Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Мәжбүрлеп емделуде жүрген туберкулездің жұқпалы



Pdf көрінісі
бет46/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

84-бап. Мәжбүрлеп емделуде жүрген туберкулездің жұқпалы
түрімен ауыратын адамдардың құқықтары
1. Мәжбүрлеп емделуде жүрген аурулар Қазақстан Республикасы
азаматтарының барлық құқықтарын туберкулезге қарсы
мамандандырылған емдеу-алдын алу ұйымында болу режимін сақтау
қажеттігіне байланысты шектеулермен пайдаланады.
2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу
ұйымында мәжбүрлеп емдеуге жіберу соттылыққа әкеп соқпайды.
3. Мәжбүрлеп емдеуге жіберілген туберкулездің жұқпалы түрімен
ауыратын аурудың жұмыс орны сақталады.
4. Мәжбүрлеп емдеуде болу уақытында жалпы еңбек стажы үзілмейді және оған 
есептеледі.
5. Мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйінде тұратын, мәжбүрлеп емдеуге 
жіберілген туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын аурулардың емдеуде болуының бүкіл 
уақыты ішінде тұрғын үйі сақталады.
85-бап. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарда
туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарды емдеу және
ұстау
1. Мәжбүрлеп емдеуге арналған туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымдарында 
науқастарды емдеу және ұстау мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2. Туберкулезге қарсы мамандандырылған ұйымда мәжбүрлеп емдеуді ұйымдастыру мен 
жүргізу, сондай-ақ онда науқастардың болу режимі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті 
орган бекіткен тәртіппен жүзеге асырылады.
3. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарды мәжбүрлеп емдеу олардан 
туберкулездің микробактериялары бөлініп шығуы тоқтатылғанға дейін жалғастырылады, содан 


соң олар тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық деңгейде емдеуді жалғастыру үшін 
шығарылуға тиіс.
86-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарды
мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейінгі медициналық бақылау және
емдеу
Мәжбүрлеп емдетілген аурулар туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын алу 
ұйымынан шығарылғаннан кейін тұрғылықты жері бойынша туберкулезге қарсы ұйымда есепке 
тұруға және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен 
туберкулездің жұқпалы түрімен ауырудың қайталануын болдырмайтын ем алып тұруға міндетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет