104
Мойынды атлантаны өзіне қарата отырып, сол жақтан оңға қарай
кескіндерін сол жаққа бұрып, айналдырады. Шығындылардың
бастарының арасындағы түсімдерінен етті сылу жетіншіден екіншіге
(омыртқа) қарай ажыратады. Сосын,
орташа шығындыларының сол
жағынан жəне бірінші бастары арасында жетінші омыртқадан
атлантаға қарай бағытта етті сылады. Ең соңында мойын омыртқадан
етті толығымен ажыратады.
б) Арқа қабырға бөлігін сүйектен ажырату. Артқы аяқты
сүйектен ажырату сияқты мұны да екі операцияға бөліп қарауға
болады: омыртқа жəне қабырға бетінен етті сылу жəне ондағы қалдық
етті тазалау. Ажыратуды қабырғааралық етті кесіп немесе сылып ала
отырып жүргізуге болады. Сылып алу өнімділігі төмен болғанымен
ондағы ажырату сапасы жоғары. Ажыратуды екі операцияға бөліп
жасау ағынды өндірісте ілгіште жүргізу қолайлырақ.
Қабырға бөлігін (коробка) сүйектен ажырату келесі негізгі
операциялардан тұрады: ішкі бөлігінен етті сылып алу, арқа бөлігінен
сүбені сылып алу, қабырға жəне омыртқа
бөлігінен етті кесіп алу
жəне ет қалдықтарынан тазалау.
Əрбір қабырға бөлігінен ет бөліктерін екі үлкен бөлшек түрінде
кесіп алады жəне қабырғааралық етті бөлек жинап алады. Мұны
былай жүргізеді: оң жақ бөлігін ажырату кезінде қабырға бөлігін ішкі
жағымен жоғары қаратып орналастырады, қабырға ұштарын өзіне
қаратады жəне соңғы қабырғасын жұмысшының оң жағына
орналастырады. Сосын, диафрагма қалдығын тазалайды жəне арқа
омыртқа бөлігінен етті кесіп алады. Одан кейін, қабырға бөлігін
шығынды жағымен өзіне қаратып, стан сіңірін (становая жила) кесіп
алады.
Шығындыларды былай тазалайды: алдымен, шығынды (отсис-
тый отросток) үстін, сосын, арқа еттеріне тимей, шығындыаралық
етті кесіп алады.
Кейін ала, қабырға бөлімін сыртқы жағын жоғары
қаратып, шығындыларын өзіне қаратып қояды
Соңғы қабырға ортасынан бірінші қабырғаға қарай бағытта
қабырға бөлігіндегі ет ұлпасына қиғаш кескін жүргізеді. Сосын,
қабырға түбінен арқа бөлімі еттерін кесіп алады.
Содан соң, арқа бұлшықеттерін шығындыдан соңғы қабырғадан
бірінші қабырғаға дейін, омыртқадан шығынды соңына дейін
ажыратады. Қабырға үстінен бұлшықетті соңғы қабырғадан мойын
бөліміне қарай ажыратады: алдымен – қабырға үстіндегі тегіс етті,
105
кейін – қабырғаның сол жақ бөлігіндегі бұлшықетті, сосын – келесі
қабырғаның оң жақ бөлігіндегі бұлшықетті ажыратады.
Қабырға-
аралық етті қабырға мен омыртқаның бірігу жерінде бірінші
қабырғадан соңғы қабырғаға қарай ажыратады да, омыртқаны ет
қалдықтарынан тазалайды. Қабырға бөлімінің сол жақ бөлігінде
шығындар болмайды.
Қабырға бөлімінің ішкі жағын еттен тазалағаннан кейін, оны
сыртқы жағымен жоғары қаратып қояды. Одан кейін қабырғалар
бойынша бұлшықеттерді кеседі. Қабырғаның 1/3 бөлігінің үстінен
етті сылады жəне бірінші қабырғадан соңғы қабырғаға қарай ет
сүбелерін сылады. Қабырға бөлімін соңғы
қабырғасымен оң жағына
орналастырып, қабырға ұштарын өзіне қаратып аударады. Соңғы
қабырғадан бірінші қабырғаға дейін ет қалдықтарын сылып алады,
сөйтіп, оның тегіс бөлігі бетінен ет ұлпаларын кесіп алады да, сол
жағындағы ¾ бөлігіндегі ет қалдықтарын кесіп алады: омыртқаларын
өзіне қаратып, бір қабырғаны оң жағына жіберіп, қабырғаның оң
жəне сол жағындағы етті тазалап алады.
в) Төстіктен сүйекті ажырату. Ажырату кезінде сыртқы
жағынан ет жəне май ұлпаларын бүтін бөлек қылып кесіп алады,
сосын ішкі бөлігінен жəне төс омыртқалардың арасынан ет жəне
майды тазалайды. Ажырату өнімділігін арттыру үшін
жұмыс
жағдайын жақсарту қажет. Ажырату бөліміне кеп түскен ет ұзына
бойына симметриялы екі бөлікке бөлінген болу керек. Жұмыс
басында сүйек салатын ыдыстар жəне жұмыс орнын дайындайды.
Шикізатты стол үстіне жұмысшыға кедергі келтірмейтіндей жəне
жұмысшы ұшаны қосымша күш жұмсамай өңдейтіндей етіп қою
керек. Ажырату бөлімінің жұмысшылары жұмыс орнын, құралдарын
жəне арнайы жұмысшы киімдерін тазалықта ұстауы керек. Пышақпен
жұмыс істегенде, сол қолдың бас жəне көрсеткіш саусақтарын жəне
бұт өңірін жарақаттан сақтау керек. Ол үшін қолға сауытты тор
қолғап жəне сол қолдың екі саусағына қорғаныш кигізіледі. Сонымен
қатар, ажырату кезінде пышақ жүзін адам өзіне қаратуға, пышақты
лақтыруға жəне етті стол үстінде пышақпен шабуға болмайды. Соңғы
жылдары ұшаның кейбір бөліктерін сүйегінен
толық емес ажырату
кеңінен қолданады. Бұл кезде сүйекте ет жəне май ұлпалары 1:1
пропорцияда қалдырылады. Бұл бөліктерден сорпа жиынтығын
(суповый набор) немесе т.б. жартылай фабрикаттар жасалады. Етті
өңдеудің мұндай түрі экономикалық жақтан тиімді болып табылады.