Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-тарау. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық ауруларына



Pdf көрінісі
бет57/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

18-тарау. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық ауруларына
шалдыққан адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
106-бап. Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық ауруларына
шалдыққан адамдарға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
Мемлекет алкоголизм, нашақорлық пен уытқұмарлық ауруларының алдын алу және емдеу 
жөніндегі шаралар жүйесін қамтамасыз етеді.
Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық ауруларына шалдыққан және бас 
бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүрген адамдарды мәжбүрлеп емдеу сот шешімі 
бойынша ұйымдастырылады.
107-бап. Нашақорлықпен ауыратын және медициналық-әлеуметтік
оңалтуға мұқтаж адамдардың медициналық ұйымдарға өтініш жасауы
1. Нашақорлықпен ауыратын адамдар наркологиялық ұйымдарға медициналық көмек сұрап 
өтініш жасаған жағдайда, оларды медициналық-әлеуметтік оңалту ерікті түрде және пациент 
тілек білдірген жағдайда - жасырын түрде жүргізіледі.
2. Нашақорлықпен ауыратын кәмелетке толмаған адамды, сондай-ақ нашақорлықпен 
ауыратын, белгіленген тәртіппен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған адамды медициналық-
әлеуметтік оңалту олардың заңды өкілдерінің келісімімен жүргізіледі.
108-бап. Адамда алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық
дертіне шалдыққан деп тану тәртібі
Алкоголизмге, нашақорлық немесе уытқұмарлық дертіне шалдыққан деп тануды денсаулық 
сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті медициналық куәландырудан 


кейін мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырады.
Мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы мәселені шешу кезінде медициналық куәландырудан 
жалтарған адамдарды мәжбүрлеп тексеру үшін наркологиялық мекемеге ішкі істер органдары 
ықтиярсыз алып келеді.
Алкоголизмге, нашақорлық немесе уытқұмарлық дертіне шалдыққан деп танылған адам 
мұнымен келіспеген жағдайда бұл шешімге жоғары тұрған денсаулық сақтау саласын басқару 
органына немесе сотқа шағым жасауына болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет