Ж. Б. Аширбекова


Метрологияның қайнар кӛздері



Pdf көрінісі
бет34/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

Метрологияның қайнар кӛздері. Кӛне орыс жазуларын-
дағы метрологиялық мәліметтер, ӛкінішке орай, жеткіліксіз жә-
не әдетте фрагментарлы. Дегенмен, олар Русьта қолданылған 
түрлі ӛлшемдер туралы белгілі-бір мәліметтер береді. Археоло-
гия ескерткіштерін қарастыру метрологиялық зерттеулердің 
қайнар кӛздерін үнемі кеңейтуге, тексеруге, бірқатар жағдайда 
жазба кӛздерінің мәліметтерін нақтылауға мүмкіндік береді. 
Метрологияны зерттеуде Русская Правда және шежірелер (лето-
пись), сонымен бірге саяхаттардың суреттелуі және шетелдік-
тердің шығармаларын зерттеу ӛте маңызды.
Метрологиялық зерттеулер үшін берестяндық грамоталар-
дың болашағы зор, олардың қоры үнемі толықтырылады.
Ежелгі орыс ұзындық ӛлшемдерін анықтау үшін «Хожде-
ние игумена Даниила в Святую землю» атты XII ғ. орыс әде-


139 
биетінің керемет ескерткішінде маңызды мәліметтер жинақтал-
ған. Бірақ, бұл шығарма тек кейінгі тізімінде (ХVғ.) сақталған, 
дегенмен ӛзінің паломничествосын 1113-1115 жж. жасаған 
Даниил мәліметтеріне сенім білдіруге болады.
Кейбір аударылған шығармаларды да есепке алмай қой-
мауға болмайды, ӛйткені әдетте ежелгі орыс тіліне аудару кезін-
де шет ел, жиі грек ӛлшемдері, егер олар Русьта танымал болса, 
сәйкес ежелгі орыс терминдерімен аталды. Мысалы, «оргия» 
ежелгі грек ӛлшемі аудармада «сажень» терминімен аталатын. 
Бұдан бұл екі ӛлшемнің сәйкестігі немесе теңдігі туралы қоры-
тындыға келуге болады.
«Тмутаракань тасы» («Тмутараканский камень») ежелгі 
орыс эпиграфикасының ғажап ескерткішінде ежелгі орыс саже-
нь мӛлшерін анықтау үшін маңызды мәліметтер келтірілген, 
оның шынайлығы қазіргі кезде толығымен дәлелденген.
Феодалдық кезең үшін метрологияның қайнар кӛздері 
бұрынғы қалпында қалып отыр. Олардың ішінде «Исидордың 
Батыс Еуропаға саяхатының күнделігі» («Дневник путешествия 
Исидора в Западную Европу») (ХV ғ.), Сигизмунд Герберштейн-
нің «Жазбалары» («Записки») атты шығармасы (шын мәнінде, 
ол Мәскеуде ХVІ ғ. басында болды, бірақ ондағы кейбір мәлі-
меттер ерте кезеңге байланысты), Новгородтың Гот жағалауы-
мен және неміс қалаларымен 1189-1199 жж., Смоленсктің 
Ригамен және Гот жағалауымен 1229 ж. келісімдері. 
XIV-XVII ғғ. орыс метрологиясының қайнар кӛздері ай-
тарлықтай ұлғайды. Шежіре, грамоталар және саяхаттардың 
суреттеулерінен басқа, жаңа сападағы қайнар кӛздер – кеден 
кітаптары, кедендік жарғы грамоталары, жазба кітаптары. XVI - 
XVII ғ. бірінші жартысындағы кедендік кітаптар мекендерде 
құрастырылды. Оларда тауарлардың бағалары, алынған баж 
салықтары, түрлі тауарлардың саны жӛнінде мәліметтер кӛрініс 
алатын. Бұл мерзімге кӛпестер мен үкімет жазушыларына ар-
налған арнайы нұсқаулықтардың пайда болуы қатысты. Осы-
лайша «Есеп даналығы» («Счетные мудрости») – орыс ӛлшем-
дер бойынша құнды мәліметтерден тұратын арифметика мен 
алгебра негіздерінің оқулығы, тарихшыға орыстың жер ӛлшем-
дері туралы және жазба кітаптарын құрастыру кезінде оларды 


140 
тәжірибеде қолдану туралы мәлімет беретін «Сош хатының 
кітаптары» («Книги сошного письма»). Олардың ең ежелгісі 
1629ж. белгіленген. Ол бұйрықтық кеңселерде 150 жыл бойы 
пайдаланылды. «Орыс сауда кітабы» («Русская торговая книга») 
(XVIғ. 70жж.) жалпы бірқатар тізімдерде сақталған. Онда орыс 
кӛпестерінің сыртқы нарықтарда шығарған тауарлардың тізімі 
ғана емес, сонымен бірге тауарлар ӛлшем бірліктері және олар-
дың арақатынастық жүйелері сипатталады.
Жол ӛлшемдерін әсіресе орыс верстаны зерттеуде 1627 ж. 
разрядтық бұйрықта құрастырылған Ресейдің сақталмаған кар-
тасы сипатталған, түрлі тұрғылықты пунктердің (мекендердің) 
арасындағы қашықтықтар кӛрсетілген «Үлкен Сызба Кітабы-
ның» («Книга Большому Чертежу») үлкен маңызы бар.
Орыстың ӛлшем жүйесі негізінен XVIІІ ғ. басына қарай 
қалыптасты, сондықтан XVIІІ-ХХ ғғ. метрологияның басты мін-
деті ӛлшем бірліктерді нақтылау, оларды унификациялау және 
мемлекеттің ұлан-байтақ аумағына міндетті ретінде енгізу бол-
ды. Бұл кезеңнің орыс ӛлшемдерін зерттеу әртүрлі қайнар кӛз-
дерге негізделеді. XVIІІ ғ. бірінші жартысындағы ӛлшемдердің 
тарихы үшін кедендік кітаптар ӛзінің маңызын сақтады, түрлі 
«жолдық» саны ұлғаюда. Зерттеушілердің иелігіне ӛлшем бір-
ліктердің шынайы үлгілері, сонымен бірге XVIІІ-ХХ ғғ. тексеру 
істерін ұйымдастыру, ӛлшем үлгілерін анықтау және бекіту, 
ӛлшемнің метрлік жүйесін енгізуді дайындау үшін құрылған 
бірқатар комиссиялардың құжаттары пайда бола бастады. Осы-
лайша, мысалы, 1736 ж. құрылған салмақ пен ӛлшем Комиссия-
сының, 1827 ж. салмақ пен ӛлшем үлгілерінің үкіметтік Комис-
сиясы, 1832 ж. құрылған ресейлік салмақ пен ӛлшем бір үлгіге 
келтіру Комиссиясының материалдары.
Метрология саласындағы жұмыс заңнамаларда да ӛз кӛрі-
нісін алды. Ӛлшемдер мен салмақ туралы маңызды заңдар 1797, 
1835 және 1899 жж. қабылданды. 1918 ж. РСФСР Халық Комис-
сарларының Кеңесі «Ӛлшемдер мен салмақтардың халықара-
лық метрикалық жүйесін енгізу туралы» декрет қабылдады. 
Ғылыми сипаттағы метрология бойынша жұмыстардың 
пайда болуы отандық тарихқа деген жалпы қызығушылықтың 
ӛсуімен байланысты. ХІХ ғ. 20-жылдары А.И.Ламбертидің 


141 
«Ресейлік сызғыш ӛлшемдері мен салмақтың бастапқы пайда 
болуы мен қазіргі жағдайы туралы» (СПб., 1827) атты бірінші 
ғылыми зерттеуі пайда болды. 1840 жж. Ф.И.Петрушевскийдің 
«Жалпы метрология» ауқымды жинақ еңбегі шығады. 
Петрушевскийдің жұмысында тек қана орыс ӛлшемдері ғана 
емес, сонымен бірге ХІХ ғ. 40 жж. дейін жеткен батыс еуропа 
ӛлшемдерінің сипаттамасы берілді.
ХІХғ.екінші жартысында П.Г.Бутков, Д.И.Прозровский, 
А.И.Никитский, И.И.Кауфманның орыс ӛлшемдерінің тарихы 
бойынша жұмыстары жарық кӛреді. Қазіргі кезде бұл жұмыс-
тардың бірқатар қорытындылары ескіргенін немесе қателері бар 
екенін атап ӛту қажет.
Революциядан кейінгі метрологияның дамуы Б.А.Рыбаков, 
В.И.Шунков, В.Л.Янин, Е.И.Каменцеваның жұмыстарымен бай-
ланысты. 1944 жылы Л.В.Черепнинаның «Орыс метрологиясы» 
атты оқу құралы жарық кӛрді, 1975 жылы осы атаумен – 
Е.И.Каменцеваның және Н.В.Устюгованың оқу құралдары 
шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет