249
көрінеді»,- деуінен [331, 174
б.
], біз ғалым Ә.Бөкейханұлының
фольклорды (эпосты) кейде тура тарих көшірмесі деп қарастырғысы
келгенін де көреміз. Әйтсе де ауызекі шығарма болғандықтан,
фольклордың түр жағынан, мазмұн жағынан, формасы болсын т.б.
өзгеретінін, түрленетінін, дамитынын,
ғұмырнамалық тұтастануды
бастан
кешіретінін
т.б.
ескермеген
тәрізді
[332].
Бұл
Ә.Бөкейханұлының арнайы фольклортанушылық білімі болмауынан
жоғарыдағы пікірді айтуға себепші болса керек.
Ғалым Ә.Бөкейханұлының фольклорды халықтың мәдениет
тарихының көзі деп қарағаны мәлім. Мәселен
: «...Бес ауыз өлеңде
жұрт салты айнаға түскендей көрініп тұр. Жеккен арба, болдырған
ат, жемтік іздеп ұшқан қарға, өрмек тоқыған қатын, жылаған бала,
қайғырған ару- бәрі мұнда бар,- дей отырып,- ... «Қобыландыда» бұл
сияқты дәмді сөз жоқ десек, адасқан болмаймыз. «Қобыланды»
кейінгі айтушының тепкісін көп көріпті. Бұл айтушылар өз
жандарынан көп сөз қосқан»,- деуінен [331,174-175
б.
],
біз ғалымның
кейінгі айтушылардың нұсқаны өзінше өзгеріске түсіргенін
ұнатпағанын аңғарамыз. Демек бұл нұсқаны «Қобыланды» жырының
жеке бір нұсқасы деп те қарастырмағанын дәйектейміз.
Ал, ғалымның мына бір пікірінен:
«Міне, осындай «тілге жеңіл,
жүрекке жылы, теп-тегіс жұмыр келген айналасы» деген Абай
сынына жанасатын өлең мынау беттерде ... ,-дей келе,- қазақта
«Қобыландыны» шығарған кісі тегінде жақсы ақын екен»- деген сөз
осы өлеңдерге қарап айтылған болар»,- деуінен [331, 177
б.
], біз
Ә.Бөкейханұлының алғашқылардың бірі болып, фольклордың
көркемдік ерекшелігіне де баса назар аудартқанына көз жеткіземіз.
Бірде ғалымның:
«Қобыландыда» жақсы өлеңдердің қосағына көп
дәмсіз өлеңдер қосақталған көрінеді... «Қобыландыны» қайта
басқанда, бұл сары-ала сөздерді шығарып тастаған жөн»,- деуінен
де, зерттеушінің фольклор үлгісін кейінгі түрлі «қоспа»
делінгендерден арылту талабы шаң береді [331,177-178
б.
] .
Міне, мұнда әлемдік фольклортану
ғылымында фольклор
үлгілерін бастырғанда, ешбір өзгерістерге, өзгертулерге түсірмей,
көркемдігі төмендігіне қарамай т.б. сол қалпында жарыққа шығару
керектігі турасында қалыптасқан негізгі принциптеріне сай емес
пікір айтуы т.б. – бәрі, сөз жоқ, белгілі бір ғылым саласының түрлі
кезеңде түрлі ауытқуларға ұрынуы мүмкіндігін айғақтайды.
Ғалымның енді бірде
: «...кітапты қайта басқанда Қобыланды
батырдың өзінің суретін де, атының суретін де жырдағы жазуға
дәл қылып басу керек. Тайбурылды тяжеловоз боз айғырға
айырбастағанға қазақ көзі ұялады»,- деуінен [331, 178-179
б.
], біз ХХ
250
ғасырдың басында фольклор үлгілерін кітап етіп бастыру ісінде
белгілі бір жүйеліліктің, ғылыми көзқарастың т.б. қалыптаса
бастағанын көреміз.
Бұлардан бөлек Ә.Бөкейханов 1923 жылы «Темірқазық»
журналының №1 санында ғалым Ә.Диваевтың 1922
жылы жарық
көрген «Бекет батыр», «Мырза Едіге» жырларын қысқаша талдап
кетеді. Бұл эпостық жырларда сөз болатын оқиғаны, бейнелерді
қазақтың белгілі бір тарихи кезеңімен байланыстыра, салыстыра
қарастырады. Сөйтіп олардың тарихта болғандығын дәлелдейді. Және
де бұларды мектепте балалар
оқитын кітаптардың қатарына
жатқызады.
Сөз соңында, ғалым, Ә.Бөкейханов ХХ ғасырдың алғашқы
жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми тұрғыдан
зерттеген ғалымдарымыздың бірі болды. Ол қарастырған негізгі
аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу
мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой-сананың жырда
көрініс табуы,
бейнелер, олардың атқарған идеялық қызметі, үлгінің
көркемдік ерекшеліктері т.с.с.- әлі де қазақ фольклортану ғылымында
өз маңызын жойған жоқ, және сол дәуірдің жетістігі болып
саналатыны сөзсіз.
1925 жылы РКП(б)-ның Семей губерниялық комитеті Атқару
комитетінің органы ретінде шығып тұрған «Таң» журналының 1-
санында (119-120 б.) және 2- санында (115-118 б.) Мұхтар Әуезовтың
«Қобыланды батыр» деп аталатын көлемді зерттеу мақаласы
жарияланды [333]. Мұнда автор эпос
дамуында халық қиялы мен
арманының атқаратын танымдық, тәрбиелік қызметтеріне баса назар
аударған. Мәселен, ғалым Мұхтар Әуезов: « Қобыланды әңгімесі- ел
қиялының сондайлық қылып көтерген, келістіріп суреттеп шеберлеп
әңгімелеген сөзінің бірі. Шеберлеп әңгімелегені барлық батыр
әңгімесінің ішіне кіретін адамдардың
мінез-қалпын толық қылып
шығарудан, батыр жорығын сұлу қылып жырлауынан білінеді. Тағы
да батыр пішініне ел мінезін сыйғызып, ел тілегі мен үмітін батыр
өзінің көлеміне шеберлеп сыйғызғанынан білінеді»,-дейді [333, 49
б.
].
Демек ғалым Мұхтар Әуезов фольклорды сөз өнері ретінде білген.
Одан әрі ғалым жырдың түп негізін тарихи оқиғалармен салыстыра
қарауға баса назар аударды. Мәселен, ғалым:
«Қобыландының үлкен
Достарыңызбен бөлісу: