Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет86/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

тұрмысын, мәдениетін, әсіресе фольклорын жетік білетін және
орыс әдебиеті мен мәдениетін жақсы меңгерген адам ретінде 
«Қобыланды батырдағы» әйелдер тұлғасын өзінен бұрынғы 
авторлардан өзгеше талдаған. Ол қоғамдық ой-сана мен әйел 


246 
тағдырын ұштастыра қарастырған, сөйтіп қазақ фольклортану 
ғылымда тұңғыш рет эпостағы әйелдер бейнесін жеке адамның бас
бостандығы тұрғысынан зерттеген. Бұл, сөз жоқ, ХІХ ғасырдың аяқ 
кезіндегі ғылым үшін зор табыс»,- деген, мақала авторы 
Ә.Бөкейхановтың зерттеушілік қызметіне берілген жоғары баға 
демекпіз [320,141 
б
.]. 
Бір қызығы ғалым В.М.Сидельников кітабында осы аты аталған 
мақала авторы есебінде Ә.Диваев есімі көрсетілген [321]. Шамасы, 
Кеңес үкіметі тұсында шыққан бұл кітапта Ә.Бөкейханов есімі 
аталмай, оның орнына Ә.Диваев көрсетілуінің өзіндік себебі ғалым 
Ә.Бөкейхановтың 1937 халық жауы деген негізсіз үкіммен ату 
жазасына кесілген КСРО Жоғарғы Соты әскери коллегиясының 
қаулысы әсері еді. Сондай-ақ «Туземец» деген бүркеншік атпен 
шыққан мақаланы Ә.Диваевтікі деп шатастыру да бар. Сондықтан да 
осы кітаптың басқа да жерлерінде де Ә.Бөкейханов есімі еш 
аталмайды.
Ғалым Д.Қамзабекұлы Ә.Бөкейханұлының 1915 жылы «Қазақ» 
газеті бетінде «Қара Қыпшақ Қобыланды батыр» жырына жазған 
пікірін сараптайды: «...бірінші, қаламгер фольклор заңдылығын 
ескермегендей көрінгенімен, негізі ауыз әдебиеті шығармаларының 
тарихилығы мен соған сәйкес (яғни, дәуірдің суретін көрсететін)
көркемдігіне жіті назар аударған, ал бұл сол кез үшін әдебиетті 
танудағы үлкен жетістік еді; екінші, мақала авторлық әдебиет 
туған кезде жазылғандықтан, Әлиханның аталған жырға қатысты 
мәселені нақты адамнан сұрағанына бірыңғай «фольклор заңдылығы»
тұрғысынан қарауға да болмас; үшінші, қалай дегенде зерттеу 
иесінің жыр мәтіндеріндегі «саф» пен «қоспаны» саралауын өзіндік 
әдеби-эстетикалық тұжырымы болғандығымен түсіндіреміз» 
[318,72
б.
]. Жалпы Ә.Бөкейханұлының жоғарыдағыдай фольклорлық 
мұраларға пікір айтып, өзіндік талдау-талқысына т.б. салуына, бір 
сөзбен айтқанда, фольклортану жолына түсуіне себепкер кім десек?! 
Өмірбаяндық деректерде де [322], кейінгі жазылған зерттеу 
мақалаларында да [323] белгілі фольклортанушы ғалым Г.Н.Потанин 
есімі 
жиі 
аталуы 
т.б.-бәрі, 
сөз 
жоқ, 
Ә.Бөкейханұлының 
фольклортанушы ғалым болып қалыптасуында аталған ғалым
еңбегінің әсері мол болғандығын танытады. 
Жалпы Ә.Бөкейханұлының ХХ ғасырдың басындағы қазақ 
фольклортану ғылымына қатысты жазылған 10 шақты еңбегі бар. 
Олардың бірі- табиғат құбылысы, жыл мезгілдері туралы 
космологиялық түсініктер мен жыл басы –наурыз айы туралы 
жазылған «Жаңа жыл» атты мақаласы [324]; екіншісі- «Қара Қыпшақ 


247 
Қобыланды» атты сын-мақаласы [325]; үшіншісі- «Ер Тарғын», 
«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» атты жырларды өңдеп бастырған 
кітаптары [326]; төртіншісі- белгілі зерттеуші А.Байтұрсынұлының 
жинап, өңдеп бастырған «Ер Сайын» мен «23 жоқтау» кітаптарын 
саралап, алғысөзін жазғандары [327] т.б.- бұлардың бәрі дерлік
Ә.Бөкейханұлының «Қыр баласы» деген бүркеншік атымен 
жарияланған.
Ә.Бөкейханұлы 1913 жылы «Қазақ» газеті бетінде белгілі 
фольклортанушы ғалым Г.Н.Потанинге арнап мақала жазды. 
Мақалада Г.Н.Потаниннің туған жылы, жері, қай жерде, кіммен бірге
оқығандығы, қандай қысым көріп, қанша мерзімге сотталғаны, қазақ 
фольклортану ғылымы үшін атқарған қызметі т.б. турасында 
берілген бағалы дерек көздері мол берілген. Сондай-ақ ХХ ғасырдың 
басында фольклор үлгілерін қай жерлерден жинастырғандығы
хақында мәліметтер де келтіріледі: «Осы келер жаз (яғни 1914 ж.-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет