Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет74/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

уақиғадан гөрі өткендердің түсі, туысы көп айтылады. Сондықтан 
шежіре уақиғаға сарынымен емес, уақыт, туыс сарынымен 
айтылатын әуезе тобына жатады. Шежіре болған уақиға жайынан 
сөйлесе, себебін, мәнісін айтпай, тек болғанын айтады да қояды»,- 
делінген [294, 213-214
б.
]. Міне, мұнда фольклордың аңыз жанрына 
жататын шежіренің өзіндік ерекшеліктерін өз заман тұрғысынан 
жіктеп: өткеннен дерек беретін, уақиғадан гөрі өткендердің туысы 


221 
айтылатын, туыс сарынымен айтылатын әуезе (әңгіме) табиғатына 
жататын, уақиға себебі айтылмай, тек болғандығы ғана баяндалатыны 
т.б. 
сарапталған. 
А.Байтұрсыновтың 
шежіреге 
берген 
бұл 
анықтамасы- бұл жанрдың тарихи фольклорға жататын жағына
сүйенген. Бұған қоса біздің айтарымыз, шежіре қазіргі 
фольклортануда аңыз жанрының бір түрі ретінде қарастырылады. 
Тарих ғылымы шежірені- деректанудың көзі деп біледі де, оны 
халықтың этногезін зерттеу үшін пайдаланады. Бұларды жоққа 
шығармай, біз шежіреде мифтік те мотив болатынын, ол тіпті кейде 
ежелгі заманғы танымға негізделетінін де ескертпекпіз. Бұл ойды 
алғаш рет С.Қасқабасов ұсынып, шежіредегі мифтік сипатты ашып 
берген болатын [298]. Тарихи әңгімеге келгенде ғалым: «Тарих 
жүзінде белгілі адамдар, нәрселер, уақиғалар турасында сөйлейтін 
әуезелер тарихи әңгіме деп аталады. Тархи әңгіме тек лақап 
әңгімеден мазмұнының шындығымен айрылады. Жұрт аңыз қылып 
айтып жүрген әңгімелердің өтірігі көп болады. Тарихи әңгіме 
сипатына сүйенетін шын әңгіме болады»,- деп сараптайды [294, 216
б.
]. Яғни ғалым сөз қылып отырған тарихи әңгімесі қазіргі 
фольклортану ғылымындағы тарихи аңыздар ұғымында берілген. 
Зерттеуші ретінде Ахмет Байтұрсынов шешендік сөз жанрына да 
тоқталған. Ахмет Байтұрсынов бұл жанрды «шешен сөз» деп атаған. 
Шешендік сөзді айтушының негізгі мақсаты: баяндау, сипаттау, 
түсіндіру емес, керісінше, өз пікіріне нандыру, сендіру, ұйыту, 
бұйыту, илан келтіру дегенді айтып, бұл жанрдың басты функциясын 
жақсы аңғарған. Ал, шешен сөздің негізгі мақсатын: «... Адамның 
жүрегін билеп, жүйесін босату, қанын қыздыру, намысын келтіру, 
арқасын қоздыру»,- деп анықтаған [294, 223
б.
]. Сондай-ақ А. 
Байтұрсынов шешен сөздің түрлерін іштей беске бөлген де, 
әрқайсысының не себепті, қай кезде, не үшін т.б. айтылатынын
өзіндік ерекшеліктерін сипаттаған. Мәселен, біріншісі- саясат шен 
сөзі. Оны билер, шешендер жиналған елді аузына қаратып, 
нандырып, сендіріп, мемлекет ісіне қарар шығарту мақсатында 
қолданады дейді. Демек, бұл жерде А. Байтұрсынов шешендік 
сөздің қоғамдық функциясына мән берген. Екіншісі- билік шешен 
сөзін шешендердің сотқа айыпкер адамдарды ақтау, я қаралау
мақсатпен сөйлеп, сот билігіне әсер ету үшін айтатыны сөз болған. 
Мұнда шешендік сөздің әлеуметтік қызметі ескерілген. Үшіншісі-
қошемет шешен сөзі. Оның халық алдында біреудің еткен еңбегін,
өткізген қызметін айтып, қошаметтеу мақсатында келетіні діттелген. 
Төртіншісі- білімір шешен сөзі. Ол білімділердің, ғалымдардың 
мазмұнды сөйлеген сөздері дейді. Соңғы бесіншісі- уағыз дейді. Оны 


222 
дін жайынан сөйлеген ғұламалар, молдалар сөзі деп, тіпті, шешендер 
қатарына дін иелерін де жатқызғаны көрініп тұр [294, 233
б.
]. Демек 
қазақ фольклортану тарихында тұңғыш рет шешендік өнерді тану 
жолында шешендік сөздерді ғылыми жүйеге түсіріп, ғылыми 
сипаттамалар бере отырып, қоғамдағы атқаратын қызметтеріне орай
іштей өзінше жіктеуге түсіруі т.б.– бәрі А.Байтұрсынұлының зор
фольклоршылдық еңбегін айғақтайды. 
Ал, халық ауыз әдебиетінің түрлері жазба әдебиеттегідей 
болмайтынына, іштей айтылу түріне қарай емес, тұтыну орнына қарай 
бөлінеді деген пікірлері [294, 225
б.
] т.б.- бәрі ғалымның 
фольклордың өзіндік ішкі жанрлық ерекшелігі болатынын дұрыс
саралағандығын танытады. 
Ал, мына бір пікірлер: «Жазу-сызу жоқ жұртта көсе сөзді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет