Кодексінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін. Қазақстан Республикасының


-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға



Pdf көрінісі
бет47/262
Дата05.09.2023
өлшемі2.77 Mb.
#476599
түріКодекс
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   262
5 КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН на каз

87-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға
әлеуметтік көмек
Мәжбүрлеп емдеу аяқталғаннан кейін туберкулезге қарсы мамандандырылған емдеу-алдын 
алу ұйымынан шығарылған науқастарға жергілікті атқарушы органдар олардың еңбекке және 
тұрмыстық жағынан орналасуына көмек көрсетеді.
88-бап. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтардың
емделуден бас тартқаны және инфекция таратқаны үшін
жауаптылығы
Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын және емделуден жалтарып жүрген азаматтар 
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
16-тарау. АҚТҚ инфекциясын жұқтырған адамдарға, ЖҚТБ
науқастарына медициналық-әлеуметтік көмек көрсету
89-бап. АҚТҚ инфекциясының және ЖҚТБ-ның алдын алу мен емдеу
мәселелеріндегі мемлекет кепілдіктері
Мемлекет:
1) тегін негізде жасырын тексерудің, ерікті, құпия медициналық куәландырудың 
қолжетімділігі мен сапасына, АҚТҚ жұқтырғандарды және ЖҚТБ-мен ауыратын науқастарды 
диспансерлеуді, психологиялық-әлеуметтік, заңгерлік және медициналық консультацияларға;
2) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шегінде
медициналық және дәрі-дәрмектік көмек көрсетуге;
3) әлеуметтік және құқықтық қорғауға;
4) ауруының сипатына байланысты қандай да бір кемсітушілік нысандарына жол 
бермеуге;
АҚТҚ инфекциясының анадан ұрыққа берілу қаупін азайту жөніндегі алдын алу іс-
шараларын жүзеге асыруға кепілдік береді.
90-бап. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған
адамдарды әлеуметтік қорғау
1. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауырған 
балалар мен жеткіншектердің мектепте және басқа оқу орындарында оқуы қамтамасыз етіледі.
2. Адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауыратын 


адамдарды жұмыстан босатуға, жұмысқа қабылдаудан бас тартуға, мектеп жасына дейінгі 
балалар мекемелеріне және оқу орындарына қабылдаудан бас тартуға, сондай-ақ олардың өзге 
де құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге, сол сияқты олардың туысқандары мен 
жақындарының тұрғын үй және өзге де құқықтарына қысым жасауға жол берілмейді.
3. Медициналық қызметкерлер мен тұрмыстық қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің 
өз міндеттерін тиісінше орындамағаны салдарынан АҚТҚ жұқтырып алған немесе ЖҚТБ-мен 
ауыратын адамдар өздерінің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге құқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   262




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет