238
деуінен-ақ, сол кездің өзінде-ақ көркем шындық пен тарихи
шындықтың арасы дұрыс ажыратылғаны анықталады [303, 122
б
.].
Одан әрі әдебиеттану ғылымы талабымен тарихи жырлар
қатарында «Орақ-Мамай», «Қарсай, Қазы», «Қаншайым», «Бекет
батыр» үлгілері талданады.
Түйіп айтқанда, бұл еңбек ХХ
ғасырдың алғашқы жартысында
орта мектепке арналған, қазақ фольклоры туралы толыққанды ақпарат
берген тұңғыш оқу құралы болды. Дегенмен фольклордың ұсақ
жанрлары: мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ т.б. түрлері
бұл оқу
құралына енбей қалған. Жалпы мұнда ауыз әдебиеті туралы түсінік
берумен қатар, оның көп нұсқалылығы, ішкі түрлері, анықтамалары,
кейбір жанрлық ерекшеліктері, өзіндік даму кезеңдері, ондағы заман
көріністері,
көркем
шындық
пен
тарихи
шындықтың
арақатынастары, образдар жүйесі, мазмұны мен пішіні, композициясы
мен тілі т.с.с.- бәрі де белгілі дәрежеде фольклортану ғылымының
жеткен жетістігі болып табылады. Негізінен, оқу құралында
берілген
мәтіндер, көбінесе әдебиеттану ғылымы талабына сай талданған.
Бұл кезеңде тек оқу құралдары ғана шығып қойған жоқ. Сондай-ақ
оқу хрестоматиялары да басылым көрді.Мәселен,1924 жылы
Ташкентте Ә.Диваев жинаған әдебиет түрлерінен құрастырылған
«Тарту» атты оқу кітабы басылды (Тарту. Әбубәкір Диваев жинаған
әдебиет түрлерінен тізілген оқу кітабы. Тізуші- Мағжан
Жұмабайұлы.-Ташкент. 1924.-216 б.) Бұл хрестоматияны құрастырып,
Ә.Диваев туралы 3 бет және 1 бет алғысөз жазған белгілі қазақ ақыны
Мағжан Жұмабайұлы еді. Жинақта Ә. Диваев жинаған фольклор
үлгілері ішінде: тұрмыс-салт жырлары (бет ашар, жар-жар, жарамазан,
жоқтау,
көңіл айту, бақсы сарыны, бәдік, т.б.), көбінесе қазақ
ертегілері (30 ертегі бар), сондай-ақ мақалдар, жұмбақтар алынған.
«Әбубәкір ақсақал Диваев» атты кіріспеде М.
Жұмабаев ғалымның
өмірбаянын, атқарған қызметтерін, әсіресе қазақ фольклортану
ғылымы саласындағы еңбектерін қысқаша саралап өткен:
«Әбубәкір
ақсақалдың еңбегі бір адамның өміріне татырлық. Әбубәкір ақсақал
қырық жыл бойына қазақ-қырғыз елінің ауыз әдебиетін, жол-
жорасын жинаған. Елдің елдігін сақтайтын әдебиеті, тарихы, жол-
жорасы. Қазақ-қырғыз елінің ел болуын тілеген Әбубәкірдің әдебиеті,
жол-жора жинау жолына кіруінің мәнісі осы»,- деген (4 бет).
Ал, «Тарту туралы» алғысөзде М.
Жұмабаев бұл оқулықтың
Ә.Диваевтың қырық жылдық еңбек тойына арналғандығын ескертеді.
Мәселен:
«Ауыз әдебиет һәм этнография көзінен қарағанда
«Тартудың» әжептәуір бағалы болуына күмән қылмаймыз. Бірақ
«Тартуға» таза мектеп балаларының оқу кітабы деп қарау керек