Технологиясы



Pdf көрінісі
бет68/125
Дата04.08.2023
өлшемі2.15 Mb.
#475949
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   125
Қыртыс майды майдалау. Шұжық өнімдерін өндіруге 
арналған қыртыс майды текше, тік бұрышты пішінде майдалайды: 
мұндай пішіндегі қыртыс май шұжық өнімдерінің тауарлы түрін жəне 
сапасын жоғарлатады. Сонымен қатар, қыртыс май текшелерінің 
пішініне қарай, шұжық өнімдерінің сортын жəне аталуын анықтайды. 
Қазіргі уақытта қыртыс майды майдалау процессі механиза-
циаланған. Механикалық кесу кезінде пышақтың үйкелуі есебінен 
қыртыс май қызады. Сол үшін қыртыс майды кесу алдында –1
0
С 
дейін салқындатады. Кесілген қыртыс май өлшемі 120х450 мм болу 
керек. Содан кейін қыртыс майды қайта салқындатып шпиккескіш 
машинасында текше немесе пластинка тəріздес пішінде майдалайды. 
Шпиккескіштер негізінен үздікті түрде жұмыс істейтін машиналар 
болып табылады, оларға шикізат қолмен немесе автоматты түрде 
беріледі. Автоматты түрде берілетін шпиккескіш вертикаль түрінде 
жасалады жəне гидравликалық немесе механикалық жетекпен іске 
қосылады. Бұл шпиккескіштің пышақтары жоғары сапалы 
пластиналы болаттан жасалынады, оларды рамаларға бекітеді. Екі 
рама квадратты түрде тор пайда етеді, олардың арасынан қыртыс 
майды өткізеді де, пластиналарға бөліп кеседі. Горизонталь 


117 
орналасқан орақ тəрізді пышақ көмегімен пластиналар текшелерге 
кеседі.
Тураманы куттерде өңдеу. Куттерлеу процессіне сиыр, шошқа 
еттері жіберіледі. Оған дейін ол еттер волчокта диаметрі 2-3 мм 
тордан өткізіледі. Негізінен куттерлеу процессін пісірілген 
шұжықтарды өндіруге арналған турамаларға жүргізеді. Бұл процесс 
барысында турама сапасының біршама жоғарылауы байқалады – 
тұтқырлығы жоғарылайды, құрылымы жақсарады жəне ет жəне май 
ұлпалары біртекті араласады. Қазіргі заманға куттерлердің орақ 
тəрізді пышақтары жоғары жылдамдықпен айналады. Пышақтар өз 
кезегінде горизонталь жазықтықта айналып тұрған ыдыстағы 
тураманы кеседі. Куттерлеу ұзақтығы 8-10 минут. Іс жүзінде 
дəлелденгендей, куттерлеу кезінде ет турамасы қосылған судың 30%-
ке жуығын өзіне сіңіріп алады да, келесі термиялық өңдеу кезінде бұл 
ылғалды өзінен шығармайды. Пышақтың өте жылдам айналуы 
тураманың қызып кетуіне жəне су-май эмульсиясының пайда 
болуына алып келеді. Сонымен қатар, тураманың қызып кетуі 
микроорганизмдер санының көбейіп кетуіне жəне сəйкесінше өнімнің 
бұзылуына алып келеді.
Құрамында эмульсиясы бар турама қуырмалау кезінде ашып, 
сорпа түрінде ылғалды бөліп шығады. 
Сондықтан куттерлеу кезінде келесі шарттарды орындау қажет: 
— 
процесс барысында турамаға міндетті түрде мұз немесе 
мұзды су қосып отыру қажет; 
— 
ылғалдың (мұзды су) негізгі бөлігін сиыр жəне майсыз 
шошқа етін өңдеуде қосу керек.; 
— 
майлы жəне жартылай майлы шошқа етін процесс соңында 
ылғалдың аз мөлшерін қоса отырып, өңдеу керек; 
— 
сосиска турамаларын өңдеуде ет қосу кезектігін сақтау керек, 
себебі, сиыр жəне майлы шошқа етін бір уақытта қосатын 
болсақ, онда эмульсия пайда болады. 
Өңделген турама бастапқы түріне қарағанда ақшылдау болады. 
Себебі, май бұлшықет ұлпаларында біртегіс тарала отырып, оның 
түсін ақшыл қылады. Куттерлеу кезінде ет белоктары езіледі, осының 
нəтижесінде де турама түсі ағарады. Сонымен қатар, ол араласады 
жəне ондағы белоктар ісінеді. Сол үшін, құрамында бүтін ет жəне 
қыртыс май бөліктері жоқ шұжық өнімдерін (сарделька, сосиска) 
дайындау кезінде тураманы куттерде дайындаған дұрыс. Куттерге 


118 
шикізаттарды жүктеу тəртібі мынадай: сиыр еті, мұз, жартылай 
майлы шошқа еті, майлы немесе майсыз шошқа еті. 
Куттермен жұмыс істеу кезінде мынадай тағы бірнеше 
шарттарды орындау қажет: 
— 
шикізатты куттер қосылып тұрған кезде екі -үш рет 
жүктеумен бөліп салу; 
— 
тураманы жабдық қосылып тұрған кезде түсіру; 
— 
жүктеу жəне түсіру кезінде автожүктегіштен басқа жабдық-
тарды қолдануға рұқсат етілмейді; 
— 
пышақ қақпағын жəне ыдыс астындағы тесікті жұмыс 
уақытында ашуға болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет