Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет83/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

сыныптарына, әсіресе, әдебиет теориясы оқылатын орта 
медреселерге һәм жалпы оқи білетін азаматқа «Тартудың»
бірталай пайдасы тиер деп сенеміз»,- деген автор ой-пікірінен (6 
бет), біз хрестоматияның оқу-ағарту мақсатта жазылғанын, және 
кімге, қай сынып балаларына арналғанын да білеміз. Демек бұл оқу 
кітабының фольклортану, этнография ғылым салаларына да бағалы 
дерек көзі боларын Мағжан Жұмабайұлы жақсы түсінген. 
Сондай-ақ, М.Әуезовтің орта мектептің 6-класына арналған 
«Әдебиет хрестоматиясы» 1937 және 1938 жылдары екі дүркін жеке 
кітап болып басылған [304]. Бұл екі басылымның арасында 
айырмашылық бар. Екі хрестоматия ішіне белгілі қазақ-орыс ақын-
жазушылары Махамбет, Абай, Сұлтанмахмұт, Сәбит Дөнентаевпен 
бірге Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Некрасов, Шевченко турасында 
кішігірім мақала түріндегі сипаттамалары енген. Сонымен бірге бұл 
хрестоматияларда қазақ фольклорына қатысты ой-пікірлер де 
қамтылған. Егер алғашында, яғни 1937 жылғы хрестоматияда, бар-
жоғы 4 мәтін төңірегінде ғалым пікірі берілсе («Қамбар жырының 
қысқаша мазмұны», «Алдаркөсе», «Жиренше шешен», «Қожанасыр»), 
ал, кейінгі 1938 жылғы хрестоматияға тағы да үш нұсқа турасындағы 
пікірлері қосылып, бар-жоғы 7 сипаттама енген («Қырық өтіріктің 
мағынасы», «Қамбар жырының мағынасы мен түр ерекшеліктері», 
«Қобыландының Тайбурылы туралы»). Мәселен, зерттеуші М.Әуезов 
«Алдаркөсе», «Жиренше шешен», «Қожанасыр» туралы ертегілерді 
әңгіме ретінде қарастырған [305].
Мұнда ғалым М.Әуезов фольклор ұғымына мынадай анықтама 
береді: «Фольклор деп- халық әдебиетінің ішіндегі ертегі, мақал, 
мәтел, жұмбақ, тақпақ және неше алуан салтқа байланысты жар-
жар, беташар, жоқтау, естірту, қоштасу сияқты жырларды 
айтады»,- дейді [305, 92
б.
]. Демек, ғалым фольклорды халық 
әдебиеті деп дұрыс анықтаған және оның ішкі жанрларын шамасынша 
дұрыс ажыратқан. Бұл атаулардың қазірде де қолданыста болуы- жас 
ғалым М. Әуезов қолданысындағы терминдердің өміршеңдігін 
көрсетеді. Одан әрі зерттеуші фольклордың авторы халықтың өзі 
екенін, фольклор атаулының барлығы әрбір елдің көркем әдебиетіне 
үлкен ірге, мол қазына есепті болатынын сөз етеді. Және көп ірі 
шығармалардың фольклордың тілімен, көрікті кестесімен, мазмұн, түр 
ерекшелігімен тығыз байланысты екенін ескертеді. Осы арқылы 
ғалым Мұхтар Әуезов сол кездің өзінде фольклордың көркем 
әдебиетпен байланысатын жіктерін ашып көрсетіп отыр. Ал, 
М.Әуезовтің: «Дәуірден –дәуір, заманнан-заман өткен сайын алғашқы 


240 
шыққан заманы, тудырған ортасы да көмескілене береді. Бірақ қай 
фольклор түрі болса да бертінде көпке жайылып, көп аузына ілініп 
кеткенмен, өзінің негізгі мазмұны бойынша белгілі бір қоғамдық, 
таптық ортаның салт-санасынан туған болады»,- деген пікірінен 
[305, 92-93
б.
], фольклорды зерттегенде тарихи принцип әдісін 
қолданудың себептерін ашып береді. Мәселен, «Алдаркөсе» ертегісін 
талдау барысында ғалым Алдаркөсе бейнесінің өмірде болғандығына 
қатысты (туған заманын, туысы, өмірбаяны туралы) деректердің жоқ 
екендігін ескертеді. Ал, ғалымның: «Ел қиялы Алдаркөсенің басына
есепсіз көп, шексіз кең оқиға, әңгімелердің бәрін жамай, құрай берген.
Алдаркөсенің аты сондықтан жеке дара ат емес, мысал сөз түрінде 
жаппай ат (нарицательный ат) болып кеткен»,- деген ойлары [305, 
92
б.
], фольклорлық бейне бойында халықтың ой-арманы жинақталып 
берілетініне назар аудартуымен бағалы. Бұл жәйіттің фольклорда 
тұтастану құбылысы деп аталатыны белгілі. Ғалым «Алдаркөсе» 
ертегісінде халықтың өткір, алғырлықты, сыншыл, ақылды 
бағалайтынын, дәріптейтінін танытумен қатар, адам бойындағы 
аңқаулық, аңғарттықты мазақ етенін де көрсетеді. Демек ғалым 
Мұхтар Әуезов фольклорлық бейнелерді әдеби образ деп талдағанда, 
үлгінің тәрбиелік қызметіне назар аударып отырған. Ал, «Жиренше» 
үлгісін 
талдау 
арқылы 
ғалым 
шешендікті, 
шапшаңдықты, 
тапқырлықты адам бойындағы арамдыққа, зорлықшылдыққа қарсы 
құрал етіп қолдануды мақсат еткен. Дегенмен бұл үлгілердің 
көркемдік ерекшеліктері хрестоматияда сөз болмайды. 
Жалпы, хрестоматияға кірген фольклорлық шығармалардың әрі 
фольклортану, әрі әдебиеттану тұрғысынан жан-жақты талдауға түсуі 
сәтті шыққан. Және де баланың жас ерекшелігіне сай қарапайым 
тілмен түсіндірілген. Талдауға түскен халықтық шығармалардың 
тарихи принцип негізінде қарастырылуы да, сөз жоқ, хрестоматияның 
маңызын арттырады.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың алғашқы жартысында 
ағартушылық мақсатта басылым көрген бұл оқулықтар, 
хрестоматиялар қазақ фольклоры тарихын жасаудағы тұңғыш 
еңбектер екені сөзсіз. Кеңес өкіметі тұсында жаңадан ашылған оқу 
орындарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні тұңғыш рет оқыла бастауы, 
осы оқулықтарға деген мұқтаждықты күшейткені анық. Бұларда қазақ 
фольклорының барлық дерлік жанрлары (эпос, ертегі, тұрмыс-салт 
жырлары т.б.) қамтылып, олардың әрқайсысының анықтамалары, 
ерекшеліктері әрі фольклортану, әрі әдебиеттану талаптары 
тұрғысынан талдауға түсті. Талдау барысында зерттеудің тарихи-
типологиялық әдісі қолданылуы, сол тұстағы қазақ фольклортану 


241 
ғылымының жеткен жетістігі. Мұндағы берілген халықтық 
шығармаларды сол кездегі ғалымдар өздерінің тұжырымына, 
анықтамаларына дәлел ретінде дұрыс қолданып отырған. Негізінен
бұл оқу кітаптарында ғалымдар мән беріп зерттеген негізгі аспектілері 
фольклорлық бейне, жырдың орындалуы, жыршының рөлі т.б.
төңірегінде болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет