148
метрологиялық мекеме 1923 жылы Семей қаласында құрылды.
Ол 1925 жылы Семей және Жетісу губерноторларындағы та-
разыларды, гірді, ұзындық пен кӛлем ӛлшемдерін
тексеруді
жүзеге асыратын ӛз алдына жеке палата болды. Оның бӛлімдері
Петропавл, Ақтӛбе, Алматы қалаларында арнайы эталондар сақ-
тайтын ғимарат салынды. Қазақстанның эталон базасын құруға
және оны жетілдіруге үлес қосқан ғалымдар: М.Адайбеков,
М.Басаров, А.Садықов, В.М.Кошелев, Ж.Нығметов, С.Үмбетаев,
И.Ермекбаева, т.б. Республиканың метрологиялық қызметінде
тексеру жұмыстарын жүргізу үшін 20 жұмыс эталоны (мысалы,
қысым, температура, масса, ұзындық, электрлік, кедергі, түзу
сызық, т.б.) қолданылады. Қазіргі кезде метрлік жүйенің
бәрін
біріктіретін, барлық елдерге ортақ халықаралық жүйе жасалды.
Бұл жүйе біздің елімізде 1963 жылдың 1 қаңтарынан бастап қол-
данылатын болды.
Сапалы бұйымдар мен аспаптарды шығарғанда кӛп мәсе-
лелерді шешуге тура келеді, солардың ішінде техникалық ӛл-
шеулер, стандарттау, бӛлшектерді тез алмастыру ӛте маңызды
болып табылады. Ӛлшеу техникасының деңгейі ӛндірістің даму
деңгейі мен мәдениетін сипаттайды.
Қондырғылардың, аспап-
тардың бӛлшектері мен элементтерін стандарттау және унифи-
кациялау, олардың жобалануы, құрылуы және жасалуының тез-
детілуіне, арзандатылуына әкеп соғады. Ал қосалқы бӛлшектер-
ді істен шыққанда жаңасымен тез алмастыру қандай да болма-
сын ӛнеркәсіп
саласында конструкцияларды, ӛндіріс техноло-
гиясы және бұйымды тексеруді біртұтас жүйе ретінде қарауға
мүмкіндік береді.
*
Кей жағдайларда кейбір бұйымдарды топтап шығару ӛл-
шеу құралдарының автоматтандырылуы жеткілікті түрде дамы-
мағандығынан қиыншылық кӛреді. Мысалға қазіргі радиоэлект-
роника, микроэлектроника салаларында микрондық шамаларды
ӛлшеуге тура келеді. Микротәсілдерді жиыстыру ӛте таза ортада
(вакуумде) – ӛлшегіш микроскоптардың кӛмегімен жүргізіледі,
тәсімнің ӛте кішкене элементтерін автоматтандырылған қондыр-
ғылардың кӛмегімен жинауға тура келеді.
Интегралдық тәсім-
дердің кӛп сериялы ӛндірісін дамыту кішкене ықшам кӛлемдегі
ӛлшемдерді ӛте жоғары дәлдікпен жүргізуді әлі де жетілдіру
149
керектігін талап етеді. Сонымен сериялық және топтап шығару
ӛндірісі қазіргі заманғы ӛнеркәсіптің негізі болып табылып, тез
алмастырылатын және стандартталған бӛлшектерді, керекті
жоғары дәлдікті ӛлшеулерді толығымен пайдаланады. Осындай
ӛлшеулер дәлдігіне жету үшін ғылымның,
техниканың дамуы
ерте заманнан басталып бірнеше ӛрлеу дәуірлерінен ӛтті.
Достарыңызбен бөлісу: