Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Медициналық көмекті ұйымдастыру



Pdf көрінісі
бет22/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

32-бап. Медициналық көмекті ұйымдастыру
1. Медициналық көмекті ұйымдастыруды - денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті 
орган, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) денсаулық сақтауды 
мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық көмек көрсетуді денсаулық 
сақтау субъектілері осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
2. Денсаулық сақтау субъектілері ведомствоның спецификасына қарай:
1) лицензияға сәйкес сапалы медициналық көмек көрсетуді;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган рұқсат берген диагностиканың, 
профилактика мен емдеудің әдістерін, сондай-ақ дәрілік заттарды қолдануды:
3) төтенше жағдайлардағы жұмысқа әзірлікті;
4) айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың, сондай-ақ кәсіптік аурулардың 
алдын алу, олардың диагностикасы мен емделуі жөнінде іс-шаралар жүргізуді;
5) азаматтарға медициналық көмектің нысандары мен түрлері туралы тегін, жедел және 
дәйекті ақпарат ұсынуды;


6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы
саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен гигиеналық
нормативтердің сақталуын;
7) басқа да денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимыл мен өз қызметіндегі 
сабақтастықты;
8) салауатты өмір салтын насихаттауды және халықты гигиеналық оқытуды;
9) алғашқы медициналық құжаттарды жүргізуді, денсаулық сақтау және мемлекеттік 
статистика салаларындағы уәкілетті органдар белгілеген нысандар, түрлер, көлем, тәртіп 
пен мерзімдер бойынша есептіліктер тапсыруды;
10) айналасындағыларға қауіп төндіретін жұқпалы аурулар, улану, психикалық және 
мінез-құлықтың бұзылу жағдайлары туралы - денсаулық сақтау саласындағы тиісті 
мемлекеттік органдарға, ал жаңа алған жарақаттар, жаралар, қылмыстық түсіктер бойынша 
көрінген адамдар туралы мәліметтерді, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін 
аурулардың жағдайлары туралы ішкі істер органдарына хабарлауды қамтамасыз етуге 
міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет