- Н.Ж.); «ш»-11; «э» 
әрпімен 5 мақал берілген. Демек бұл шараларды қолданудағы мақсат 
фольклорлық мәтіндерді әрі өзара тез ажырату, әрі көлемін анықтау 
екені күмәнсыз. 
Жинақтың екінші топтамасы Ақмешіт қазағының жұмбақтарына 
арналады. Беттегі барлық жұмбақ саны-146 [155,13-20
б.
]. Әр бетке 
шамамен 15-18 жұмбақтан келіп отырған. Әр жұмбақ жоғарыдағы
мақалдар тәрізді реттік сандармен нөмірленіп, ажыратылып отырған.
Жұмбақтар да мақалдар тәрізді алфавит тәртібімен берілген. Әр 
жұмбақтың шешуі сол жұмбақтың соңында сызықша арқылы ғана 
ажыратылған. Шамасы жинаққа мәтіндерді алфавит тәртібімен 
енгізудегі мақсат- тілдің орфографиялық заңдылығына сәйкес 
әріптердің орналасу реттілігін зерттеушілерге ұғындыра отырып, сол 
арқылы керекті мәтінді алфавит тәртібімен тез табу мүмкіндігін 
ескергені сөзсіз. Мәселен: «Адамсыз кетеді, айтса тік тұрады, 
тағдырда жазған.- Құран»,- деген тәрізді [155,13 
б.
]. Алфавит тәртібі 
бойынша: «а» әрпімен басталатындары- 29 жұмбақ (бұл ретте «ә» 
әрпімен жазылатын жұмбақтар да «а» әрпімен берілген-Н.Ж.); б-18; 
Д-2; с-6; ж-19; и-4; к-25 (ішінде «қ» әрпімен келетіндер де бар- Н.Ж.); 
м-4; н-1; о-7; с-4; т-12; у-10 (ішінде ө,ұ,ү әріптермен келетін 
жұмбақтар да у әрпімен берілген- Н.Ж.); ш-5 әрпімен жұмбақ тұтастай 
алынған. Жалпы бұл оқу хрестоматиясында фольклорлық текстер 
тегіс орыс әрпімен қазақша, өте қарапайым берілген. Ал, жинақтың 
үшінші топтамасы Түркістан, Шымкент, Әулие-ата қазағының мақалы 
ретінде берілген. Мұндағы 10 бет ішінде 199 мақал топтастырылған 


94 
[155, 21-30
б.
]. Әр бетте 17-21 шамасында мақалдар тізбегі бар. Бұл да 
реттік сандармен нөмірленіп, алфавит тәртібімен берілген. Демек 
хрестоматия авторы әр жерден жиналған фолькорлық үлгілерді өзара 
араласып кетпесін дегендей, әр жердің фольклорын жеке-жеке беруі
жинақ маңызын арттырады. Сол үшін де арнайы атау беріп, жинаққа 
жеке-жеке топтаған тәрізді. Ал, бұл өз кезегінде жергілікті тіл 
ерекшеліктерін зерттейтін тіл мамандарына баға жетпес қазына көзі 
болары анық. 
Жинақтың төртінші топтамасы қазақ ертегілеріне арналған 
[155,31-90
б.
]. Мұнда жинақтың 60 бетін қамтыған қазақтың 26
ертегісі бар. Әр ертегі бір-бірінен 1-ден 26-ға дейінгі сандармен 
ажыратылған. Ертегі тақырыптары көрсетілмеген. Біріншісі- қиял-
ғажайып ертегісі: хан мен оның 40 ұлы төңірегінде болады. Өзі жарты 
беттей көлемді алса да, оқиғасы қызықты. Хан еліне жарлық қылып, 
арық қазуды, суы алтын, жағасындағы ағаштары да алтын болуын 
талап етіп қыстағанда, араға кенже баласы араласқаны сөз болады. Ол
айтқандарды бір өзі орындағаны келтіріледі. Баласы әкесі- ханға
істеген ісін көрсетуге барғанда, дауыл тұратынын, ол кезде ағаштың 
тамырын ұстаса да әкесіне ешбір жерге бармау керектігін ескертеді. 
Хан отыз тоғыз ұлымен ол ескертулерді ескермей, ақыр соңында бәрі 
қаза болады. Ертегі әлгі жас баланың патша болып мұратына 
жетуімен аяқталады [155, 31
б.
]. Екінші мәтін тұрмыс-салт ертегісіне 
жатады: онда бір қарттың аманатқа берген 100 теңгесін бермей 
кетпекші болған жігіттің ақыр соңында қазының ұялтқан сөзінен кейін 
аманатты қайтарғаны сөз болады [155,31-32
б.
]. Үшінші ертегі: әкесі 
Қарынбайдың берген ақшасына жалғыз баласы нәрсе алмай, бір 
шалдың «Әдемі әдемі емес, әркімнің сүйгені әдемі»- деп айтқан
насихат сөзін сатып алып, ақыры бұл сөздің өзін жолкеспе ұрылардан 
жанын сақтап қалуына, мұратына жетуіне себепкер болғандығы 
айтылады [155,32-33
б.
]. Төртінші ертегі- төрт қарақшы төңірегінде 
болса [155, 33-34
б.
]; бесінші ертегі де –қарақшы туралы [155, 34-35 
б.
]. Ертегінің алтыншысы- жарлы бала [155,35-37
б.
]; жетіншісі- ұлы 
мен қызы жоқ бір бай турасында [155,37-39
б.
]; сегізіншісі- бір байдың 
бурасы жөнінде [155, 39-40
б.
]. Кітапта сонымен бірге «Ағайынды 
жігіт»; «Тоғыз тоңқылдақ пен бір шіңкілдек»; Асан қайғы; 40 өтірік ; 
Ойшы ағайынды үш жігіт; Шұбар тай ; Қара бура мен ұры; Сарт пен 
түлкі; Жалғыз көзді дәу; Көк өгіз; Көк бие ; Жиһан кезуші Байбатыр; 
Ағайынды үш жігіт ; Бір бай туралы ; Байдың жалғыз баласы; Көк 
қошқар; Қарт патша [155, 40-90
б.
]- жалпы саны 26 ертегі бар.
Ертегілердің қайдан алынғаны көрсетілмеген.


95 
Жинақтың ішінде қазақтың әр түрлі термесі, өлеңі берілген. 
Жинақтың 125 бетін құрайтын бұл бөлімде: 63 өлең шумақтары бар 
[155, 91-106
б.
]. Алғашқы жеке-жеке берілген сегіз шумақ: «Қолыма 
қалам алдым...»,- деп басталады. Ал, қалғандарының біразы 21,11,15 
жолдардан тұратын терме үлгісі; сондай-ақ 14, 9, 8, 29 жолдық жыр 
жолдарын құрайды [155, 100-106
б.
]. 
Хрестоматиядағы 64-ші нөмірмен Байтемір болыстың қазағы 
Бекназар батыр дегеннің Өтеулі деген баласының 15 жаста опат 
болуына байланысты Тоқпақ уезіндегі досы Ғабдурахман қожаның 
айтқан жоқтауы берілген. Жоқтау 74 жолдан тұрады [155,106-108
б.
].
Ал, 
65-ші 
нөмірмен 
Мерке 
болысының 
биі 
Тоғамбай 
Тұрлыбайұлының 
ұл 
баласы 
өлгеніне 
інісі 
Қоңғырбай 
Тұрлыбайұлының айтқан жоқтауы берілген (жоқтау 39 жол) [155, 
108-110
б.
]. Одан әрі 85-ке келіп қайтыс болған Ботпай Сыпатай 
батырдың қазасына қыз-қатындардың айтқан жоқтауы орналасқан 
(жоқтау 25 жол) [155, 110-111
б.
]. Келесі ретте «Айдос батыр» туралы 
202 жол өлең мен қара сөз аралас [155, 139-147
б.
]. Жинаққа Әйеке 
болыстың қызының жоқтағаны енгізілген [155, 147-153
б.
]. (Жоқтау 
үлгісі 216 жолды еншілеген). Жыр 142 өлең жолдан тұрады. Жырдың
ұйқасы да әр келкі, буын саны да аралас келеді. Жинақтың 77—нші 
ретімен «Қара құл», 78-нші ретімен «Тақ Сүлеймен» деген [155, 158-
206
б.
] қисса-дастандар берілген. «Қара құл» қиссасы –324 жыр 
жолын, ал «Тақ Сүлеймен» қиссасы –1233 тармақты құрайды. Ал, 
«Абу Жайл» нұсқасы- 131 шумақтан, яғни 524 жыр жолынан тұрады 
[155, 206-225
б.
].
Қорыта 
келгенде, 
Я.Лютштің 
құрастырған 
«Киргизская 
хрестоматия» жинағына: 472 мақал, 46- жұмбақ, 26 ертегі, 63 
шумақтан тұратын жекелеген өлең жолдары, 4 жоқтау үлгісі, 3 ақын 
өлеңдері, 2 терме-жыр, 2 айтыс, 2 эпостық нұсқа, 4 қисса-дастан 
енгізілген. Тек бір өкініштісі, нұсқалардың нақты кімнен, қай уақытта 
жазылынып т.с.с. алынғанына қатысты деректер келтірілмеген.
Ендеше жинақтың ғылыми сипаттан гөрі бұқаралық, көпшілік 
мақсатта жарияланғаны анықталады. Дегенмен фольклордың бірнеше 
жанрларын арнайы түрде жинап, хрестоматия түрінде басу Я.Лютш 
еңбегінің маңыздылығын арттыратыны сөзсіз. Сондай-ақ бұл
хрестоматияның кейінгі ХХ ғасырдың бірінші жартысында басылым 
көрген түрлі оқу құралдарына, хрестоматияларға, жинақтарға үлгі-
жоба болғаны анық. Сөйтіп, ХХ ғасыр соңындағы ерекшелік-жетістік: 
жеке бір жырдың жеке кітап болуы; әр жанрға жеке жинақ арнауы дер 
едік. 


96 
ХХ ғасырдың алғашқы жартысында қазақ фольклоры мен ауыз 
әдебиетіне қатысты 200- ден аса кітап басылған. Оның ішінде: мақал-
мәтелдер топтамасы-4 [156], қиссалар мен эпостық үлгілер- 100 
шақты [157], жұмбақтар-4 [158], ертегілер-10 [159], оқу құралдары 
[160], аңыздар-3 [161], түрлі баталар-3 [162], тойбастар, жоқтау, 
термелер- 5 шақты [163] т.с.с. Сонымен бірге жоғарыда аты 
аталмаған И.Лаптевтың еңбектері [164], атақты Ә.Диваев 
құрастырған қазақ мақалдары [165], Сырдария облысы қазақтарының 
үйлену салт- жоралары [166], орысша-қазақша сөздік [167] те бар.
1910-1917 жылдары шыққан кітаптардың ақпараттық деңгейі әр 
түрлі. Сонымен қатар 1900-1917 жылдардағы жинақтардың ғылым 
үшін маңызына қарай былай топтауға болады:
1) Құр мәтіннің өзін жариялаған кітап. Тек араб әрпінде берілген. 
2) Алғысөзі бар жинақ (арабша-кириллица әріпте берілген текст). 
3) Алғысөз бен түсініктемесі бар, орысша аудармасы бар. 
Мәселен, бірінші топтағылар тек қазақ оқырманына арналған. 
Онда қазақ қауымына таныс шығарманы жариялап, ел арасына тарату 
көзделген. Сол себепті ешбір алғысөз, түсініктер берілмеген. Мәтін 
сөздерінің тілдік ерекшеліктерін сақтау мақсат етілмеген. Кітаптар 
араб әрпінде ғана басылып, қазақ елінің сауатын аша түсуді де
мақсат еткен. Мәселен, «Қисса-и-Айман-Шолпан» (Қазан, 1900), 
«Қисса-и-Мәлік Хасан» (Қазан, 1900) т.б. Бұл еңбектерді кім 
бастырған, кім жинаған, кім дайындаған т.б. тәрізді деректер 
келтірілмеген. Мәтіндердің барлығы да араб графикасымен берілген.
Беттер әдеттегідей солдан оңға қарай емес, араб графикасының 
ерекшелігіне орай оңнан солға бағытталып, араб сандарымен 
белгіленген. Және де әр беттің соңында келесі бетте басталатын 
сөздің жеке оқшауланған қалпын келтіріп отырған. Ондағы мақсат 
беттің рет сандары сақталмаған жағдайда да, осы сөз қайталамасы 
арқылы да бет ретін сақтаудың екінші қосалқа жолын қолдану екені 
белгілі. Әдетте кітаптың реттілігін бұлай белгілеу дәстүрі 
ортағасырлық қолжазбаларда жиі кездеседі. Демек ХХ ғасырдың 
басында бұл дәстүрді әрі қарай баспахана иелері де кітап бастыру 
ісінде 
де 
қолданған. 
Кітаптың 
сыртқы 
бетінде 
мәтіннің 
жоғарыдағыдай паспорттық деректері бірге беріледі. Кітап беттері 
жұқа болса да, сапалы жасалған. Мәтін жазулары толықтай қара 
бояумен көмкерілген. Егер де мәтін өлең түрінде, яғни ырғақ шумақ, 
ұйқасқа негізделіп жазылса, онда әр бетте екі қатарға бөлініп орналасу 
іске асқан. Онда да өлең жолдары бірінші оң қатарды толтырған соң 
ғана барып, сол беттегі сол қатарға ауысып отырған. Кітаптың 
сыртқы мұқабасынан кейінгі ішкі алғашқы бетінде кейде 


97 
жұлдызшаның, кейде жақшаның ішінде кітап аты үлкен (кітаптың
басқа беттеріндегі әріптерге қарағанда) әріптермен бет ортасындағы 
маңдайшаға жазылған. Сондай-ақ кітап тақырыбы маңайы оюлармен 
әшекейленіп безендірілген. Бұл кітаптардың көлемі кейін жиі 
кездескен 100, не 200 беттерден емес, керісінше 20, не 30, не 40 т.с.с. 
бет мөлшерінен тұрады. Кітап соңы әдетте жақша ішіндегі «тәммә» 
деген араб сөзбен, яғни аяқталу, білу деген ескертумен аяқталып 
отырған. Демек бұл белгі кітаптың соңы дегенді білдіру үшін 
алынған. 
Ал, келесі бір кітаптарға келетін болсақ, онда кітаптың аты, 
шыққан жылы, басылым көрген қаласымен бірге кітапты құрастырған 
иесі мен шығарушысы кім екені көрсетіледі т.б. Мәселен, «Қисса-и 
Біржан сал мен Сара қызының айтысқаны» (Қазан. Университет 
табиғханасы. 1900. 19 б.) кітабының құрастырушысы Жүсіпбек 
Шайхулислам ұғлы делінсе, шығарушысы Шәмсуддин Хұсайын ұғлы 
деп көрсетілген. Демек бұл кітаптардың құрастырушылары мен 
шығарушылар кімдер екені анықталған. Сондай-ақ әр кітаптың 
сыртқы мұқабасының төменгі жағында кириллица әрпімен орыс 
тілінде: «Дозволено цензурой С.-Петербург 25 октября 1899 г. Казань. 
Типолитография Императорского Университета. 1900»,- деген тәрізді 
сілтеме де бірге беріліп отырған. Демек патша үкіметінің цензурасы 
тарапынан қай күні, қай жылы рұқсат т.с.с. алынғанына дейінгі
ақпараттық деректердің міндетті түрде кітаптың сыртқы мұқабасында 
көрсетілуі қажеттігі де қарастырылған. Ендеше бұл кітаптар, 
негізінен, бұқаралық сипатта басылғандар.
Екінші топтағылар қазақ қана емес, басқа да, кириллицаны білетін 
адамдар үшін есептелген. Мұнда жоғарыдағы кітаптарда кездесетін 
өзгешеліктермен қатар, кейбір кітаптарда мәтіннің екі тілде, яғни 
қазақ (араб графикасында) және орыс тілдерінде қатар берілуі де іске 
асқан. Тіпті мәтіннің нешінші рет шығарылғанына дейінгі деректер де 
қамтылған. Бұл кітаптар, көбінесе басқа ұлт өкілдері тарапынан 
жазылған. Мәселен, қазақ мақалдарының жинағы 1900 жылы жарық 
көреді. Оның бірінің алғысөзін жазып, құрастырған әйгілі Ә.Диваев. 
Бұл кітап мәтіні араб әрпімен қазақ тілінде жазылған да, бөлім аттары 
орыс тілінде берілген. Жинақтың басылым көрген қаласы- Ташкент, 
бастырушы- В.М.Ильин. Кітап көлемі- 13 бет те, таралымы 5 дана. 
Бұлар, негізінен, оқу-ағарту мақсатындағы кітаптар болды. 
Үшінші топтағылар зерттеушілерге арналған. Негізінен, ғылыми-
көпшілік, 
не 
ғылыми 
сипатта 
басылғандар. 
Мәселен, 
Н.Н.Пантусовтың жинаған қазақ мақалдары Жетісу облысының 
Қапал уезінде қағазға түскен және де бұл деректер қазақ халқының 


98 
тілдік ерекшеліктерін зерттеу үшін мәтін көзі ретінде жиналған. Мәтін 
транскрипциясымен, аудармасымен бірге берілген. Жинақтың 
алғысөзін белгілі түріктанушы Н.Катанов жазған. Жинақтың Қазан 
қаласындағы Университет баспаханасында 1900 жылы, көлемі 39 
беттен тұратын кітап түрінде шыққандығы турасында ақпараттар бар. 
Бұл жинақ түріндегі мақалаларды басудағы мақсат қазақ тілін зерттеу 
екендігі сөзсіз. Мұның бәрі де жинақ маңыздылығын арттырады. 
1901 жылы шыққан «Материалы к изучению казак-киргизского 
наречия» атты кітаптың сыртқы мұқабасында Н.Н.Пантусовтың аты-
жөні көрсетілген. Жиналған мәтіннің жалпы қазақ тіліндегі 
диалектикалық ерекшеліктерді зерттеу үшін алынған. Үшінші рет 
басылым көрген, мәтін негізіне қазақтың «Қарамерген» деген ертегісі 
алынған. Мәтін транскрипциясымен, аудармасымен бірге берілген 
[168]. Сондай-ақ белгілі түріктанушы Н.Катановтың алғысөзі бар 
[168, 3-4
б.
]. Жинақта «Қарамерген» ертегісі жарияланған. Мәтіннің 
лингвистикалық ерекшеліктерімен қатар этнографиялық сипаты да 
мәнді. Өсімдіктер мен аңдарға, биік таулар басында түрлі аруақтар 
мекендеуі туралы халықтың діни наным-сенімдері хақында деректер 
келтірілген. Сонымен бірге қазақ ертегілерінің парсы елінен келген 
деген пікір де бар. Каф таулары, жалмауыз кемпір, жезтырнақ, перілер 
т.с.с. турасындағы бейнелер т.б. сөз болады. Жалпы ертегінің 
қысқаша мазмұны мынадай: Қарамергеннің аңда перінің қызымен 
кездесуі, бір жылдан соң балалы болуы, өсе келе ол баланың патша 
болғаны, перілер арқасында Қарамергеннің ерекше баюы, ал 
байқаусызда Құдайды ауызға алуы сол-ақ екен, бүкіл перілерден 
алғандары сол сәтінде-ақ жоғалып кеткені, сөйтіп Қарамерген бәз 
баяғы қалпына түскені баяндалады т.б. Екі беттен тұратын кітап 
кіріспесі орыс тілінде берілген. Ондағы мақсат: орыс тілді халықтарға 
мәтіннің оқиғасының қысқаша мазмұнын айта отырып, олардың 
кітапқа деген қызушылығын арттыру.
Кітап үш бөлімнен тұрады: біріншісі- қазақ тіліндегі мәтін араб 
әрпімен берілгені [168, 5-15
б.
]. Ол еңбектің 11 бетін алып тұр. 
Екіншісі – араб әрпімен емес, орыс тілінің транскрипциясымен, яғни 
кириллица негізінде жазылған қазақ тіліндегі мәтін [168, 16-23
б.
]. 
Бұл еңбектің 8 бетін қамтиды. Үшінші бөлімде қазақ тіліндегі 
мәтіннің орыс тіліндегі аудармасы берілген [168, 24-35
б.
]. Бұл бөлім 
кітаптың 12 бетін алады. Енді әр бөлімге жеке-жеке тоқталайық. 
Бірінші бөлім орыс тілінде «Киргизский текст» деп басталса, әрі қарай 
араб тілінде «Қарамерген» деген қазақтың бір ғажайып ертегісі» 
делінсе, жақша ішінде «1898-інші жылда 10-ншы сентябрьде» деген 
ескертпе бар [168, 5
б.
]. Мәтін әрі қарай араб әрпімен: «Бұрынғы 


99 
өткен заманда қазақ жұртының бір Қарамерген деген кісісі 
болыпты...»,- деп басталады. Беттер араб әрпінде жазылған. Беттер 
реті бұрын басылым көрген басылымдардағыдай, оңнан солға қарай 
емес, керісінше, орыс тілді кітаптарындағыдай солдан оңға қарай 
бағытталған. Әр бет 22 жолдан тұрады. Мәтін соңы «Таммат тәмам» 
деп аяқталады.
Аудармасы берілген үшінші бөлімде мәтіннен алынып әр бет 
соңында арабша да, кириллица әрпінде де жазылған кейбір қазақ 
сөздерінің орысша аудармасы бірге берілген. Сөйтіп барлығы 12 бет
аударма орын алған. Мәселен, «қара» сөзі- «черный», «мерген»- 
«стрелок», «құлан»- «дикая лошадь», «уық»- «длинные палки в юрте, 
одним концом прикрепляемые к нижним решеткам (кереге), а другим 
концом к верхнему кругу (шанырак)» т.б. деген мағынада 
этнографиялық түсініктеме түріндегі аудармасымен бірге берілген 
[168, 24-25
б.
]. Мұндағы қазақ мәтіні ішінде орыс тіліндегі балама 
аудармасы жоқ кейбір ұлттық ерекшеліктерді беретін сөздер (уық, 
кереге, шаңырақ) сол қалпында өзгеріссіз беріліп, оның есесіне оның 
орыс тілінде қандай түсінік беретіні ескеріліп отырылған. Демек 
Н.Н.Пантусовтың фольклорлық мәтіннің орыс тіліндегі аудармасын 
бергенде, сөзбе-сөз аудармасын берумен қатар тілдік ерекшеліктерге 
де назар аударуы т.б. – бәрі де бұл хрестоматия үлгісінде 
жарияланған фольклорлық мәтіннің, негізінен, лингвистикалық 
сипатта жазылғанын танытады.
«Материалы к изучению казак-киргизского наречия» атты 
кітаптың 4- ші шығарылымы бір ұрының ақырында хан болуы 
тұрғысындағы 
ертегісімен 
берілген. 
Кітапты 
құрастырушы 
Н.Н.Пантусов, мәтіннің өзі де, транскрипциясы да, аудармасы да бірге 
берілген. Кітап Қазан қаласындағы Императорлық Университет 
баспаханасында 1901 жылы жарияланған. Ішкі бетінде 1901 жылдың 
20 июль күні С.Петербург цензурасы тарапынан басылуға рұқсат 
етілгені туралы ақпарат бар [169]. 
Кітаптың кіріспесі профессор Н.Катанов сөзімен ашылады [169, 
3-4
б.
].Мұнда да ертегінің қысқаша мазмұны баяндалады. Сондай-ақ 
бұл үлгідегі ертегілер басқа да түрік тектес халықтарда кезесетінін
ескертеді. Кітап үш бөлімнен тұрады: біріншіде- араб әрпінде 
жазылған қазақша мәтін. Кітаптың екінші бөлімінде- қазақша 
нұсқаның орыс әрпіндегі транскрипциясы берілген [169, 13-20
б.
].
Кітаптың үшінші бөлімі- үлгінің орыс тіліндегі сөзбе-сөз аудармасы 
ретінде берілген [169, 21-30
б.
]. Мұнда да орыс тілінде кездеспейтін 
кейбір қазақ сөздеріне бет соңында түсініктемесі бірге келтіріліп 
отырған. Мәселен, желмаяны аударғанда: «Одногорбый быстроногий


100 
верблюд»,- деп көрсеткен [169, 29
б.
]. Жалпы бұл ертегі де 
хрестоматия үлгісінде жарияланған. Н.Н.Пантусовтың бұл 
хрестоматияға енгізген бір мәтінінің үш түрде (әрі араб әрпінде, әрі 
кириллица әрпінде, әрі орыс тілінде аудармасы) берілуі бұрынғы 
фольклорлық жарияланымдармен салыстырғанда жақсы қадам болды. 
Себебі: біріншіден, Н.Н.Пантусов қазақ мәтінін араб әрпінде беруі- 
сол кездегі ғылым талабымен (шығыстану тұрғысынан) түпнұсқаны 
беру үшін алынса, әрі шығыстық білім алған халықтың көпшілігінің
мәдени мұраға деген рухани мұқтаждығын ескеруден туған. 
Екіншіден, қазақ мәтінін кириллица әрпінде беруі- сол тұстағы орыс 
шығыстанушы мен түркітанушылар, әрі орысша оқыған қазақтар 
үшін, әрі халықтың орыс тіліне, әдебиетіне, мәдениетіне деген 
сұраныстың көбеюін ескергендігі байқалады. Үшіншіден, мәтінді 
орысшаға аударуы- Ресей ғалымдарына арналғандығын да көрсетеді. 
Ондағы мақсат: фольклорды әрі қазақ тілін зерттеушілерге, әрі орыс 
пен қазақ фольклорының өзара байланысын зерттеушілерге, әрі қазақ 
халқының 
әдет-ғұрпын, 
наным-сенімін, 
тұрмыс-тіршілігін 
зерттеушілерге, әрі бұларды батыс еліне таныстыру үшін т.б. қажетті 
дерек көзі ретінде пайдалану. Ал, бұл жинақтың зерттеушілік мақсат 
үшін жарияланғанын дәлелдейді. ХХ ғасырдың Қазан төңкерісіне 
дейінгі кезеңде фольклорлық үлгілерді үш түрде жариялау, яғни әрі 
араб әрпі, әрі кириллица, әрі орысша аудармасымен бірге беру т.с.с.- 
бәрі сол тұста қалыптасқан ғылыми жариялау талаптары екені анық. 
Мәтіннің бұлай үш түрде берілуі хрестоматияның жақсы жағы болса, 
әрі Н.Пантусов кітаптарының бәріне ортақ белгі. Ал, кемшілігі- ара-
тұра үлгінің қайдан алынғаны турасында деректердің көрсетілмеуі.
Демек, ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде бір қаланың өзінде-ақ 
жарыққа шыққан түрлі фольклорлық басылым әр түрлі деңгейде 
болғаны анықталады. Белгілі бір кітаптың, не жинақтың атын 
көрсетуде, шыққан жылын, Патша үкіметінен рұқсат алған күнін екі 
тілде, яғни қазақ-орыс тілдерінде ескерту, шығарушы баспаның атын, 
кімнің қаржысына шыққанын анықтауға т.с.с. қатысты берілген 
деректерді еңбектің сыртқы мұқабасында келтіруде- жинақ 
ұтымдылығын танытса, ал мәтіннің жазылынып алыну құжатына 
қатысты дерек көздерінің: кімнің ауызынан, қалай, қай уақытта, қай 
жерде, қай тәсіл арқылы қағаз бетіне түскендігінің т.с.с. болмауы сол 
кезең ерекшелігін танытатын кемшіліктер қатарына жатады. 
Сол кездегі қалыптасқан шығыстану ғылымы талабы бойынша кез 
келген мәтіннің түпнұсқасы міндетті түрде арабша берілуі қажет деп 
табылған. Себебі шығыстанушы ғалымдар түпнұсқаға көп көңіл 
бөлген. Жинақта бұл талаптың орындалуы оның ғылыми сипатта 


101 
жарияланым көргенін танытады. Ал, мәтіндердің өзара реттік 
сандармен ажыратылуы жүйелілік талабынан туындаған. Ондағы 
мақсат: қарастырғанда, зерттегенде, салыстырғанда бір мәтіннің әрі 
түпнұсқасын, әрі транскрипциясын, әрі аудармасын өзара тез ажырату 
үшін қажет болған. 
Ғалым Н.Н.Пантусов құрастырған «Материалы к изучению казак-
киргизского наречия» кітабының алтыншы шығарылымы жақсы мен 
жаман билер хақында айтылған қазақ әндеріне арналған [170]. 
Мәтіндегі сөз дыбыстарының өзгешеліктерін дәлдеп көрсету үшін, 
кириллица 
таңбаларымен 
мәтіннің 
ғылыми 
транскрипциясы 
келтірілген. Соңынан «қой», «шыбын», «болыс», «қайтіп», «тұлпар 
т.б. деген сөздерге түсініктемелер қосақталған [170, 9-12
б.
]. 
Бұл түсініктемелер кітап соңында берілмей, мәтін соңында
сілтеме түрінде орналасқан. Ерекшелігі: мәтін ішінде кездесетін 9 
сөзге мағыналық жағынан түсініктемелер берілгенде, ол сөздің 
қайдан келгеніне, немесе парсы тіліндегі мағынасына (мәселен, «қой» 
сөзі парсы тілінде «хуат» сөзінен деп көрсетілген) назар аударса, ал 
«шыбын жаным» тіркесіндегі «шыбын» сөзіне келгенде, оның 
қазақтар түсінігінде адамның жаны ұғымында қолданатыны, яғни 
адам жан бергенде «шыбын» түрінде көрініс беретіні де т.б. сөз 
болады. Сондай-ақ, мәтіннің таза орыс тіліндегі аудармасы 
енгізілген [170, 13-15
б.
]. Мәтіндегі өлеңдер, көбінесе орыс тіліне 
сөзбе-сөз аударма түрінде берілген. Мәтіндердің бұлайша екі тілде, 
әрі қазақ тілінде (араб әрпімен), әрі орыс тіліндегі аудармасы бірге 
берілуі жинақ маңыздылығын арттырады: біріншіден, әрі орыстың 
ғалымдары мен түркітанушылары, әрі орысша оқыған қазақтар үшін 
қажет болса, екіншіден, жалпы Ресей ғалымдары мен Еуропа 
ғалымдарына арналғандығын танытады. Ондағы ғалым көздеген 
мақсат: осындай үш түрде (әрі араб әрпі, әрі кириллица, әрі орыс 
тіліндегі аудармасы) жарияланым көрген ғылыми жинақтар арқылы 
қазақ елінің мәдениетін бүкіл әлем жұртшылығына таныстыру. 
Жалпы қамтылған мәтіндер өзара реттік сандармен белгіленсе де, 
өлең шумақтары ажыратылмаған. Сол себепті әр үлгідегі ұйқасы да 
әр түрлі: бірде кезектес, бірде шалыс, көбінесе қара өлең ұйқас
түрінде алынып, буын саны да аралас келеді. Мәселен: 
Әуелі сөз сөйлейін Жаратқаннан (-а) 
Нұр жауар ер жігітке талаптанған (-а) 
Кезегі сөйлейтұғын келгенінде (-ә) 
Не болар жігіт адам қарап қалған (-а)...,- 
делінген өлең жолдарынан [170,5
б.
], оның қара өлең ұйқасына 
құрылған, 3 бунақты, 11 буынды өлең екенін көрсетеді. Әр өлең 


102 
жолынан кейін нүкте, үтір тәрізді тыныс белгілері кітапта 
көрсетілмеген. Енді осы үзіндінің орысша аудармасына көз салайық: 
Начну слово о Создатель (т.е. именем Божьим). 
На молодца, ищушего познания, дождем сыплется (Его) 
нур. 
Когда наступит очередь говорить, 
То какой-же молодец промолчит?- 
деген іспетті сөзбе-сөз аударма үлгісі орын алған [170,13
б.
]. Бір
өкініштісі бұл мәтіндердің кімдерден алынғандығы, қалай, қандай 
тәсілдер арқылы қағаз бетіне түсірілгені, оның жазып алыну уақыты, 
жері көрсетілмеген, яғни текстің паспорттық деректері жоқ. Бұлар сол 
кезеңде фольклор үлгілерін жариялауда ғылыми талаптардың толық 
қалыптасып үлгермегендігін көрсетсе керек. Ал, сол кездегі мұндай 
көлемі неғұрлым шағын, қаржы аз жұмсалатын, қайтарымы тез 
кітаптарды баспадан шығару т.б.- бәрі сол кез үшін ең тиімді 
жолдардың бірі болғандығын дәлелдейді. Сонымен қатар бұл 
кітаптардың халықты бірте-бірте сауаттандырудағы маңызы ерекше 
болғаны да анық. 
Жақсы һәм жаман қатындар турасында жинақталған өлеңдер 
жинағын [171] құрастырған Н.Н.Пантусов о баста фольклорлық 
мәтіндерді қазақтың жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу нысанасы 
ретінде қолдануды көздеді. Және осы арқылы қазақ фольклорын жан-
жаққа насихаттады, орыс тілді елдерге таныстырды. Жинақтың 
маңыздылығы: паспорттық дерек көздері кітаптың алғашқы беттеріне 
жинақталып берілген. Мәселен, жинақ құрастырушысының аты-жөні, 
қандай мақсатқа арналғаны, басылым реті көрсетілді. Сондай- ақ 
мәтіннің қысқаша мазмұнына қатысты мағлұмат берілді. Одан әрі 
араб әрпіндегі мәтіннің өзін, мәтіндегі сөз дыбыстарының 
өзгешеліктерін дәлелдеп көрсету үшін кириллица әрпімен 
фонетикалық транскриациясын да бірге берген. Сондай-ақ мәтін 
түсінікті болу үшін орыс тіліндегі сөзбе-сөз аудармасының да бірге 
берілуі, әрі жинақ белгілі профессор Н.Катановтың алғысөзімен 
ашылуы т.б.- бәрі сол дәуірдегі қазақ фольклорын жинақ етіп 
жариялаудың дәстүрлі талаптарын қалыптастыруда маңызы ерекше 
болды. 
Жинақтың тағы бір маңыздылығы, алғысөзден [171, 3-4
б.
] кейін 
кітаптың үш бөлімге бөлініп, біріншісінде- қазақ мәтінінің араб 
әрпіндегі нөмірленген 34 шумағын рет-ретімен берілсе [171, 5-11
б.
], 
екінші бөлімде- осы өлең шумақтарының кириллица әрпіндегі 
ғылыми транскрипциясын көрсетілуі [171, 12-16
б.
] т.б.- бәрі кейінгі 
фольклортанушы 
ғалымдарға 
фольклорлық 
үлгінің 
ғылыми 


103 
жарияланымын қалай баспадан шығару керектігін дәйектеген үлгі- 
жобаға айналған. Кемшілігі дегенде, мәтіннің қалай, қашан т.б. 
жазылып алынғанына қатысты деректер берілмеген.
Жалпы бұл өлеңдердің авторы белгісіз. Жеткізуші ақсақал 
пікірінше өте ерте кезден ел арасында айтылып жүрген үлгі екендігі 
сөз болады. Және де бұл үлгі қазақ жерінің түкпір-түкпірінде жиі 
айтылатыны, түрлі нұсқада келетіні, әрі ол нұсқаны айтатын ақындар 
әнді өз атынан айтып, оған өз жанынан бірнеше сөздер қосатыны т..б.
тәрізді дерек көздері жинақ алғысөзінде берілген. Дегенмен 
профессор Н.Катанов алғысөзде бұл өлең жолдарының иесі ретінде 
Ыбырай есімін келтіреді. Тек ол қай Ыбырай, ата-тегі толық 
берілмеген. Сондай-ақ алғысөзде: қазақ ерлерінің өз әйелдеріне 
қалай қарайтыны; әйел азаматтарының тұрмысының ауырлығы; бала 
тәрбиелеуде, үй шаруашылығында әйелдердің орны, сөзге шешендігі,
т.б. әйел мәселелері- бәрі де ғалымды толғандырады. Ал, өлең 
жолдарына келетін болсақ: 
Қара қас жарық маңдай, қара көзді, 
Дауысы жіп-жіңішке жұмсақ сөзді. 
Мінезі майға еріткен қорғасындай 
Көрсең де ертелі-кеш бір мінезді,- 
деп берілген [171,5
б.
]. Міне, бұдан біз өлең жолдарының, көбінесе 
үш бунақты, 11 буынды қара өлең ұйқас түрінде келетінін білдік. 
Мәтіндердің араб әрпіндегі түпнұсқалары кириллица әрпінде 
берілген фонетикалық транскрипцияларымен дәлме-дәл, әрі орысша 
аудармаларымен сөзбе-сөз келуі- бәрі де жинақтың ғылыми сипатын 
танытады. Жинақтағы берілген 34 мәтіннің әрқайсысы бір-бір шумақ 
көлемінде ғана, және де бәрі сұлу әйелді суреттеуге арналған. 
Н.Пантусовтың 1909 жылы жарыққа шыққан «Образцы 
киргизской народной литературы» атты кітабы қазақтың 7 ертегісін, 
түрлі-түрлі наным-сенімге байланысты бата, арбау, қарғыс т.б. тәрізді
тұрмыс-салт жырлары үлгілерін де қамтыған. Бұлар алдыңғы 
жинақтарға енбеген тың үлгілер. Жинақ сыртында: фольклорды 
жинап, құрастырған Н.Н.Пантусов есімі, кітап аты (Қазақ халық 
әдебиетінің үлгілері), мәтін мен оның аудармасының тақырыптары 
бірге берілген. Кітаптың ішкі бетінде Археология, Тарих және 
Этнография Қоғамының Кеңесі бойынша басылым көргені, хатшысы 
Б.Вареке екені де көрсетілген. 
Одан әрі жинақ мазмұны беріледі. Онда бір беттегі екі бағанның 
бірінде орыс әрпімен ертегілердің, тұрмыс-салт жырлары үлгілерінің
аты беріледі де, дәл қасында жинақтағы бет көрсеткіштері: алдымен 
орыс тіліндегі аударма мәтіннің бет көрсеткіштері, одан кейін жақша 


104 
ішінде араб әрпіндегі қазақ мәтінінің бет реті т.б.- бәрі бірге бір 
жолдың бойында жазылған. Берілген мәтіндер екі тілде, қазақ-орыс 
тілдерінде берілген. Алдыңғы жинақтарға қарағанда, кемшілігі- 
кириллица әрпіндегі транскрипциясы мен кіріспесі жоқ. Орыс 
тіліндегі аудармалар жинақ алдындағы 55 бетті құраса, ал артынан
берілген фольклорлық мәтіндердің араб әрпіндегі түпнұсқасы да 55 
бетті қамтиды. Және де араб әрпіндегі үлгілер жинаққа қосымша 
ретінде енгізілген.
Жинақтың беттерінде ертегілер: «Әулие ишан», «Әділетті патша», 
«Хан мен Қызыр», «Сүлеймен пайғамбар», «Кептерлер турасында», 
«Момынбай мен жеті қарақшы», «Шығайбай мен Алдар көсе» [172] 
т.б.- бәрі де жеке-жеке рим сандарымен бөлініп, ажыратылып, рет-
ретімен берілген. Ертегі тақырыптары тек жинақ мазмұнында 
көрсетілгенмен, тікелей алғашқы тәрт мәтін тұсына келгенде [172, 1-
11
б.
] жазылмаған. Ал, қалған соңғы үш нұсқа тұсында тақырыптары 
жазылған. Шамасы, жинақ құрастырушысы төрт мәтіннің бет 
көлемінің аздығына бола (бірінде- 2 бет, екіншісі- 5 бет, үшіншісі-4 
бет, ал төртіншісі-3 бет) жеке-жеке тақырыптарын мазмұнында 
көрсетіп, жинақ ішіне келгенде, арнайы жазуды мақсат етпесе керек.
Кейінгі ертегілердің бет мөлшері әрі көлемділеу, әрі мазмұны бәріне 
танымал болып келгендіктен: («Кептерлер турасында»- 11 бетті, 
«Момынбай мен жеті қарақшы»- 8 бетті, «Шығайбай мен Алдар –
Көсе» - 4 бетті құрайды [172, 18-22
б.
]) тақырыптарын әрі 
мазмұнында, әрі жинақ ішінде көрсетуді жөн санаған тәрізді. Бұл 
жағдай араб әрпіндегі қосымшада да сақталған. Жинақтың әр 
бетінің 
жоғарғы 
жұп 
сандарымен 
нөмірленген 
жағында 
«Н.Н.Пантусов» есімі орта тұсында жазылынып отырса, ал тақ 
сандармен белгіленген беттер тұсында: ертегілер болса, «қазақ 
ертегілері» (киргизские сказки) деп, егер қазақтың наным-сенімдері 
болса, «киргизские поверья и приметы» деп т.с.с. көрсетіліп отырған. 
Нұсқа ішінде кездескен кейбір түсініксіз деп тапқан сөздердің
ғылыми түсініктемесі сол беттің төменгі жағында арнайы оқшауланып 
беріліп отырылған. Мәселен, қазақ фольклорында жиі кездесетін 
Қызыр бейнесіне мынадай түсініктеме берілген: «Хизир (Қызыр 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет