18
Ӛсімдіктердің химиялық заттармен
зақымдану белгілері әдетте
жапырақтарынан байқалады. Залалданған жапырақтар кӛбіне түсін
ӛзгертіп қоңырайады, кейде түсіп те қалады.
Ӛсімдіктердің сәуле әсерінен ауруы. Ӛткіш, иондаушы деп
аталатын сәулелер (гамма сәулелер, альфа- және бета-бӛлшектер,
нейтрондар мен рентген сәулелері) ӛсімдіктердің ӛсіп-жетілу үрдісіне әсер
етуі мүмкін. Сәулелер әсерінен ӛсімдіктер әр түрлі
мутациялық
ӛзгерістерге ұшыратып, генетикалық ауруларға да шалдығады.
Ҥстеме аурулар туралы тҥсінік. Инфекциялық емес аурулардың
себептерінен туындайтын ӛсімдік бойындағы әр түрлі
теріс құбылыс
ағзаның үстеме патологиялық үрдісінің дамуын туындатады. Мысалы,
топырақта калийдің жетіспеуі картоптың фитофтороз ауруына, дәнді
дақылдардың тат ауруларына тӛзімділігін тӛмендетеді.
Сол сияқты ауа
райының қолайсыздығынан туындаған ӛсімдік бойындағы жарақаттар
(аяздан, судан, жоғарғы температурадан, желден т.б.) ӛсімдік
бойына
инфекциялар
енуіне
мүмкіндік
береді.