Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. АҚТҚ жұқтырған адамдар профилактикасы



Pdf көрінісі
бет48/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

91-бап. АҚТҚ жұқтырған адамдар профилактикасы
АҚТҚ жұқтырған адамдар профилактикасы жөніндегі іс-шаралар:
1) халықтың әртүрлі топтарына арналған нысаналы
профилактикалық және білім беру бағдарламаларын әзірлеу және іске
асыру;
2) халықты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы АҚТҚ инфекциясы бойынша эпидемиялық 
ахуал және оның алдын алу шаралары туралы хабардар ету;
3) халықтың әр түрлі топтары үшін ақпараттық материалдар әзірлеу және тарату;
4) АҚТҚ инфекциясының жыныстық қатынас пен қан арқылы жұғуынан қорғау жөніндегі 
бағдарламаларды іске асыру;
5) сенім, жасырын тестілеу, психологиялық, заңдық және медициналық консультациялар 
беру пункттерін ашу;
6) халыққа тері қабаттары бүтіндігінің бұзылуына байланысты қызметтер көрсету 
кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.
92-бап. АҚТҚ-ға тексеру жүргізу
1. Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрып 
жатқан немесе осында болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар АҚТҚ инфекциясы 
мәселелері бойынша жасырын тексерудің, ерікті, тегін құпия медициналық тексеру мен 
медициналық консультацияларға;
2. Мыналар:
Қазақстан Республикасы әділет органдарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 
ұсталатын адамдар;
Денсаулық сақтау, прокуратура, тергеу және сот органдарының құру салуы негізінде 
АҚТҚ жұқтырғаны ықтимал деуге жеткілікті негіз бар адамдарға қатысты АҚТҚ инфекциясының 
болуына міндетті құпия медициналық тексеру жүргізілуі тиіс.
3. АҚТҚ инфекциясының болуына тексеруден немесе профилактикалық қадағалаудан 
жалтарған Қазақстан Республикасының аумағында тұрып жатқан немесе осында болатын 
шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар осы баптың 2-тармағында көрсетілген негіздер 
бойынша Қазақстан Республикасынан тыс шығарылады.
Қазақстан Республикасының аумағында дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитетті 
пайдаланатын шет мемлекеттердің дипломатиялық, өкілдік және консулдық мекемелерінің 
қызметкерлері мен өзге де адамдары куәландырудан тек өздерінің келісімдерімен ғана 
өтеді. Оларды куәландырудан өткізу қажеттігі туралы ұсынысты уәкілетті орган Қазақстан 
Республикасының Сыртқы істер министрлігімен алдын ала келіседі.
4. Он сегіз жасқа дейінгі балалар мен әрекет қабілеті жоқ адамдарды куәландыру 
олардың заңды өкілдерінің келісімімен немесе олардың қалауы бойынша жүргізіледі.
5. Медициналық куәландыру кезінде АҚТҚ жұқтырған адамды анықтаған денсаулық сақтау 
ұйымдары оған тексеру нәтижелері туралы жазбаша түрде хабар беріп, өз денсаулығын және 
айналасындағылардың денсаулығын сақтауға бағытталған сақтық шараларын орындау 
қажеттілігі туралы ұғындырады, сондай-ақ емделуден жалтарып, басқа адамдарға жұқтырғаны 


үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі туралы ескертеді.
6. АҚТҚ жұқтырғандар мен ЖҚТБ-мен ауыратын науқастардың диагностикасына, оларды 
емдеуге, зертханалық зерттеу нәтижелеріне қатысты мәліметтер құпия болып табылады және 
тек тікелей бұл мәліметтердің қатысы бар адамға, оның заңды өкіліне немесе денсаулық 
сақтау, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау және сот органдарының сұрауы бойынша ғана 
берілуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет