223
келеңсіз
мінез-құлықтары
сыналуына
да,
халық
алдында
орындалатынына да, айтысты- халық өмірінің айнасы деп қарауына
да, айтыстың қазақ ауыз әдебиеті түріне жататынына да т.б.
назар
аудартуы- бәрі ғалым А. Байтұрсыновтың айтысты зерттеуге қосқан
өзіндік үлесі.
Себебі бұған дейінгі зерттеулерде фольклор ішіндегі айтыс жанры
жеке бөлініп қарастырылмады. Демек ғалым А.Байтұрсынов
алғашқылардың бірі болып, айтысты жеке жанр ретінде әрі ғылыми
анықтамасын беруші, әрі ерекшеліктерін талдаған т.с.с. зерттеуші
есебінде қазақ фольклортану ғылымы тарихында өзіне лайықты
орнын алатыны сөзсіз.
Ғалым Ахмет Байтұрсынов әуезе жайынан жазған ескертуінде:
жер жүзіндегі жұрттардың шығармалары
бір-біріне ұқсас келетіні,
олардың көргені, өнегесі, үлгісі бір болғандығы, ол заманда қай халық
болмасын табиғатқа тәуелді болғаны; жезтырнақ, жалмауыз кемпір
т.б. тәрізді мифологиялық бейнелердің сол анайы заманда
туындағанын түсіну үшін сол замандағы халықтың «балалық күйіне»
түсу қажеттігі сөз болады. Ал күндегі керемет көрінген нәрселердің
ол заманда табиғат сырын білмегендіктен,
қорқыныш сезімімен
байланыстырыла туғаны бұл күнде (күннің тұтылуы, дауыл тұруы,
найзағайдың шатырлауы т.б.) ғылымның тілімен түсіндірілетіні
айтылып, оған назар аудартуы т.б.- бәрі А. Байтұрсынұлының
фольклорға типологиялық зерттеу әдісі тұрғысынан келгенін, әрі
фольклор бойынан көрінетін көне түсініктердің (анинизм, фетишизм,
шаманизм т.б.) туу, шығу себебі ол заманда халықтың табиғатқа
табынуынан туындағанын, дәлелдеуге тырысқаны сарапталған [294,
228-232
б.
]. Қазақ фольклорында көрініс
тапқан халықтың ескі
нанымдарын зерттеу- тек қана этнографтар мен тарихшылардың ісі
емес. Бұл фольклористер үшін де өте маңызды екенін [299] еске
алсақ, ғалым А.Байтұрсыновтың фольклорды тарихилық принцип
негізінде зерттеу әдісін өз заманында қолданғанын көреміз.
Ал, батырлар жырында кездесетін батырлар бейнесін талдауы,
жырдың орындалуы, жыршының рөлі (өз қиялынша өң беріп,
көпіртіп, көркейтетіні) т.б. – мұның бәрі А. Байтұрсынов мән беріп,
зерттеген аспектілер [294, 230-231
б.
]. Және де ғалым А. Байтұрсынов
жоғарыдағы үлгілердің
ауызша туып, айтылып, дамитыны, көп
нұсқалылыққа байланысты туындаған ерекшеліктер негізінде-
фольклорда нақты автор болмайтынын, бүкіл жұрт, ұлт, халық авторы
болып саналатынына дұрыс көңіл аудартқан. Бұл фольклордың
авторлығына байланысты берілген тұңғыш ғылыми анықтама болып
табылады. Ал, мына бір пікірден:
«Сөз ішіндегі (фольклордағы-Н.Ж.)