Оқулық Орал 015 44. Г жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық


-сурет. Мақтаның фузариозды солу ауруы



Pdf көрінісі
бет117/228
Дата29.09.2023
өлшемі7.93 Mb.
#479238
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   228
Ауылшаруашылық дақылдарының аурулары

72-сурет. Мақтаның фузариозды солу ауруы: 
1 – залалдалған жапырақ;  2 – залалдалған сабақ (кӛлденең қимасы) 
Саңырауқұлақ 10-35°С температура аралығында дамиды, бірақ оның 
қарқынды дамуы 18-27°С жылу мен ылғалдылықтың 40-70% деңгейінде 
жүреді. Орта ылғалдылығы 20% тӛмен 80% жоғары болған жағдайда 
қоздырғыш ӛсуін тоқтатады. 
Бұл саңырауқұлақ алғаш ӛсімдік қалдығында мол жіпшумақ түзіп, 
кейін топырақта сапрофиттерше тіршілік етуі мүмкін. Топырақтан 
ӛсімдікке саңырауқұлақ ӛсімдіктің тамыр жарақаттары немесе кутикула 
арқылы еніп, оның барлық мүшелеріне (сабақ, жапырақ, жеміс сағағы, 


162 
тұқым) түтіктердің бойымен тарайды. Инфекцияның негізгі қоры – тұқым 
және залалданған ӛсімдік қалдықтары. Қоздырғыш шаруашылықта 
қолданылатын құрал-саймандармен, су және т.б. қолданылатын заттармен 
де таралуы мүмкін. 
Фузариозды солу кеселінің әсерінен егістік сиреп, қауашақ саны 
азайып, ӛнім 20-50% кемиді. 
3.1.4 Мақтаны аурулардан қорғау жҥйесі 
1. Ауруға тӛзімді сорттарды енгізу; 
2. Тұқымдық материалдарды сау ӛсімдіктерден жинап, тазартып, 
себер алдында рұқсат етіліп ұсынылған препараттармен ӛңдеу; 
3. Танапты мұқият тегістеп, тұқымды даярлау; 
4. Ауыспалы егістік құрамына жоңышқа, жүгері, бидай, қара бидай, 
арпа, рапс, күріш дақылдарын енгізу; 
5. Егінді қолайлы мерзімде, тәуліктік ауа температурасы орташа 12°С 
жоғары болып тұрақталғанда және жеткілікті топырақ ылғалдылығында 
егу; 
6. Тұқымның себу мӛшерімен тереңдігін (3-4 см) сақтау; 
7. Жоғарғы агротехниканы сақтау: мерзімінде сирету, қопсыту, 
түптеу, уақтылы суару, нұсқауға сәйкес тыңайтқыштармен қоректендіру; 
8. Қатараралық ӛңдеуде ӛсімдік тамырларын зақымдамай, ауыл 
шаруашылық техниканы және қолданылатын құраддарды 2% формалин 
ерітіндісімен зарарсыздандыру; 
9. Танап айналасын және аралығын жыртып, арам шӛптерді жою;
10.Вилтқа дақылдың тӛзімділігін арттыру үшін, ӛсімдікті 2-5 
жапырақ кезінде 1,5%-дық карбамид ерітіндісімен бүрку; 
11.Қауашақ және талшық ауруларының алдын алу мақсатында 
ӛсімдікті дер мезгілінде дефолианттармен және десиканттармен ӛңдеу; 
12.Ӛнімді қолайлы ауа райында қысқа мерзімде жинау; 
13.Ӛсімдік қалдықтарын (қоза-паяны тамырымен) жинап жою; 
14.Ӛнімді жинаған соң танаптарға органикалық тыңайтқыш (30 т/га) 
енгізіп, сүдігер жырту (30-35 см); 
15.Вилт қоры кӛп жиналған танаптарды 50% фундазол, с.ұ. (75-150 
кг/га) препаратымен ӛңдеп, сүдігер жырту; 
16.Ӛнім сақталатын қоймаларды және т.б. орындарды мұқият 
тазартып, зарарсыздандыру; 
17.Карантинді шараларды қатаң сақтап, аурудың тұқым арқылы 
таралуына тосқауыл қою. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   228




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет