Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет87/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

Н.Ж.) Потанин Семей облысы, Қарқаралы уезі, Тоқырауын өзені 
бойына барады. Июнь басында «Қоянды» жәрмеңкесінде болады.
Тоқырауында жаздай жатып, қазақты аралап көрмекші, қазақтың
ертегі, жұмбақ, мақал, ескі жақсыларының сөзін жинамақшы»,- 
делінген [328]. 
Ә.Бөкейханұлы сонымен қатар Г.Н.Потаниннің қай жанрларды 
жинайтынына назар аудартумен бірге, осы істе қандай мақсат
көздейтініне де көңіл бөлгізеді: «Потанин дүниедегі тілдердің бәрінде 
айтылған неше жұрттың іргелі мақал, өзге сөздерін қарастырып, 
сонан қай жұрт қай жұрттан өнеге-үлгі алғанын шығарып отыр» [328, 
37
б.
]. Демек зерттеуші Г.Н.Потаниннің фольклорды типологиялық 
тұрғыдан зерттеу әдісін меңгергендігі, түсінгендігі, білетіні т.б. 
танылады. Одан әрі Ә.Бөкейханов жиналған фольклорлық нұсқаларды 
әрі 
жүйелеу, 
әрі 
сараптау 
керектігін 
де 
Г.Н.Потаниннің
фольклортанушылық еңбегінен мысалға келтіре отырып, басқаларға 
үлгі-өнеге ретінде ұсынады. 
Сондай-ақ қазақтар арасында «ақ боз ат», «жеті қарақшы» туралы 
айтылған түрлі аңыздарды моңғолдың Шыңғыс хан төңірегінде
өрістеген үлгілерімен салыстыра отырып, түбі бір төркіндестіктің, 
ұқсастықтың т.б. бар екеніне дұрыс назар аудартады: « ... Осы «ақ боз 
ат», «жеті қарақшы» туралы айтылған сөздерді күншығыста неше 
жүрт неше түрге салып сөйлеп жүр. Бұрынғы уақытта адам 
баласы аспандағы жұлдызға, күнге, айға табынған. Тегі қазақтың 
«жеті қарақшы», «ақ боз ат» деген сөздері бұрынғыдан қалған 
ертедегі сөз ғой. Жылда құрбанға шалып тауыспайтын тәңірі 
Шыңғыстың «ақ боз» атының ертегісі мен қазақ ертегісі бір 


248 
тұқымдас ғой»,- деуінен [328, 38
б.
], Ә.Бөкейханұлының 
фольклорлық мәтіндерді зерттеу әдістерінің бірі- тарихилық зерттеу 
әдісімен де таныс болғандығы анықталады.
1914 жылы Қазанда «Үміт» баспасынан «Қара Қыпшақ 
Қобыланды батыр» жыры басылым көргені, оны Қостанай уезі, 
Қарабалық болысының қазағы Біржан Толымбайұлының жырлауынан 
Махмұдсұлтан Тұяқбайұлы қағазға түсіргені белгілі. Міне, осы 
шыққан кітапқа Ә.Бөкейханұлы «Қазақ» газеті бетінде арнайы сын-
мақала арнайды [329]. Сонымен бірге 1914 жылы Троицк қаласы
баспасынан «Қара Қыпшақ Қобыланды» жырының енді бір нұсқасы 
жарық көреді [330]. «Айқап» журналында (1914, №23, Б. 327-328 ) 
бұл жырды ел аузынан жазып алған С.Торайғыров екендігі туралы
дерек келтіріледі. 
Ә.Бөкейхановтың «Қара Қыпшақ Қобыланды» сын-мақаласы
іштей 7 бөлімнен тұрады да, басы Абай Құнанбаевтың «Өлең- сөздің 
патшасы», сөз сарасы» атты өлеңіне көңіл бөлумен басталады. Міне, 
осы үзіндіден біз Ә.Бөкейханұлының фольклорды сөз өнері деп 
қарастырғанын сараптаймыз. Еңбектің басы, бірінші бөлімі сәл 
мазмұндау үлгісінде бастау алады да, жырдағы Көклан кемпір
Қобыланды, Қараман, Көбікті бейнелері т.б. қысқаша талдауға 
түседі.
Ә.Бөкейханұлы Қара Қыпшақ Қобыланды батыр бейнесінің
«Едіге» жыры ішінде де кездесетінін еске сала отырып, Шәкәрім 
Құдайбердиевтің «Түркі, қырғыз, қазақ һәм хандар» шежіресі мен
Ш.Уәлиханов еңбегі негізінде аталған батырдың XIV ғасырда өмір 
сүргенін дәлелдеуге тырысады: «... Бұл Қобыландының ісі XIV ғасыр 
ортасы болуға лайық (Қара: Шәкәрім шежіресі, Б. 78). Тоқтамысқа 
болысқан Литва князь Витовты Воркесла өзені бойында (бұл Полтава 
губерниясында Днепр саласы) Ақсақ Темірдің қолбасшысы Едіге 
алған.Бұл соғыс 1399-шы жылы болған (Қара: Шоқан кітабы, 71-б). 
Бұған қарағанда Едіге Тоқтамыстан кеткен соң Ақсақ Темірге 
қолбасы болған болса керек. Мұнан көрінеді: Қобыландының 
Тоқтамыс, Едігелермен замандас болғаны»,-делінген [331]. Міне,
бұдан біз ғалым Ә.Бөкейханұлының фольклорға тарихи дерек көзі 
ретінде қарағанын анықтаймыз. 
Сонымен қатар «Қобыланды» жырындағы қалмақ ханы Қазанның 
Қобыландыдан бұрын болғанын Шәкәрім шежіресіне сүйене отырып, 
екеуінің арасында, яғни қалмақ ханымен соғыстың болуы мүмкін 
емес деген т.б. түйінге де ойысады: «...Жоғарыда жазғанымнан анық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет