Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет43/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

тұрымтайдай ұл едің»,- деген өлең жолдарымен басталып, белгісіз 
жыршы атынан айтылады [205, 159
б.
]. Бұл жерлер М.Ж. Көпеевте 
жоқ, және болған күнде де «белгісіз жыршы» демей-ақ «Бұхарекең» 
айтыпты дер еді. Себебі, Бұхар өлеңдерін М.Ж. Көпеев жатқа 
білген. Екінші бір өзгеріс жері: «Айқапта» Абылай Түркістанға бір 
баласын қойды деген мәлімет бар да, нақты қай баласы екендігі 
көрсетілмейді [205, 159
б.
]. Ал, М.Ж. Көпеевте ол «Сыдық сұлтан» 
деп беріледі [209]. Яғни, мұнда М.Ж. Көпеев жазбасы нақтылығымен 
көзге түседі. 
Екі нұсқа арасында қаншалықты өзгерістер болғанмен ұқсас 
жерлері де өте көп: сюжеттің желісі, берілу реті, нақты оқиғаға 
қатысушылардың аты-жөндері, іс-әрекеттері, сөздері, оқиғалардың 
қамтылған кезеңдері, тіпті ақындар атынан берілген өлең шумақтары 
т.б.- бәрі бірдей.
М.Дулатовтың қазақ әдебиеті тарихында фольклор жинаушы 
дегеннен гөрі, жазушы ретінде танылғаны белгілі. Ал, нұсқалардың 
сонша ұқсас болуына жоғарыда айтылғанға қоса біз мына дерекке де 
көңіл бөлгіміз келеді. 1912 жылдан бастап М.Ж. Көпеевтің 
«Сарыарқаның кімдікі екендігі» кітабы зиянды деп табылып, М.Ж. 
Көпеев 
шығармаларының 
бұдан 
былай 
шығуына 
тыйым 
салынғандықтан, баспа бетінде М.Ж. Көпеев есімі аталмау себебі 
түсінікті. Мәселен, белгілі ақын С.Торайғыровтың да қазақ тілі 
тазалығы мәселесін көтергенде деректі М.Ж. Көпеевтен келтіре 
отырып, оның авторын атамауы тегін емес. Міне, осындай 
себептермен М.Ж. Көпеев жіберген материал әйтеуір жерде қалмасын 
деген ниетпен М.Дулатов атынан жариялануы да ықтимал. Олай 
дейтініміз: М.Ж. Көпеевтің «әулеттік мұрағатта» мынадай ескертпесі 
бар: «Сарыарқа» сотқа алынған соң, газет редакторлары «Мәшһүр» 


130 
деген атты қалдырып, «Мұхаммед Юсуф» деп газет жіберіп тұрды 
[210]. 
Қалай болғанда да екі материалда ұқсас сөйлемдер көп кездеседі. 
Мәселен, М.Ж. Көпеевте: «Түсімде бір жолбарыс келіп, шатырымның 
алдына шөгіп, мойынын салып жатып алды. Бұл не қылғаны деп қарап 
едім, әлгі жолбарыс дегенім аю болды, жап-жаңа жолбарыс еді ғой, 
аю болғаны несі деп қарап едім...[209,325
б.
],- делінсе, «Айқапта»: 
«Түсімде шатырымның алдына бір жолбарыс келіп, шөгіп жатып 
алды, бұл не қылған жолбарыс деп таң қалып қарап едім, әлгі 
жолбарыс аю болып кетті. Жаңа жолбарыс еді ғой, қалайша аю 
болып кетті деп, екінші қарағанымда...»,- делінген [205,159
б.
]. 
Берілген бірінші сөйлемнің өзінде, тек «шатырымның алдында» 
деген сөз тіркесінің орны ауыстырылған да, «мойнын салып» тіркесі 
берілмеген, т.б. сондай-сондай сәл өзгерістер бар.
Ал, бұл 1912 жылғы «Айқаптағы» мақаланы М.Ж. Көпеев көшірді 
дейін десек, онда сөйлемдері дәлме-дәл бірдей болу керек. Және де 
ақын кімнен не алса да ол жағын ескертіп отырған. Оның үстіне М.Ж. 
Көпеев мәтінінде фольклорлық стиль айқын. М.Дулатовта оның тігісі 
жатқызылып, әдеби нормаға түсірілген. 
Ал, М.Дулатов пен М.Ж. Көпеевтің баласы Әмен Көпейұлы 
арасында достық байланыстың болғаны турасында материалдың [211] 
жариялануы, М.Ж. Көпеев пен М.Дулатов арасында байланыс Әмен 
қайтыс болғанға дейін (1921 ж.) болды ма деген ой тудырады. Егер 
байланыс болған жағдайда, шамамен бұл әңгімені М.Ж. Көпеевтен 
баласы Әмен арқылы М.Дулатовтың алуы мүмкін. Мұның бәрі екі 
нұсқа арасындағы әрі ұқсастықтың, әрі айырмашылықтардың себебін 
анықтаса керек. Яғни, фольклорлық үлгіні қағазға алдымен түсіруші 
М.Ж. Көпеев те, одан баласы Әмен көшіріп, ал одан М.Дулатов алуы 
ықтимал. Немесе журнал редакциясына М.Ж. Көпеевтің өзі жіберуі де 
әбден мүмкін. Мұндай төркіндестіктер баспасөз бетінде кейін шыққан 
материалдарда да орын алып жүр. Мәселен, «Абылай ханның түсі» 
туралы әңгімені Қ.Сартқожаұлы өзінің «Біз қандай халықпыз» атты 
мақаласында [212] пайдаланды да, материалды кімнен алғанын 
көрсетпейді. Ал, Ә.Әуелбектегі [213] көрші қырғыз елінің азаматы 
Н.Байжігітовтың «Абылай ханның түсі» атты мақаласын аударып 
береді (әңгіме қысқа түрде баяндалады). 
«Айқап» журналы бетінде қазақ елінің шыққан тегі туралы аңыз-
әңгіме де бар [214]. Сонымен қатар жұмбақтардың да біразы [215], 
мақал-мәтелдер шоғыры [216], ертегі де [217] т.б. басылым көрді. 
Мұндағы И.Крафтың «Қазақ сахарасында құлдық бытырау» 
мақаласында (Айқап, 1915, №1) қазақ халық ауыз әдебиеті (мақал мен 


131 
мәтелді) үлгісін қазақта құлдық дәуірдің болғандығын дәлелдейтін 
дерек көзі ретінде пайдалану ниеті байқалады. 
Демек басқа да басылымдар тәрізді «Айқап» журналы да тек 
сыртқы хабарлар, мұсылман тіршілігінен мысалдар, әңгімелер, 
кітаптар, ғылым хақында т.с.с. деректер келтірумен қатар, халықтық 
шығармаларды насихаттауда, дәріптеуде, әрі ел арасынан жинауда 
үлкен істер атқарған деуге негіз толық. 
ХХ ғасырдың басында қазақ басылымдарының көшбасшысы 
болған «Қазақ» газетінің 1913 жылдың 2 ақпаннан бастап 1918 жылға 
дейін Орынбор қаласында 265 саны шыққаны, газет редакторлары 
қызметін белгілі ақын А.Байтұрсынов пен М.Дулатов атқарғаны т.б. 
мәлім [218]. «Қазақ» газеті беттерінде қазақтың белгілі қоғам 
қайраткерлері, 
ғалымдары, 
ақын-жазушылары: 
Ж.Аймауытов, 
М.Әуезов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, С.Дөнентаев, М.Дулатов, 
І.Жансүгіров, Т.Жомартбаев, Қ.Жұбанов, М.Жұмабаев, М.-Ж.Көпеев, 
Ш.Құдайбердиев, Б.Майлин, С.Торайғыров, М.Тынышбаевтардың 
мақалалары басылым көруінен-ақ, газет беттерінде көтерілген 
мәселелердің қаншалық маңызды, қаншалықты қажетті және қозғаған 
тақырыптардың әр алуан екендігін көреміз. Газет материалдарын 
тақырып жағынан топтап, түйіндесек, Ресей отаршылдығы дәуіріндегі 
Қазақстан; Патшалық Ресейдің аграрлық саясаты; қоныс аударуға 
байланысты материалдар; Ресей мен шетел мемлекеттерінің 
арасындағы қарым-қатынастар; Бірінші дүниежүзілік соғыс; Ақпан 
төңкерісі; Қазақ елінің әкімшілік және сот құрылысы; Мемлекеттік 
думалар; 
Мұсылман 
фракциясы; 
Қазақстанның 
әлеуметтік-
экономикалық дамуы мәліметтері; тарих, археолгия, этнография, әдет-
ғұрып, ойын-сауық; дін мәселелері, көркем шығармалар және оларға 
қатысты сын пікірлер; оқу-ағарту, тәрбие, денсаулық, газет-журнал 
шығару ісі. Біз үшін ең бастысы мәдениет және әдебиет мәселелерінің 
т.б. қамтылуы. Мәселен, онда қазақ фольклорына қатысты мақалалар 
да кездеседі. Жалпы фольклорға қатысты 8 нұсқа басылым көрсе, 
оның ішінде 7 нұсқасы аңыздар, оның 5 үлгісі аударма түрінде 
(аударған Ә.Бөкейханов) [219] , тек 2 үлгісі қазақ арасынан алынған 
[220]. Мәселен, мұндағы «Жалаңаш баба» атты аңызды Құрбан қажы 
аузынан жазып алған Торайғыр деген сілтеме бар [221]. Демек 
нұсқаны ауызба-ауыз тәсілі арқылы қағазға түсірген Сұлтанмахмұт 
Торайғыров болса, ал мәтінді жеткізуші Құрбан қажы есімі көрсетілуі- 
бәрі фольклорлық нұсқаның төлқұжатына қажетті дерек көздері 
болады. Бірақ та үлгінің қай жерде, қай кезде қай уақытта т.с.с. 
жазылынып алынғанына қатысты деректердің болмауы кемшіліктен 
гөрі, жазып алушы С.Торайғыровтың ол талапты білмеуі, яғни онда 


132 
арнайы фольклортанушылық дайындықтың болмауымен түсіндірілсе 
керек. Дегенмен ХХ ғасыр басындағы басылым беттерінде, осындай 
үлгінің қай тәсіл арқылы, кімнің аузынан жазылынып алынды деген 
мәліметтің бірге берілуі т.б.- бәрі қазақ фольклортану ғылымында сол 
тұстағы халықтық нұсқаларды ғылыми жариялаудағы жетістігі, аз 
болса да ілгерлеуі деп бағалаған жөн. 
Сондай-ақ газет бетінде ертегі нұсқасы басылған [222], оның өзі 
парсы тілінен аударылып берілген (аударушы Қ.Жастабанов). 
Сонымен қатар фольклортану ғылымына қатысты түрлі сын пікірлер 
де бар. Белгілі ғалым Г.Н.Потанин [223] төңірегіндегі жазылған 
мақалалардың дені, көбінесе ғалымның 80 жасқа толуына 
орайластырылып басылған. Онда Г.Н.Потанин өмірбаяны, ғылыми-
этнографиялық, халық ауыз әдебиетін жинаудағы еңбектері, 
Қарқаралы жерінде қазақтың 27 ертегісін жазып алғаны турасында 
т.б. мағлұматтар берілген. Белгілі ғалым Ә.Бөкейхановтың «Қара 
Қыпшақ Қобыланды» атты сын мақаласы да осы «Қазақ» газетінде 
басылым көреді [224]. Мақалада «Қобыланды батыр» жырының 
тарихы, белгілі ғалым Ш.Уәлихановтың жинаған фольклор 
үлгілерінің Санкт-Петербургтегі географиялық қоғам архивінде 
сақталғандығы т.с.с. дерек көздері сараланған. Ал, келесі бір басылған 
мақалада [225] «Қобыланды батыр» жырының басылып шыққаны 
төңірегінде мәлімет берілген. 
«Қазақ» 
газеті: өз кезіндегі патша өкіметінің бұйрық-
жарлықтарын; ішкі және сыртқы хабарларды; Мемлекеттік Дума және 
Мемлекеттік Кеңес жұмысын; қазақтың тарихы мен тұрмыс жайын; 
этика, тарих, этнография, мәдениет мәселелерін; экономика, сауда, 
кәсіп, ауыл шаруашылығы; халық ағарту, мектеп, медресе, тіл және 
әдебиет мәселелерін; тазалық, денсаулық; фельетондар, жеделхаттар 
т.б. тәрізді рұқсат етілген мәселелерді көтерумен қатар, ара-тұра қазақ 
фольклортану ғылымына да қатысты ғылыми мақалаларды 
жариялаумен де шұғылданды. Және таралымы 3000 данаға дейін 
жеткендігін ескерсек, газеттің ел арасында фольклорды насихаттауда, 
әрі дәріптеуде, әрі өскелең ұрпақты тәрбиелеуде өте маңызды 
танымдық та, ақпараттық та, тәрбиелік те қызметтер атқарғандығын 
көреміз. 
Қазан төңкерісіне дейінгі және кейінгі дәуірлерде бірнеше газет-
журналдар шығып, оларда мәдениетке, тіл мен әдебиетке т.б. көп 
назар аударылып отырды, алайда ол еңбектер сол жылдары 
бағаланбай қала берді. Тіл, әдебиет, тарих т.б. мәселелер төңірегіндегі 
зерттеушілер, негізінен, фольклорды үгіт-насихат үшін пайдаланса, 
бірде оларды ұлттық көзқарас үшін де т.б. қолданған.


133 
ХХ ғасырдағы Қазан төңкерісінен кейін Орынбор, Қызылорда, 
Алматы қалаларында 1921 мен 1932 жылдар аралығында аптасына үш 
рет «Еңбекші қазақ» газеті шығып тұрды. Газет беттерінде Кеңес 
үкіметі тұсындағы қазақ елінің саяси, экономикалық, әлеуметтік т.с.с. 
мәселелері көтерілді. Сондай-ақ 1920-шы- 1930 –шы жылдардағы 
мақалаларда қазақ фольклорын тездетіп жинау керектігі төңірегінде 
де сөз қозғалды. Мәселен, газет бетінде «Қазақ әдебиетіндегі орынды 
һәм орынсыз сындар туралы» атты мақала [226] соңында Ғабділхалім 
Ерғалиұлы, Баймұрза Ерішұлы, Белмұхаммедалин, Қ. Жәлдемалиев, 
Жолдыбай, Ахметов, Мәжит Дәулетбайұлы, Ж.Жәйлібеков тәрізді 
азаматтар есімдерімен бірге «Мәскеудегі Күншығыс Ортақшылдар 
университеті студенттерінен» деген сілтемесі бар. Мақалада қазақ 
әдебиетінің жарық дүниеде орын алғаны жуырда ғана дей отырып, 
адамзат тұрмысы қалай өзгерсе, өзгеріс жасалса, әдебиет те өзгермек, 
өзгеріс жасамақ деген пікірлер келтірілген. Сондай-ақ: «Қазақта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет